1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (15769) 25 желтоқсан, сейсенбі 2012
ЗАҢСЫЗДЫҚ ҮШIН БАС ПРОКУРОР ҚЫЗМЕТТЕН КЕТIРIЛСIН
ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевқа Қазақстан Республикасы азаматтық қоғам өкiлдерiнен АШЫҚ ХАТ
Жаңаөзендегi бейбiт халыққа оқ атқан қайғылы оқиғадан кейiн тұп-тура бiр жыл өткенде Қазақстан билiгi тәуелсiз БАҚ-тың көзiн жоюға қауырт кiрiстi. Мәселен, тек соңғы бiр айдың iшiнде ғана www.guljan.org медиасайтының басшылығы үстiнен Алматы прокуратурасының шағымдарына қатысты бiрнеше рет сот процесi өттi. Ал желтоқсан айының басында медиасайт жұмысы үш айға тоқтатылды.

“Республика” iсi бойынша Медеу аудандық сотында өтiп жатқан сот процесi соңына тақады. Кеше жарыссөз кезеңiнде сөйлеген мемлекеттiк айыптаушы 30 ақпарат құралын “Республикаға” тиесiлi ортақ БАҚ деп тауып, әлеуметтiк араздық пен билiктi күштеп құлатуға шақырғаны үшiн экстремистiк мазмұндағы БАҚ деп танып, жабуды сұрады.

Г.ЕРҒАЛИЕВА ӨЗIНЕ ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ҚЫСЫМДЫ ОСЫЛАЙ ДЕП БАҒАЛАДЫ
Халыққа кеңiнен танымал журналист Гүлжан Ерғалиеваға қысым жасау әрекеттерi үдеп барады. Соттан сотқа шақырту, сот орындаушыларын соңына салып қою, жарыққа шыққалы тұрған апталық басылымын баспаханаларда бастыр­тпай, ақырында лицензиясын жарамсыз ету сияқты билiк тарапынан
Алматы қалалық сотында оппозиция өкiлдерiнiң апелляциялық шағымдарына қа­тысты сот процесi өттi. Мәриям Қарабаева төрағалық еткен бұл сот отырысы елiмiз­де тәуелсiз судьялардың да, әдiлдiктiң де жоғын тағы бiр дәлелдедi. 2005 жылы Алматы қалалық мәслихаты оппозиция және соған жақтас азаматтардың “Сарыарқа” кинотеатрының артындағы алаңқайда митинг
Тәуелсiздiк күнi қарсаңында билiк қоғам қайраткерлерiн алдын ала бұғаулап ұстауды көздесе керек. Желтоқсанның 15-i күнi “Ар. Рух. Хақ” ұйымының жетекшiсi Бақытжан Төреғожина аяқ астынан жауапқа тартылып, аудан­аралық әкiмшiлiк сот оны15 күнге қамауға алу туралы шешiм шығарған. Б.Төреғожинаға тәуелсiздiк күнiне дейiн әлеуметтiк желiлер арқылы халықты заңсыз митингiге шақырды деген айып тағылған. Бұл туралы әлдебiр Самат Смағұлов есiмдi азамат шағым түсiрген екен. Оның нақтылы кiм екенi
Мұрагер кiм?
Жуырда Алматының экс-әкiмi Виктор Храпунов сұхбат бердi. Храпуновтың пайымдауынша, Қазақстан прези­дентi Нұрсұлтан Назарбаевтың тақ мұрагерi – Қасым-Жомарт Тоқаев. Соңғы айда Храпунов сұхбат берудi жиiлеттi. Әр нәрсенi айтып жүр. Оның жұртты елең еткiзгенi – тақ мұрагерi туралы сұхбаты болды. Храпуновтың тақ мұрагерi кiм болады деген мәселеге бас ауыртуы бекер емес. Жалмауызға да жан керек.

Бiлiктi сарапшылар Ақордаға былай деп кеңес бердi: билiктегi кланды және экономикадағы қаржылық-өнеркәсiптiк топтарды жою керек; қашқын шенеунiктердi шетелдерге жiбермеу керек; саяси себеппен кiсi өлтiрудi болдырмау қажет; соттарды сайлап, ал күштiк құрылымдарды қысқартқан жөн... әйтпесе Қазақстан Республикасының билiгi өзiн-өзi құртып тынады.

Өткен аптада Арал ауданына қарасты Ақбасты елдi­мекенiнде жаңа мектеп есiгiн айқара ашты. Қыс ортасында қойнына қуаныш толтырып, мейманасы тасыған ағайынның талай жылдан бергi арманы едi бұл. Екi қабатты 50 орындық мектеп пен 20 орындық балабақша құмдағы ауылдың ажарын кел­тiрiп тұр.
Атағы шығып, абыройы асқақтай бастаған Мағауияны ұзақ уақыт айналдырған ауруы әбден меңдетiп, ақыры төсекке таңып тынды. Күн өткен сайын әл-қуаты кемiп, хал-жағдайы нашарлап барады. Өлiм сағатының қашан соғатынын күтiп, қол қусырып қарап отыруға дәтi шыдамаған Абай соқыр үмiтпен Семейден бiлгiр емгер алдырған. Тамырын ұстап-ақ сырқаттың аужайын айнытпай анықтайтын тәжiрибелi

Әдетте қары мен жаңбыры аралас жауып, жұртты лайсаңмен әбiгерге салатын Оңтүстiк Қазақстан облысында биылғы желтоқсан сақылдаған сары аязбен есте қалды. Айдың ортасынан басталған аяз Терiскейде -32 градусқа дейiн жеттi. Шымкенттiң өзiнде температура -18 градусқа дейiн күрт төмен­дедi.

Өткен апта әулиеаталықтар үшiн үскiрiк аяз, ысқырық желiмен есте қалды. Ұлу жылының ұлыған қысының қаһары ұмытылмастай болғаны соншалық, Тараз қаласындағы Күйiк орталығына әртүрлi жағдайдағы үсiк шалған жетi адам түссе, “Алматы-Ташкент-Термез” тас жолының Қордай асуында көлiк қозғалысы жабылды.

Соңғы үш күннен берi Қызылорда көшелерi жылтырап жатыр. Сенбiде жауған жауынның кесiрiнен. Апта бойы аптығы басылмаған қара суық жел мен саршұнақ аяз елдi әбiгерге түсiре бастап едi. Жаңбыр құйып, артынан қар жауды, ызғардың бетi қайтты. ҚР ТЖМ “Оңтүстiк өңiрлiк аэромобильдiк жедел-құтқару жасағы”
Ертiс өңiрiнде сынап бағанасы 46-48 градусты көрсеттi. Солтүстiк қанша суық дегенмен, бұл көптен берi болмаған жайт.
Жылда байқала бермейтiн ауа райының қолайсыз құбылысы бұл жақта қарашаның басында-ақ байқалған. Сол кезде төпелеп жауған қардың аяғы жаңбырға ұласты. Қазақ қыс iшiнде жауған жаңбырды қашанда “жұт” деп есептеген.
Адам бақилық болған соң ненi бастан өткередi? Өлiмнен кейiн өмiр бар ма? Бұл сұрақ кез келген пенденi толғандыратыны түсiнiктi. Менiң арғы атам көнекөз қария әрi ауылдың молдасы болыпты. Мен ол кiсiнiң үшiншi ұрпағымын. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен әңгiмеге сүйенсек, арғы атам дүниеде тозақ барын өз көзiмен көрген. Бiлетiндер арғы атамның оң қолындағы екi саусағының буындары жоқ болғанын айтады. Оның немересi болған менiң әкем ол кезде бала болатын. Бiрақ атамыздың сол буындардың орны қағаздай аппақ болып тұратыны оның есiнде жақсы қалған. Әкемнiң сөзiне қарағанда, атамыз мұның себебiн ешкiмге ашып айтпайтын.
Жақында ғалымдар үлкен адронды коллайдер бiраз уақытқа тоқтатылатынын мәлiмдедi. Айтуларынша, ендi коллайдер өз жұмысын 2015 жылы бiр-ақ жалғастыратын көрiнедi. “2013 жылы протон-ядролық соқтығыстардың кiшi­гiрiм сеансы жүргiзiлмек. Ал жоғары энергиялардың протон-протонды соқтығыстары 2015 жылы басталмақ”, – делiнген ЦЕРН (үлкен адронды коллайдердiң бас ұйымы) сайтында. Үлкен адронды коллайдер – әлемдегi ең қымбат жобалардың бiрi. Олай болса, ғалымдар оны неге уақытша жабуға бел буды?
Келесi жылға болжам жасайтын сәуегейлер түрлi жорамалдар айтып жатыр. Ақырзаман әлегiнен ендi құтылып едiк, 2013 жылы топан су азабын тартамыз дейтiн балгерлер табылды. Ресейлiк “Битва эстрасенсов” бағдарламасының жеңiмпазы Александр Литвиннiң болжамы соған саяды. “2013 жылы су энергиясы ерекше белсендiлiкке енбек.
СЫҒАНДАРДЫҢ ТАРИХИ ОТАНЫН АНЫҚТАДЫ
Ғалымдар осы күнге дейiн сыған халқының шығу тегiн, түптөркiнiн бiлмей келген болатын. Жақында Манфред Кайзер бастаған генетиктер тобы сығандардың қайдан тарағанын анықтау үшiн зерттеу жүргiздi. Еуропадағы сығандар саны он миллионнан асады. Олар негiзiнен Мажарстан мен Румынияда қоныстанған. Сығандардың жазбаша тарихы жоқ болғандықтан, тарихшылар олардың тарихи отанын бiлмей жүрген.
“АРЫСТАН” ДА ЖЕҢIЛДI
Алматыда ережесiз жекпе-жектiң ММА түрiнен халықаралық турнир өттi. “Алаш Прайд” клубының мықтылары әлемнiң үздiктерiне қарсы тұрып, 7:3 есебiмен жеңiске жеттi. Бiрақ турнирдiң басты кездесуi саналған жекпе-жекте қазақстандық клубтың капитаны, панкратионнан әлем чемпионы Асұлан Тоқтарбаев филиппиндiк Ролдан Сангча-аннан ұтылып

Ережесiз жекпе-жектен үш дүркiн әлем чемпионы Ардақ Назаров бiлгенiн кейiнгi тол­қынға үйретiп, жеке клуб ашқанына да көп бола қойған жоқ. Сағатбек Мұсахановтай майталман маманның талқысында шарболаттай шыңдалып, спорттық сапарда бiрнеше биiктi бағындырған қайсар ұлды жаттығу залынан таптық. Азаматтығын абыройлы iсiмен көрсетiп жүрген Ардақтан өзi құрған кәсiпқой спорт клубының мақсат-мүддесiн сұрап, аз-кем сұқбаттастық.