1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (15759) 22 қараша, бейсенбі 2012
ОППОЗИЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНА ТҰСАУ САЛЫНБАҚ 
Кеше бас прокуратура “Алға” және “Халық майданы” саяси ұйымдары мен “Республика”, “Взгляд”, “К-плюс” және “Стан-ТВ” ақпарат құралдарына қатысты оғаш мәлiмдеме жасады. Бас прокуратураның ресми өкiлi Нұрдәулет Сүйiндiковтiң айтуынша, Алматы қаласының прокуратурасы “Алға”, “Халық майданы” саяси ұйымдары мен бiрқатар оппозициялық ақпарат құралдарын экстремистiк деп танып, соттан олардың жұмысына тыйым салуды сұрапты. Алайда прокуратура ауызға алған саяси ұйымдар мен ақпарат құралдарының өкiлдерi “бұған таңғалудың қажетi жоқ, бұлай боларын күнi бұрын бiлгенбiз” дестi.

Қарашаның 20-сы күнi “guljan.org” медиа-сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваны сот орындаушысы Ғ.Құдайбергенов әй-шайға қарамастан, сотқа күшпен алып кетуге әрекеттенген. Бұдан бiр күн бұрын ол бас редакторға Алматы қаласы, Медеу аудандық сотынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде толтырылған хаттаманы әкелiп тапсырған екен.

Челахтың соты күн өткен сайын құдды бiр шоуға айналып бара жатқандай. Кеше жалғас­қан сот отырысында Челах бүкiл елдiң көзiнше өзiне-өзi қол салмақ болды. Сот өтiп жатқан кезде айыпталушы орындықтың қиығымен қан тамырын тiлiп жiберуге әрекеттендi. Бұл уақытта судья Ахметжанов адвокат Серiк Сәрсеновтiң кезектi өтiнiшiн қанағаттандырмай тастаған.

Елiмiздiң картасында жалпағынан орналасқан Жамбыл облысының жартысына жуығын, нақты айтсақ, 44 пайызын алып жатқан Мойынқұм ауданы – жыр алыбы Жамбылдың кiндiк қаны тамған, Шәмшi әнiн арнаған, қойны аң-құсқа, қойнауы қазынаға толы құт мекен. Бiрақ бiр қиыры Бетпақтың белiмен, бiр шетi Балқаш көлiмен құшағын айқастыратын ауданды басқар­ған басшылар барды ұқсата бiлудi емес, екi жеп биге шығуды ғана ойлайды ма дерсiң?

Қарашаның 20-сы күнi Алматыда тарихи деректiң ақиқатын ашу жөнiнде алқалы жиын өттi. Сталиндiк саяси террор, қуғын-сүргiн жылдарында нақақтан-нақақ сотталып, жала жабылып, “халық жауы” атанып, ату жазасына кесiлген мыңдаған боздақтардың арасында Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаев та болды. Ресми деректерде қазақтың арыстай екi азаматы 1938 жылы атылды деген мәлiмет бар. Алайда осы деректi жоққа шығаратын, яғни 

Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттарына және “Бекет Атаның есiмiн қалаға берейiк” деп бастама көтерген топқа АШЫҚ ХАТ
Құрметтi Жаңаөзен қаласының депутаттары! Сiздер Жаңаөзен халқы сайлаған депутатсыздар. Сондықтан да халықтың өтiнiшi, елдiң ой-пiкiрiмен санасуға тиiстiсiздер.
 Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттiк университетi ұстаздары ұйымдастыруымен “Шернияз Жарылғас­ұлы және ұлт-азаттық поэзия” тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өттi.   Университет ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Кенжеғали Кенжебаев жиынның мақсатын былайша түйiндеп бердi: “Ақтөбе топырағы – сөз өнерiнiң небiр алып тұлғаларын тудырған қасиеттi де киелi өңiр. Жыраулық дәстүрдiң шашасына шаң жұқтырмаған талай дүлдүлдерi жасаған мекенде ХIХ-ғасырда Шернияз Жарылғасұлы атты ақын өткен. Халқының басына түскен отарлық озбырлық пен тiршiлiктiң сан алуан түйткiлдерiн өз туындыларының
Республиканың басым аймақтарында болдым. Жұмыс барысымен жиi iссапар­ларға шығып, әр облыстың, қаланың тыныс-тiршiлiгiмен танысамыз. Бiрақ көбiне өз елiмдегi көрiнiстерден көңiлiм құлазып, намысым тапталғандай күй кешемiн. Жақында Алматыда бiр апта болып қайттым. Қаланың жалпы жағдайын басшысына қарап таразылап, баға беруге болады ғой. Осыдан жиырма жыл бұрын институтты осында оқып бiтiр­генiммен
Жыл озған сайын үкiмет халықтың қа­быр­ғасын қайыстырар реформалардың шетiн шығарып жатыр. Атап айтсақ, 9 сағаттық жұмыс күнi және әйелдердiң зейнет жас­ын 63 жасқа көтеру туралы қауесеттер. Алайда халықтың хал-ахуалы­мен санасып жатқан жан жоқ. Тек реформаторлардың көздерiн дамыған елдердiң тәжiрибесi тұмшалап отыр. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың ұсынысы қарапайым халықты былай қойғанда
Жасым сексеннен асты. Талай жыл ұстаз болсам да, қазiргiдей сорақылықты көрмеппiн. Ұлттық бiрыңғай тест деген сынақ бiлiм жүйесiне енгiзiлгелi ол туралы талай рет айтылып, жазылуда. Сонда да болса, болашақ ұрпағым үшiн алаңдайтын ана ретiнде, елiмiздiң сауаттылығына қатысты жаны ауыратын ұстаз ретiнде пiкiр бiлдiрудi жөн санадым.
Әлдебiр сұрақтың жауабын шимайлап, ұпай жинайтын тест сынағы – қазақ бiлiм саласындағы нағыз құрдымға кетудiң алды.

Газеттiң өткен нөмiрлерiнде “Туыстармен алыс­тан сыйласқан дұрыс” атты мақала жарияланды. Осыған орай мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрсем деп едiм. Өзiм сонау Қарағанды облысының шалғай ауылынан Алматыға оқуға келдiм. ҰБТ-дан жиған балым грантта оқуға жетпей, ақылы бөлiмде оқуға мәжбүр болдым. Университет жанынан берiлетiн жатақханаға жете алмай жүргенiме биыл үшiншi жыл.

Қазiр елдiмекен, жер, су аттарын бұрынғы тарихи атауларымен жазу және атау қолға алына бастады. Бұл, әрине, құптарлық iс. Бiрақ осының бiр кемшiлiгi бар. Ол – елдiмекен атауында әрiп қателiгi өрiп жүретiндiгi. Немесе орысша айтылуы бойынша жазылады. Сол қателiкке менiң ауылым да ұшырады. Ауылымның қазiргi атауы – Благодарное. Ендi осы ауылдық округке кiретiн екiншi ауыл – Қызыл жұлдыз деп аталады.
Менiң атам – Тұрсын Тiлешұлы балажан, мейiрiмдi едi. Тағылымды әңгiмелердi көп айтатын. Атамның орны мен үшiн әлi үңiрейiп бос тұр. Ол кiсiнiң о дүниелiк болғанына да бiр жылдай уақыт болып қалыпты. Атам немерелерiн ешқашан бөлiп-жарған емес, барлығын бiрдей жақсы көретiн және айтқанымызды екi етпейтiн. Атам мен әжем Шал­қар қаласында, әкемнiң iнiсi Қайрат ағамыздың отбасымен бiрге тұрды.
Қарашаның сұрғылт бұлты түс ауа аспанды тұтас тұмшалап бiтiп, ендi қара жерге қандай қаһарын төгудiң түпкiлiктi шешiмiн таба алмай, бiрде жапалақ-жапалақ қар тастап, ендi бiрде қардың арты жаңбырға айналып, кебiрсiп жатқан көшенiң май топырағы әп-сәттiң iшiнде лайсаңға айналып шыға келдi. Қайғылы қазаға ұшыраған Құрман мен әйелi Айсұлудың жетiсiн беру де тап осындай күнге сәйкес келiп едi:

Жақында Зейнеп Ахметованың “Бабалар аманаты” деген кiтабы қолыма тидi. Автор алғысөзiнде бұл кiтаптың “Шуақты күндердiң” жалғасы әрi қалып қойған бөлiгi деп көрсеткен екен. Зейнеп Ахметованың басылымдарда жарияланған сұхбаттары арқылы cол кiтаптың жалғасы жазылатынынан хабардар едiм. “Бабалар аманатын” бас алмай оқып шықтым. Бiр отбасындағы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, адами қарым-қатынас

Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА Чемпиондар лигасының 5-тур ойындары сегiз қалада өттi. Бәйгенi кiм орта жолдан үзгiсi келсiн. Плей-офф кезеңiне жету мақсатында жанталасқан клубтар ұпай иеленуге ұмтылса, керiсiнше, өз тобында жеке-дара ұзап шығып, сапарға күнi бұрын қамданып қойған кей командалар бұл турда сылбыр ойын көрсеттi. Алдымен ойсырай ұтылған клубтар туралы. Мәскеудегi “Лужники” стадионында
Биыл Алашорда көсемi, қазақтың алғашқы прокуроры, әдiлет генералы Жаһанша Досмұ­ха­медовтiң туғанына 125 жыл толады.  Бүгiн Астанадағы Кү­ләш Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театрында қайраткердiң мерейтойына орай салтанатты кеш өтедi. 1987 жылы Оралдың Бұлдырты ауылында өмiр­ге келген Жаһанша 12 жасында Орал әскери учили­щесiне оқуға қабылданып, 1905 жылы алтын медальмен бiтiредi де
ОНДЫҚҚА ЕНДI
Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнде суға жүзуден Азия чемпионаты аяқ­талды. Өкiнiшке қарай, бiздiң спортшыларымыз жүлде иелене алмады. Сенiм артқан Эльмира Айғалиева 100 метрге еркiн және батерфляй әдiсiмен жүзуде 6-сатыға тұрақтады. Қытай қызы Тан И еркiн әдiспен жүзуде құрлық чемпионы атанса, оның отандасы Чиу Ю Хань күмiс жүлде олжалады. Қола медаль жапон Мао Кавакамидiң еншiсiнде кеттi.
ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРУ – БӘСЕКЕЛЕСТIККЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ
Сауд Арабиясының би­лiгi қажыларға қатысты жаңа талаптар енгiз­бек. Мұның iшiнде қажылыққа жиi баратындардан гөрi бiрде-бiр рет бармаған мұсылмандарға квота беру мәсе­лесiн де қарастырады. “Дүние жүзiнiң төрт бұ­рышынан келетiн қажыларға қатысты орталықтандырылған қор құрылмақ” деп хабарлайды Muslim.kz. Бұдан былай қажылыққа баратындар саусақ iздерiн қалдырған жағдайда ғана Сауд Арабиясына виза ала алады екен.