1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (15775) 22 қаңтар, сейсенбі 2013

Өткен аптада Маңғыстау облысын жылға жуық басқарған Бауыржан Мұхамеджанов кеттi қызметiнен. Осылайша Мұхамеджановтың қоластында өздерiн қыл үстiнде жүргендей сезiнген маңғыстаулық шенеунiктердiң ұйқысы тыныштанғандай болды. Ендi оларды мазалайтын басқа нәрсе. “Жаңа әкiм Алик Айдарбаевтың командасына кiре алам ба, жоқ па” деген алаң ой. Бiрақ бұл – басқа тақырып. Мұны iстiң жөнiн бiлетiн Алик Айдарбаевтың еншiсiне қалдырайық. Бiздiң айтпағымыз, Мұхамеджановтың миссиясын қалай орындағаны мен Маңғыс­таудың шенеунiктерiн қалай сең соққандай сапырылыстырғаны турасында. Б.Мұхамеджановтың Маң­ғыстауға қандай мақсатпен кел­генiн жұрттың бәрi бiледi.

Сыр елiне Қырымбек Елеуұлы басшылық жасайды ендi. Несiн жасырайық, сырбойылықтар бiрiн-бiрi құттықтап, мәз-мәйрам. Iскер, бiлiктi, елжанды азамат билiк басына келгенде, қуаныштан қол алысып қоюдың, әрине, еш сө­кеттiгi жоқ. Облыста түйiнi тарқатылмаған тұс, қара ормандай елдiң мұң-мұқтажы жетерлiк. Жұрт­шылық жаңа әкiм көкейдегi көп мәселенiң көбесiн сөгедi деген үмiтте.

Павлодар облысының бұрынғы әкiмi, кезiнде елдi дүркiреткен Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының негiзiн қалаушылардың бiрi Ғалымжан ЖАҚИЯНОВТЫҢ саясат сахнасынан көрiнбей кеткенiне бiрнеше жылдың жүзi болды. Былтырғы жылы “Ғалымжан Жақиянов кенже ұлы Ележанмен бiрге Массачусетс технологиялық институтында (MIT) оқиды екен” деген ақпараттың жылт еткенi болмаса, оның қайда және немен айналысып

“Жас Алаштың” редакциясына Астанадан қо­ңырау шалған тұрақты оқырманымыз аман-саулықтан кейiнгi әңгi­месiнiң әлқиссасын былай бастады: “Мұрынның iшiндегi мұрт” қайтадан жыбырлай бастады...”. Бiраз нәрседен хабары бар таныс дауыстың ненi меңзеп тұрғанын iшiмiз сезсе де: “Ағасы-оу, мұрыны несi? Мұрты несi?” – деймiз ғой бiз де оның тамырын басып.

Осыған дейiн елiмiздегi тұтыну кәрзеңкесi мен ондағы тауарлар туралы мәселе талай рет көтерiлдi. Алайда күнi бүгiнге дейiн қазақстандық ескiрген тұтыну кәрзеңкесiнiң сапасы мен ондағы азық-түлiктердiң саны реттелген жоқ. Былтыр мәжiлiсшiлер парламентте осы кәрзеңкеге байланысты сауал жолдап, тұтыну тауарлары мен орташа табыс деңгейiн көтерудi сұраған-ды.

Көлiк кептелiсi жөнiнен республикамызда Алматымен теңесетiн қала жоқ шығар, сiрә. Iрi мегаполистегi осы проблеманы шешу мақсатында “iрi” жұмыстар атқарылып та жатыр. Өкiнiшке қарай, нәтижесi шамалы ғана. 2012 жылғы қаңтар айынан қазан айына дейiнгi аралықта 2086 жол апаты тiркелсе, оның салдарынан 171 адам көз жұмған. 350 адам түрлi дене жарақаттарын алыпты. Осының барлығы – бiр ғана Алматы көшелерiндегi оқиға салдары.

СОТТЫҢ ҮКIМIНЕ НАРАЗЫ ҚАЗКОММЕРЦБАНК АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ТҮСIРДI
Былтырғы жылдың аяғында Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты “Қазкоммерцбанктегi” алаяқтық iсiне нүкте қойды. Жауапқа тартылған алты борышкер ҚР Қылмыстық кодексiнiң 177-бабы бойынша кiнәлi деп танылып, әртүрлi мерзiмде бас бостандығынан айырылды. Алайда Шымкенттегi банк филиалының директоры Алмабек Пiрiмбаев толық ақталып
(Екiншi дәптер)
Қазақтың құлшылық етуi де – өзге жұрттан өзгеше бiр құбылыс. Кейде ол Құдайынан да бұрын Көк пен отқа табынып ала жөнеледi. Онысы бөлектенуi де емес. Өйткенi Алла табарака уатағаласының барлығына сенген, сендiрген мұсылмандық дiнiн дiлiне тиеп алғаны да бесенеден белгiлi. Жаратушыға деген махаббаты мен ғаделетiн жүрегiнде мықтап сақтағанымен

Жаңаөзен мен Шетпе­дегi қанды қырғын оқиға­сына бiр жылдан аса уақыт өттi. Осы кезең iшiнде Жаңаөзендегi қираған құрылыс, өртенген дүние – бәрi қалпына келдi. Оқ тиiп жаралы болғандар да, ем-домдарын алып жатыр. Жалалы болып темiр торға қамалғандар да бiр жылын өткiздi. Алла қаласа, олар да биыл бостандыққа шығады деген үмiт бар.

Жексенбi күнi жыртиып, құлақшынымның жанынан құлағым қылтиып, орталық көшеге бара қалайын. Үкiмет шенеу­нiк­терi­нiң көшемен кетiп бара жатқан кортеждерiн көруге жүдә құмармын дә... Мен өзi саясатқа жұғымым жоқ, кiмнiң кiм екенiн де бiлмей­мiн. Қай министр екенiн қайдан бiлейiн, қолдарымды қалтама салып, жұмып тұрғанмын, бiр кезде сұқ саусағым өз-өзiнен серейдi де қалды.

Әр айдың 16-жұлдызында Астанада заңды құқығын талап еткен тұрғындар “Әдiлет күнi” атты наразылық шарасын өткiзбек. Дәл осы наразылық шарасының басы-қасында жүрген “Демократия және адам құқығы” қоғамдық бiрлестiгiнiң директоры Болатбек Бiләловтiң айтуынша, бүгiнде қоғамды әдiлетсiздiк дендедi.
ЖАҒЫМПАЗДАР ЖАҚТЫРМАЙДЫ ҚАБЕҢДI
Қазақ үшiн болып жатса көп егес,
Шындықты айтар шал қазақта көп емес,
Қазақ үшiн қажеттiгi Қабдештiң –
Ешқашан да Әуезовтен кем емес!

Жаңа жылға бiр күн қалғанда кәллектип боп “корпоративке” бардық. Бұрын “корпоратив” дегенге кiм ба­рып көрген, керемет екен. Қызметтес қыз-келiн­шектер қосақтарын ертпей, өздерi ғана келiптi. Тәртiп солай көрiнедi. Мен де “бойдақ” болып барғанмын. Сонымен не керек, жаңа жылды, қазақша айтқанда, әкесiн танытып тұрып тойладық.

Сайлау пунктi. Дауыс беруге келген ақ­са­қалдың алдынан шыққан үгiтшi түсiн­дiрiп жатыр:
             Мiне, мына қағазда бес адамның аты-жөнi жазылған. Осының iшiнен қайсысын қалайсыз, соның аты-жөнiн қалдырасыз да, қалғандарын сызып тастайсыз.
             Мен адал, пара алмайтын, әдiл, турашыл кандидатқа дауыс берсем деймiн.
ЖҮРIСТЕН ЖАҢЫЛМАСА, ЖЕҢIС АДАСТЫРМАЙДЫ
Бүкiләлемдiк бокс сериясындағы кезектi жеңiсiне қол жеткiзген “Астана арландары” клубы “В” тобында 15 ұпай жинап, қарсыластарынан ұзап алды. Украинаның “Атамандары” Киевте бiр таланып едi, өткен аптаның жұмасында Алматыда “арландарға” тағы да “жем болды”.
Қазақстандық кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин өзiнiң кезектi жеңiсiне қол жеткiздi һәм IВО тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуiн қорғап қалды. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен жекпе-жекте Гена америкалық Габриэль Росадоны 7-раундта техникалық нокаутпен ұтты. Росадо кездесу басталмас бұрын Головкиндi 12 раундтық

Өткен жылдың аяғында “Жазушы” баспасынан Жаңаөзендегi қырғын­ға байланысты “Жадымдасың, Жаңа­өзен” атты өлеңдер жинағы жарық көрген едi. Бұл кiтапты қазiр оқырмандар бiр-бiрiнен сұрап, ат сабылтып iздеп жүр. Бiз осы ретте “Жазушы” баспасының директоры, көрнектi ақын, өткiр публицист Есенғали Раушановты әңгiмеге шақырдық.

БЕС ЖАСАР “ТЕРРОРШЫ”
Балабақша әкiмшiлiгi Пенсильвания штатының 5 жасар тұрғынына балабақшаға баруға тыйым салды. Себебi олар 5 жасар қыздан “лаңкестiк қатердi” байқаған. Жергiлiктi PennLive-нiң хабарлауынша, қыз сабынның көбiгiн шашатын ойыншық пистолетпен құрбысын “ататынын” және соңынан өзiнiң де “атылып” өлетiнiн айтып қорқытқан. Мұны, әрине, жергiлiктi аймақтық мектеп әкiмшiлiгi (АҚШ-та балабақша оқу-ағарту саласына кiредi) естiп, қызбен жарты