1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (15768) 21 желтоқсан, жұма 2012
ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ҮЙIП-ТӨККЕН 2030 ОРНЫНА 2050 ПАЙДА БОЛДЫ
Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылғы жолдауын әдеттегiден ерте жасады. Өткен жұма күнi, Тәуелсiздiк мерекесiнiң қарсаңында Астанада ашылған опера және балет театрында мемлекет басшысы “Қазақстан 2050” стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыт-бағдары” атты жолдауын оқыды. Бiр қызығы, жолдау жасалатынын халық бiр күн бұрын ғана естiп-бiлдi.
Ресей заң қабылдады. Ендi бұдан былай Ресейге қоныс аударып барғандардан, уақытша жұмыс iстеуге келгендерден және т.т. орыс тiлiн бiлу талап етiледi. Орыс тiлiн бiлмейсiз бе, сiз үшiн Ресейдiң есiгi тарс жабық. Орыс тiлiн бiлмейтiндер үшiн арнайы курстар (үш айлық, жетi айлық, сегiз айлық, бiр жылдық) ашылды. Курсты бiтiргеннен кейiн мiндеттi түрде емтихан тапсырасыз.

“Жас Алаштың” бүгiнгi санын қолдарына ұстаған барша ағайын, бiз сiздердiң және күллi әлемнiң амандығына шынайы тiлектеспiз. “Ақырзаман” болады деген күн – 21 желтоқсан оның iске аспағандығын көрсетедi деген нық сенiмдемiз. Дегенмен, төрткүл дүниенi дүрлiктiрген әрқилы болжамдардың, сәуегейлiктердiң, алыпқашпа әңгiмелердiң жұрттың үрейiн ұшырғанын несiне жасырамыз.

Бүгiн, желтоқсанның 21-i күнi ADAM reader’s апталығы жарық көруге тиiс болатын. Алайда түрлi себептi сылтау еткен баспахана оны басудан бас тартты. Бұл аздай, Ақпарат және мәдениет министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi күтпеген жерден журналдың лицензиясының күшiн жойды. Гүлжан Ерғалиева мұны Ақорданың ақпарат құралдарын тұқыртып, жаппай құрту үшiн жасаған әрекетi деп есептейдi.

“Ендi қажеттi құрал-жабдықтарсыз, кеңсесiз қалған журналистер қалай жұмыс iстеп жатыр?” – деген сұрағымызға Б.Мусиров: “ҰҚК қалдырған өзге заттар да тұтқындалды. Бiреу үйiнде жұмыс iстеп жатыр, ендi бiрi өзге әрiптестердiң редакциясында отыр. Бiздiң балалар жылы, жұмсақ жер болмаса да, кез келген жағдайда жұмыс iстеуге дайын.

Ақтөбе облыстық тарихи ескерткiштердi қорғау инспекциясының бастығы Бекарыстан Мырзабаймен сұхбат
– Соңғы кездерi “Жас Алаш” басылымы ХIХ ғасыр басындағы қазақ қайраткерлерiнiң тұлғалық бейнесiн қалыптастыру, тарихи астарлы ақиқатты ашуға   тарихшылармен зерттеушiлердi көзi тiрi куәгерлердi қатыстыру арқылы елдi жұмылдырған үлкен iс бастады. Бұл өте құптарлық.

Басқа қалаларды қайдам, Алматыда қоғамдық көлiктерде жүру проблемаға айналып барады. Жол жүру бағасы 80 теңгеге қымбаттар алдында қалалық көлiк және транспорт мекемесiндегiлер басқаша сайрап едi. “Жолақы қымбаттаған соң, қоғамдық көлiктердегi қызмет көрсету сапасы да жақсарады. Кондукторлар мен жүргiзушiлердiң жолаушыларға қарым-қатынасы мәдени деңгейге дейiн көтерiледi” деген сыңайдағы сылдыр

Былтыр көршiмнiң үйiне ұры түсiп, әп-сәтте ойбайлап қалды. Ұрылар алтын-күмiс бұйымдары мен жинап жүрген азын-аулақ ақшаларын әкеткенiмен қоймай, есiгiнiң құлпын бұзып, үйдiң iшiндегi бүкiл жиһазды ақтарып, кейбiрiн қиратып та кеткен. Онсыз да әбiгерге түскен көршiмдi құқық қорғаушылардың қылығы тiптi түңiлттi.

Таяуда “Қазақстан-Ақтау” телеарнасынан “Алқа” айдарымен “Ақсақал дегенiмiз кiм?” деген тақырыпқа ашық әңгiме ұйымдастырылды. Хабардың мейлiнше таза жазылуын қамтамасыз ету үшiн әрбiр қатысушының жағасына жеке микрофондар iлiнiп, ғимарат iшiнде гуiлдеп дыбыс шығарып тұрған желдеткiшке дейiн өшiрiлген болатын.

Студент iнiммен сөйлесе қалсам, көп нәрсеге түсiнбеймiн. Мәнi мен мағынасы түсiнiксiз термин­дер­дi көп қолданатынын айтып, сөгiп те алдым. Сөйтсем, кiнә студентте емес, жоғары жақта екен ғой... “Эдвайзер бiрiншi курстарға арналған мерекелiк жиын болатынын айтты. Соған дайындалып жатырмыз”, – дедi бауырым жаңа оқу жылының басында.

1990 жылдың басында кеңес өкiметiнен қалған байлықты ат төбелiндей адамдар бөлiп алды. Ауылдық жерде колхоз бен совхоздар тарады, жастарға жұмыс табылмады, бәрi де қалаға шұбырды. Ауылдық жерде ешқандай жұмыс қалмады. Жастардың дипломы барлары да, жұмыссыздықтан ауылдастарымен қосылып арба сүйреуге мәжбүр болды. Жоқшылыққа шыдамағандар басқа дiндердiң жетегiнде кеттi.

Бұл 2007 жылдың 2 қаңтар күнi болған едi. Түлкiбас таулы аймақ, қар қалың түсiп, кейде Шақпақтың желi жиi борайды. Сол күнi үш-төрт ата-ана шұғыл аудан орталығы – Т.Рыс­құловқа бармақшы болдық. Жай күндерi 50 теңгемен баратын жерге қар борап бұрқасын болғандықтан әрi жол бiр адым да көрiнбеген­дiктен, такси жүргiзушiлерi жолақыны шарықтатып жiберiптi.

Бiздiң қоғамда зейнеткерлерден бастап жастарға дейiн дiнiн сатып, басқа секталарға кiрiп жатқандары күннен-күнге көбею үстiнде. Ер азаматтар ұзын етек көйлек киiп, қыздар хиджап киiп көшеде мақтанышпен алшаң басып жүргенiн көргенде, ұрпағымыздың азғанына қынжыламыз. Сырт киiмi бөлек болған соң iшкi пиғылы да бөлек екенi айдан анық.
АМАЛ
Амал түбi айла ма?
Айла түбi пайда ма?
Айлаңкестей лағасың,
Арманың ба айдала?
ЖАҢАӨЗЕН ЕШУАҚЫТТА ҰМЫТЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ҰМЫТ ТА БОЛМАЙДЫ!
Ұлттың басына түскен қайғы-қасiрет ұмытылмауы керек. “Керек” деймiз-ау, ұмытылмауға тиiс! Ал ұмытылып кетсе ше? Онда... Онда мұндай ұмытшақ, жадысыз ұлтта келешек те, болашақ та болмақ емес. Жадысыз ұлт – сорлы ұлт, бейшара, бейбақ ұлт. Жадысыз ұлтты “ұлт” деп қанша қомпайтқаныңызбен, түптiң түбiнде оныңыз ұлт та бола алмайды, әуелi түтiлiп, артынан жұтылып тынады...

Қайбiр жылы Арал қаласында су жаңа стадион ашылып, салтанатты рәсiмнен соң облыс әкiмдiгi мен Арал ауданы әкiмдiгiнен құралған команда өзара футбол ойнаған-ды. Дүниеде “сары қарын” ақжағалылардың доп тепкенiнен қызық ештеңе жоқ шығар, күлкiге қарық болдық та қалдық. Қанша дегенмен спортты басқарып отырған азамат Садық Мұстафаев “ерекше” көзге түстi сол ойында. Сөйтсек

ЖЕРГЕ ҚАРАТПАДЫ
Қарағанды қаласында қазақ күресiнен әлем кубогы мен Азия чемпионаты өттi. Осымен екiншi мәрте ұйымдастырылған әлем кубогында Қазақ елiнiң құрамасына 5 жүлде бұйырды. Асылхан Бәрменов, Ардақ Құлжанов, Қуаныш Мұратов әлем кубогында жеңiмпаз атанса, биылғы өткен “Қазақстан барысы” турнирiнде жеңiмпаз атан­ған Бейбiт Ыстыбаев