1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15767) 19 желтоқсан, сәрсенбі 2012
16-17 желтоқсан – қазақ халқы үшiн қаралы, қанды күндер. Бұл күнде қарақан басының қамы үшiн емес, халықтың, ұлттың, сан жылдар бойы теперiш көрген қазақтың мүддесi үшiн күрескен аяулы азаматтардың қаны бар. Және айдың-күннiң аманында, егемен ел бола тұра, барлық теңдiкке құқылы бола тұра, өз билiгiнен зәбiр, зорлық, зомбылық көрген жазықсыз мұнайшы халықтың қаны жатыр. Билiк өзiнiң қылмысын жасыру үшiн әртүрлi қи­тұрқы әрекеттер жасағанымен, әлеуметтiк жағдайды түзеген болып, халықты алдаусыратқанымен, халықтың көкейi­нен зарды кетiре алмады.
Бiздер, Желтоқсан және Жаңаөзен құрбандарын еске алу күнiне қатысушылар,   тоталитарлы және авторитарлы режим құрбандарын еске алу, олардың рухтарына тағзым ету, өзiмiздiң азаматтық ұстанымымызды таныту үшiн, бұрынғы мен бүгiнгiнiң барлық ақиқатын бiлгiмiз келетiнiн мәлiмдеу үшiн осында жиналдық.
ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБIСӘЛI, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДIНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ
Соңғы кездерi бұқаралық ақпарат құралдарынан “ақырзаман жақындап қалыпты”, “21 желтоқсанда дүние тiршiлiгi тоқтайды екен”, “адамдар ақырзаманға дайындалып жатыр” деген даурықпа, елдi дүрлiктiрер ақпараттар берiлуде. Заманақырды қалжың сөзге қосып, “22-сi күнi тiрi болсақ көрермiз
Қарашаның соңында “Желтоқсан жаңғырығы” деп аталатын қоғамдық бiрлестiк мүшелерi Астана қаласының атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ауыстыру туралы бастама көтердi. Бiрлестiктiң төрағасы Төлеген Әлжанның айтуынша, Астананы қалай атауды халық өзi шешуi тиiс. Яғни “Нұрсұлтан қала” дей ме, әлде “Назарбаев шаһары” дей ме, оны патша көңiлдi халық шешедi.

Жаңаөзен оқиғасының бiр жылдығы қарсаңында “Аман-саулық” қоры Алматыда “Жаңа­өзен: оқиғаға бiр жылдан кейiнгi баға беру” атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға қатысқан оппозиция өкiлдерi, құқық қорғаушылар, әлеуметтанушылар мен экономистер бiр жыл бұрынғы оқиғаны еске алып, оның себеп-салдары мен одан кейiнгi сот процестерiн талқылап, қоғам қанды оқиғадан қандай сабақ алды деген сұраққа жауап iздедi. 

Ата-бабамыздан қалған қасиеттi жердiң, киелi топырақтың шын иесi қазақ ұлты екенiн тарихтың өзi-ақ дәлелдеп бердi. Сол күнi “өзiмiздiң ұлттың адамы басшы болсын” деген тiлектерiн жеткiзуге мыңдаған қазақтың қыз-жiгiтi алаңға келдi. Солардың арасында бұл күндерi Шымкент қаласында тұратын КазГУ-дың (заң факультетi) студентi Қасым Ерғалиұлы Әлментаев та болған едi...

Мемлекеттiк, ұлттық маңызы бар қазақ көшi тоқтап қалды. Тәуелсiздiк алған тұста қарқынмен басталған игi шараның бүгiнгi ахуалы әбден шиеленiсiп, сырттан келетiн қандастарымыздың отанына оралатын жолы шорт кесiлдi. Мемлекеттi құраушы негiзгi ұлтты өз жерiне қайта көшiруге үкiмет пен билiк неге енжарлық танытып отыр? Тоқтаған Ұлы көшке қозғау салу үшiн не iстемек керек?

Бiздер, қазақ әдебиетiнiң қазiргi орта буыны, кезiнде Iлияс Есенберлиннiң, Сафуан Шаймерденовтiң, Тахауи Ахтановтың, Зейнолла Қабдоловтың, Тәкен Әлiмқұловтың, Шерхан Мұртазаның, Мұхтар Мағауиннiң, Сейдахмет Бердiқұловтың, Дулат Исабековтiң, Оралхан Бөкейдiң, Сағат Әшiмбаевтың және әдебиетiмiздегi өзге де iрi тұлғалардың қандай әдеби

Сәкеннiң туған елмен қоштасқан соңғы өлеңi
Биылғы қараша айының 20-да Алматыда “Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннiң өмiрбаян де­рек­терiн нақ­тылау, жерленген орындарын анықтау, сүйектерiн елге жеткiзу – ұрпақ парызы” деген тақырыпта ғылыми конференция өттi. Конференцияға қатысуға мен де арнайы шақырылған едiм. Амал не, денсаулығыма байланысты Алматыға бара алмадым. Үйде отырсам да “Жас Алашта” молынан жарияланған конференция материалдарын түгел оқып
Тұла бойынан
Қып-қызыл
Қан сорғалаған
Жаңаөзенiм-ау.
Бауыр ет,
Жұлын мен жүйкем
ХЕЛЬСИНКИДЕ ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ КҮНДЕРI ӨТТI
14-15 желтоқсан күндерi Хельсинки қаласында Тә­уелсiздiк күнiне орайластырылған қазақ киносының күндерi өттi. Бұл туралы Қазақстанның Финляндия Республикасындағы елшi­лi­гi­нiң баспасөз баянында хабарланды. Шараны “Қазақфильм” АҚ жәрдемдесуiмен Қазақстанның Финляндиядағы елшiлiгi ұйымдастырды. Қазақ киносы күндерiнiң ауқымында көрермендерге Қазақстандағы басты кинематографиялық оқиға болған режиссер
Пит Соуза – американдық фотожурналист. Қазiргi таңда АҚШ президентiнiң жеке фотографы. Соуза 1954 жылы Оңтүс­тiк Дартмутта дуниеге келген (Массачусетс штаты). Бостон университетiн қо­ғаммен байланыс саласында ғылым бакалавры дәре­же­сiмен және Канзас уни­вер­ситетiн журналистика мен қоғаммен байланыс саласында магистр дәреже­сi­мен бiтiрдi.
Фоторепортерге қойылар басты талап – қызықты сюжет жасау. Түсiрген суреттегi мағлұматты көрерменге дұрыс жеткiзу. Ең жақсысы, сюжет өткiр әрi көрермендер арасында талқылайтындай болуы керек. Көп жағдайда ең қызықты фоторепортаждар айтылмай қалады... Өйткенi қызықты мағлұматтың жариялануына жол бермеуге дайын тұратын адамдар мiндеттi түрде табылады.

Объективтер өзiнiң оптикалық схемаларына (линзаларының саны, бөлшектерi, олардың орналасу тәртiбi, формалары), өздерiнiң сипаты мен саласына қарай түр-түрге бөлiнедi. Объективтердi фокустық қашықтығы, салыстырмалы саңылауы, көрiнiс алаңының бұрышы сияқты сипаттарына қарай линзалық, айналы (зеркальный), симметриялық, асимметриялық және т.б. деп бөлуге болады. Объективтер аса кең бұрышты, орташа, ұзынфокусты, аса ұзынфокусты, ауыспалы фокус қашықтығы сияқты көрсеткiштерiне қарай “балықтың көзi”

Таяуда Шымкент қаласында таэквондодан ел бiрiншiлiгi аяқталды. Полат Қырықбаев тiзгiнiн ұстаған спорт және дене тәрбиесi басқармасы мен Нұрсадық Ергешбек басқаратын облыстық таэквондо федерациясының ұйымдастыруымен бiрiншiлiк жоғары дәрежеде дүркiреп өттi.

ЧЕМПИОНДЫ ШIДЕРЛЕДI
Өткен аптаның жұмасында “Астана арландары” бү­кiл­әлемдiк бокс сериясының былтыр­ғы маусымында чем­пион атанған Италияның “Italia Thunder” клубын 3:2 есебiмен жеңдi. 54 келiде Бағдат Әлiмбеков итальяндық Даниеле Лимо­ненi ұтты. 61 келiде ирландиялық “ар­лан”­ Эрик Донован итальяндық клубтың боксшысы Бранимир Станковичтi сабады