1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15773) 15 қаңтар, сейсенбі 2013

Ұлу жылының ұлыған боранын ұмытпастай болған жамбылдықтар жадында жылан жылының дүлей дауылы да ұзақ сақталады ендi. Қаңтардың 11-i кешкiлiк басталған қатты желдiң салдарынан Жамбыл облысының жартысына жуығы, нақты айтсақ, бес ауданы жарықсыз қалды. Әсiресе, Сарысу мен Талас аудандарының орталығы Жаңатас пен Қаратау халқы қыстың қақаған аязында жылу мен ыстық суға зар болып отыр. Интернет пен телефон байланыстары да үзiлген. Облыс әкiмi Қанат Бозымбаев жексенбi күнi кешкiлiк жарық қосылатынын айтып жұртты сендiргенiмен, қос шағын шаһар үш күн бойы қараңғылық құшағында қалып қойды. Жергiлiктi ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарық кеше таңертең ғана берiлген.

Өткен аптаның жексенбiсiнде кешкi сағат 5-ке таман Оңтүстiк Қазақстан облысының бiрнеше аудандарында боранды дауыл тұрып, мекемелерге зақым келген. Түлкiбас ауданында секундына 30 метр жылдамдықпен борай соққан дауыл Түлкiбас ауылындағы “Алтын дән” балабақшасының, “Бәйтерек” ЖШС-на қарасты көкөнiс өңдеу ғимаратының, сондай-ақ, бiрнеше тұрғын үйдiң шатырын жұлып кеткен. Электр сымдары үзiлiп, ауыл тұрғындарының көлiктерiне де залал тиген.

Ресми статистика Қазақстандағы халық санының өсiмi 2012 жылы 16 млн. 878 мың адамнан асқанын мәлiмдеген-дi. Оның iшiнде қалалықтар – 54,8, ал ауылдықтар – 45,2 пайыз. 1992-2012 жылдар аралығында халықтың өмiр сүру ұзақтығы 67,4-тен 69,6 жасқа ұзарса, оның iшiнде ерлердiң орта жасы– 64,8 жас, әйелдерде –74,3 жас екен.

ДЕПУТАТТЫҚ МАНДАТТЫҢ ҚҰНЫ ӘЗIРБАЙЖАНДА 1 МИЛЛИОН ДОЛЛАР, АЛ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША?
Әзiрбайжанда саяси дау тұтанды. Әзiрбайжан халықаралық уни­верситетiнiң бұрынғы ректоры Эльшад Абдуллаев 2005 жылы өткен парламент сайлауы науқаны кезiн­дегi саяси сауданы таспаға жасырын түсiрiп алыпты. Осы бейнетаспаны ол жақында ғаламторда жария еттi. 
ҰЛТТЫҚ БАНКТIҢ БҰЛ БАСТАМАСЫ ҚЫЗУ ПIКIРТАЛАС ТУДЫРДЫ
ҚР Ұлттық банкi төрағасының орынбасары Данияр Ақышевтiң “қара тiзiм” жайлы мәлiмдемесi қаржы саласын бiр сiлкiнтiп тас­тады. Атына кiр келтiрген менеджерлердi қаржы ұйымдарына жолатпау бастамасы қолға алынса, елiмiзде Конституцияға қайшы әрекет заңды түрде негiзделмек. Мұның арты өзге салаларда да қара тiзiмнiң жасалуына әкеп соқтыруы мүмкiн.
ЭКОЛОГ М. ЕЛЕУСIЗОВТIҢ ЕСКЕРТПЕСI – ЕЛДIҢ ҮРЕЙIН ҰШЫРУ МА, ӘЛДЕ...
Алматының маңындағы Сорбұлақтың сорын айтып, тау-тасты әктеп, қаланың экологиялық ахуалдарын көтерiп жүрген Мэлс Елеусiзов тағы бiр жаңалықтың құлағын қылтитты. Экологтың сөзiне сенсек, осы жылғы мамыр-маусым айларында Алматыда 6 баллдық және қараша мен қаңтар айларының аралығында 5,5-5,7 баллдық жер сiлкiнiстерi болуы ықтимал. Осыған байланысты М.Елеусiзов арнайы бункерлер салуға
Кеше Алматы қаласы, Медеу аудандық сотында тәуелсiз журналист Гүлжан Ерғалиеваға қатысты сот процесi өтуге тиiс болатын. Алайда судьяның денсаулық жағдайына байланысты сот отырысы келесi аптаға қалдырылды.  2012 жылдың соңғы айларынан берi Г.Ерғалиева мен “Guljan.org” медиа-сайтына сот орындаушылары мен құқық қорғаушылардың тарапынан түрлi қысымдар жасалуда. Заңсыз митингiге шақырды деген айыппен медиа-сайттың бас редакторын жауапқа тарту, С.Аханованың моральдық шығындарын өтемедi деп айыптау

Бұл бiр жағымпаз ақынның “жампозына” арнап алақан жайған тiле­м­сек әнiнiң бiр жолы. Құдай-ау, Құдайға да дәл бүйтiп жалынбаушы едiк қой. Не болып барамыз? Өз дiлiң кеудеңдi керiле ұратын, өз тiлiң таңдайыңда тамсандыра тақылдайтын еркiн елдiң еркебұланы болып өскен маңғаз қазағы емес пе едiк.

Батыс Жезқазған кенiшi №55 шахтасындағы №1 учаскесiнiң бастығы Махмет Сейiлов мырза әрiптес­терiнiң iшiнен Әбiлда Сабыржан Базарбекұлы жайлы ерекше екпiн түсiре айтты. Учаске бастығының көңiл толтырып айтқан Әбiлда Сабыржан Базарбекұлы жар­қылдап тұрған жалынды жастың өзi екен. Ол осы кенiш­ке өздерi еңбек етiп жүрген Анненск кенiшi жабылғаннан кейiн келiптi.

Кеңес өкiметi кезiнде Қазақстан одақ елдерi бойынша омарташылықтан алдыңғы қатарда едi. Колхоз, совхоздарда омарташылар дайындайтын курстар оқытылатын. Украина бал арасы өнеркәсiбi ғылыми зерттеу институтын сақтап қалды. Ал Қазақстан үкiметi табысты шаруашылықтың бұл түрiн қожыратып жiбердi.

Ұлт мәселесiн шешудегi бiздiң бүгiнгi жетiстiгiмiз өкiнiшке қарай, елдiмекендер мен көшелердiң атауларын өзгерту деңгейiнде ғана болып тұр. Кейде соның өзiн iске асыруға қолымыз жетпей жатады. Себебi бұл жақта орыстiлдi ағайындар көп, олар мұндай бастамаларға барынша қарсылық танытады. Әлi күнге дейiн қалалар мен кенттердiң орталық көшелерi Лениннiң атында болуы осының айғағы.

Ән мен сұлулық бәйгесiнiң тәжiн қатар киген Алаштың ай маңдайлы аруы, әлемдегi ең әдемi әйелдердiң бiрi, Ұлыбританияда әр жыл сайын өтетiн “Әлемнiң әйгiлi әйелдерi” атағын жеңiп алған мега-жұлдыз, қазақ ханымы Роза Бағланованың өмiрден озғанына да екi жыл болды. Бұл сұхбат 1992 жылы Роза Тәжiбайқызының 70 жылдық мерейтойына орай “Қазақ теледидары” мен “Оcтанкино” арналарынан көрсетiлуге тиiстi бағдарламалардың аясында арнайы дайындалған едi.

Қазiргi уақытта елiмiзде үкiмет жанында, президент жанында жастар саясатымен айналысатын арнайы ұйымдар бар. Нақтырақ айтсақ, комиссиялар көптеп жұмыс iстеуде. “Қойшы көп болса, қой арам өледi” дегендей, осындай сансыз комитеттер мен комиссиялардың жұмысы көзге көрiнетiн емес.

Студенттiк дәурен – адам өмiрiндегi қызығы мен шыжығы мол естен кетпес кездер.
 Үйде тұратын студенттер мен жатақхана студенттерiнiң айырмашылығы жер мен көктей.  Негiзi жоғарғы оқу орындарында  басты  фигура ол – студент. Қандай кафедра, кабинет болсын студенттерге қызмет iстеуi керек. Кей оқытушылар өзiнiң ғылыми атағына мас болып, дандайсып кетедi. Мұның арты парақорлыққа ұласады.
Студент дегенiмiз кiм осы? Бұл атау қайдан шыққан? Күнделiктi қолданып жүргенiмiзбен, көптеген терминдерге аса мән бере бермеймiз. Расында “факультет”, “университет”, “декан”, “ректор” деген атаулардың мағынасы қандай? Ең алғашқы университеттер құрыла бастағанда оны “студия” деп атапты. Тұңғыш “студия” 1080 жылы Италияның Болонья қаласындағы құқық мектеп­терiнiң өзара бiрiгуiнен пайда болған. Яғни, тарихтағы тұңғыш университет – Болон университетi.
БҰЛ – МЕНIҢ ДОСЫМ АРМАН
Автобуста кәрi кiсi арық жас адамға орын бермекшi болады:
– Отыр сормаңдай, соншама неге арықсың? Науқассың ба?
– Жоқ, рақмет. Мен – студентпiн.
2013 жылы бiлiм саласында бiраз өзгерiстер болатын сияқты. Үкiмет басына келген С.Ахметов бiлiм берудегi қаржының игерiлу жағдайын тексерiп көрмекшi. Және бiр айта кетерлiгi, бұл тексеру кезектен тыс жүрмек. Атал­ған шара 10 қаңтардан бастап атқарылуда. Тексерудi жүргiзу үшiн әр жоғарғы оқу орнының шаруашылық және қаржылық қызметi жұмылдырылады.

Полиомиелитке қарсы вакцинаны егу – жаңа туған сәбиге, тiптi барлық балалар үшiн қауiпсiз. Керiсiнше, бұл вакцинаны алмаған балалардың өмiрiне алаңдау керек. Полиомиелит – жұқпалы ауру. Әсiре­се 6 жасқа дейiнгi балаларда көп кезде­седi. Бұл iндет ластанған судан, тамақтан немесе тыныс алу кезiнде мұ­рын арқылы ағзаға енiп, iшекте көбейiп, жүйке жүйесiне зиян келтiредi.

ҚЫЗМЕТIНДЕ ҚАЛДЫ
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерi әрi елордалық “Астана” клубының бас бапкерлiк мансабын қатар атқарып келген Мирослав Беранектiң клубтағы қызметi тағы бiр жылға ұзарды. Ендi “Астананы” 2013 жылы да Беранек баптай бермек.Былтыр мамыр айында бас бапкерлiкке бекiген шақта “Астананың” ел чемпионатындағы көр­сеткiшi төмен болған-ды.