1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15772) 11 қаңтар, жұма 2013
“Рейтинг.kz” зерттеулер агенттiгi пайдасыздар мен пайдалылардың тiзiмiн жасады. “Рейтинг.kz” агенттiгiнiң бұл тiзiмiн жаңалық деп қабылдауға келмейдi, әрине. Өйткенi кiмнiң кiм екенiн жұрт жақсы бiледi. Тiзiмде келiспейтiн тұстар да бар. Дегенмен де, зерттеулер агенттiгi деген аты болған соң, назардан тыс қалған кейбiр шенеунiктер­дi құлағынан тартып, су бетiне шығарыпты. Сонымен, пайдасыз жиырма шенеунiк кiм? Бiрiншi орында Ұлттық банктiң төр­ағасы Григорий Марченко тұр. Мар­чен­коның әйел­дердiң зейнет жасын өсiру туралы бастамасы қоғамда дүрбелең туғызды. Бұрын-соңды жұртқа мұнша жеккөрiнiштi бол­ған шенеунiк жоқ шығар, сiрә. “Төбесiнде тесiгi бар” Марченко ғой бұл
Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға
ҚР премьер-министрi Серiк Ахметовa мырзаға
МӘЛIМДЕМЕ
Елiмiздiң мұнай-газ саласындағы қалыптасқан жағдай бiздi, қалың қауымды қатты алаңдатады. БАҚ-тарда жарияланған ақпараттан белгiлi болғанындай, Қытай компанияларының бiздiң елi­мiзден өндiретiн мұнай үлесi 40 пайызды құраған. Кезiнде (2010 жылғы қаңтар айында) елiмiздiң демократиялық күштерi табанды түрде қарсылық бiлдiрiп,

Қазақ ғарыш агенттiгiнiң төрағасы Талғат Мұсабаевтың мәлiмдемесi дипломатиялық жанжалға ұласты. Т.Мұсабаевтың 10 желтоқсан күнi парламентте айтқан батыл сөздерi Ресейдiң шамына тигенi сонша, көршi ел бiрден ҚР сыртқы iстер министрлiгiне наразылық нотасын жолдапты. Бұл жайлы ресейлiк “Коммерсанть” басылымы Ресей үкiметiндегi құпия дерек

Экономикалық бiрлес­тiктiң терiсiн жамылған еуразиялық идеяның қарқыны 2013 жылы шырқау шыңына жететiн түрi бар. Жаңа жыл мейрамынан соң көршiлерi естерiн жия алмай жатқанда Ресей үлкен шабуылға көштi. Оған Украинаны тұсаулағаны дәлел. Ендi Ресейлiк саяси технологтар тағы бiр қулықты ойлап тапты. Олар Еуразиялық
Қазақстанның премьер-министрi Серiк Ахметовтiң үкiмет басына келгенiне жүз күннен асты. Жыл басындағы басты жұмысты үкiмет басшысы тұрғын үйлердiң бағасын арзандатудан бастады. С.Нығметұлының премьер­лiк­ке келгендегi жаңалығы – үкiмет жиындарын қазақ тiлiнде жүргiзе бастауы. Оның мұнысын құп көрдiк.
2013 жыл халықты қымбатшылық басатын жыл болғалы тұр. Электр энергиясы, тұтыну тауарларының қымбаттағаны аздай, ендi, темiржол билеттерiнiң де бағасы өсе бастады. Қазақстанда iшкi қатынаста 500 шақырым қашықтықта жол жүру құны шамамен 1 700 теңгенi құрайды. “Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның хабарлауынша, бiздегi тасымал бағасы
Оқтын-оқтын халқы дүрлiгiп тұратын Шудан тағы да шу шықты. Бұл жолы Шоқпар стансасындағы екi жыл бұрын ғана күрделi жөндеу­ден өткен №18 мектеп-интернаттың күлi көкке ұшып, оқиға кезiнде аталған бiлiм ошағының 24 жастағы мұғалiмi Асхат Өксiкбай қаза тапты. Өрт тапа-тал түсте, нақты айт­қанда сағат 15. 00 шамасында шық­қан.
Саясат сахнасында оппозициялық белсендiгiмен 2003-06 жылдары жұртқа танымал болған Асылбек Қожахметов қазiр қайда жүр? Тiркелмеген “Алға” партиясының жетекшiлiгiнен кеткен соң, оның азаматтық қоғамда да бiрқатар шаруалар атқарғаны мәлiм. Соның бiрi ретiнде – А.Қожахметовтiң әйгiлi “Шаңырақ” оқиғасы кезiнде тұрғындарға көмек көрсету мақсатында ұйым құруын атауға болады.

“Қазақмыс” корпорациясына қарасты Жезқазған түстi металл өндiрiстiк бiрлестiгiнiң Батыс Жезқазған кенiшiнде еңбегiмен ер атанып ел құрметiне бөленiп жүргендер көптеп саналады. Әсiресе, осы кенiштiң 55-шахтасы “Озаттар ортасы” деп айтса болғандай. Жалпы, осы 55-шахта Батыс кенiшiнiң негiзiн қалау­шы кен орны десек те болады. Бiр кездерi өндiрiстi аймақтағы нағыз алыптың алыбы атанған 55-шахтаңыз осы

Жетпiсiншi жылдары “Ле­ниншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнде Ғабеңнiң, яки Ғабит Мүсiреповтiң “Бошайдың үш қарасы” атты очеркi жарық көр­дi. “Бұл үш қараның үшеуi де – Шығыс Қазақстандағы Үлкен Нарын ауданындағы Ленин колхозының аттары. Колхоз тұрсын ауданына, ауданы тұрсын облысына, облысы тұрсын бүкiл республикамызға абырой-атақ әкелiп жүрген әйгiлi аттар:

Бразилияда 2014 жылы футболдан әлем чемпионаты, 2016 жылы жазғы олимпиадалық ойындар өте­дi. Бразилия бұған қатты дайындалып жатыр. Тiптi жезөкшелерiне дейiн. Бра­зилиялық жезөкше қыз­дар спорт додаларына келетiн қонақтармен оңай тiл табысу үшiн ағылшын және француз тiлдерiн үйренудi бастапты. дұрыс қой ендi, португалиялық, мозамбикалық, анголалық қонақтармен өйтiп-бүйтiп түсiнiсер (Бразилияда ресми тiл – португал тiлi – Е.Б.), ал ағылшындармен, француздармен қалай ұғысады? Бiр сөзбен айтқанда, заманның талабы

ҚЫРҒЫЗДАР МЕН ҚЫТАЙЛАР ТӨБЕЛЕСТI
Қырғыздың Өзген ау­данындағы Куршаб ауы­лында қытайдың ТВЕА компаниясының жұмысшылары (бәрi қытай азаматтары – ред.) мен жергiлiктi тұрғындар арасында жаппай төбелес болып, қы­тайлықтар бес полицейдi кепiлдiкке алыпты.
Қазiргiнiң баласы кiтап оқудан гөрi теледидар мен компьютердiң алдында уақыттарын өткiзгендi дұрыс көредi ғой. Үйде жүрген студент iнiме қарап қатты таңданатынмын. Әдеби кiтап былай тұрсын, күнделiктi газет-журналды оқуды бiлмейдi. Қоғамда болып жатқан әрбiр жаңалықтан хабардар болуын, ең болмаса газет оқуға тиiс екенiн айттым да. Түк шықпады. Бiр ай бұрын Бақытжан Момышұлы науқастанып жатыр дегендi естiп, арнайы көңiлiн сұрап үйiне барған едiм.

Бiзге тәрбие берген және көп нәрсенi үйреткен апам едi. Ол кiсi өз тiрлiгiне мықты, көп сөзi жоқ еңбекқор адам болатын. Көңiлi түскенде әдемiлеп дастарқан жайып, бiздерге басынан кешкен оқиғаларын айтып беретiн. Таңғаларлығы, өзiнiң болжамы тұп-тура келетiн. “Осы жылдан қалмай о дүниеге кетемiн” деушi едi, дәл өзi айтқандай, сол жылы өмiрден өттi.

...Заманбек бiздiң топтың старостасы болды. Алғашқы семестр оған өте қиын тидi. Орысша жетiк бiлмейтiн. Өзiнiң жiгерлiлiгiнiң арқасында “5”-ке оқыды. Сөйтiп, институтты қызыл дипломмен тәмамдады да, Алматыда қалды. Ол спортты жақсы көретiн, әсiресе, футболға құмар едi. “Қайрат” командасының жанкүйерi болатын. Кейiн алғашқы ұлының атын да Қайрат қойды.

Атамыз қазақ қызының бар­ған жерiнде бағы ашылғанын, босаға аттаған жерiне тастай батып, судай сiңiп кетуiн ерекше қалаған ғой. “Үйден шыққан қыз – шиден шыққан қыз” дегенi де бекер емес. Сiз есiңiздi ендi бiлген бала күнi­ңiз­ден әкеңiздiң бөлек жақта, анаңыздың бөлек жақта жүр­ге­нiн қалар ма едiңiз? Мұндай жағдайды мыңдаған балалар көз алдына елестете де алмайтын шығар.

Қазақстан халқының саны бар-жоғы 17 миллионға жетер-жетпес. Бiрақ осы аз халықтың әлеуметтiк мәселелерi толықтай қамтылмаған. Басқасын айтпағанның өзiнде, елiмiздегi науқас сәбилерге қатысты проблемалар күнi бүгiнге дейiн түйiндi мәселе күйiнде қалып отыр. Туылғаннан денсаулығында кiнәраты бар нәрестенi емдеуге өзiмiздiң медицина дәрменсiз. Ал шетелде емдетуге кез келген отбасының қаржылай мүмкiндiгi бола бермейдi

Қазiр қайда қарамаңыз, құлағына “тығын” тыққан жастарды көресiз. Қоғамдық көлiктерде құлағын бiтеп, ұйқыны “соятын” оларды оятуға жүрексiнесiз Орнынан қарғып тұрып жасы үлкенге орын беретiн баланы майшаммен таппайтын болдық. Тыңдап тұрған әуенiне елтiп, айналасын ұмытатын олардың кейбiрi ауыздарын жыбырлатып, әнге iлесiп ыңылдайтыны бар.

“Жас Алаш” газетi, “Алаш” тарихи-зерттеу орталығы, Қазақстан тарихшылар қауымдастығы бiрiгiп “Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннiң өмiрбаяндық деректерiн айқындау, жерленген орнын табу, сүйектерiн елге жеткiзу – ұрпақ парызы” деген конференция өткiзгенi мәлiм. Конференция көтерген мәселеге орай редакциямыз­ға хаттар өте көп келiп түсуде.

Қазақтың аяулы ұлы Тұрар Рыс­құловтың туған қызы, белгiлi ғалым, дәрiгер, биология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигi Сәуле Тұрар­қызы Рысқұлова дүниеден озды. 80 жасқа қараған шағында. С.Т.Рысқұлова 1933 жылы Мәс­кеуде дүниеге келдi
Ақын Темiрше Сарыбаев өттi дүниеден. 72 жасқа қараған шағында. Көңiлi дария, пейiлi дархан азамат туған жерi Қызылордада көз жұмды. 2011 жылдың күзiнде Қызылордада Темкеңнiң 70 жылдығы тойланды. Осы тойда ақын “Елге келем”, – дедi. “Қашан деп отырсыз, Темке?”... “Келесi жылғы жұмысым сол болсын...”. Қырық жасында Қызылордадан Алматыға көшкен Темiрше Сарыбайұлы 71 жасында Қызылордасына қайта оралды.

Ғаламтордан Қытайда тұратын бауырымыз Жұмабек Тұр­сынұлының ережесiз жекпе-жектен өткiзген кездесулерiн көрiп, iшiм жылып қалды. Дене бiтiмi құрыштан құйғандай артық етi жоқ шымыр жiгiт қарсыластарын зiлдей соққысымен салып кеп қалғанда, сең соққандай етедi. Тiптi өзiнен 16 жас үлкен қытайлық Жаң Юң Луңды (Жұмабектiң жасы 27-де) сұлатқанын көрiп, техникалық шеберлiгiне тәнтi боласың.

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi А.И.Мырзахметов мырзаға
Алдымен Өзiңiздi Жаңа жылмен құттықтап, алдағы жылдарда да зор табыстар­ға жете беруiңiзге шын жүректен тiлектеспiз.Сiзге хат жазуға мәжбүр еткен нәрсе – өзiңiз басқарып отырған оңтүстiк өңiрiн­дегi театрлардың соңғы кез­дегi хал-ахуалы болып тұр. Бiр кездерi республикамыздағы ең таңдаулы театрлардың бiрi боп саналатын
САЙЫСҚА САҚАДАЙ-САЙ
Ертең бүкiләлемдiк бокс сериясының кезектi кезде­сулерi өтедi. “В” тобындағы мықтылармен сынға түсетiн “Астана арландарының” боксшылары бұл жолы сыртта жұдырықтасады. Германияның Ганновер қаласында өтетiн кездесуде “Немiс қырандары” “арландардың” тегеурiнiне төтеп беруге әзiр.

Он үш жасында жоңғардың қолбасы, сөз ұстары Қоңтайшыны қаймықтырған қаз да­уысты Қазыбек бидiң аттасы он бiр жастағы Қазыбек Тұяқов Еуропаға жол тартуы мүмкiн. Күнi кеше Қарағандыдан сүйiншi хабар жеттi. Жергiлiктi “Шахтер” футбол клубының жеткiншектер құрамасында доп теуiп жүрген Қазыбек Тұяқовқа испандық клуб “Реал Мадридтен” ресми шақырту келiптi.

ДҮНИЕЖҮЗIНДЕГI ЕҢ КIШКЕНТАЙ ҚҰРАН – ИРАНДА
Әлемдегi ең кiшкентай Құран Иранда жасалды. Оның парағының енi – 7-ақ миллиметр, ал қалыңдығы – 7 микрон. Кiтап 633 беттен тұрады. Қолтуындының авторы – доктор Рухалла Шерифи. Құран мәтiнi силиконды параққа лазер арқылы жазылған. Кiтаптағы Құран аяттарын тек микроскоптың көмегiмен ғана оқуға болады.