1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15763) 4 желтоқсан, сейсенбі 2012

1 желтоқсан күнi өйтiп-бүйтiп жүрiп “тұңғыш президент күнiн” өткiздi билiк. Бiреулер асыр салып, би билеп, ән айтты. Бiреулер ит аршылап, ирек қамшылап жанына жай тапқызбады. Ендi бiрi дүниенi тiреп тұрғандай көлгiрсiп сөйледi. Қысқасы, жағымпаздықтың шегiне жетуге таядық. Жағымпаздық қана емес-ау, жеке басқа табынушылықтың да бел ортасына түстiк. “Қаған мақтаншақ болса, айналасындағылар жағымпаз келе­дi” демеушi ме едi? Назарбаевты ұлықтау әрiсi Кипр мен Әзiрбайжанда, берiсi Мәскеуде жалғасты. Бұл – бастамасы ғана. Ендi бұдан зоры болмасын де...

ШВЕЙЦАРИЯ ХРАПУНОВТАР ОТБАСЫНЫҢ ЕСЕПШОТТАРЫНА ҚҰЛЫП САЛДЫ
Бұған дейiн Лондонның жоғарғы соты В.Храпуновтың құдасы М.Әблязовтi қазақстандық “БТА” банкке жығып берiп, 2,1 миллиард доллар төлеудi сырттай үкiм еткен-дi. Сырттай дейтiнiмiз, Әблязов орыстың бауырсақ туралы ертегiсiндегiдей “апасынан” да, “атасынан” да құтылды – алдымен Қазақстаннан iзiн суытып, Лондонды паналаған, артынша Лондоннан да қашып кетiптi. Ендiгi кезек – Храпуновтарда.
“Тұңғыш президент күнiнде” Алматыны қар басып қалды. Бұрын-соңды болмаған орасан көп қар. Бейсенбiден бастап жауған қардың ашуы дәл 1 желтоқсанға – Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау мерекесiне дөп келдi. Өзге өңiрлер ұлан-асыр тойлап жатқанда алматылықтарға обал-ақ болды. Әсiресе, Алматының әкiмi Ахметжан Есiмовке. Өзге әрiптестерi бiрiн-бiрi құт­тықтап, бокал сыңғырлатып жат­қанда Есiмов қар күрете алмай пұшпайман боп жүрдi...
Өткен аптада басқа атпен басылып шыққан “Республика” және “Взгляд” басылымдары тәркiлендi. “Не взгляд” атты газеттiң 99 дана тиражбен, ал “Республиканың” “Азат” басылымында басылып шыққанына қарамастан. Қос басылымға қарсы майдан ашқан құқық қорғаушылар әй-шайға қарамай “Не взгляд” пен “Азатты” дүңгiршектерден жинап әкеткен.

Оңтүстiк Жезқазған кенi­шi­не қарасты №45 шахтаны кеншiлер қауымы озаттар ортасы деп тегiн айтпайды. Шынында да, мұнда небiр майталман кеншiлер еңбек етiп, жарыс көшiнiң жалауын жоғары көтерген. Сол жеңiс­тi жолды ондағы бүгiнгi ең­бек етiп жүргендер де абыройлы жалғастырып келедi. Солардың арасында №1 учаскенiң бұрғылаушылар бригадирi Абдолла Тi­леу­баевтың ұжымы ерекше құрметпен аталады. Олай болатыны,

Соңғы уақытта екiнiң бiрi ақырзаман тақырыбын қозғауға әуестенiп алды. Майя күнтiзбесiн көлденең тартып, қызылкеңiрдекке салынғандар көбеймесе, азаяр емес. Биылғы 21 желтоқсанда тiршiлiк түгесiлiп, жер бетiнен адамзат, жан жануар жойылуы мүмкiн дескен сәуегейлердiң болжамы қаншалықты рас? Жұртты алаңдатқан биылғы желтоқсанға байланысты пiкiрiнде елiмiздегi танымал жұлдызшы Назарбек Қо­жамсейiт алдағы уақытта жер бетiнде

Өткен айдың соңында аймақ басшыларымен болған кездесуде президент Нұрсұлтан Назарбаев әкiм мырзалардың тағы да бiр ащы терiн алып, тезге салған сияқ­ты көрiндi. Мысалы, шығыс өңiрдiң жетекшiсi Б.Сапарбаев мемлекет басшысының аузынан мақтау естiсе, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi С.Бiләлов сөгiс алып қайтқанын

ТҮКТIБАЕВ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА КIМ ЖАУАП БЕРЕДI?
 
Бiздiң бұлайша дабыл қағуымызға Түктiбаев ауылының тұрғыны Арайлым Қаманованың хаты түрткi болды. 2007-2009 жылдары Түктiбаев елдiме­кенiнде аға дәрiгерлiк қызмет атқарған ол хатында былай дейдi: “2009 жылдың қараша айында Ү.Түктiбаев ауылының тұрғындары Ерғұлан Дiлман мен Болат Қожанияз өз үйлерiнде мезгiлсiз уақытта қан қысымы көтерiлiп қайтыс болды.

Бiрер жыл бұрын күнтiзбеде қызылмен белгiленiп тұратын 25 қазан күнi бүгiнде ел есiнен емiс-емiс қалды. Дұрыс қой, Тәуелсiздiк мерекемiз бар, оның үстiне Республика күнi деп артық мерекелеудiң қажетi шамалы. Бiрақ қазiргi таңда күнтiзбенiң тағы бiр күнi қызылға боялды. Биылдан бастап желтоқсанның 1-i күнi – “ұлт көшбасшысын ұлықтаудың” заңмен белгiленген мерекесi.  

Бұрын соғыс және еңбек ардагерлерiнiң кеңесi болатын. Кейiн ол “Ардагерлер ұйымы” болып қайта құрылды. Алайда қайта құрылғанымен, қауқары бұрынғысынша ардагер­лердiң мұң-мұқтажын күйттеуден арыға аспады. Тыңдар құлақ, ұғар түйсiк болса, жастарға патриоттық тәрбие беруге ұмтылды. Былай қарасаң, бұл да аз шаруа емес.

Өткен жылғы Жаңаөзен оқи­ғасынан кейiн 16 желтоқсан тәуелсiздiк күнi ретiнде емес, күнтiзбеге қаралы дата ретiнде қызарып басылды. Қазiрдiң өзiнде әлеуметтiк желiлер мен өзара пiкiрталастарда “Бұл күн бiз үшiн мереке ме, әлде қаралы күн бе?” деген сауалға әркiм басын қатырып жүр. Сондай пiкiр­таластардың бiрi “Фейсбук” әлеуметтiк желiсiнде қар­қынды жүруде.

Қарашаның 29-ы күнi Алматы қаласы Бостандық ауданының және “Арда” жас ақындар клубының ұйымдастыруымен қалалық жас ақындар айтысы өттi. Тақырыбы президенттi ұлықтауға байланысты демесеңiз, жас айтыскерлердiң арыны жаман емес. Қоғамның шындығын жасырмай айтқан ақындар көрер­меннiң қолдауына ие болды. Додаға алдын ала iрiктеуден өткен 10 ақын:
СЫНАҚТАН ТIЛIМ СҮЙРЕП ӨТКIЗДI
Бiрде бiр баланың орнына физиологиядан зачетқа кiрiп кеттiм. Маған “көздiң құрылысы” деген тақырып түстi. Көздiң құрылысын бiз байғұс қайдан бiлейiк. Апайым “ал сайра, сен баланы алғаш көруiм” дегенi. Содан не керек, “Көз” дегенiмiз, Қадыр ақынның тiлiмен айтқанда, “Аяқ екеу, қол екеу, көз жанарың ол да екеу” демекшi, адамда екi көз болады. Сөзiмдi Мұқаңның пiкiрiмен жалғар болсам, көздiң өзi түпсiз терең тұңғиықтан жаралады.
ОЛАРДЫ ИТ ҚОСПАЙ-АҚ ИНТЕРНЕТТЕН ТАБАСЫЗ
Өз басым ғаламторда көп отырамын. Қаншалықты зиян десек те, ғаламторға байланып қалсаң, одан қайта арылу – қиынның қиыны. Әлеу­меттiк желiлердiң көбiнде тiркелдiм. Қа­зақ тiлiндегi әртүрлi сайттардың көбiсiн ақтарып, қарап отырамын. “Жас Алашты” да интернет арқылы жақынырақ танып, қазiр әрдайым оқып отыратын сүйiктi газетiме айналды.
ҚАЗАҚ КӨШI НЕГЕ ТҰРАЛАП ҚАЛДЫ?
2012 жылдың 4 желтоқсан күнi Алматы қаласында “Руханият. Тәуелсiздiк. Модернизация” атты форумның екiншi отырысы өтедi. Форумның жұмысына елiмiздiң зиялы қауы­мының танымал өкiл­дерi, сарапшылар, саясаттанушылар, құ­қық­қорғау­шылар, БАҚ жә­не мемле­кеттiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысады.

Студенттiк өмiр – соғыс пен бейбiтшiлiк
Екiлiк – қырсызға қамшы
Үштiк – үмiт шоғы
Төрттiк – тәңiр сыйы

(“Жаңаөзен - жанның жарасы” циклынан) 
Қазақ тарихында қарғыс таңбасындай болып қалған “Жаңаөзен оқиғасы” бұрқ ете қалған сәттен бастап, ақындық сезiмiме тыншу болмай, жан-жүрегiмнiң сөзiн ақ қағазға түсiрiп келемiн. “Жаңаөзен – жанның жарасы” циклының алғашқы бөлiгi қанды оқиғаға қырық күн толғанда “Жас Алаш” газетiнде жарияланды. Ендi мiне, сол бiр жан түршiгерлiк оқиғаға да бiр жыл толғалы тұр.
Кезектi ел бiрiншiлiгi тарих қойнауына кеттi. Бұл сында спорттың осынау түрiнен жеңiспен өрiлген бай дәстүрi бар Жамбыл боксшылары жанкүйерлер күткен нәтижеге қол жеткiзе алмады. Астанаға аттанған 15 боксшының алғашқы айналымда-ақ 8-i жеңiлiс тапса, тағы бесеуi ширек финалда шаң қауып қалды. Жүлдеге iлiккен – 60 келiдегi Ғани Жайлауов (күмiс) пен ең жеңiл салмақтағы Азамат Исақұлов (қола) қана.
БИЫЛҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢIМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРI
Бокстан биылғы ел бiрiн­шiлiгi тарих жылнамасына қалың боп жазылатыны анық. Тұңғыш рет (1992 жылдан бастап өтiп келе жатқан чемпионатта боксшылар дулығасыз жұдырықтасқан емес) жалаңбас боксшылардың жекпе-жегiн жұрт көрдi. АIБА боксты әлем алдында әдемi спортқа айналдыру мақсатында осындай ереже енгiзген.
ЖЫНЫС АУЫСТЫРУДЫҢ ҚАСIРЕТI
Он тоғыз жыл бiр шаңырақтың астында тұрып келген бельгиялық Ян деген кiсi әйелiнiң дүниеге ұл болып келгенiн бiлмептi. Қазiр Янның жасы 64-те. Янның айтуынша, ол Моникаға 1993 жылы үйленген. Индонезиядан келген Моника Янның бұрынғы отбасында қызметшi болып жұмыс iстептi. Бұл әдемi, нәзiк, бия­зы Мониканы шын көңiлiмен ұнатқан.
КӨМБЕГЕ КӨП ҚАЛҒАН ЖОҚ
Арменияның Ереван қаласында бокстан басталған жастар арасындағы әлем чемпионаты да ширек финалға жақындады. Елiмiзден барған 10 боксшының төртеуi саптан шығып қалса, алты спортшы жүлде жолында “атқа қонып”, кеше бес боксшы рингке шықты. 49 келiде Әдiлет Құрметов, 52-де Олжас Қалаубек, 56-да Әдiлбек Әдiлжан