1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15771) 9 қаңтар, сәрсенбі 2013

Қазақстанда билiк қашан және қалай ауыспақ? Екiншi президент билiкке қандай жолмен келмек? Бұл – ертеңiне бейжай қарамайтын кез келген қазақстандықты алаңдататын мәселе екенi түсiнiктi. Әсiресе, билiктiң ақыры әне-мiне таяп қалды деген сайын саяси жауырыншылар билiк трансформациясының түрлi модельдерi мен билiк ауысуының сан сценарийлерiн алға тартып жүр. Қазақстандағы билiктiң ауысу мәселесi саясаттанушылардың да назарынан тыс қалмаған. Биылғы жылдың басында ҚР талдау ұйымдарының альянсы елiмiзде тұңғыш рет ұжымдық монография түрiндегi ғылыми жоба ұсынбақ.

Кеше Алматы қаласы, Медеу аудандық сотында тәуелсiз журналист Гүлжан Ерғалиеваның шағымына қатысты сот отырысы өттi. 2011 жылы сол кездегi қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаровтың әйелi Салтанат Аханованың шетелдегi жеке мүлiктерi мен банктiк есепшоттарын “guljan.org” сайтында жариялағаны үшiн Г.Ерғалиевадан моральдық өтемақы талап етiлген сот шешiмi шығарылған-ды

Ұлу жылында опат болған шекарашылар жылан жылында жерлендi...
Қаңтардың 3-i күнi ҰҚК-нiң Алматыдағы шекара қызметi академиясында полковник Тұрғанбек Стамбеков пен оның жұбайы Сәуле Стамбекованы жерлеу рәсiмi өттi. Қаралы жиынға марқұмдардың туыстары, ҰҚК-нiң бұрын­ғы-қазiргi басшылары, депутаттар, қоғам қайраткер­лерi, шекарашылар және қарапайым азаматтар қатысты.

Өткен жылдың желтоқсан айының 20-ы күнi Астанада Abiyev.kz сайтының, “Закон и правосудие” баспасөз клубының жетекшiсi, журналист Тоқберген Әбиев жоғалып кеттi деген хабар тараған-ды. Желтоқсанның 22-сi күнi журналистiң жұбайы Мира Әбиева Астанада қалалық iшкi iстер департаментiне ерiнiң жоғалғаны жайлы арыз жазып, желтоқсанның 24-i күнi Тоқберген Әбиевке

2013 жылға аяқ басқан тұста қашқындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов “Фейсбук” әлеуметтiк желiсi арқылы қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтап, өткен жылды қорытындылапты. Қиын-қыстау оқи­ғаларға толы жылға өз бағасын берген ол отандастарды ел ертеңiнен үмiт үзбеуге шақырған.

Қазiргi жаһанданған уақытта Ресейдi ұстап тұрған жал­ғыз қаруы – газ. Батыс ел­дерi­мен салыстырғанда солтүстiк көршiлерiмiздiң жағдайы оңып тұрған жоқ. Әлеуметтiк жағдай шиеленiскен, технологиялық үдерiстер баяулаған, экономикалық әл-ауқаты кешеуiлдеген. Батыс мемлекеттерiнiң басым көпшiлiгi осы Ресейден

2006 жылдың шiлде айында болған Шаңырақ оқиғасына қатыс­ты айыпталып, 18 жылға абақтыға тоғытылған Арон Атабек Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы қатаң режимдегi колониясынан Арқалық қаласындағы ерекше режимдегi түрмеге екi жылға жөнелтiлдi. Арқалықтағы жабық түрменi жұрт “крытка” деп атап кеткен.

ҚАРЫЗ КӨЛЕМI ҰЛҒАЯ ТҮСТI
Үкiмет Қазақстан экономикасының шарықтап дамып жат­қанын, индустриалды-инновациялық прогресстердi iске асырып жатқанын, тiптi 2030 стратегиясын “мерзiмiнен бұрын” орындап тастағанын айтып мәз болып, бөркiн көкке лақтырғанымен, тәуелсiз Қазақстан тарихындағы ең ауыр экономикалық пробелманың шетiн шығарған жоқ. Ол – қарыз мәселесi.

Түркi әлемiнде ғылым мен мәдениет саласында қызмет көрсететiн ең беделдi ұйымдардың бiрi болып табылатын Түркi әлемi жазушылары мен өнер қайраткерлерi қорының президентi (TURKSAV) Яхья Акенгин Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстанның халық ақыны, “Түркi тiлдес халықтар арасындағы ең үздiк әлем ақыны” атағының иегерi, қоғам қайраткерi Мұхтар Шахановқа “Түркi әлемiне дара қызметi үшiн

“Өкiнiшке қарай, мықтылардың қатары тым аз. Тiптi саусақпен санарлық деуге болады. Өзiнiң менталитетi жағынан көпшiлiк Р. Киплингтiң “Мауглидағы” бандерлогтарға көбiрек ұқсап бара жатыр. Өкiнiшке қарай, олар соңғы жылдары тым белсендi болып кеттi. Мысалы, қазақтың ақиық ақыны, ғаламдық деңгейдегi тұлға Олжас Сүлейменовтiң сыртынан айтылып жатқан пiкiрлердiң авторларын мен сол топқа

“Жас Алаш” газетiнiң биылғы 23 қазандағы 84 санында жариялан­ған “Барлық деңгейдегi әкiмдер сайлануы тиiс” деген мақаланы көргесiн, оқырман ретiнде бiрер ауыз сөз қосқанды жөн көрдiм. Бiзде қазiр демократия бар деп шуласамыз. Ал шындығында олай емес екенiн бәрiмiз де жақсы бiлемiз. Бүгiнгi тiрлiгiмiзге қарағанда, демократияның ауылы әлi алыс сияқты.

Үлкен ұлым үйленем дегенде қуанышымда шек болмады. Көптен күткен қуаныш едi. Дайындықты да бастап кеттiк. Сөйтiп жүргенде ұлым “құда-құдағиыңыз сiзбен ақылдасқысы келедi, шайға шақырып жатыр” дедi. О заман да, бұ заман, қыздың әке-шешесi ақылдасуға шақырғанын бұрын-соңды естiмеппiн. Бiрақ қуаныш, толқу үстiнде жүрiп, оған аса мән бермедiм. Болашақ құдаларым ашық-жарқын сияқты көрiндi. Бес қыздары бар екен, үшеуi тұрмыс құрыпты

Көптен берi аурудан көз ашпай, iсiм алға баспай-ақ қойды. Отбасымнан да береке кетiп, әйелiммен арамыз суып барады. Жақында бiр танысым адамға тiл, көз тиiп, бойындағы қуат көздерiнiң ластанатыны туралы айтты. Ал кейде әлдекiмнiң әдейi жасаған сиқыры мен ырым дұғасынан жолы болмай, жазылмайтын ауруға тап болатындар барын да сол танысым айтты. Дуа, сиқыр деген нәрсе бар ма?

Статистикалық деректер бойынша, Қазақстанда жыл сайын 3 мың әйел сүт безiнiң қатерлi iсiгiне шалдығады екен. Соңғы кездерi қыз-келiншектер арасында кең тарала бастаған бұл сырқаттың алдын алумен отандық мамандар қаншалықты күрессе де, жылдан-жылға сүт безiнiң сырқаты ұлғайып барады. Әлемде кең тараған қатерлi iсiк түрлерiнiң бiрi әрi онкологиялық аурулардан

БАЛАНЫҢ КӨҢIЛIН АУЛАҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ
Солтүстiк Кореяның президентi Ким Чен Ын өзiнiң туылған күнiнде қалыптасқан дәстүрдi бұзбады. Елiндегi барлық кiшкентай балаларға бiр келiден тәттiлер таратқан ол атасы Ким Ир Сеннен келе жатқан үрдiстi жалғастырды. Солтүстiк Кореяның ақпарат құралдары тәттiлер балаларға арнайы ұшақпен таратылғанын хабарлады.
Ерлер қанша азап тартса да, өкiнбейдi. Ал әйелдер көбiнде өкiнiп жүргенiмен, азаптануды қаламайды.
Ерлер қызметте табысқа жетедi. Ал әйелдер табысқа жеткенде, жалғыз қалады.
Ерлер үнемшiл болса, “шық бермес шығайбай” көрiнедi, ал әйелдер ақша тежесе, үнемшiл көрiнедi.

Қай ұлттың да, қай мемлекеттiң де мейлi саяси, мейлi мәдени немесе рухани ахуалы қандай күйде екенiн оның дәл сол кезеңдегi әдебиетi мен өнерiне қарап-ақ оп-оңай анықтауға әбден болады. Бүгiндерi бiздiң түрлi әдеби сыйлықтарымыз әдебиеттiң құнын кетiрiп, “жазушы, ақын” деген қасиеттi де киелi атақтың абыройын төгетiн дарақылыққа айналды.

Әйелiм төркiнiне қашып кетiп, жапан далада қалған жалмауыз сияқты жалпиып үйде отырғанмын. Тасыр-тұсыр дауысты естiп, елеңдеп, сырт­қа шықсам, көршiм Иван ортадағы шарбақты бұзып жатыр екен. – Ойбай, не болды? – деп шыж­ғырылған пияздай баж ете қалдым. – Көршiлiк одақ жасаймыз, – дедi ол.

Өткенде Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi агенттiк­тiктiң төрағасы Әлихан Бәй­менов мемлекеттiк қызмет­кер­лердiң “элиталық корпусын” құрамыз деген ұсыныс айтқаны есiмiзде. Бәйменов мырзаның айтуынша, бұлар кiлең ар-ұяттары сәбидей таза, пара десе сырт айналып қашатын, халық үшiн ғана қызмет iстейтiн адамдардан тұрады екен.

СЫРТҚА КЕТТI
Ұзақ жыл футболдан ұлттық құраманың мүшесi бол­ған, “Ақтөбе” клубының капитаны атанған футболшы Самат Смақов ендi Түркияда доп тебедi. Смақов түрiктiң “Ризеспор” клубымен 1,5 жылға келiсiмшартқа қол қойды. Елiмiзден бұған дейiн осы клубқа қақпашы Давид Лория барған-ды.
Қажығали МҰХАМБЕТҚАЛИЕВҚА
Сырым Датов көрген қасiрет, қиянат –
Бiреулерге болды сый мен сияпат.
Оралдықтар құрметтедi отыз жыл,
“Қажығали” деген атты жиi атап.

Қазақстан Республикасы Еңбек туралы кодексiнiң 211-бабына сәйкес, аяғы ауыр әйелдер вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн мекемелерге жiберiлмейдi. Осы кодекстiң 187-бабына сәйкес жүктi әйелдердi түнгi жұмысқа тартуға, мереке, демалыс күндерi жұмыс iстетуге, қосымша қызмет етуге итермелеуге, iссапарға жiберуге

Қазақтың балуандық өнерi туралы толғанғанда терiмiзге сыймай кететiнiмiз бар. Бiрақ 1991 жылдан берi қарай еркiн күрестен бiрде-бiр қазақ баласы, тiптi сырттан бұйымтай айта барып, алып келген келiмсек балуандар да әлем чемпионаттарында елiмiздiң атын аспандата алмай келедi. Өткен күндегi өкпенi кеңес өкiметiне артайық, сонымен кетсiн.