1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15774) 17 қаңтар, бейсенбі 2013
“ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСIПТIҢ” БАСШЫСЫ В.ШКОЛЬНИК ХАЛЫҚТЫ АЛДАП СОҚТЫ
“Қазақстанның уран өнер­кәсiбi толықтай Ре­сейдiң бақылауына өттi” деп хабарлады осы аптаның басында Forbes.kz сайты. Бұл не деген сөз? Бұл – бұдан былай Қазақстан уран өндiрушi держава емес, өйткенi өз уранына өзi иелiк ете алмайды деген сөз! Қазақ үкiметi өз несiбесiне бұрын да иелiк етiп қарық қылмайтын. Ендi тiптi тiзгiннен басыбүтiн айырылмақ. “Қазатомөнер­кәсiптiң” қазаққа титтей де жаны ашымайтын басшысы Владимир Школьниктiң Ресейге ептесiп-септесуiнiң арқасында... Ресейдiң “Атомредметзолото” АҚ деген алып аждаһасы бар. “Атомредметзолото” канадалық Uranium One Inc. компаниясының 51,42 пайызына иелiк ететiн, ендi голландық Effective Energy N.V компаниясымен
ШЕТЕЛДIК КӨЛIКТЕРДI ШЕКТЕП, РЕСЕЙДIКIНЕ ТЕЛМIРТУ ӘРЕКЕТI ҮДЕП БАРАДЫ
Шетелде (Жапонияда, Еуропада) құрастырылатын көлiктердiң бағасы Қазақстанда күрт қымбаттады. Есесiне, Ресейде жасалған көлiктердiң бағасы арзандап, оны несие арқылы алу жолдары жеңiлдетiлдi. Мұның көлеңкелi тұстарын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдiк.

Әлеуметтiк сауалнамалардың нәтижелерiне сенсек, мемлекет басшысының жолдауында айтылған бастамалардың iшiнде жұртшылықты ерекше елең еткiзiп, резонанс тудырғаны – қазақ тiлiнiң латын әлiпбиiне көшу туралы мәлiмдемесi. Қоғамдық саясат институтының жүргiзген зерттеуiне сәйкес, респонденттердiң жартысы бұл бастаманың үлкен маңызы бар деп атаған екен.

Таяуда республикалық референдумға дайындық және оны өткiзу жөнiн­дегi ұйымдастыру комитетi бас қосты. Жиында референдумға дайындық және оны өткiзу мәселелерi талқыланды. Сөйтiп, 23 ақпан – республикалық жалпы жиналысты өткiзу күнi болып бел­гiлендi. Осы жиналыстың күн тәртiбiн­де келесi мәселелер қаралмақ:

Президент Н.Назарбаев сей­сенбi күнi ҰҚК-нiң шекара қызметiне жаңа басшы таға­йындады. Бұл қызметтi Нұрлан Жоламанов атқаратын болды. Сондай-ақ, оған ҰҚК төрағасының орынбасары қызметi қоса жүктелдi. Бұл жолы шекара қызметiне басшы ҰҚК-ден емес, қорғаныс саласынан тағайындалды. Өмiр­баянына көз жүгiртсек, 56 жастағы Н.Жоламанов – қорғаныс саласының жiлiгiн шағып, майын iшкен нағыз әскери адам.

Қызылорда қаласында Ғани Әлиев деген азамат бар. Ол – “Нұр Отан” партиясының облыстық бөлiмшесi жанындағы бақылау комиссиясының халық атынан сайланған мүшесi. Астанаға дүркiн-дүркiн хат жазып, мүшелiкке қол жеткiзген соң, шаруаға кiрiстi. Ғани Әлиев желтоқсан айында “Нұр Отан” партиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа 150 адам қол қойған хат жiбередi.

Бiздiң елдi қайдам, бас­қа демократиялы елдерде елдiң береке-бiрлiгi халқының әлеуметтiк теңдiк жағдайымен өлшенетiн сияқты көрiнедi де тұрады. Қарны тойып тамақ iшпей, жылы-жұмсақ баспанасы жоқ хал­қының көбi сабырмен ғана күн кешiп жатқан мемлекет Қазақстан ғана шығар, мына ХХI ғасырда.

1986 жылы Мәскеуде, 300 миллионға жуық халықты бiрiктiрген бүкiл Кеңестер Одағына, Орталық телеарна арқылы берiлген шығармашылық кешiм өткен соң, менi Е.Евтушенконың өтiнiшiмен КОКП Орталық комитетi мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi Ю.Воронов қабылдады. Оның қабылдау бөлме­сiнде отырғанымда, осы бөлiм­нiң бiр белдi қызметкерi қасыма жетiп келiп: “Вы из какого жуза?” деп сұрады.

Осы қария жасқа жеткенше бiреуден қарыз алған адам емеспiн. Алдыма келген кiсi жалынып-жалбарынған соң, қолымдағы ақшаны қарызға ұстатып едiм. Ендi мiне, бес жылдан астам уақыт өтсе де, ол қарызды қайтара алмадым. Ендiгi мәселе ақшада емес, қарызбен бiрге кеткен есемнiң орнын толтыру, ар-ұят пен әдiлдiктiң салтанат құруына келiп тiрелдi.

ЖАМАНДЫҚ ШАҚЫРУДАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ
Бункер салуға кеңес берген Мэлс Елеусiзовтен кейiн алматылық төтенше жағдайлар жөнiндегi департамент те елдiң онсыз да ұшқан үрейiн ұшыра түстi. Департаменттiң мәлiметiнше, iрi жер сiлкiнiсi бола қалса, бiрден iске қосылатын әрекет ету жоспарлары бар екен. Сонымен қатар тұрғындарды қауiпсiз жерлерге көшiру мәселесi де қарастырылыпты.
ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың, ҚР Iшкi iстер министрi Қ.Қасымовтың назарына
“Жас Алаштың” 2012 жылдың   16 қазанындағы (№ 82 саны) “Тұманбай не үшiн түрмеде отырды?” деген мақалада Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы департамен­тiнiң бұрынғы қызметкерi Тұманбай Келбе­товтi жаладан арашалауды сұрағанбыз. Не iшкi iстер министрлiгi, не бас прокуратура тарапынан ешқандай қозғау жоқ.
САУАТСЫЗДАР БАСҚАРҒАН ЕЛ ҚАЙДАН ОҢАДЫ?!
Бұрынғы КСРО жөнiнде айтылмаған, жазылмаған шындықтар қазiргi күнi айтыла, жазыла бастады. Тарих ғылымдарының докторы, МГИМО-ның профессоры Андрей Зубов былай дейдi: – 1930-жылдары КСРО-ны басқарған аса лауазымды мемлекеттiк шенеунiктер­дiң басым көпшiлiгiнiң жоғары бiлiмi болмады.
Көрнектi қоғам және қалам қайраткерi, мәдениеттанушы, ҚР-ның еңбек сiңiрген қайраткерi, “Тарлан” және “Алтын ғасыр” ассоциациясының “Алтын асық” атты сыйлықтарының иегерi, Мұхтар Әуезов атындағы Халықаралық қордың президентi, әдебиетшi, сыншы Мұрат Әуезов – 70 жаста. “Ұрпақ үшiн, Мұхтаржан, Абайды жаз” деп өсиет еткен Алаш көсемi

Былтыр арнайы жасақталған комиссия мүшелерi зейнетақының мөлшерiн, оның қандай тәртiппен, заңдылықпен анықталуы керек екенi жөнiндегi жобаны Үкiметке тапсырды. Үкiмет жобаны қарап, сарапқа салып, кортындысын парламентке жi­бермекшi. Соңғы тұжырымдалынған құжатты елбасы бекiтетiнi белгiлi. Мен де биылғы жылы зей­нет­керлiкке шығатын болғандықтан, екiншiден, зейнеткерлер мәселесi жауапты мәселе екенi ескерiлсе екен деген оймен қалам алып хат жазып отырмын.

Қазан төңкерiсiнен кейiн Ленин Тұрар Рысқұловты Моңғолияға жiбередi. Т.Рыс­құловтың моңғол халқына сiңiрген еңбегi көп. Моңғолияның қазiргi астанасы Улан-Батордың атын да Тұрар Рысқұлов қойған. Мұның қазақшасы – “Қызыл Батыр”. Ал Моңғолияның өсiп-өнуi үшiн тер төккен ағамызға моңғол “жолдастар” Улан-Батор қаласынан бiрде-бiр көшеге атын берген жоқ

...1959 жылдың маусым айы болатын. Бiрде жұмыстан келген күйеуiм “Қарағашта тұратын немере ағам Сәдуақас қайтыс болыпты” деп еңiрегенде, өзiм аяп кеттiм. Қазадан кейiн көп уақыт өтпей, менiң қарсылығыма қарамастан сол жаққа көштiк. “Ағайдың жылын берген соң қайыра келемiз. Үш кiшкентай баламен еңiрегенде етегi жасқа толып жеңешем жалғыз қалды.

Қазiр қатары сиреп қал­ған көзi тiрi көнекөз қарияларға “ақырзаман” сөзi онша таңсық емес. Бiздiң жас шағымызда ақырзаман жайлы әңгiме жер-жерде жиi айтылатын. “Жер бетiнен жойылып кетемiз-ау” дегендi ойлап, ерiксiз бойымызға қорқыныш кiретiн. Алайда сол бiлгiштердiң “осы күнi ақырзаман” болады деген мер­зiмдерi әлдеқашан және талай рет өтiп

Ата-бабаларымыз еңбекқор, төзiмдi, жауынгер халық болған. Мал бағудың қыр-сырын қазақтан артық бiлетiн ел болған емес. Кейiн уақыт өте заман да, қоғам да өзгердi. Әсiресе, Кеңес өкiметi кезiнде жұмыссыздық болмағанмен, жан қинамай, табыс табатын жұмыс көздерi көп болды. Елдi жалқаулық, бойкүйездiк жайласа, “Үкiмет аштан өлтiрмей­дi” деген пiкiр қалыптасты. Кеңес өкiметi құлаған соң жекешелендiру науқаны басталды.

Әлемдiк ЭКСПО-2017 көрмесiнiң Астанада өтетiндiгi белгiлi. Қазiр оған қызу дайындық жұмыс­тары жүргiзiлуде. Әрине, әлемдiк көрмеге байланысты әлеуеттi құрылыстар салынады. Астана жанында жаңа қалашық пайда болады. Мұның барлығы көрме өткеннен кейiн ел игiлiгiне пайдаланылатыны сөзсiз.

Қиса Қабидың атажұртына түбегейлi оралғанына көп бола қойған жоқ. Еркiн күрестен бiрнеше халықаралық турнирлерге Қытай елiнiң атынан қатысып, жүлде алып берген балуанның ендiгi көксейтiнi – 2016 жылғы жазғы Олимпиада. Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өтетiн додаға Қазақ елiнiң атынан қатыссам дейдi. Салмағы 130 келiден асатын балуанның ендi төрт жылдан кейiн жасы да 30-ға тақайды.

БIРДIҢ КЕСIРI...
Велоспорт жазғы олимпиадалық ойындары тiзiмiнен сызылып қалуы мүмкiн. Халықаралық олимпиадалық комитеттiң (ХОК) мүшесi Дик Паунд осылай дейдi. Бәленiң бәрi әйгiлi велошабандоз Лэнс Армстронгтiң дауынан басталған. Былтыр АҚШ-тың допингке қарсы агенттiгi (USADA) спортшыны тыйым салынған препаратты қолданды деп айыптап
БАЙ БОЛА ТҰРА КӨШЕ СЫПЫРАДЫ
Орталық Қытайдың тұрғыны Юй Ючжэньнiң 10 миллионнан астам юаны (1,58 миллион доллар) бар. Бiрақ 54 жастағы Юй Ючжэнь соған қарамастан көше сыпырады. Ол 1998 жылдан бастап коммуналды қыз­мет көрсету орнында көше сыпырушы болып жұмыс iстейдi. Оның жұмысы таңғы сағат 3-4-терде басталады.