1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15758) 20 қараша, сейсенбі 2012

“ҮНДIЛIК ЖЕБIРЕЙ” ЛАКШМИ МИТТАЛ ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАЙ ТЕСПЕЙ СОРДЫ?
Қазақстан оппозициясы мен қазақ қоғамының белсендiлерi алдағы референдумда бiрнеше тақырыпты мәселе етiп көтермек. Соның бiрi һәм бiрегейi – тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары тиын-тебенге сатылып кеткен iргелi кәсiпорындарды мемлекетке қайтару. Бастамашыл топтың бұл талабын билiктiң сөзiн сөйлейтiн саясаткерлер мен саясаттанушылар, экономистер бекершiлiк деп түсiнедi және мұны жағы талмастан әр-әр жерде айқайлап айтып жүредi. Президенттiң кеңесшiсi Е.Ертiсбаев – солардың бiрi. Оның айтуынша, кәсiпорындарды мемлекетке түпкiлiктi қайтарып алу мүмкiн емес. Өйткенi бiзде ондай заң жоқ-мыс.

Кеше Талдықорғанда Владислав Челахтың соты басталды. Мазасыз тiлшiлер жүйкесiне салмақ түсiрсе керек: “Мәртебелi сот! Журналистердi түгелдей залдан шығарып жiберуiңiздi өтiнемiн. Өз даусымды өзiм естiмей жатырмын”, – деп айқайлады В.Челах. Челахтың мұнысын адвокаты Серiк Сәрсенов те қолдады. Сот Челахтың өтiнiмiн жарым-жартылай қанағаттандырып, журналистердi сот залынан шығарып жiбердi де, оларды

2012 жылдың 19 қарашасында Ақтау қаласында Владимир Козловтың iсi бойынша өткен апелляциялық соттың шешiмi Қазақстанда әдiлет­тiлiктiң, заңдылықтың және сот әдiлдiгiнiң атымен жоғын тағы бiр мәрте дәлелдеп бердi. Елiмiздiң сот жүйесi, күштiк құрылымдар, құқыққорғау органдары Назарбаев пен Ақ­орданың қолындағы сая­си кек алуға арналған “тiлалғыш” құрал екенiн көр­сеттi.

БАС РЕДАКТОРЛАР КӨКЕЙIНДЕГI БАСТЫ САУАЛ ОСЫ ЕДI...
Өткен аптада бiр топ республикалық басылымдардың жетекшiлерi Жаңаөзенге жиналды. Мұнайшылардың бүгiнгi жағдайымен жақынырақ танысуды мақсат еткен оларға “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” компаниясы қол ұшын созды. Компания басшылығы журналистердiң бүкпесiз, шынайы ақпарат алуына барынша жағдай жасады. Тәуелсiз басылымдардың жетекшiлерi

Қазақстан парламентiндегi депутаттар қалай жасақталса, атқарған шаруасы да солай шығуда. Былтыр ғана мерзiмiнен бұрын жанталасып сайлау өткiзiп, халыққа бос уәдесiн үйiп-төккендердiң бiразы депутаттық иммунитеттен айырылып жатыр. Өзге мемлекеттердiң депутаттарындай маңызды мәселеге қатысты мандатынан бас тартып жатқан бiздiкiлер жоқ. Ел iшiн шулатқан Рысқалиев Аманжан мандат қана емес, Қазақстанды да тастап кеттi. “Аяғы жеңiл” болды ма, әйтеуiр оның артынша тағы бiрнеше мәжiлiсшi мандатынан бас тартты.

Кеше Алматыда белгiлi саясаткер Серiкболсын Әбдiлдиннiң жаңа кiтабының тұсаукесерi өттi. “Қазақстан мемлекеттiлiгi үшiн” деп аталатын бұл кiтап елiмiздiң өткенiн келешек ұрпаққа аманат етедi. КСРО кезiнде және Қазақстанның тәуелсiздiк алған жылдарында мемлекеттiк қызметтер атқар­ған саясаткердiң көргенi-бiлгенi, түйгенi әрине, өте көп. Өзiнiң саяси соқпағында кездескен талай сәттер мен оқиғалардың желiсiнен жинақталған кiтаптың қалың оқырманға

ҮКIМЕТ БАСШЫСЫ ҚЫЗЫЛОРДАҒА НЕ ҮШIН КЕЛДI?
Сыр елiне президент немесе үкiметбасы келетiн болса, көпшiлiк әлдебiр жаңалық, елеулi өзгерiс күтедi. “Елдiң жағдайын көзiмен көретiн болды, бұйыртса, мұң-мұқтажымызды құлағымен естидi” деймiз ұлардай шулап. Бiрақ ондай бақыт бұйырмайды бiзге. Ақордадан келген мәртебелi меймандармен тiлдеспек түгiлi, түр-әлпетiн де көрмейдi жұрт.
БАРАК ОБАМА ИЗРАИЛЬДI ЖАҚТАЙДЫ
Израильдiң Газа секторын зымыранмен атқылап жатқанына бiрнеше күн болды. Палестинаның ақпараты бойынша, қарашаның 14-iнен бергi шаб­уылдан 77 палестиндiк қаза тапты. Оның 21-i – сәби. Жетi жүзден астам адам жарақат алған. Тайландта ресми сапармен жүрген АҚШ пре­зидентi Барак Обама Израильдiң iс-әрекетiн жақтап сөйледi.

Жүйткiген уақыт жылжыған сайын қатары сиреп бара жатқан соғыс ардагерлерi туралы сөз қозғағанда, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жақұт жырлары ерiксiз ойға оралады. Расында да, соңғы жылдары сый-құрмет көрсететiн соғыс ардагерлерi кейбiр ауылдарда қалмады. Сондықтан ерлiгi елге мұра, ұрпаққа ұран болған жандарды дәрiптеудi ертеңге қалдырмай неғұрлым ертерек, мүмкiндiгiнше дәл бүгiннен бастау керектiгiн жақсы түсiнген

КҮШIК КҮЙЕУ АТАНУДАН ҚОРҚАМЫН

Бiр үйдiң жалғыз қызын жар етiп алдым. Былтыр күт­пеген жерден қайын атам бақилық болып, енем үш бөлмелi пәтерде жалғыз қалды. Ол кiсiнiң мiнезi, адамдармен қарым-қатынасы өзiме қатты ұнайды. Тектi жерден шыққанын менiң ата-анам да мойындап, үнемi сырттай мақтап оты­рады. Қалада тұратын шеше­сiнiң жағдайына алаңдаған келiншегiмнен маза кеттi.

Қазiр қалалық жерде кез келген емханаға бас сұқсаңыз, “Отбасын жоспарлау” деп жазылған кабинеттi көресiз. Бұл қай жоспарлау деген ниетпен бiрде осы кабинетке кiргенiм бар. Сөйтсем, отбасын қалай құрудан бастап, алдағы уақытта балалы болу және болмау мәселесiне қатысты кеңестер беретiн жер екен. Егер сiз таяу уақытта балалы болуды қаламасаңыз, бұл кабинетте сiзге жүктiлiктен қалай сақтану жайында ақыл айтылады.

ТУБЕРКУЛЕЗДI ЕМДЕУ ТӘСIЛIН ОЙЛАП ТАПТЫ
Бiздiң дәрiгерлер құрт кеселiн емдеудiң әлемде жоқ жаңа тәсiлiн ойлап тапты. Арнайы имплантант науқастың өкпесiндегi тесiктiң бетiн жабады. Силиконнан дайындалған зат осыған дейiн алты адамға орнатылыпты. Мәселен, бұған дейiн өкпеге жасалған ота салдарынан науқастардың көбiнiң қабырғасы қисайып, жүрiсi өзгерген. Дәрiгерлер
Әйелдердiң ең жек көретiнi – күйеуiнiң үйге қайтпай, көп уақытын сыртта өткiзетiнi. Ал бұдан да жаманы – күйеуi үйде болса да, көңiлiнiң сыртта болуы.  Әйелдер ерлерге мұң-мұқтажын айтуға, шерiн тарқатуға әуес. Ал еркектер әйелдерге жеткен табысымен, мал-дүниесi­мен мақтануға әуес.
Кеңес өкiметiн отыз бiр жыл басқарған
Иосиф Виссарионович Сталин қайтыс болғанда
Бүкiл дүние күңiренiп Жер шөгiп кеткен;
Адам бiткенiң Жел шайқаған ағаштардай
Иiлiп, бүгiлiп, теңселiп кеткен.
Аспандағы ай менен күн тұтылғандай болған.
Бар әлем қара түнекке жұтылғандай болған.

Танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың “Шал” атты фильмi бiр қарағанда сәттi түсiрiлгендей көрiнгенiмен, ұлттық мүдде тұрғысынан келсек, бiздiң салт-дәстүрiмiзге жат, жан-дүниемiзбен үйлеспейтiн дүниелердi әр эпизодта кездестiресiз. Мәселен, осы фильмде атасы мен немересiнiң сөз тартысына куә боласыз. Атасына қарсы келу, оны мысқылдау, қағытып сөйлеу – қазақы ортада сирек кездесетiн жайт.

ЖҰМЕКЕННIҢ ЖЕТI ТОМДЫҒЫ
“Қазығұрт” баспасынан қа­зақтың бiртуар ақыны, Мем­лекеттiк сыйлықтың лауреаты, Әнұранның авторларының бiрi Жұмекен Нәжi­ме­де­новтiң жетi томдық толық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Өмiрден ерте кетсе де, соңына сыршыл да терең мазмұнды жырларын қалдырған ақын мұрасы араға отыз жыл уақыт салып, толық жинақталып оқырманға жол тартты

Балалары батпақтың үс­тiнде емес, қаймақтың үстiнде отырған Айқайбек ақсақалдың 80 жылдық мерейтойы облыстық драма театрында өтiп жатыр. Сөз алғандар оны сүтке шомылдырып, басына бал жағып, тiлдiң тесiгi жоқ екенiн дәлелдедi: бiр баласы финполдың бастығы, бiр баласы прокурордың “жастығы”, бiр баласы президент әкiмшiлiгiн­де iстейдi, бiр қызы салықта,

22-29 қараша күндерi Астанада бокстан елiмiздiң биылғы бiрiншiлiгi өтедi. Бұл чемпионат 1993 жылдан берi жыл сайын өткiзiлiп келе жатқан бiрiншiлiктен өзгеше. Олай болатыны боксшылар тұңғыш рет шлемсiз жұдырықтасады. Мұндай тәжiрибе әлем елдерiнiң ешқайсында өткен жоқ. Алғаш рет Қазақ жерiнде жүзеге аспақ.  Әлемдiк әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) әуесқой боксқа өзгерiс енгiзiп, жекпе-жектердi жалаңбас өткiзудi ұйғарды
АЛТЫНЫ ЖОҚ ЖҮЛДЕ
Елордада грек-рим күресiнен ҚР Президентiнiң кубогы үшiн халықаралық турнир өттi.    Мұратбек Қа­сым­ханов баптайтын ұлттық құрама туған жерiмiзде өткен турнирден алтын медаль олжалай алмады. Үмiттi ақтайды деген Жансерiк Сәрсенбиев 55 келiде күресiп, қола жүлденi қанағат еттi. 60 келi салмақта Алмат Кебiсбаев финалда кәрiс балуаны Сенг
Бүкiләлемдiк бокс сериясының үшiншi маусымын “Астана арландары” жеңiспен бастады. Киевке қонаққа барған бiздiң боксшылар “Украина атамандарын” 3:2 есебiмен еңсердi. 54 келi салмақта дүбiрге биыл қосылған Мирас Жақыпов кәсiпқой бокста да кiбiртiктеп қалмайтынын байқатты. Алғашқы жекпе-жегiн арынды бастаған Мирас осы салмақтағы украиналық “атаман” Иван Ильницкийдi дүрсiн-дүрсiн түре соғып, айқын басымдықпен жеңдi.
СЕКТА ЖЕТЕКШIСIНIҢ БҰЙРЫҒЫН АЙНЫТПАЙ ОРЫНДАҒАН
Нижегород (Ресей) облысы, Семенов ауданы, Шалдежка ауылының бiр тұрғыны секта жетекшi­сiнiң әмiрi бойынша өз баласын өл­тiрген. “Қылмыскер әйел бұйрықты SMS арқылы алған”, – деп жазады Lifenews.ru. Ирина SMS арқылы бұйрықты алған түнi ұйықтап жатқан баласын оятып, рюкзакқа салады. 41 жасар әйел өзен жағасына келiп, баласының басынан балтамен бiрнеше рет ұрып, өзенге лақтырып жiбередi

6 қарашадан бастап “Халықтық IPO” бағдарламасы шеңберiнде орналас­тырыл­ған “ҚазТрансОйл” АҚ акцияларын сатып алу туралы өтiнiштердi қабылдау басталды. Ал осыдан бiр апта бұрын 30 қазанда компания Қазақстан Қор биржасында (KASE) листинг рәсiмiн аяқтады.

“Мақсатты жерге баруға сапар жолын анықтап бiлу мiндет. Жалғыз болып жаңылса, қатесi өзiне тиедi, басшы болып адасса, үлкен зияншылық шашады. Басшы түзу болса, ұзын жол қысқа, басшы олақ болса, қысқа жол ұзын. Қысқа жолға уақыт аз, ұзын жолға уақыт көп өтедi. Уақыттан бағалы дүниеде ешнәрсе жоқ. Өткен ғұмыр қайта келетұғын тағдыр жоқ, бүгiнгi күн ертең жоқ...”, – дептi Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылы “Айқап” журналына жариялаған мақаласында.