1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (15764) 6 желтоқсан, бейсенбі 2012

Орыстың театр және кино режиссерi Владимир Мотылдiң 1969 жылы шыққан “Шөлдегi аптап” (Белые солнце пустыни) деп аталатын атақты фильмi есiңiзде шығар. Сол фильмде басты рөлде ойнайтын қызыл армияшы Федор Иванович Сухов деген бар. Қып-қызыл коммунист. Сол пақырыңыз азаматтық соғыс жылдарында Абдулла деген бандының тоқалдарын күзетiп, тоғыз сұлуға (Зарина, Жәмила, Гүзел, Саида, Хафиза, Зухра, Лейла, Зүлфия, Гүлчатай) өз күйеуiн жiбермей, әуре етпеушi ме едi. Қашан көрсең, Сухов жолдас Абдулланың тоғыз әйелiн айналшықтап, олардың iшiндегi кiшi тоқал Гүлчатайды iздеп, сабылып жүргенi... Бiз де сол “Сухов” жолдасты сөз еткелi отырмыз. Бiрақ бiздiң кейiпкерiмiз – басқа “Сухов”. Ф.Суховтың Қазақстандағы    “прототипi” – бас прокурор Асқат Дауылбаев.

Бұған дейiн сот отырысына қатысудан бас тартқан айыпталушы Владислав Челах кеше сотта жауап бердi. Ол өзiнiң кiнәсiз екенiн айтып, азаптау көргендiктен қылмысты мойнына алуға мәжбүр болғанын мәлiмдедi. Кешегi сотқа айыпталушының адвокаты Серiк Сәрсенов те қатысты. Ол бұған дейiн сырқаттанып қалғандықтан, сотқа келе алмаған. Артынша мемлекет тарапынан берiлген қорғаушы Естияров та ауырып қалған болатын.

“guljan.org” сайты сот шешiмiмен үш айға жабылды. Бұған Бостандық ауданы прокурорының талап-арызы себеп болған. Редакцияның қолына тиген 4 желтоқсан күнгi сот анықтамасында: “Бостандық ауданы сотының судьясы А.Т.Абайделдинова Бостандық ауданының прокурорының талап-арызы бойынша Қазақстан аумағында “guljan.org” интернет-ресурсының қызметiн 3 айға тоқтату және оған тосқауыл қою жөнiнде шешiм

Еске алу шарасын өткiзу туралы оны ұйымдастырушылар тобының жетекшiсi Болат Әбiлев былай дедi:– 16 желтоқсанда бiз Алматыдағы Тәуелсiздiк монументiне гүл қоямыз, 17 желтоқсанда негiзгi шара өтедi. Бұған дейiн бастамашыл топ мүшелерi атынан Жаңаөзен құрбандарын еске алу күнiн өткiзу жөнiнде Алматы әкiмшiлiгiне өтiнiш жолдағанбыз. 17 желтоқсандағы шараны өткiзу
Қырғыз ағайындар өз байлықтарын қолына алуға кiрiстi. “Берсе қолынан, бермесе жолынан” деп, елiне келген кiрмелердi қуып шығып, үлкен ерлiкке барып отыр. Нақ­тырақ айтсақ, Қырғызстанның оңтүстiк-батысындағы “Апрельское” кен орнына жақын маңдағы айылдың тұрғындары дау көтерiп, ресейлiк компания өкiлдерiн сыбап тастады. Бұл кен орны Козу-Бағлан өзенiне таяу маңда болғандықтан, тұрғындар өзен суы ластанады деп қарсылық бiлдiруде.

Оңтүстiк Жезқазған кенiшiнiң №65 шахтасы – алдыңғы қатардағы өндiрiс орындарының бiрi. Мұндағы кеншiлердiң толымды табысы тау-кен қопарушылардың қажырлы еңбегiмен де тығыз байланысты. Олар берiлген тапсырма бойынша белгiленген забойларды нақты мөлшермен аттырып, кеншiлердiң жолын ашады. Руда неғұрлым көп болса, әрине, табыс та мол болады. №15 кеншiлер учаскесiне қарасты тау-кен қопарушылар бригадасына өндiрiс озаты

Бiрде Ресейдiң “Уақыт” атты телехабарының соңында берiлетiн ауа райы мәлiметi картасына қарап отырып, Байкал көлiнiң арғы жағында орналасқан Бодайбо деген қалаға көзiм түстi. Бодайбо.., Бодайбо... оу, мынау марқұм, жерлес, тiптi ауылдасымыз Мырсалық ақсақалдың Бейiмбет Майлинмен айдауда бiрге отырып, бiрге болдым дейтiн қаланың аты емес пе деп есiме алдым.

“Жас Алаш” бетiнен “Сiздi Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфулиннiң өмiрбаяндық деректерiн айқындау, жерленген орнын табу, сүйектерiн елге жеткiзу – ұрпақ парызы” атты ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз” деген құлақтандыруды оқыған соң, Алматыға жол түсiп, бiз де сол конференцияға барып қатысып едiк. “Жас Алаштың” қарапа­йым оқырманы ретiнде зиялылар бас қосқан сол жиыннан түйген ойымызды ортаға салуды жөн көрдiк.

Мұқатай Жылқайдарұлы жоқшыларының бiрi, заңгер-зерттеушi Сайлау Ағыбаев екеумiз екi-үш жылдан берi Абай мұраларының шырақшысы, сыншы, ақын, жазушы, абайтанушы ғалым Төкен Ибрагимовпен хабарласып жүр едiк. Телефонмен “Менде Мұқатайдың хаттары, өлеңдерi, суретi бар” деген екен, соларды көруге ынтық көңiл тыным бермей, Семейге әне-мiне барамыз деп жүргенде, етек-жеңi ел мұрасына толы шекпенiн сүйретiп Төкен

Менiң жақын ағам Досыбек Әлиев 1935-45 жылдар аралығында бiр жағдайлармен iстi болып, Магадан облысындағы Колыма қаласында мерзiмдi уақытын өтеген едi. Ол кiсi түсi сұсты, тұйық, әңгiмеге жоқ және аузына өте берiк кiсi болатын. Әсiресе, темiр тордың арғы жағындағы жағдайларды айтуды ұнатпайтын. Сөз тартқысы келгендерге, “Ол жақтағы әңгiменiң саған не қажетi бар?” – деп қайтарып тастайтын.

Соғыстың алдында, соғыс кезiнде туған бiздiң басым көпшiлiгiмiз ауыл шаруашылығы саласында таңның атысынан күннiң батысына дейiн еңбек еттiк. Мал өсiрдiк, ұжымшардың толып жатқан шаруасына кiрiсiп кеттiк. 1961 жылдары кол­хоз­дар совхоздарға айналдырылды. Жалындаған жас шағымызда бiздер қайнаған еңбектiң бел ортасында жүрiп қой да бақтық, трактор айдадық және бас­қа да түрлi жұмыстар атқарып, елдiң көркеюiне өз үле­сiмiздi қостық.

Адамзат ұрпағын өсiретiн де, өшiретiн де басшылықтан берi­летiн орынды-орынсыз бұйрықтар ғой. Г.Марченконың “Әйелдер ерлермен бiрдей 63 жаста зейнетке шықсын...” деген пiкiрiн естiп, күлкiң де, жылағың да келедi. Күлкiң келетiнi, “ұрпақ санын өсiрелiк, туыңдар” деген үкiмет ендi кеп “сендер ұзақ жасап өлiп болмайды екенсiңдер, сондықтан 63-ке дейiн ер-азаматпен бiрдей жұмыс iстеңдер” дегенi несi?
Бiздiң жақта “Қаратөбеге барсаң әншiмiн деме” деген сөз көп айтылады. Оның мағынасы, Қаратөбе – үш жүз­ге ән оздырған Мұхит Мер­әлiұлы, Ғарифолла Құр­ман­ғалиев, Жақсылық Сәрсен­ғалиев, Мұхамедяр Нысанов, Ескендiр Хасанғалиевтер және тағы да басқа әншi-сазгерлердi дүниеге  әкелген киелi топырақ.

Белгiлi қылқалам ше­берi, Кеңес одағының және Қазақстан Суретшiлер одағының мүшесi, кәсiби су­ретшi Раушан Момбекова Мәскеудiң Бүкiлодақтық мемлекеттiк кинематографистер институтын 1978 жылы қызыл дипломмен бiтiрдi. Бiрақ ол бұл институтқа бiрден түсе қалған жоқ. Қайсар қыз осы оқу орнына үш жыл бойы қатарынан барады. Тек үшiншi жылы ғана бағы жанып, оқу­ға түседi.

Күнделiктi күйбiң тiршiлiкте неше түрлi ыңғайсыз жайттарға ұшырасып жататынымыз анық. Соның бiрi – кейбiреулерiмiздiң күнделiктi қолданыстағы ұялы телефонымызға келетiн, мазмұны ақылға сыймайтын қоныраулар мен хабарламалар. Алғашқы кездерi бiзге бәленбай бiрлiк жiберсеңiз, түгенбай құнды сыйлықтар беремiз деген байланыс операторларының 

Тарихқа қарап отырсақ, қа­зақтың мақтанышына айналған тұлғалар: А.Байтұрсынов, М.Жұ­ма­баев, С.Сейфуллин, көркем сөз зергерi Ғ.Мүсiрепов, М.Мақатаев және тағы да басқалар бала кезiнен қисса-жырларды жатқа оқып өскенiн бiлемiз. Сондай-ақ, әжесi Зере мен анасы Ұлжаннан естiген ертегi-аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетiнiң алғашқы үлгiлерi.

Польшаның ұлы композиторы, виртуоз-пианист Фредерик Шопен 1810 жылы Варшаваның маңындағы елдiмекенде қарапайым мұғалiм отбасында дүниеге келген. Оның әкесi – француз, ал анасы – поляк қызы. Анасының мiнезi өте жұмсақ болыпты. Дәл осы қасиет Шопенге дариды. Отбасында Фредериктен басқа үш қыз болды. Ең үлкенi, яғни ұлы музыканттың әпкесi Людвиканың ықпалымен ол кiшкентай кезiнен музыкаға жақын болып өстi.

Несiн жасырайық, үмiттен күдiк басым. Осы қызылордалық “Қайсар” футбол клубының көсегесi көгермей-ақ қойды. Жылда бiр қиындық кес-кестейдi де тұрады. Ендi мiне, осы клубтың бапкерлерi мен ойыншылары екi жарым айлық жалақылары мен қосымша төлемақыларын ала алмай жүр. Ала жаздай өкпесiн түсiрiп доп тепкен ойыншылардың басшылыққа деген өкпесi қара қазандай.
ИЛЬИНГЕ IЛТИПАТ
Екi дүркiн олимпиада, үш мәрте әлем чемпионы атанған ауыр атлет Илья Илиннiң есiмi Гиннес рекорд­тар кiтабына жазылды. Бұған дейiн ол “ауыр атлеттер арасында әлемдегi ең жас әлем чемпионы” атанып, тарихта қалған. ХХХ жазғы олимпиада ойындарында Илья 94 келiге дейiнгiлермен сынға түсiп, серпе көтеру сынында 233 келi сом темiрдi оп-оңай серпи көтерiп, әлем­дiк рекордты түзеткен