1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15757) 15 қараша, бейсенбі 2012
...Жоғарғы сыныпта оқитын ұлым үйге ентiгiп кiрдi. Сөмкесiн босағаға қояр-қоймастан бүй дедi: “Әке, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмiрбаянын жаттауым керек!”. Зәрем ұшты. Тұңғыш прези­дентi­мiзге бiрдеңе боп қалған екен деп. “Қой үстiне бозторғай жұ­мырт­қалаған” коммунистiк заманның сарқыншақтарымыз ғой, компартия көсемдерi бақи дүниеге аттанғанда өмiр тоқтап қалғандай көрiнетiн. Тағы да сөйттi... Леонид Брежнев өлген күн есiмде әлi (Мына сәйкестiктi көрмейсiң бе, бұдан тұп-тура 30 жыл бұрын болған оқиға айна-қатесiз қайталанып тұрғандай көрiндi
2007 жылдың наурызында Алматы облысының Маловодное ауылында қазақтар мен шешендер арасында қақтығыс болды. Бұл қақтығыста бес адам өлiп, бiрнешеуi жараланды. Бес жылда жағдай тұрақтанғандай болған. Алайда кек қуғандар жергiлiктi халықтың жүйкесiне тағы да ши жүгiрте бастады. “2007 жылдың 17 наурызында Маловодное ауылындағы “Ботагөз” бильярд клубында үш қазақ жiгiтi ұлты шешен Мұхамад Махмахановты соққыға жыққан
Бұрнағы күнi Талдықорған қаласының әскери гарнизон сотында он төрт шекарашы мен бiр қорықшыны өлтiрдi деп айыпталған Владислав Челахтың iсiне қатысты алдын ала сот отырысы өттi. 19 қараша күнi басталатын негiзi соттың өзi де Талдықор­ғанда өтпек. Челахтың адвокаты Серiк Сәрсеновтiң “сот Алматыда өтуi тиiс” деген уәжi жайына қалды. Бұл аздай, судья Ахметжанов қорғау­шының екi бiрдей өтiнiшiн “негiзгi сот процесi кезiнде қарастырамыз” деп кейiнге ысырыпты.

Қарашаның 13-i күнi бiр топ азаматтық қоғам өкiлдерi 2011 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғасына қатысты заңсыз сотталған барлық азаматтың ақталуын талап етiп, мәлiмдеме жасады. Жаңаөзен мен Шетпеде болған қайғылы оқиғаның ақиқаты ашылмады және сот процестерi әдiлетсiз өттi.

Ұлттық бiрыңғай тестiлеу мәселесi қазақстандық бiлiм беру жүйесiне енгiзiлгелi шуы басылмайтын сынаққа айналды. Оқушының бiлiм деңгейiн көрсететiн бұл тестiлеудi қолдап, қоштайтындар да жоқ емес. Керiсiнше оқушының бiлiмiн тежеп, психологиясына салмақ салады деп дабыл қағатындар да жеткiлiктi. Тест сынағын қолдаушылар оқушы жоғары оқу орнына өз бiлiмiмен, ешбiр сыбайлас жемқорлықсыз түсе алады деген пiкiрiн алға тартады

Қазақстанда әдiл және тәуелсiз сот бар дегенге сенушiлер кемде-кем. Бұл сенiмсiздiк жайдан-жай қалыптаспады. Миллиондаған адам судьяның әдiлетсiз, заңсыз шешiмдерiнен қиянат көрiп, жазықсыз темiр торға жабылды. Парақор соттың кесiрiнен нағыз қылмыскер бостандықта тайраңдап, кiнәсiз адам бас бостандығынан айырылды.

Мен – кәсiпкермiн. Президенттiң бизнестi дамытуға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау болады деген сөзiне сенiп, өз кәсiбiмдi ашқанмын. Бiреуден iлгерi, бiреуден кейiн дегендей, жұмысымды жүргiздiм. Проблеманың бәрi Алматы қаласындағы “Вираж-лизинг” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен келiсiмшартқа отырып, лизингке бес автобус алғаннан кейiн басталды.

Бұл күндерi тәуелсiздiктiң тағдыры таразыға түсiп тұр. Осыны ойлағанда өткен жылы апанға құлап өлген тайлағымның тағдыры есiме түседi. “Мал – бас садағасы” деген бар, мүмкiн, Алла бiзге тайлақтың өмiрi сабақ болсын деген болар. Сол оқиғаны оқырманмен бөлiскендi жөн санадым. Ауылда тұрғаннан соң, қолымызға азын-аулық мал ұстаймыз.
ПАВЛОДАРЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ПРЕЗИДЕНТ ӘКIМШIЛIГIНЕН ДЕ, ДЕПУТАТТАРДАН ДА ҚАЙМЫҚПАЙДЫ
Бұл оқиға өткен шiлде айында “Азаттық” радиосының сайтында жарияланып, бiр мәрте көпшiлiктiң талқысына түскен. Және бұл жерде зардап шегушi оң-солын танымайтын ауылдың қарапайым қазағы емес күнделiктi тiрлiктен жан-жақты хабардар, өзiмiздiң әрiптесiмiз, журналист және оның ұлы Айдарәлi Тұрғынбек.
Осы аптада Арыс қаласына қа­расты ауылдарда бiрқатар әлеу­меттiк нысандар ашылды. Бұлар облыстың 80 жылдығы қарсаңында пайдалануға берiлдi. Екi мыңнан аса тұрғыны бар Дермене ауылындағы фельдшерлiк акушерлiк бекет халыққа толыққанды медициналық жәрдем көр­сете алмайтын. Тiптi нау­қастың нақты диагнозын анықтау үшiн алыстағы Арыс қаласына жiберiле­тiн.
Кiм-кiмдi де өзiне ұқ­сауға мәжбүрлейтiн адамдар болады. Олар – рухани бай, интеллектуалдық дең­гейi жоғары, өзiне сенiмдi, өз дегенiне жете алатын, қатенi кешiре бiлетiн, өз қателiктерiн мойындай алатын, әдiлдiктi жаны сүйетiн көшбасшы адамдар. Осындай қасиеттер бойында бар адамдардың бiрi – оқушылары мен әрiптес­терiне ғылымда ғана емес

Баспана – отбасының жылуы. “Өз үйiң, өлең төсегiң” деген сөз бекер айтылмаған ғой. Жер мен үйдiң бағасы күн санап шарықтап бара жатқан заманда баспана – кез келген отбасы үшiн шешуi қиын үлкен мәселе. Ал баспана дауы дегенiңiз... Құдай басқа салмасын, нағыз бас қайғы екен. Қазiр баспана дауына шырмалып, күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан айырылып отырған жайымыз бар.

Маңғыстауда тағы да дүрбелең... Басқа-басқа, ендi Пiр Бекет Атаның құлағын шулатып, аруағымен ойнауға айналдық. Пiр Бекеттi сыйлайтын болсақ, өсиетiне адал болуымыз керек қой. Пiр Бекет: “Жандарың қарқараға келiп, бастарыңа аса бiр қиындық түспесе, менiң атымды атамаңдар” деген екен. Бiз болсақ, Алланың Ақ Бекетiн – тұрмыс­тың тұтқынына айналдырып

Көп жыл ұжым басқарып, әр сөзiм жерде қалмай, бұй­ры­ғым орындалған адам едiм. Екi жыл болды, жер бетiнде жалғыз қалғандаймын. Осыған дейiнгi бастан өткiзгендерiм соңғы оқиға­ның жанында түк болмай қалды. Екi жыл бұрын айдың аманында қызметiмнен босап, далада қалдым. Осылай өз командамның “арқасында” ке­рек­сiз адамға айналам деп кiм ойлаған

Мен “КТК” арнасының аптасына бiр рет көрсетiлетiн “Астарлы ақиқат” хабарын жүргiзушi Дина Төлепбергеноваға өте ризамын. Ол бұл хабарда ел iшiндегi кездесетiн әртүрлi келеңсiз көрiнiстердi, тiптi сан қилы жантүршiгер­лiк оқиғаларды, яғни астарлы ақиқаттарды от пен судың өтiнде, ылғи қауiптi жерлерде жүрiп бередi.

“Жас Алаш” газетiнiң 23 қазандағы санын бастан-аяқ оқып шықтым. Жиынға қатысқан оппозициялық партиялар, үкiметтiк емес ұйымдар мен зиялы қауым өкiлдерiнiң сөздерiнен бүгiнгi билiктiң елдi қай қиырға бастап бара жатқанын анық аңғаруға болады. Осы ретте мен барлық деңгейдегi әкiмдер сайлануға тиiс деген мәселеге өз көзқарасымды бiлдiргiм келедi.

Дарабоз ақынның талантын мойындап, көзi тiрiсiнде-ақ ол кiсiнiң шығармаларының шуағына бөленiп, жырларымен сусындағандар, расында көбiнесе жастар болатын. Бақастық-тақастық деген iндеттерден жандары таза, “қызғаныш” деген қызыл иттi маңдарына жолата қоймайтын жас оқырмандар, сондықтан да ақиық ақынның өз аузынан естiген жырларын жатқа соғып, кейiн ол туындылар мерзiмдiк басылымдар мен Мақатаев

Қайын жұртқа баруға жол түсiп, осы жылғы тамыз айында Өзбекстанға жол тарттық. Оңтүстiк Қазақстандағы Черняев ауылынан кейiн басталатын қазақ-өзбек шекарасында сұмдық көрiнiстiң куәсi болдық. Көк аспанмен астасып, биiкте желбiреген өзбектiң мемлекеттiк туының кiршiксiз тазалығы өзекеңдердiң ұлттық рухын көрсетiп тұрды.

Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сей­фуллиндi бiздiң 1938 жылы атылып кеттi деп есептейтiнiмiз де рас. Десек те, М.Жұма­баев пен С.Сейфуллиндi 1938 жылдан кейiн көргендер бар. Және бұлар бi­р­еу, екеу емес, бiрнешеу. Кей куәгерлер әлi күнге дейiн көзi тiрi, арамызда жүр... Бiз тарихи тұлғаларымызға қатысты кез келген дерек пен дәйекке бей жай қарамауға тиiспiз.
ПIЛДЕР 500 ЛИТРГЕ ЖУЫҚ СПИРТТIК IШIМДIК IШКЕН
Үндiстандағы Думуркота елдiмекеннiң айналасындағы егiстiктерде елу шақты пiл жайылып жүредi. Бiр уақытта су iздеген пiлдер ауылға қарай лап қояды. Олар бiрден дүкеннен иiсi шыққан алкогольдi сусынға қарай тартады. Пiлдер 18 бөшке қолдан ашытылған спирттi iшiп қояды. “500 литрге жуық спирттiк iшiмдiк iшiп, мас болған пiлдер жергiлiктi тұрғындардың үйлерiн қиратты”,
ЕРТЕҢ БҮКIЛӘЛЕМДIК БОКС СЕРИЯ­СЫНЫҢ (WSB) ҮШIНШI МАУСЫМЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРЕДI.
Болат Манкенов басшылық ететiн “Астана арландары” клубына тағы бiр алып қосылды. Иван Дычко алдағы маусымда клубтың намысын қорғайтын болады. Әуесқойлар арасында әлем чемпионаты (Баку, 2011жыл) мен Лондон олимпиадасының қола жүлдесiне қол жеткiзген Дычко бүкiләлемдiк бокс сериясында да сынға түскен­дi жөн көрiптi.
ӨРЕСI БИIК ӨРЕНДЕР
Словенияның Марибор қаласында шахматтан жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионаты бел ортасынан асты. Әзiрге елiмiзден атттанған шахматшылар көш басында келедi. Тiптi бiрнеше өренiмiз әлем чемпионы атағынан дәмелi. 11 турдан тұратын чемпионаттың 6 туры артта қалды. 8 жасқа дейiнгiлермен сынға түскен Әмiрхан Маханов әзiрге алты кездесуден 5 ұпай жинап, қарсыластарынан ұзап шықты.

Биылғы жылдың маусымында елiмiзде “Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” бағдарламасы қабылданған едi. Оның аясында “Қазақстан Ипотекалық Компаниясы” мен өзге де мемлекеттiк компаниялар бағдарлама бағыттарын iске асыруды бастап кеттi. Бұл бағдарламананың ерекшелiгi сонда, ендi баспанаға зәру және тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүдделi

“KEGOC” АҚ-ның корпоративтi басқару деңгейi 65,7 рей­тингтiк пунктiге кө­терiлдi. Бұл – “КПМГ Такс энд Эдвайзори” ЖШС тәуелсiз консал­тингтiк ұйымының кор­поративтi басқару жүйесi диагностикасының нәтижесiне қа­рап берген бағасы. Әрi бұл – Қазақстандағы айтарлықтай жоғары баға.