1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15777) 29 қаңтар, сейсенбі 2013
ЖАРАМСЫЗ ТIКҰШАҚТАР, ӘБДIКӘРIМОВ ЖӘНЕ БОЖКО...
Өткен жұмада жемқорлықпен күрес жөнiндегi республикалық қоғамдық кеңесте төтенше жағдайлар жөнiндегi министр Владимир Божко ақталам деп әбден әбiгерге түстi. Өйтетiндей жөнi бар. Ашуы басыла қоймаған Аслан Мусин кiм-кiмдi де әбiгерге түсiре алады. “Жыланды жетi рет кессең де, кесiрткедей қауқары бар”... Республикалық кеңесте есеп комитетiнiң тексерiсi не­гiзiнде түсiрiлген бейнеролик көрсетiлдi. Бейнероликте тө­тенше жағдайлар жөнiндегi министрлiктiң 2011 жылы 9 миллиард теңгеге жуық қаржыға ЕС-145 деген төрт тiкұшақ сатып алғаны, алайда бұл тiк­ұшақ­тардың төтенше жағдай кезiнде адамдарды құтқаруға жарамайтыны айтылады. Мәселен, әлгi тiкұшақтар тауда ұша алмайды, көлденеңдеп бұрыла алмайды және ыстық ауа райында әуеге көтерiлсе, төбесiнен күн өткен торғай секiлдi топ-топ етiп құлап қалатын көрiнедi.
Ұлттық банктiң төрағасы Григорий Марченко жақын күндерi өз еркiмен жұмыстан кетуi мүмкiн деген ақпараттың құлағы қылтиды. Бұл туралы silkroadnews.org порталына қаржылық-талдау құрылымындағы ақпарат көзi хабарлапты. “Григорий Марченко өз еркiмен Ұлттық банктен кетуi мүмкiн. Бiрақ оның келiсiм­шартының бiтуiне әлi уақыт бар. Менiң мағ­лұматымша, келiсiмшарт 2015 жылдың қаңтарында аяқталады.
БҰЛ СҰРАҚ МИЛЛИОНДАҒАН САЛЫМШЫЛАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАДЫ
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанда бiрыңғай мемлекеттiк зейнетақы қоры құрылып, барлық жекеменшiк зейнет­ақы қорларының шоттары сол қорға өтедi” деген мәлiмдемесi қоғамда қызу пiкiрталас тудырды. Айдың-күннiң аманында айтылған мұндай жаңалық жинақтаушы зейнет­ақы қорларын есеңгiретiп жiбердi.

Қазақстанда экологиялық мәселелер жыл өткен сайын күрделенбесе, шешiлген емес. Елiмiздiң қай аймағын алып қарасақ, әлдебiр төнген қауiптi байқайсыз. Шығысымыз полигонның зардабынан әлi күнге оңалмай тұрса, оңтүстiкте уранның радиациясынан уланған ұрпақ дүниеге келуде. Дәл осындай қайғылы суреттердi батыс пен солтүстiктен де таба аласыз. Таяуда ЭКОСОС жобасының жетекшiсi Бақытжан Базарбек

 Жақында ақпарат құралдарында Қазақстанның халық жазушысы, “Түркiтiлдес халықтар арасындағы ең үздiк ақыны” сыйлығының иегерi Мұхтар Шахановтың “Руға бөлiнудiң қасiретi немесе ұлттық тұтастыққа сына қағу” туралы жанайқайы, оны қолдаған жүзден астам азаматтардың шағын мәлiмдемесi жарияланды. Қоғамда әрқилы пiкiрлер айтылып жатыр.

Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданына қарасты бiр­неше ауылдың тұрғындары үнемi редакцияға хабарласып, ұрлық-қарлықтың тыйылмайтынын айтады. «Қарақшылардың басынғаны сонша, көзiмiздi ала берiп, тапайдың тал түсiнде жайратып кете беретiн болды.

Соңғы бiр айдың көлемiнде ресейлiк басылымдардың бiр iлiп-қағары “Байқоңыр” ғарыш айлағы болды. Жатса-тұрса “Қазақстан келiсiмдi орындамады”, “қазақтар орыс­тарды “Байқоңырдан” қуып жатыр” деп байбалам салуда. Мәселен, www.km.ru сайтында “Қазақстан мен Ре­сейдiң арасындағы “жұл­дыз­ды айқас” үдеп барады” деген мақала жарияланды. “...Севастопольде қанша әскери кеменi теңiзге шығаруды келiсудiң қажетi жоқ, ал “Байқоңырда” неше зымыран ұшыратыныңды келiсуiң керек. Бұл қазақстандық билiктiң қолындағы қысым көрсететiн күштi тетiкке айналды.

Ел байғұс “қайтсем нарықтың тығырығынан аман шығамын, қайткен күнде аш-жалаңаш қалмаймын...” деп жанбағыстың көкпарымен жүргенде, жоғары билiктiң тiзгiнiн ұстағандар қарбалас сәттi оңынан пайдаланып, жерасты һәм жерүстi байлығымызды борсықша сорып, бөлiске салып, үлестiрiп, байыған үстiне байи түстi. Өздерi жасырын түрде байыса, өздерiнiң сойылын соғатындарды жария түрде байытты.

БЕСIНШI ОЙ
Тойшыл жоғарыдағылар неге көбейiп, ойшыл қазақтар неге азайып кеттi? Тұрмысты шынымен сана билей ме? Әлде сананы тұрмыс илей ме? Тiрлiк сүру көпшiлiк үшiн сұмдыққа айналды ма? Сұмдықты жеңудi тiрлiк сүрушiлер дұрыстап ойланды ма? Оңашада өксiткен өкiнiштен өтер қайғы бар ма? Әлде шын өксiктiң ұялтар өкпесi басым ба?

Керекуде Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бiрiншi орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбайдың қатысуымен басқосу өтiп, облыс орталығында Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды. Отырысты облыс әкiмi Ерлан Арынның өзi модератор болып жүргiзуiнен-ақ, аталмыш шараның осы аймақтағы зиялы қауым үшiн үлкен рухани жаңалық болғанын байқадық.

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерiне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерiн оқудан республикалық байқау өтедi
Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңде­рiне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерiн оқудан республикалық байқау  2013 жылдың 29 – 31 қаңтар, ақпан айында Алматы қаласындағы Оқу­шылар сарайында өтедi.

Ол ән салып тұр. Оның қоңыр әсем дауысы, тыңдаушыларының жан жүрегiн тербетiп, әнге деген нағыз сүйiспеншiлiгiн танытқандай. Әндi шын пейiлiмен шырқап тұрған әншiнiң өңi бiр қызарып, бiр бозарып, әуездi үнi сырлы ырғаққа енiп, керемет бiр қуаныш нұры құйылады. Абай атамыз айтқандай “Құлақтан кiрiп бойды алып”, сезiмнiң қылдай нәзiк пернелерiн дөп баса бiлетiн, жүрекке жылы тиюi осындай-ақ болар.

“Алтайдың ар жағынан келген ару” әнiнiң жалпақ жұртқа жария болғанына жиырма жылдың жүзi болыпты. Осынау сағыныштан өрiлген сазды әндi тыңдағанда әншi Сәкен ойға оралады. Әсерлi ән әншiнiң өнер өлкесiне ат шалдыруына жол ашты, әншi ғұмырлы әннiң өрiсiн кеңейтуге орасан үлес қосты. Әншiлiктi өнер деп қадiрлейтiн Сәкен қазiр жұрт көзiне көп түсе бермейдi.
КҮМIС, ҚОЛА АЛТЫНҒА ТАТЫМАС 
Австрияның Обертиллиах қаласында биатлоннан жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионаты өттi. 7,5 шақырым қашықтыққа iз кесiп сайысқа түскен спортшылар арасынан жерлесiмiз Галина Вишневская суырылып шығып, әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдесiн иелендi. Вишневскаяның алдына тек ресейлiк Юлиана Кайшева ғана түстi. Қола медаль немiс спортшысы Марион Дейгентештiң қанжығасында кеттi.
7 СӨЗ – 1 ӘН
Мұндайды кiм көрген? Қазақтың жастары жарысқа түсетiн болғандықтан, (жеңiмпазға берiлетiн қаржысы да қомақты ғой) “Саз әлемi” бағдарламасын қолым қалт еткенде қарайтынмын. Бiр жолы бiр қандасымыз шықты. Сыртқы пошымынан шала қазақ екенi байқалмайды. Сөйтсек, ныспысы Кентал деген “әншiмiз” мектептi, жоғарғы оқу орнын орыс тiлiнде оқыпты. Содан ба, сөз қадiрiн сезiне алмаса керек.
ДЕНЕСIНЕ БIРДЕ-БIР СЫЗАТ ТҮСПЕГЕН
Ұлыбританияның Соммерсет графтығындағы бiр фермада құдыққа түсiп кеткен құланды құтқаруға 30 өрт сөн­дiрушi жұмылды. Үй ие­лерi құланға Нова деп ат қойыпты. “Құланды жан-жақтан iздеп таппағаннан кейiн, суға батып кеттi ме деген қауiп болды бiзде”, – дейдi үй шар­уасын­дағы әйел Ильяр де Альверо. Фермерлер бестi құ­ланды құдықтың iшiнен тауып алады.