1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15760-61) 27 қараша, сейсенбі 2012

Тәуелсiздiкке қол жеткiзгелi “Азияның барысы” боламыз деп дабырлап келемiз. Жөн-ақ. Бiрақ қандай жолмен, қандай соқпақпен, қандай тәсiлмен бұл жетiстiкке жететiнiмiздi барламадық. Тiптi бас та ауыртпадық. Ел әлеуетi әңкi-тәңкi боп тұрғанда әр нәрсенiң басын бiр шалып, болмашы жерден айға ұмтылып кететiнiмiз бар. Басқаша айтқанда, есiктен кiре салып төр сұрайтын жаман кесел жабысқан бiзге. Әлемге атышулы WikiLeaks әлеумет­тiк жобасында Қазақстанның осы бiр кеселiн ымдап келтiрiптi. Әсiресе, Қазақстанның аса думаншыл, аса тойшыл халық екенiне баса назар аударған. Рас, қазақ – ежелден тойшыл, үйiне қонақ кел­се, жалғыз тайын сойып беретiн қо­нақжай, аңқылдақ халық.

Челахқа қатысты өтiп жатқан соттың алғашқы аптасы айыпталушыға ұқсас адамның 14 шекарашы мен бiр қорықшыны жайратып салғанын мойындаған бейнежазбаны көрсетумен аяқталды. Камерада жасырын түрде түсiрiлген бейнежазбаның шынайылығына Челахтың анасы мен атасы күмән келтiрдi. Бұл ретте жәбiрлену­шiлер пiкiрi де екiге жарылды.

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне осылай деп сүйсiнсек, оның жамбылдық әрiптесiне келгенде қынжылып қаламыз. Неге?
Желтоқсанның 16-17-сi күндерi ұлтымыздың ұлық мерекесi – Тәуелсiздiк күнi! Иә, осы бiр ауыз Тәуелсiздiк сөзi жаныңды жадыратады, көңiлiңдi тасытады, шабытыңды шалқытады. Өйткенi, бұл күнге бiз – найзаның ұшы, бiлектiң күшiмен елi мен жерiн қорғаған бабалардың, бостандық үшiн жан пида қылған алаш арыстарының

Өткен апта оппозициялық басылымдар мен олардың қызметкерлерi үшiн жеңiл болмады. Жаңаөзен оқиғасына қатысты соттың соңғы шешiмi шығысымен, билiктiң келесi науқаны басталды. “Голос Республики” газетiнiң таралымына қырғидай тиiп, тәркiлеуге кiрiскен орган қызметкерлерiнiң қарқынды жұмысы басталды. Алматыда осы мәселеге қатысты “республикалықтар”

Г.ЕРҒАЛИЕВАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Екi күн бойы “Guljan.org” медиа-порталының редакциясын торуылдап, қайта-қайта жұмыс уақытының соңында келiп мазаны алған сот орындаушылары ақыры дегенiне жетiп, 23 қараша күнi интернет басылымның редакторын сотқа алып барды. Алматы қаласы, Медеу аудандық әкiм­шiлiк сотында судья Нұрға­лиева­ iстi түн ауғанша қарап, медиа-портал редакторы
Тiркелмеген “Алға” пар­тиясының жұмысы сот басталмастан тоқтатылды. “Алға” партиясының белсен­дiлерi бұл жайлы Алматы қаласы сот актiлерiн орындау департаментiнен 24 қараша күнi хабарламаны алғанда бiлген. Бұл хабарламада “тiр­келмеген “Алға” партиясының қызметi сот шешiмi күшiне енгенге дейiн тоқтатылатыны, сот актiсi орындалмаған жағдайда қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатындары” ескертiлген.
Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев қауiпсiздiк кеңесiнiң жиынын өткiзiп, күштiк құрылымдар басшыларының “құлағын бұрап” қойғаны сол едi, iле-шала бiрқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси ұйымдарға тықыр таяды. Тiркелмеген “Алға!” партиясының жұмысы тоқтады. Бұл туралы кеше партия төрағасының орынбасары

Павлодар облысының Екiбастұз қаласында аса үлкен мөлшерде мемлекет қаржысының қолды болғаны жайлы тағы да үлкен айқай-шу туындап жатыр. Бұл жөнiнде Павлодар облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы полиция­­сы) баспасөз қызметi электронды сайттар арқылы төмендегiдей хабар таратты:

Осы хатты жазуыма 19 жастағы жалғыз ұлым Бақытбек Қанатбаевтың қатыгез қанiшер­лердiң қолынан қайтыс болуы және осы қылмыстың ашылмауы себеп болды. Жалғыз ұлымнан айырылғалы берi азапты күн­дердi бастан өткiзiп жатырмын. Менiң басыма түскен қайғыны ешбiр анаға бермесiн. Құлынымды өл­тiрген қанiшерлер әлi талтаңдап жүр. Жергiлiктi заң орындарына деген өкпем қара қазандай. Облысқа Бауыржан

Қазақстан кәсiпорындарында еңбек ететiн әулеттер көп. Зауыт, фабрика, яки шахтада болсын, отбасымен бiрге жұмыс iстейтiн еңбеккерлердi көптеп кездестiруге болады. Мұндай әулеттерде өндiрiс процестерiнiң ерекшелiктерi мен шеберлiктi шыңдауы ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн жақсы дәстүрге айналған. Әкелер өз балалары мен немерелерiн, ағалар қарындастарын, ал ағалар жиендерiн еңбекке баулиды.

“Жас Алаш”, “Алаш” тарихи-зерттеу орталығы, Қазақстан тарихшылары қауымдастығы ұйтқы болған ғылыми конференцияда М.Жұмабаев пен С.Сейфул­линнiң өмiрдеректерiне қатысты күмәндi тұстарды тал­қылау тартысты өттi. Көзi тiрi куәгер, әдебиетшi, тарихшы ғалымдар, қос арыстың туыстары мен жанашыр iздеушiлерi, ақын, жазушылар өз бiлгендерiн, пiкiрлерiн ортаға салды.
ДМИТРИЙ МЕДВЕДЕВ:ПУТИННЕН БАСҚАНЫ МОЙЫНДАМАЙМЫН
Ресейдiң премьер-министрi Дмитрий Медведев Парижге iссапары барысында France Presse агенттiгiне және Le Figaro газетiне сұхбат бердi.Сұхбатта Д.Медведев өзiнiң қазiргi жұмысы жайында сөз еткен және бүгiнгi президент Владимир Путин туралы айтыпты. Ол Путин туралы былай дедi: “Егер Ресейдiң президентi Путин емес, басқа бiреу болса, менiң премьер-министрлiкке келiсiм беруiм екiталай едi.
Жанымды қинап,
Қанымды өртеп,
Толғантып жетсе азабым,
Санамда сергiп,
Сезiмдi тербеп,
Кеудеме енер таза мұң.
“ТҮРКI ӘЛЕМI ӘДЕБИЕТIНIҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛ АДАМЫ”
Жақында көрнектi жазушымыз Төлен Әбдiков “Түркi әлемi әдебиетiнiң 2013 жылғы жыл адамы” болып танылды. Бұ қалай сонда? ТүркСОИ-дың шешiмi бо­йынша, бүкiл түркi мемлекет­те­­рiнде (Түркия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Әзiрбайжан, Татарстан, Қарақалпақстан және т.т.) Төлен Әбдiковтiң шығармалары 2013 жыл бойына терең әрi жан-жақты насихатталады да, жыл соңында жазушыға арнайы сыйлық табыс етiледi.
Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында жаңаөзендiк ақсақалдардың бастамасымен Бекет Ата есiмiн қалаға беру туралы мәселе гу-гу әңгiмеге айналды. Жасыратыны жоқ, қазiр Маңғыстаудағы кез келген той-садақа, мереке, жиында жұртшылық тарапынан бұл аса жоғары деңгейде талқыланып жатыр. Әркiмнiң пiкiрi әртүрлi. Бiрақ, Пiр Атаның атымен
“Жас Алаш” пен “Айқын­ға”, “Қазақ әдебиетi” га­зеттерiне рақмет айтамыз, бұл басылымдар сатираны “өгей балам” деп санамайды, қайта бауырына тартып, “еркелетедi”. Сатиралық беттерiн жүйелi берiп отырады. “Естерiнен шығып” кет­пейдi. Күлкi алтыннан да қымбат, көңiл тазартады, күлкi шаңсорғыш iспеттi, көңiлiңiздi жапқан шаңды сорып алып, айнадай жарқырата түседi. Бiз қалай күлiп, қалай
“Заманына қарай адамы” демекшi, бiз техниканың дамыған кезеңiнде өмiр сүрiп жатырмыз. Қазiр әр үйдiң төрiнде бiрден, екiден теледидар бар. Бұл, әрине, жақсы. Бiрақ бiз сол көк жәшiктен не көрiп жүрмiз? Алаңдататыны да сол.... Қай арнаны қосып қалсақ та, көрiп жүргенiмiз – түрiктiң ұзын сонар арсыз сериалы мен кәрiстiң қияли сериалдары. Бiзге солар жетiстiрiп тәрбие де берiп жатқан жоқ.
Ава елiнде (Токушима префектурасындағы көне елдiң аты) Цуноминэ деген тау бар. Баяғыда осы таудағы Куваногава өзенiнiң жоғары жағындағы Кувано деген жерде бiр бай тұрыпты. Бiрде кешқұрым бiр рикубу (дiндар адам) байдың сарайына келедi. Рикубу байдың қақпасын қағып, түнеуге рұқсат сұрайды. Бай рикубуды қонақ қылады.
Шиқан шығып, әкеңдi…, мазаны алды. Суықтан ғой деймiн, әлде моншаға түспегеннен бе екен, моншаға түспегелi алты ай болды. Монша қымбаттайды дейдi. Көп баласы барлар моншаға қалай барады? Монша қымбаттаса, қазақтар бала табуды қоятын шығар, кiр-қожалақ балалар кiмге керек? Депутаттар, ойланыңдар… Жарайды, сонымен маған бiр шиқан… Бiр шиқан емес, қырық бiр шиқан шықты. Тура қырық бiр

Шаруам бар деп орталыққа кеткен Мықтыгүл бiраздан соң опыр-топыр болып қайта оралды. Сол жақтағы төрт-бес дүкендi түгел адақтап шығып, сауда жасап жарытпаса да, бiрер аптаға жетерлiк өсек-әңгiме жинап, үйге көз байлана бiр-ақ қайтатын Мықтыгүлдiң жылдам оралысынан бәрiмiз үрпиiсiп қалдық. Шынында да, тегiн емес екен.

Мақтанудың да жөнi бар. Жөнiмен мақтанып жатсаң, жөнiмен мақтана алсаң, онда тұрған ештеңе жоқ. Ал жөнсiз мақтану... Бұл ендi...  Кеңес Одағы өмiр сүрiп тұрған кезде бiздiң қазақтар былай деп мақтанды: – Кеңес Одағында тұратын халықтардың iшiнде орыс тiлiнде акцентсiз, ең таза сөйлейтiн халық – қазақ халқы!
ҰЛЫ ДА, ҚЫЗЫ ДА ҚУАТТЫ
Дубайда су спортынан аяқталған Азия чемпионатында елiмiздiң су добынан ерлер құрамасы финалда сүрiндi. Жартылай финалда Сингапур құрамасын 16:4 нәтижесiмен ұтқан жiгiттер Азия чемпионы атағы үшiн Қытай құрамасына пенальтиде жол бердi. Қыздарымыз да жартылай сында Өзбекстан құрамасын айқын басымдықпен жеңгенiмен
Болғанынан боладысы қызық бокстан ел бiрiншiлiгi де ширек финалға жеттi. Өткен аптаның сенбi-жексенбiсiнде ширек финалға шығар жолда боксшылар қолғап түйiстiрдi. 49 келiде қазiр бәсеке­лестiк күштi. Тiсқақан боксшы Бiржан Жақыпов (ОҚО) қостанайлық А.Мұғаловты айқын басымдықпен ұтты. Былтыр Бiр­жанды ығыстырып, жеңiл салмақтың серкесi атанған жамбылдық
Адмирал Нельсон Ұлыбритания флотына көп үлес қосты. Ол 130 шайқасқа қатысты деген дерек те бар. Бұл, әрине, дүние жүзi теңiз флотында үлкен жетiстiк деп есептелiнедi. Нель­сон флоттағы соғыс тактикасына өте шебер едi. Талай шай­қас­та өзiнiң ақылы мен қулығын iске асырып, ағылшын әскер­лерiн тығырықтан алып шыққан. Және көбiнесе жеңiске жеткен. Адмиралдың шыдамдылығы, сабырлылығы, төзiмдiлiгi, қайсарлығы қазiрге дейiн аңыз болып ел-елдiң ау­зын­да жүр.
Иә, шынында да, не үшiн оқимын? Бiр газет бар, дүниенiң кiлтi өз қолында тұрғандай-ақ тым асқақтап, асып-тасып, iсiп-кеуiп жазады. Тағы бiр газет бар, өзiнiң құмалағын жасырған мысықтай қоғамдағы оқиғаларды ұдайы жасырып-жауып отырады, қолынан келгенiнше жағымсыз оқиғалар жөнiнде үнсiз қалуға тырысып бағады. Ендi бiр газет бар...