1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15776) 24 қаңтар, бейсенбі 2013
ДМИТРИЙ МЕДВЕДЕВ КУРСТАСЫ ҚАЙРАТ ҚОЖАМЖАРОВТЫҢ ҚОЛТЫҒЫНАН ДЕМЕДI МЕ?
Жаңа министрлiк құрып, бiрқатар облыстардың әкiмдерiн ауыстырумен басталған ауыс-түйiс жүрiп жатыр әлi. Сейсенбi күнi Ақмола облысының бұрынғы әкiм Қайрат Қожамжаров президенттiң көмекшiсi әрi қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы болып тағайындалды. Қожамжаровтың орнын Қосман Айтмұхаметов басты. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Серiк Бiләлев бұрнағы күнi президенттен сөгiс алған-ды. Сөгiстiң соңы қызметтен алуға ұласты – Бiләлевтi босатып, оның орнына бұрынғы сенатор Самат Ескендiровтi қойды
“Аман-саулық” қоғамдық қоры ҰҚК-нiң Алматы қаласы бойынша департаментiн сотқа бердi. Сот iсi бүгiн сағат төртте Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында (Шәрiпов пен Бөгенбай батыр көшесiнiң қиылысында) өтедi. Жалпы, үкiметтiк емес ұйымның ҰҚК-нi сотқа беруi – ерекше оқиға. Ерекше болатыны кейбiр жұрт ҰҚК-нi сотқа беруге былай тұрсын, атын атауға болмайтын орган санайды және

Экономикадағы монополияның халыққа тек зиянын ғана тигiзетiнi тәрiздi, билiктегi монополиядан да келiп-кетер пайда шамалы. Сондықтан билiк эшелонындағы соңғы ауыс-түйiстен бәлендей өзгерiс күтудiң қажетi жоқ. Себебi шенеунiктер жатса да, тұрса да халыққа жағуды емес, бiр адамға жағынуды ойлап, соның ашу-ызасын тудырмаудың қамын жейдi. Ал жалғыз адамның алдында ғана жауапкершiлiк арқалайтын жүйеде қанша жерден жаңа министрлiк

Астанада жердiң бағасы күннен-күнге шарықтап барады. “ABC Royal Estate” жылжымайтын мүлiк агент­тiгiнiң атқарушы директоры Расул Бикки­ниннiң таратқан ақпаратына қарағанда, ең қымбат және ең өтiмдi жер телiмдерi қаладағы Бейбiтшiлiк және Келiсiм сарайы (Пирамида) ауданында пұлдануда. Ал қала сыртындағы қараша халықтың қалтасы көте­редi-ау деген жер телiмдерiнiң бағасы екi есеге өскен.

Ақтөбе облысының әкiмi Архимед Мұхамбетов облысты екi жылға жуық басқарып отыр­ғанына қарамастан, журналистер үшiн ең жабық әкiм. Республикадағы жас әкiм­дердiң тiзiмiн толықтырған, 40-тың қырқасына ендi ғана шыққан әкiмнiң журналистердi не үшiн суқаны сүймейтiнi белгiсiз. Журналиске аса көп жақындамауды тиiмдi санай ма, әлде болмаса командасында тәжiрибелi 

ҚАЗАҚСТАН ҚАЗЫ ЭКСПОРТТАЙДЫ
Өткен аптада Ұлыбритания мен Ирландия супермаркет­терiнде жылқы етiне байланысты дау шыққан болатын. Ирландияның азық-түлiк қауiпсiздiгi агент­тiгi сиыр етiнен жасалған гамбургерлерден жылқы етiнiң ДНК-сын тауып, бұл елде жылқы етiн жемейтiндiктен, оны сатуға шектеу қойған. “Жылқы етiнiң ДНК-сы табылған өнiмдердiң адам денсаулығына зияны жоқ.

Әдетте, “Бозымбаев ауысады екен” деген гу-гу әңгiменi ести-ести құлағымыз жауыр болғанын несiн жасырайық. “Жел тұрмаса, шөптiң басы қимылдамайды” десек те, мұндай сөз жұртқа тегiс жайылғанда әкiмнiң өзi: “Менi кейбiреулер ауыстырып, бос орынға кандидаттардың аты атала бастапты. Бiрақ мен кетпеймiн”, – деп жан-жағына айбарлана қарап қоятын. “Бозымбаев өспейдi, Астанаға көшпейдi” деп әулиеаталықтардың әндететiнi де сол тұс. Иә, жел тұрмаса дегеннен шығады, жер қозғалса да былқ етпейдi дейтiн Қ.Бозымбаев жел тұрмағанда

Бiзде билiк жасырып-жабудан алдыға жан салмайды осы. Күнi кешеге дейiн дауылдан адам шығыны болмады деген жер­гiлiктi билiк өкiлдерiнiң ақпараты жалған болып шықты. Атап айтсақ, бұ­р­нағы күндерi Қаратау қаласында қайтара соққан қатты желде аты-жөнi анықталмаған ер азаматтың мерт болғаны жайлы естiгенбiз, ал кеше Талас ауданы, Берiк­қара

“Жас Алаш” газетiнiң 2013 жылғы 11 қаңтардағы нөмiрiнде жарияланған “Театрлардың хал-ахуалы қиын болып тұр” атты хатқа қарсы пiкiр
Дәл қазiр Оңтүстiк Қазақстан облысында 750 мәдениет және өнер меке­месi халыққа мәдени қызмет көрсетедi. Оның iшiнде облыстық 8 кәсiби театр облыстың аудан, қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстары, Байқоңыр, Астана қалаларында гастрольдiк iссапармен жиi болады.
ТЕМIР НАРКОМ
Есiмi тек қазаққа ғана емес, исi түркi жұртына мәлiм, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi, қаламы қарымды сыншы, көсемсөзшi Темiрбек Жүргенов туралы Құрманбек Жандарбеков: “Темiрбек Жүргенов қазақ өнерiнiң қанат жаюына қыруар тер төктi.

Бетпақдалада жын жоқ, жыны не­сi, дым жоқ. Адамы несi, ел жоқ... Оны бәрiңiз бiлесiздер. Түсiмде осы Бетпақдалаға әкiм болыппын. Бетпақдала облысы құрылып, жан-жақтан ел көшiп келiп, көшелер бой түзеп жатыр. Келiмсектер қазақ жерiнiң ең шұрайлы жерлерiне қоныстанып жатса, бiздiң қазекең ит байласа тұрмайтын Бетпақдалаға қоныстанып жатыпты...

Соңғы кезде шежiрешiлер қаптап кеттi. Мұхтар Мағауиннiң “Шыңғыс ханын” оқып шықтым, ал шежiре жазғыштардың оны оқығанына күмәнiм бар. М.Мағауиндi оқығаннан кейiн, көп нәрсенi бiле бермейтiнiңдi мойындайсың. “Сары орыстың бәрi орыс” дегендей, бiздiң бәрiмiз, яғни “Шыңғыс хан” басын бiрiктiрген тайпалардың бәрiн еуропалықтар азиаттар деп атайтынын да естен шығармайық.
Кез келген ел өзiнiң келешегiн өскелең ұрпағымен байланыстырады. Жастар – ел болашағы, қозғаушы күшi. Бiрақ ауылдағы жастардың жағдайы қалай? Тiршiлiктiң көзi тек қана қалада секiлдi. Ал ауылда ше? Мiне, бiздi толғандырған осы сұрақты бiрнеше адамға қойған едiк? – Қала деген не? Қала де­генiмiз – стратегиялық нүкте. Стратегиялық нүктелер­дi тү­гел басып алмай, қазақ байғұс “екiншi сортты” халық болып қала бермек.  Кеңес өкiметiнiң тұсында да қазақтардың қалаға келуiне түрлi тосқауылдар қойылды. Сол саясат әлi жалғасып жатыр. Қазiр де қазақ жастарын қалаға келтiрмеуге тырысуда. Неге?

Ақмола облысының Бурабай аудандық соты Щучье қалалық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекеме бастығының әлеуметтiк жұмыстар бойынша орынбасары Г.Н.Қалиеваны алаяқтық жасағаны үшiн 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Менде өте жақсы жаңалық бар. Соны сiздермен бөлiскiм кеп... Бұдан жетi жыл бұрын ең үлкен апайым тұрмысқа шыққан едi. Нә­ресте сүйе алмай, қиналып жүрдi. Қаралмаған дәрiгерi қалмады. Қазақша ем-дом да қабылдады. Бiрақ... Бiздiң үйге бiр жылда бiр келедi. Келген сайын маған енесi­нен, қайынапаларынан, абысын-ажындарынан естiген “ажуаларын” айтып, жылайтын. Енесiнiң:

Мен нағашым Махамбетов Ғабдолланың үйiнде жатып 6 класс бiтiрдiм. Ауылда ашаршылық, тамақ жоқ, бұл 1931-32 жылдары едi. 6 кластан әрi қарай оқи алмадым. Әкем өлсе де, шешем бар. Екi iнiм, бiр қарындасымды ертiп, бесеумiз жаяу-жалпылай Жайық бойына кеттiк. Жолда бiр iнiм мен қарындасым аштықтан әлсiреп жүре алмады, оларды бiр моланың қасына қалдырып кеттiк

Менiң әжем – нағыз “кө­семшiл” адам. Сталин, Ленинге Құдайдай табынған, сенген. Сөйте тұра, отыз күн ораза тұтып, аузынан Алласын тастамаған кiсi. Олай дейтiнiм, жатар алдына “тiлiңдi кәлимаға келтiр, бiсмiллә деп жат” деп үйрететiн. Ал күндiз кеңсенiң алдында тұрған “күн көсемнiң” ескерткiшiн көрсетiп:

Өзбекстан футбол федерациясының президентi Мираброр Усманов “Спорт” арнасына өз елiнiң футболы турасында сұхбат бердi. Былтырғы жылды қорытындылаған федерация басшысы бiрнеше жетiстiгiне тоқталып, жақсылықтарын тiзiп шықты. Усмановтың мақтанатындайы бар, өзбек футболы былтыр “Fair Play” (әдiл ойыны үшiн) сыйлығын екi мәрте иелендi.

ШИРЕК СЫНҒА ШЫҚТЫ
Санкт-Петерборда өтiп жатқан футболдан “Достастық кубогы” жарысының ширек финалына әупiрiммен шыққан жерлестерiмiз кеше Беларусь құрамасына қарсы ойнады. Сергей Воровскийдiң шәкiрттерi iрiктеу сынында Қырғызстан құрамасын ұтқанымен, Өзбекстан жастарына 1:0 есебiмен есе жiберген болатын.