1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (15765) 11 желтоқсан, сейсенбі 2012
Қазақ үкiметiн билеп-төстеген үшеу
Дүниежүзiндегi металл өңдеу және тау-кен өнеркәсiбi саласындағы iрi корпорациялардың бiрi ENRC корпорациясы (“Еуразия табиғи ресурстар корпорациясы”) Кеңес одағы құлағаннан кейiн пайда болды. Оған негiзiнен Қазақстан үкiметi мен қазақстандық деп саналатын үш бизнесмен иелiк етедi. Корпорация Лондон қор биржасындағы капиталдандыруы жоғары арнайы 100 компанияның тiзiмiне енедi. Корпорацияда Қазақ үкiметiнiң 12 пайыз ғана үлесi бар. Тоқырау саналатын 90-жылдары елiмiздегi iрi кәсiп­орын­дар ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында кеттi. Билiкке жақын пысықайлар Қа­зақстанның “капитализмге өту” дәуiрiн өз пайдаларына өте тиiмдi пайдаланды.

– Әрине, мiндеттi түрде барып қатысамын. Бұл еске алу шарасына қатысу әрбiрiмiздiң парызымыз саналады. Былтыр­ғы желтоқсанның он алтысы қазақ тарихында өшпес iз қалдырды. Бұл күндi ескермеу, елең қылмау кез келген қазақстандық азаматқа ауыр сын деп ойлаймын. Жазықсыз қырыл­ған қанды оқиғаның құрбандарын еске алу келешекте мұндай оқиғаның қайталанбауына аз да болса септiгiн тигiзедi.

Постназарбаевтық кезеңдегi Қазақстан қандай болмақ? Тұңғыш президенттiң орнын кiм басуы мүмкiн? Бұл сауал күн өткен сайын саяси элита мен инвесторларды ғана емес, әрбiр қазақстандықты мазалайтыны рас. Әсiресе, уақыт озған сайын әр жыл президенттiң өзiне қарсы жұмыс iстейтiнiн ескерсек. Қанша дегенмен 72 жас – оңай емес

Өткен жексенбiде Жа­­­ңаөзендiк мұнайшылар желтоқсан құрбандарына арнап ас бердi. Оған қала халқы, оппозиция және азаматтық қо­ғам белсен­дiлерi келдi. Маңғыстаудағы Теңге әу­­­­лиенiң мазарының айналасы қарақұрым адам. Бiз келгенде сағат таңертең­гi 9.30 едi. Ер адамдар ошақ ба­сында күйбеңдеп, әйелдер шай әзiрлеудiң қамымен жүр. Бұл – былтырғы Жаңаөзен оқиғасы құр­бан­дарының жылын бер­мекке әзiрлiк жасап жат­қан “Өзенмұнайгаздың” мұнайшылары.

Жаңақорған ауданының әкiмi Сұлтанбек Тәуiп­баевтың аты бiраз жерге мәшһүр болатын түрi бар. Ауданда екi айда екi мектеп өртендi. Бұл “көр­сеткiш” аудан әкiмiнiң “атын шығаруына” жарап-ақ тұр. Негiзi, елге танылып, абырой-бедел жинаудың жолы көп. Ал ендi Жаңақорған ауданының әкiмi Сұлтанбек Тәуiпбаев­ты жалпақ жұртқа “мектеп өртеумен” жария болады деп кiм ойлаған?!.

Өткен аптаның жұмасында “guljan.org” медиа-сайты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған-ды. Бұған дейiн орган қыз­мет­кер­лерiнiң сайттың бас редакторы Гүл­жан Ерғалиеваны күшпен сотқа апармақ болған әрекеттерiн газетiмiзде жазған едiк. Арада көп өтпей, медиа-сайтты жабу туралы Медеу аудандық сотының шешiмi шықты. Мұның артын ала Г.Ерғалиеваға белгiсiз прокурордың шағымы бойынша айып тағылды. Екiншi аптаға жалғасқан бұл оқиға ендi сот процесiмен жалғаспақ.

Маңғыстау-Атырау пойызына отырып, Құлсары қаласына жолға шықтым. “Жол қадiрiн жүрген бiледi” де­мекшi, алыс сапарға шыққанда қасыңдағы серiгiң әңгiмешiл адам болса, межелi жерге қалай жет­кенiңдi бiлмей қаласың. Бiз отырған купеге жасы жет­пiстен асқан бiр ақсақал отырды. Әлгi қария әңгiме­шiл кiсi екен. Менiң Құлсарыға бара жатқанымды бiлгеннен кейiн: “Шырағым, бұл қалаға соңғы рет қашан барып едiң?” – деп сұрады

Кеше Талдықорғанда өтiп жатқан соттың жарыс­сөзiнде Челахтың адвокаттары сөйлеуi керек болатын. Алайда мемлекет тарапынан тағайындалған адвокат Жұмағайша Саржанова ғана жарыссөзге қа­тысып, Челахты 6 бап бо­йынша ақтауды сұрады. Мем­лекет тарапынан тағайындалған тағы бiр адвокат Серiк Естияров жарыссөзге қатысудан бас тартты

Орыс ертегiлерiнде кездесетiн Аяз Ата, Ақшақар және өзге де кейiпкерлердi жаңа жылдық бағдарламаларда көрсетуге Өзбекстанда тыйым салынды. Бұл туралы “Узметроном” тәуелсiз порталы хабарлады. Жаңа жылдық шоу-бағдарламаларда шыршаны көрсетуге болдады, әрине. Онда да артқы планда шағын етiп қана бейнеленуi тиiс. Ал Аяз Ата мен Ақшақар сияқты “өзбектiң мәдениетi мен салт-дәстүрiне жат кейiпкерлер” эфирден аластатылады.

Әр халықтың төл музыкалық өнерi “халық музыкасы” деп аталатыны ежелден мәлiм. Қазақтың музыкасын зерттеуге елеулi үлес қосқан “қазақ­­тың жанашыры” Александр Затаевич өзiнiң “Қазақ халқының 1000 әнi” жи­нағының кiрiспесiнде: “Жаңа саяси және экономикалық өмiрдiң алаңына шыққан саны 6 миллион ғана болса да үлкен халықтың рухани бейнесiн жа­қы­нырақ тануға құлшыныс туды”, – дейдi.

“САЗГЕН САЗЫ” ЕСЕП БЕРДI
Жақында “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестрi Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда кезектi есеп беру концертiн өткiздi. Арқаңды қоздыратын шығармаларды ансамбль ұжымы орындағанда, шетелдiк қонақтар да дән риза болды. Әсiресе, 12 жастағы Сәтқозы Оразалыұлы ән айтқанда, көпшiлiк ду көтерiлiп қол соқты.
«Қайрат Нұртастың концертiнде билет бағасының аспандағаны соншалық, 7-8 есеге қымбатқа сатылып, көпшiлiк Республика сарайына кiре алмай қалыпты» дегендi естiп, сарайдың маңында сауда көрiгiн қыздырып жүрген алыпсатарлардың “арасына енiп” көрдiк. Бiр-бiрiнен оқшау, кассаны маңайлап, төңi­рек­теп жүргендер бiр­ден ашылып сөйлесе қоймады, тiптi кейбiрi газеттен екенiмiздi ес­тiп, жонын берiп, жауап қатпады.
Жақында екi тойға бардық. Қазақтың тойы уақытында басталса, қызықсыз болмай ма, шақыру билетiнде кешкi 6-да басталып кетедi деп жазылған аста-төк салтанат түнгi 9-да басталды. Екiншi үйлену тойы да тура төрт сағат кешiгiп өрбiдi. Сөзiн сатып күнелтетiн асаба әдеттегiдей тойды бастау үшiн қариядан бата сұрағаннан кейiн саңқылдап бердi. Сөзден сөз тудырған асаба ел алдына «қазақ эстарадасының жас жұлдызы» деп Ермек Балжiгiт есiмдi қаршадай
6 желтоқсан күнi Алматы қаласында ҚР Мемлекеттiк орталық мұрағатында “1931 – 33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебi мен салдары” атты ғылыми-тәжiрибелiк конференция болып өттi. Бұл конференцияға Қазақстандағы ашаршылық тақырыбын зерттеп жүрген Қайдар Алдажұманов, Талас Омарбеков, Мәмбет Қойгелдиев, Әзiм­бай Ғали, Светлана Смағұлова, Шәмек Тi­леубаев сынды тарихшы-ғалымдармен бiрге қоғам қайраткерi, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай, жазушыларымыз Смағұл Елубай, Бейбiт Қойшыбай қатысты.
ҚҰНДЫ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕК ЖАРЫҚ КӨРДI
 Жақында Болатхан Тайжан атындағы қордың демеушiлiгiмен құнды кiтап жарық көрдi. Бұл кiтап “Қазақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-47 жылдары болған көтерiлiсi” деп аталады. Осыдан 66 жыл бұ­рын, яғни 1946 жылдың 17 желтоқсаны күнi Ташкент қаласында тарихшы-ғалым Елтоқ Дiлмұхаме­дов “Қа­зақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-47 жылдары болған көтерi­лiсi”
Смағұл Елубаевқа достық әзiл
Ойлады ма саясатпен өсем деп,
(Цензураның жолын әлде кесем деп?)
Прагада 9 жыл боп, әйтеуiр,
Қайтып келдi жұмбақтау бiр “көсем” боп.
Көршiмдi көрiп, көзiм шығып кете жаздады. Үйiнiң жанынан жер қазып жатқалы төртiншi күн, құдықтың iшiне түсiп кетедi де, әйелi әкелген заттарды таси бастайды. Қызығып кетiп, жанына келдiм. Бiр уақытта сопаң етiп, шыға келдi.
– Көршi, көңiлiң көңнiң арасында қалғандай не iстеп жатырсың? — деп сұрадым.

Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?
Даңқты қазақ батыры Бауыр­жан Момыш­ұлының ұлы, белгiлi жазушы, аудармашы Бақытжан Момышұлы дүниеден озды. 72 жас­қа қараған шағында. Бақытжан Момышұлының анасы Бибiжамал апай ұзақ жылдар “Ле­ниншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнде терiмшi болып жұмыс iс­тедi. “Кiш­кен­тай Бақытжан да анасымен бiрге редакцияға ерiп келiп, әр бөлiмнiң есiгiн ашып, жүгiрiп ойнап жүретiн” деп еске алады Бибiжамал апайдың көзiн

Алматы облысы Iле ауданы Өтеген батыр кентiнде қазақ күресiнен халықаралық турнир аяқталды. 1996-97 жылы туған жасөспiрiмдер қатысқан турнир биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылды. Ра­йымбек батыр атындағы сайысқа Қырғызстан елiнен, елiмiздiң 9 облысынан, Алматы облысының 7 ауданынан және Астана, Алматы қаласынан балуандар келдi. Екi күнге созылған сайыста

ҰМЫТШАҚ ЖОЛАУШЫЛАР
Венада бiр автобус жүргi­зушiсi салонда бiреу ұмытып кеткен пакеттi тауып алады. “Алғашында мен мұның iшiнде дәрi-дәрмек бар екен деп ойладым”, – дейдi автобус жүргiзу­шiсi, 51 жастағы Р.Вольфанг. Пакеттi ашса, iшiнен буда-буда ақша шыға келедi. Санап кеп жiберсе... 390 мың еуро! Әрине, ол дереу бастықтарына айтады.
ЖЕРГЕ ҚАРАТПАДЫ
 
Ресейде (Белоярск қаласы) бокстан мұнайлы елдердiң спортшылары арасында әлем кубогы өттi. Елiмiзден аттанған боксшылар 2 алтын, 1 күмiс, 2 қола жүлде иелендi. Қыздар арасында Марина Вольнова ерледi, Лондон олимпиадасының қола жүлдегерi әлем кубогында жеңiске жеттi. 75 келi салмақта рингке шыққан шымыр қыз финалда ресейлiк Инна Сагайдаковскаяны ұтты.