1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15766) 13 желтоқсан, бейсенбі 2012
16-17 желтоқсан... 1986 жыл. Алматы.
Биыл “желтоқсан көтерiлiсiне” – 26 жыл. Сонау қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрғандағы “орындаушылардың” қолымен аяусыз жаншылған қазақ жастарының қаны әлi күнге дейiн ақталған жоқ. Ақиқат та, шындық та сол кезде-ақ қаза болды. Қазiргi билiк басында жоғарғы лауазым қызметтерiн атқарып жүргендердiң көбiсi сол кезде әсiре белсендiлiкпен өзгенiң сойылын соғып, қазаққа қарсы тұрды. Студенттердi соққыға жықты. Оқудан шығарды. Түрмеге жапты. Айдауға салды.

2011 жыл. Жаңаөзен, Шетпе

Ендi бiрер күннен кейiн ел тәуелсiздiгiне 21 жыл толмақ. Бiрақ былтырғы жылдан берi бұл мерекенiң сәнi де, мәнi де қалған жоқ. Тәуелсiздiктiң 20 жылдығында Жаңаөзеннiң Ынтымақ алаңында қан төгiлдi. Сырттан да, iштен де жау шапқан жоқ. Азаматтардың өмiрi мен құқығын, қауiпсiздiгiн қорғауға тиiс күштiк құрылымдар оқ атты. Көздеп тұрып, қуалап жүрiп атып, жусатып салды. Сөйтiп, тәуелсiз ел тарихында билiк тұңғыш рет өз азаматтарын өзi опат қылды.

– Желтоқсан көтерлiсi – қазақ халқының сан ғасырлар бойындағы шешушi бас көтерулерiнiң бiрi. Бұл – қазақ ұлтының ынты-шынтысымен келген, арманымен келген күрес. Ол көтерiлiс халыққа, жастарға үлкен серпiлiс бердi. Өнеге бердi. Қазақ жастары, жалпы қоғам жаңаша ойлай бастады. Жаңа толқын келдi. 16-17 желтоқсан күндерi қоғамдық шараларға мiндеттi түрде қатысамын. Алаңға да барамын, “Балуан Шолақтағы” шараға да қатысамын. Мен әрдайым халықпен бiргемiн!
Сейсенбi күнi кешке Талдықорғандағы әскери сотта “14 сарбаз бен қорықшыны өлтiрдi” деп айыпталған Владислав Челахқа қатысты үкiм оқылды. Сол күнi Сарыбөктер шекара бекетiнiң бастығы Алексей Фоминге де қатысты үкiм шықты. В.Челах өмiр бойы түрмеде отыру жазасына кесiлсе, А.Фоминдi 3 жылға соттады. В.Челахқа қатысты үкiмдi судья Ербол Ахметжанов бар-жоғы алты минут қана оқыды. Онсыз да ширығып отырған жұрттың жүйкесiне ши жүгiртпейiн десе керек, сiрә. Әдетте қоғамда дүрбелең тудырған қылмыстық

Шетпелiк ақсақалдар “Жаңа­өзен мен Шетпе оқиғасы кезiнде қаза тапқан боздақтарды мәңгi тарихта қалдыру үшiн олардың өмiрбаяндарын толық жинақтап халыққа таныстырып, ерлiк көрсет­кен­дерiне “Халық Батыры” деген атақ берейiк” деп бастама көтердi. Ақсақалдар қазiрдiң өзiнде ол атаққа екi азаматты лайық деп шештi. Олар: Атаберген Хасанұлы Дүйсекенов пен Төребек Жәнiбек­ұлы Төлегенов.

“Ұсақ бұзақылық жасады”, “полиция қызметкерлерiне қарсылық көрсеттi” деген айыппен 12 тәулiкке қамалған құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева аштық жария­лады деген хабар жеттi.  Ә.Нұрғазиеваны жаңаөзен­дiк жәбiрленушiлер жақсы бiледi. Ол полицейлер iсi бойынша өткен сот процесiнде жәбiрленушiлердiң құқығын қорғаған. Құқық қорғаушы тұтқындалған күнi жаңаөзендiк жәбiрленушiлердiң талап-арыздарын сотқа тапсыруы керек болатын.
“Жарық” сөзiнiң қазақ тiлiнде екi түрлi мағынасы бар. Қараңғыға антоним – жарық пен бiр нәрсенiң шытынағыны, сызат түскенi – жарық. Екеуi де – жарық. Бiрақ мағынасы екi түрлi екенi анық. Менiңше, осы екi анықтама да Жаңаөзен трагедиясын сипаттауға сай келедi. Неге екенiн айтайын. Осы жыл бойына мұнайшылардың 7 айлық ереуiлi мен одан кейiнгi қанды қырғынның неден, нелiктен болған туралы аз жазыл­ған жоқ. Бiр байқағаным, осының бәрiн

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ауылдың шаңын бұрқыратып асыр салып ойнап жүрген бiздер бiреу-мiреудiң “Омар ата келе жатыр!” дегенiн естiгенде, iлби басқан қара есегiне мiнген, аппақ сақалы кеудесiн жапқан, жасы тоқсаннан асқан атаға қарай ағылатынбыз. “Омар ата, ойын көрсетiңiзшi!” деп шулайтынбыз. Егер атамыздың есегi сәл бөгелгендей болса, жан-жаққа қашатынбыз. Қашуымыздың себебi, Омар ата қолы жеткен баланы ұстап алып

Мен Қызылорданың шаң басқан ауылдарының бiрiненмiн. Ауылда халықтың көбi балық шаруашылығымен күн көрiп отыр. Бұл ауылда балық түгiл, су да жоқ. Қалың құмның ортасы. Бiрақ жоқтан бар жасап, көршi ауылдың көлiне құда түскен. Бүкiл Арал ауданын асырап отырған Қамбаш көлi десе де болады. Қызылорда өңiрiнiң үстiнен өткенде көк пойыздың iшiнде балық сатып жүргендердi молынан кездестiресiз. Осы балықтың бәрi – Қамбаш көлiнiң балығы.

Желтоқсан айы басталар-басталмастан Астанада және тағы да басқа көптеген жерлерде жаңа жылдық шыршаның шырағын жағып, 16 желтоқсан мерекесi елеусiз, тасада қалып келедi. Ең сорақысы, 7 ай бойы мұнайшылардың талап-тiлегiне немқұрайлы қараған билiк жұртшылықты ашындырғандықтан кешегi 16 желтоқсанда Жаңаөзендегi наразы жастардың ай-күннiң аманында қандарының төгiлуiне себепкер болды...

Бiздiң “Пограничник” ауылы Ақсу қаласына қарайды. Ауылда мыңнан аса халық тұрады. Келе­шегi бар қала. Павлодар қаласынан 40 шақырымдай жерде орналасқан. Жерлестерiм өз еңбек­те­рiнiң арқасында күн көруде. Қалаға барып сауда-саттық жасайды, әйтеуiр, тiршiлiктерiн жасауда. Бiрақ барлығын қинайтыны – жол қатынасы. Екiбастұз бағытындағы автобустар көбi­несе толы болып, тоқтамай кетедi, әрi

Елiмiз тәуелсiздiк алғанға дейiн Мойынқұм аулында 3 монша бар болатын. Жекешелендiру науқанынан кейiн ел оның орнын сипап қалды. Iске жарамды құрылыс материалдары тiстегеннiң аузында, ұстағанның қолында кеттi. Мiне, содан берi табаны күректей 21 жыл зымырап өте шықты. Қазiр ауыл тұрғындары көзден бұлбұлдай ұшқан сол моншаларды армандайды.

Мен өзi адал еңбегiмнiң арқасында зейнет жасына жеткен адаммын. Ұзақ жылдар облыстың құрылыс мекемелерiнде бас бухгалтерлiк қызметтi абыройлы атқарып, “ҚР еңбек сiңiрген бухгалтерi” атағына да ие болдым. Қазiр дербес зейнеткермiн. Жолдасым екеумiз алты бала өсiрiп тәрбиеледiк. Олардан он төрт немере, үш шөбере көрiп отырмыз. Әулетiмiздiң өзiнен қырықтан астам бухгалтер жұмыс iстейдi, өзiм

Жоба iске асса, “Кендiрлi” демалыс аймағына жылына 500 мыңнан астам турист келмек.
Маңғыстау облысындағы “Кендiрлi” демалыс аймағы жобасын iске асыру 2011-20 жылдарға жоспарланған. Жобаның құны – 2,8 миллиард АҚШ доллары (345 миллиард теңге). Жоба бо­йынша “Кендiрлiде” 23 қонақ үй, 4 мың вилла салынбақ, ұзын-ырғасы 22 мың адамға емiн-еркiн демалуға мүмкiндiк жасау жоспарланған.
Қалың жау шекарадан қаптағандай,
Ханын да орға жығар мақтаған бай.
Базарын бұл өмiрдiң шарласам да,
Ажарын күй кешемiн таппағандай.
“Жас Алаш” газетiнiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде “Мектеп директорын сайласақ...” деген ұсыныс-мақала жарияланды. Осыған байланысты өз пiкiрiмiздi бiлдiрсек деп едiк.
Бiз Алматы облысы, Талғар ауданына қарас­ты Кеңдала ауылындағы жаңа мектепке директорды халықтың қалауымен сайлау мәселесiн көтерiп, қол жидық. Оқушылар мен ата-аналардың арасында сауалнама жүргiзiп, мектептi басқаруға лайықты азаматты iздестiрдiк. Көптiң қалауы жоғары бiлiмдi, көп жылдық тәжiрибесi

“Айқын” газетiнiң 15 қарашадағы № 215 санында “Балаусаның” аралық қорытындысы шықты” деген хабарлама жарияланды. Осы материалдың тақырыбына қарап, балаларға жарияланған “Балауса” бәйгесiнiң қорытындысы шығып қойған ба деп қайран қалдым. Өйткенi бұл бәйге жөнiнде кезiнде “Қазақ әдебиетi”, “Алаш айнасы”, “Кiтап жаршысы” газеттерiнде хабарламалар жарияланған болатын.

РОЗА БАҒЛАНОВАНЫҢ ЕСIМI БЕРIЛДI
Қазалы қаласында 300 орындық жаңа Мәдениет үйi пайдалануға берiлдi. Бұл жаңа Мәдениет үйiне әншi, Қазақстанның Халық әртiсi, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың есiмi берiлдi. Әншiнiң туған жерiнде, яғни Қазалыда жыл сайын Роза Бағланованың құрметiне “Ақмаңдайлым” атты ән конкурсы өтiп тұрады. Биыл бұл конкурс Роза Бағланова атындағы жаңа Мәдениет үйiнде өттi.
Өмiр ағып барады арнасымен,
Мен де өзiмше қол созып жалғасып ем.
Сенiң ғана арқаңда “әке” атанып,
Жөнi бөлек басқадан төл басым ең.
Сергей Корчинский баптайтын “Астана арландары” клубының боксшылары ертең Алматыда биылғы маусымдағы төртiншi кездесуiн өткiзедi. Қонақ­қа былтырғы маусымда чемпион атанған “Italia Thunder” клубы келедi. Былтыр итальяндықтар финалда ресейлiк клубты ұтып чемпион атанды. Жұмадағы жекпе-жекте жұдырықтасатын боксшылардың ныспысы белгiлi болды.
Тәуелсiздiктiң таңы атқан 20 жыл iшiнде елiмiзде бұқаралық спорттың дамуы үшiн бiрталай шаруа атқарылды. Президент Н.Назар­баевтiң 2010 жылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiк­терi” атты жолдауында 2020 жылғы дейiнгi дамудың стратегиялық басым бағыттарының бiрi деп ел денсаулығын нығайтуды мiндеттеген болатын.
Келесi жылы Алматыда қыздар арасында волейболдан әлемдiк гран-при турнирi өтедi. Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) гран-при кезеңiн Алматыда өткiзудi елiмiздiң волейбол федерациясына жүкте­ген-дi.  Келесi жылы оңтүстiк астанаға азулы Бразилия, Куба, Голландия құрамасы келедi. Волейболдан Бразилия қыздар құрамасы – Бейжiң (2008), Лондон (2012) олимпиадасының чемпионы.

Қаржылық жыл түгесiлер тұста жауапкершiлiгiмдi бұрынғыдан бетер арттыра түсемiн. Өз басым есепшi, я болмаса кәсiпкер де емеспiн. Бiрақ соған қарамастан үлгi алуға тұрарлықтай мысалым бар. Жинақтаушы зейнетақы қорыңыз қалай жұмыс iстеп, қандай инвестициялар табыс әкелiп, бұл зейнетақы шотыңызға қалай әсер еткенiн бiлгiңiз келе ме? Олай болса, ең алдымен қордағы аударылымдардың үзiндi көшiрмесiн алу керек.

ЖҮЛДЕГЕ ЖАҚЫН ҚАЛДЫ
Индонезияның Джокьякарта қаласында қол добынан Азия чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтедi. Елiмiздiң қыздар құрамасы топтық кезеңдегi төрт кездесуiн де жеңiспен аяқтап, жартылай финалға шықты. “В” тобындағы соңғы ойынды жапон қызарына қарсы өткiзетiн жерлестерiмiз Түрiкменстан қыздарын 34:15

Iргетасы сонау 1996 жылы қаланған “KEGOС” акционер­лiк қоғамы – бүгiнде елiмiздегi электр қуатын тасымалдаушы iргелi кәсiпорын. Қазiргi кезде Қазақстанның әр аймағында бұл мекеменiң 9 филиалы және Ұлттық диспетчерлiк орталығы жұмыс iстеп тұрса, одан бөлек, онымен еншiлес “Энергоинформ” АҚ бар. Бұның бәрiн әңгiмелеп отырған себебiмiз,