1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15762) 29 қараша, бейсенбі 2012
Жарты айдан кейiн Жаңаөзендегi қанды оқиғаға бiр жыл толады. Жыл өтсе де, Жаңаөзен жарасынан қан тамып тұр әлi. Өз халқына қарсы оқ атуға бұйрық бергендердiң шынайы бет-бейнесi ашылмай, жара жазылмайтын да шығар, сiрә. Бұл қанды оқиғаны кiм ұйымдастырды? Бейбiт халықты от пен оқтың өтiне тосқан кiм? Билiк – Әблязовтен көредi, ал Әблязов “билiктiң өзi ұйымдастырды” дейдi. Қалай десек те, жекелеген адамдардың бас араздығы халыққа оқ атқызып тынды ақыры. Жаңаөзендегi қанды қасаптың себепшiлерi арамызда жүр. Бұлар маңдайына басылған

Осыдан бiраз уақыт бұрын кездесулерiнiң бiрiнде Нұрсұлтан Назарбаев бiр басшының Ашхабадтағы “Түркменбашы” ескерткiшiн көргенде “Ленин сияқты екен!” деп кекетiп-күлгенiн айтқан-тын. Уақыт өте келе Назарбаевтың өзi де бiрте-бiрте “ниязовқа” айналатынын ол уақытта ойламаса керек.

“Қазақмыс” – осыдан 20 жыл бұрын жекеменшiкке өтiп кеткен кәсiпорындар­дың бiрi. Кезiндегi Жезқазған түстi металдар зауытының бүгiнгi iзбасары – “Қазақмыс­тың” экономикадағы үлесi елеулi. Алпауыт өнеркәсiп конгломераты мыстан бөлек алтын, күмiс, мырыш, тiптi электр энергиясын өндiредi.

“АШ БАЛА ТОҚ БАЛАМЕН ОЙНАМАЙДЫ...” ДЕГЕН ОСЫ
Қазақстанда жұмыссыздық проблемасы атымен жоқ. Жұмыссыздар санын көбейтiп, статистикаға көлеңке түсiрiп жүргендер шетiнен жатып­iшер­лер мен жалқаулар көрi­недi. Мәжiлiсшi Талғат Ерғалиев дәл осылай деп, айды аспанға бiр-ақ шығарды. Ол: “Қазақстанда жұ­мыс уақыты сегiз сағат. Германиямен салыстырғанда, еңбек өнiмдiлiгi екi есе төмен. Расын айтқанда, қа­зақстандықтар артық жұмыс iстеп жатқан да жоқ.
Челахтың сотына қатысудан бас тартып жатқандар күн сайын көбейе түсуде. Алғашқыда айыпталушының өзi сотқа қатыспаймын деп бүлiндi. Сейсенбiлiк сот отырысында бiрқатар жәбiрленушi сот залынан кетiп қалды. Ал кеше адвокат Серiк Сәрсенов сотқа қатысудан бас тартып, судьядан өзiн сот залынан кетiру жөнiнде өтiнiш түсiрдi.“Соттан адвокат Сәрсеновтi сот залынан кетiрудi сұраймын.
МАҚТААРАЛДА МАСҚАРА ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТАСТЫ, ОНЫ ШЕШУГЕ АУДАН ӘКIМI ДӘРМЕНСIЗ
“Бiрлiгiнен береке кеткен бiздiң “Бiрлiк” орта мектебiнде мұғалiмдердi аяусыз соққыға жығу, балағаттау, ата-аналарға қоқан-лоққы көрсету әдетке айналды. Оқушылардың маңдайына тапа-тал түсте тапанша тiреп қорқытады. Қарапайым мұғалiмдер түгiлi, ұжымның басшысына дейiн бәрiмiздi “ашса алақанда, жұмса жұдырығында” ұстау үшiн ар-намысымызды, құқығымызды аяққа таптап бiттi.
Зәуiрбек Ботабаев деген кiм? IIМ таратқан ақпаратқа қарағанда, Ақсай шатқалында 12 адамды бауыздап кеткен – Зәуiрбек Ботабаев пен Саян Хайровтың экстре­мистiк тобы. Бұл екеуi да аса қауiптi қылмыскер әрi дiни фанаттар. Әсiресе, З.Ботабаевтың қолынан қан тамшылап тұр... «Guljan.org» сайтының жазуынша, ҰҚК мен IIМ жүр­гiзген терроризмге қарсы операциялардың түгелге жуығында З.Ботабаевтың аты-жөнi жүр.
КЕЙДЕНДЕГI ӨРТКЕ КIМ КIНӘЛI?
Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданында соңғы екi айдың iшiнде екi мектеп өртендi. Қыраш ауылындағы №180 “Қызыл мақташы” мектебi қазан айының басында отқа оранған болатын. Өткен аптаның жексенбiсiнде Кейден ауылындағы №208 бiлiм ошағының күлi көкке ұшты. Қазекең мұндайда “қырсық бiр айналдырса, шыр айналдырады” деп жатады. Ал сонда Жаңақорған мектептерiн қандай қырсық айналдырып жүр?
100 балл жинаған қызым қолдан жасалған қателiктiң салдарынан әлi студент атана алмай отыр
Менiң қызым Жанар Тастанова биыл Мақтаарал ауданы Атакент ауылында орналасқан орта мектептi бiтiрдi. Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысып, 100 балл жинады. Бұл мектептегi түлектердiң арасында ең жоғары көрсеткiш едi. Сөйте тұра, бүгiнде қызымнан төмен нәтиже көрсетiп, 75-80 балл жинағандар жоғары оқу орнында грант негiзiнде бiлiм алып жүрсе

Қазақстан Кедендiк одаққа кiргелi келеңсiздiктер күн өткен сайын көбейiп барады. Бұл одақтың саясат­қа пайдасы бар да шығар. Бiрақ ауыл-ауылда жер мен мал шаруашылығымен тiршiлiгiн жасап отырған бiз сияқ­тыларға бұл одақтың зияннан басқасын көрiп отырғамыз жоқ. Президенттiң өзi “есектiң артын жусаң да мал тап” дедi. Яғни, “өз күнiңдi өзiң көр, үкiметке алақан жаюды қой” дедi.

Ғаламторды ақтарып отырып, достарымның Ерболат Құдайбергеновтiң жаңа клипi жайлы әнгiмелерiн оқыдым. Өздерiнше мәз. Әнiнiң аты – “Оттай жанған стайл”. Мен де көптiң көрген қызығын тамашалайын деп клиптi көре бас­тадым. Әншi жiгiтiмiз әлгi корейлiктi “копиялапты”.       Ри­мейк. Жаңа ештеңе жоқ. Ыр­қақ та, сюжет те сол. Айырмашылығы – мәтiнi қазақша. Бүкiл әлем “gangnam style”-да­­­тып, естен айырылып жат­қанда, қазақ рэпперi де қарап қалмайын деген шығар, кiм бiлсiн...

“ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн кезектен тыс аттестациялаудан өткiзу туралы” жарлығына биылғы жылы мемлекет басшысы қол қойды. Онда бұл аттестация өз iсiне немқұрайды қарайтын, бiлiктiлiгi төмен, сол секiлдi органдарда мемле­кет­тiң беде­лi­не нұқсан келтiрген, моральдық-өнегелiлiк сапалары төмен және жемқорлық пиғылдағы бiлiксiз қызметкерлерден тазарту мақсатында жүргiзiледi делiнген. Әрине, бәрi дұрыс.

Көзiм iлiнiп барады екен, құлағымның түбiнен: “Мырза жiгiт-ау, менi ұмытайын дедiң бе?” деген өзiме таныс Ақкербез жеңешемнiң даусы естiлдi. Ұйқым шайдай ашылды. Жеңгейдiң о дүниеге озғанына да бiрталай уақыт бол­ған. Мұндайда жарықтық атам: “Балам, аруақ келiп сенi маза­ласа – Құран дәметкенi. Құран бағыштауды есiңнен шығарма...” деушi едi. Сол есiме түсiп, төсекте жатқан әйелiмдi жұлмалап: “

1991 жылдың жазында Магаданнан Сәкен Сейфуллиннiң сүйегiн iздеген экспедицияның құрамында болып, тайганың қалың орманын аралап қайт­қан едiм. Ендi осы жөнiнде сөз өрбiтсем деймiн. Жақында ғана “Жас Алаш” газетi, “Алаш” ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақстан тарихшылар қауымдастығы ұйым­дас­тырған “Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннiң өмiр­баян деректерiн нақтылау, жерленген орындарын анықтау, сүйектерiн елге жеткiзу – ұрпақ парызы” атты конференцияға қатыса алмадым
Жүрегiм қан жылайды,
Жар кешемiз лайлы.
Тоғышарлар тойымсыз,
Ұмытты ғой Құдайды...
ВАНГАНЫҢ АРУАҒЫМЕН ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ!
Ресейдiң киношылары Болгарияның әйгiлi көрiпкел әйелi Ванга туралы фильм түсiрiп жатыр. Ең әуелi киношылар Ванганың рөлiне Инна Чурикованы бекiттi. И.Чурикова келiсiм-шартқа қол қойған күнi ғайыптан тайып жығылып, екi қолын бiрдей сындырып алды. Содан соң И.Чурикова бұл рөлден бас тартты. Осыдан бiр-екi күннен соң фильмнiң
Бүгiн бокстан ересектер арасында басталған ел чемпионатының финалдық кездесуi өтедi. Аптаға созылған чемпионатта 14 облыс, екi қаладан жиналған 179 боксшының сұрыпталғандары, қарсыластарын қаймықтырғандары ғана финалға шықты. Алдымен 26-27 қарашада өткен ширек сынның қорытындысы жөнiнде. 49 келiде былтырғы финалдық кездесу қайталануы мүмкiн
“ЕНДI БАПКЕР БОЛМАСПЫН”
Ресейдiң “Анжи” клубын баптайтын Гус Хиддинк Нидерландының “De Telegraaf” газетiне берген сұхбатында: “Анжи” бапкерлiк қызметiмдегi соңғы клуб болуы мүмкiн. Өйткенi шаршадым, жасым болса 66-дан асты, әрi ойын сайын алаң шетiнде тұрып-ақ көп энергияңды жоғалтасың”, – дептi. Бапкерлiкке бет бұрғанына ширек ғасырдан асқан Гус
ГЕРМАНИЯДА ТҰРҒАНЫНА 30 ЖЫЛ БОЛЫПТЫ
“Карлсруэ қалалық әкiмшiлiк соты 61 жастағы түрiк әйелiне немiс тiлiнiң курсына барып оқуды мiндеттедi”, – деп хабарлады dard сайты. Түрiк әйелiнiң Германияда тұрғанына 30 жыл болыпты. Отағасының дүкенi бар. Германияда туған алты баласы да осы елдiң азаматтығын алған. Бiрақ әлгi әйел немiс тiлiн бiлмейдi екен.

Маңғыстау облысы экономикасын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы саты-саты бойынша iске асып келедi. Бұл бағдарлама негiзiнен халықтың әл-ауқатын арттыру, өмiр сүру сапасын жақсартуға бағытталғаны түсiнiктi. Мұнайға ғана тәуелдi болып қалмау қажет, сондықтан да облыстағы өнеркәсiптi, шағын және орта кәсiпкерлiктi, туризмдi дамытуды да бағдарламаның негiзгi саласына жатқызуға болады. Бұл туралы сәл кейiнiрек.