1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (15770) 27 желтоқсан, бейсенбі 2012

1 қаңтардан бастап Ресей, Қазақстан және Беларусьтiң Еуразиялық экономикалық кеңiстiк пен Кедендiк одақ құруға қатысты құжаттары заңдық күшiне ендi. Қоғамның, әсiресе, қазақ қоғамының ашық қарсылығына қарамастан, Қазақстан билiгi Ресейдiң айтқанына көндi, айдауына жүрдi. Мұны “Кеңес одағын қалпына келтiрудiң заманауи формасы” дейтiндер көп. АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Хиллари Клинтон жақында былай дедi:

“Отставкаға кету ойыңызда жоқ па, генерал мырза?”. Баспасөз мәслихатында “Жас Алаш” газетiнiң тiлшiсi ҰҚК төрағасына осы сауалды қабырғасынан қойды.
Шымкент қаласының iргесiндегi ауылда “Ан-72” әскери ұшағының апатқа ұшырауынан соң көпшiлiктiң санасында осындай ой өзiнен-өзi туындады. Оқыс оқиғаның салдарынан абайсызда ажал құшқан 27 адамның жетеуi – экипаж мүшелерi, қалғандарының барлығы

Қырғыз елiн басқарған тұсында Роза Отынбаеваға бiр топ ақсақал ұсыныс жасай келiптi. Президенттiк сайлаудың алдында ел Конституциясына өзгерiс ендiрiп, президенттiк өкiлеттiк мерзiмiн ұзартуға үгiттейдi. Әйел басшының бұл ұсынысқа келiсер ыңғайы көрiнбеген соң,шалдар отыра қалып Розаны мақтауға кiрiседi ғой.

Өтiп бара жатқан жыл сойқан, сайқымазақ соттарға толы болды. Жаңаөзен оқиғасынан кейiн бiрнеше сот процесi қатар өттi. Жаппай тәртiп­сiздiкке қатысқандардан бастап, оны ұйымдас­тырушыларға дейiн жаппай соттады. Артынша оппозициялық саясаткерлердi Жаңаөзен оқиғасына кiнәлi етiп шығарып, едел-жедел сот процесiн өткiздi.

“Назарбаев Жезқазғанның қарттарына қырғидай тиiптi” деген сөздiң шыққанына көп болды. Содан сұрау салмаймын ба? Бiлдiм. Желтоқсанның басында Қарағандыға келгенде айтыпты. Оны жетiстiрiп ешкiм қарай қоймайтын “Жетi күн” сараптамалық бағдарламасы берiптi. “Не дедi екен?” деген әуестiктiң жетегiнде жүргенде, сол бейнекөрiнiстi жер­гiлiктi телеарнаның қайталамасы бар емес пе! Сөйтсем, президент облыс әкiмдiгiне бас сұққанда, алдын ала дайындап қойған өңiрдiң бiр топ зиялы қауымы

“Голос Республики”, “Стан”, “Взгляд” басылымдарының мәселесiн жайғастырған коми­теттегiлер ендi “Аман-саулық” қоғамдық қорына тiнту жүргiздi. Заңды белiнен басып, желтоқсанның 19-ы күнi қоғамдық қордың кеңсесiне баса-көктеп кiрген беймәлiм азаматтар жұмыс орнының астаң-кестеңiн шығарған. Тiркелмеген “Алға” партиясының кеңсесiнде

Жер өңдеушi – кез келген мыс құю өндiрiсiндегi аса маңызды кәсiптiң бiрi. Құйманың негiзгi массасын қара металдар, яғни шо­йын мен қорытпадан өндiретiнi белгiлi. Ал ол қоспаны бiр реттiк пайдалануға арналған саз бен құмнан жасалатын қалыптан алады. Яғни, әрбiр құйма үшiн мамандар жеке қалып жасайды. Ал жер өңдеушi осы қалыпқа қажеттi материалды дайындайды.

Желтоқсанның 25-i күнi Медеу аудандық соты “Республика” iсiне нүкте қойды. Судья Гүлмира Бейсенова “Республика” мен онымен аттас басылымдар мен интернет-ресурстарды экстремистiк мазмұндағы ортақ БАҚ деп танып, қызметiне тыйым салу жөнiнде шешiм шығарды. Сот Алматы қаласы прокуратурасының шешiмiн қанағаттандырып
Жасыратын несi бар, ел арасында әкiмдер жайлы әзiлдер аз емес. Бiз жалпылама қалжың-қағытпаларды жиып қойып, нақ­ты “адресi” бар әкiмдер жайындағы әзiлдердi оқырманмен бө­лiс­кендi жөн деп таптық. Әдетте әкiмдер жайлы әзiлдер айтыла қалған жағдайда өңiрдегi бiрнеше ауданды басқарған әкiмнiң бiрi, бүгiнде облыстық мәслихаттың хатшысы қызметiн атқарып отырған
67 жылдан соң сүйегi қайда жерленгенi белгiлi болған Кеңес Одағының батыры, Мақтаарал ауданының түлегi Жолдыбай Нұрлыбаев жайлы бiр үзiк сыр
Мақтаарал ауданының құр­меттi азаматы, “Облысқа сiңiрген еңбегi үшiн” медалiнiң иегерi Сейдулла Молдабеков жыл жаңалығына балауға болатын үшбу хат жолдапты. Оқырман хатын аздап ықшамдап ұсынуды ұйғардық. “...1945 жылдың 31 қаңтар күнi едi.
Қазекең айтқыш-ақ. “Қыз күнiнде бәрi жақсы, жаман қатын қайдан шығады” дептi атам қазақ.. Қазiр ата-апаларымыздың көпшiлiгi келiн атаулыны жақтыра бермейтiн болды ғой. Әлде жас келiндердiң бәрi шынымен шетiнен олақ па, әлде салақ па? Ал Бейсенкүл әпкемнiң келiнiне басына ақ жаулық жамылған күннен бастап жұрттың көзқарасы оң болды. Кiмге жолықсаң да “Бейсенкүлдiң келiнi-ай, шiркiн!..” – деп ауыздарынан суы құрып отырғандары. Қой құрысын. Жақсы болса жақсы болсын. Көз тиiп, сөз тиiп жүрмесiн деңiз.

Әлде Ораз ақын да “Ажарлым” деп еркелеткен Ажарын сағынды ма екен… Қара жолдың бо­йынан күтiп алғандай көрiндi маған… Тiрлiктiң қамытын арқалап, “қос балапанымды елден кем қылмай өсiрем...” деп жаны байыз таппай асығып жүрген Ажар сағынышын басу үшiн де сол күнi жолға шыққандай көрiнедi де тұрады…

Бiздiң қазақ – тойшыл халық. Көл-көсiр дастарқан жайылып, жарасымды отырыстан кейiн ас қайыру, бата беру игi дәстүрiмiзге айналған. Бата – халықтың өзiмен бiрге жасасып келе жат­қан ежелгi мұрасы. Әйгiлi тiлшi-ғалым, ақын, аудармашы, әдебиет теоретигi Ахмет Байтұрсынов: “Әдебиет таныт­қыш” атты ғылыми еңбегiнде: “Бата – бiреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады.

Апам ауылда тұрады. Өзi қызық кiсi. Жо-жоқ, ақыл-есi де дұрыс. Бiрақ... Өмiрдегi дұрыс нәрсенi, төбеден түскендей тоқ еткiзедi. Мен осы уақытқа дейiн апамдай адамды кездестiрген емеспiн. Сағынған кезде ол кiсiге байланысты әңгiмелердi есiме алып, өз-өзiммен күлiп аламын. Апам кейiнгi кездерi не айтса да, бiссiмiлләсiн алдымен Асылбектен бастайды. Асылбек – баласы
Кино. Драматургия. Музыка. Әде­биет. Бұл салаларда 2012 жылы қандай айта қаларлық оқиғалар болды? Нендей үздiк туындылар, қандай озық шығармалар дүниеге келдi? Жетiстi­гiмiз қаншалық, табысымыз нешiк? Бiз осы сауалдарды газетiмiздiң оқырмандарына қойдық. Бiразы хат арқылы түскен, ендi бiразы телефон арқылы хабарланған пiкiрлердi қорыта келiп, 2012 жылдың үздiк табысы

Назарбаев “Қазақстан-2050” стратегиясын жариялады. Президенттiң “мемлекет қалыптасты” дегенi Брежневтiң кезiндегi кемелденген социализм орнаттық дегенiне ұқсады. Мемлекет қалыптастыру шекараны нақтылаумен шектелмейдi. Ол үшiн қазақ ұлты мен тiлi қалыптасуы керек. Жолдаудың өзi орыс тiлiнде дайындалып, қазақшаға аударылған. Көзге ұрып тұр.

Шымкентте Алашорда ұлттық үкiметiнiң құрылғанына 95 жыл толуына орай ғылыми-практикалық конференция өттi. Конференцияға Ұлттық ғылым академиясының академигi, тарих ғылымының докторы, профессор Мәлiк Асылбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдi, Ақтөбе мемлекеттiк педагогикалық институтының профессоры, философия ғылымдарының докторы

Дiнбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербiсәлi хазрет ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұйымдастыруымен жуырда Лондонда ағылшын тiлiнде жарық көрген “Ислам бейбiтшiлiк пен жасампаздық дiнi” атты кiтабының тұсаукесерiн және бiрқатар ресми кездесулер өткiзу үшiн АҚШ-та болып қайтты. Сонымен қатар Бас мүфти жолай Францияның Қазақстандағы елшiсi Гийом Наржоле мырзаның ұсынысымен

Биыл кәсiпқой боксқа түбегейлi ауысқан Қанат Сiләм АҚШ-тан елге оралды. Қытайда туып, миллиардтан аса халықтың намысын Бейжiң олимпиадасында қорғап, 69 келiде қола жүлде иеленген саңлақ атажұртқа оралған. Бiрақ ке­лесi олимпиада ойындарында қазақ елiнiң атынан қатысуды мұрат еткен боксшының талабы мұқалып, ұлттық құрама сапына iлiн­бедi.

Ұлу жылы өзге елдер үшiн де табысты болған шығар, ал бөрiлi байрағы көкжиек түстес, Қазақ мемлекетi үшiн табысы толайым болды. Әсiресе, спорттық сайыстарда, төрткүл дүниенiң әр тарабындағы елдердiң намысы сынға түсер додаларда мейманамыз тасыды. Үзеңгiнi үзердей шiрене барып, қанжығаға жүлде бөктерiп шалқайып қайттық. Тәубе дейiк.

Ардақ Назаров жетек­шi­лiк ететiн “Әлем файтерс” клубының мүшесi Жанқош Тұраров кәсiпқой бокстан Қазақстан чемпионы атанды. Бозбала шағынан кәсiп­қой боксты таңдаған Тұраровтың тырнақалды табысы жаман емес. Жаңаөзен қаласында өткен халықаралық турнирде Жанқош шымкент­тiк Фарид Сафиулиндi сабап, тәжiрибелi боксшыдан басым түскен-дi.

Аймақтарда нан өнiмдерiнiң бағасын тұрақтандыру үшiн барлық жағдай жасалып жатыр
Биылғы жылы елiмiздiң бiрқатар аймақтарында дәл жауын-шашын керек кезiнде аспаннан бiр тамшы тамбай қойды. Адам баласы әрқашан да табиғатқа тәуелдi екенiн осы өткен жаз айлары әбден дәлелдегендей. Диқандар қауымы қанша тер төккенмен, олар көздегендей егiн ала алмады.
БҰЙЫРҒАНЫ – БIРIНШI ЛИГА...
“Қайсар” футбол клубы аспанын торлаған қара бұлт­тың дегенi болды ақыры. Жоғарғы лигамен қош айтыс­тық. Биылға маусымда 9-орынға табан тiредiк деп, есiмiз шыға қуанып ек. Ертелеткен екенбiз, “тiлеп алған ауру” үмiтiмiздi талқан еттi.
“Бiрiншi лигада доп тебемiз, бұйыртса”. Облыстың бас спортшысы Садық Мұстафаевтың сөзi бұл.

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасындағы маңызды секторлардың бiрi. Соңғы жылдары осы салаға басымдық берiлiп келедi. Ауыл шаруашылығын қолдау ендi сөз жүзiнде қалмай, iс жүзiнде орындалып жатыр. Агроөнеркәсiп кешенiндегi барлық субъектiлерiне субсидиялар мен несиелер бөлiнiп, түрлi бағдарламалар қабылданып жатқаны – соның айғағы. Бұл ретте “ҚазАгро” холдингiнiң еншiлес компаниясы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қосқан үлесi аз емес.