1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (15778) 31 қаңтар, бейсенбі 2013
ОНЫ ҚАЙТАРУДЫҢ ЖОЛЫ БАР
Президент Н.Назарбаевтың “Ұлттық қордан дағдарыс кезiнде көмек ретiнде бөлiнген 10 миллиард доллар жоғалып кеттi” деген мәлiмдемесi қоғамда әрқилы пiкiр тудырды. Президент бұл сөзiн шолт қайырып, арғы мәнiсiн ашпағандықтан, оның шын мәнiнде ненi меңзегенi түсiнiксiз күйiнде қалды. Мемлекет басшысы 10 мил­лиард доллардың iз-түзсiз жоғалып кеткенiн айтты ма, әлде бұл ақша қайтарылмады деген емеурiнi ме? Қоғамды екiұшты ой билей бастағанда талқыға араласқан Экономика және бюжеттi жоспарлау министрi Ерболат Досаев пен Қаржы министрi Болат Жәмiшев президенттiң сөзiне түсiнiктеме берiп өттi.

Алматы iргесiндегi Талғар ауданына қарасты Қызылту ауылдық округының аумағында ұшақ апатқа ұшырады. “СКАТ” әуе компаниясына” тиесiлi жолаушылар тасымалдайтын “Челленджер 200” ұшағы тапа-тал түсте, сағат 13:30 шамасында жер сүзiп құлаған. 50 адамға дейiн сыятын ұшақтың iшiнде 21 адам болыпты. Дәм-тұзы таусыл­ған жиырма бiр жан өмiр сапарын әуежайға сынық сүйем қалғанда аяқтады. Жиырма бiр жүрек соғуын қас қағым сәтте тоқтатты.

ЕНДI БОЖКОНЫҢ “АЛМАТЫЛЫҚТАР ПӘТЕРIНДЕ ТАУЫҚ ҰСТАСЫН” ДЕУI ҒАНА ҚАЛДЫ
Қаңтардың 28-iнен 29-ына қараған түнi он бiрлер шамасындағы күштi жер сiлкiнiсi алматылықтардың зәре-құтын қашырды. Онсыз да тұра қашайын деп тұрған қоянға “әйт!” дегендей әсер еттi. Қара жердiң дүрiлi мен дiрiлiнен қорыққан алматылықтардың кейбiрi көпқабатты үйдегi пәтерiн құлыптап, жер

Атырау дегенде ел көзiне мұнайымен қатар бет-аузын сақал басқан терроршылар қатар келетiндей. Мұндай ұғым қазiр телеарналардан белсендi түрде уағыздалып жатқан “Соқыр сенiм” деректi фильмiнен соң үдей түстi десе де болады. Сол фильмде айтылғандай былтырдан берi сотталған елу шақты адамнан бөлек тағы “13 адам өз жазасын” күтiп жатыр. Солардың бiрi – Атырау аграрлық колледжiнiң студентi 20 жастағы Мейiрбек Жанқуатов.

Егемендiк алған алғашқы жылдардан бастап-ақ елiмiз бiрден “көпвекторлы саясатқа” көшiп, әлем алпауыттарының тiлiн табуға тырысты. Қазақстан нағыз стратегиялық аймақ болғандықтан, жағдай күрделi едi. Сол үшiн жан-жақты қарым-қатынастарды нығайтуға барын салды. Бiрақ бұл қаншалықты дұрыс, әрi орынды саясат болды? “Көпвекторлылық” ұғымын қазақстандықтар қалай түсiндi? 20 жыл iшiнде көпвекторлы саясат Қазақстанға не бердi?

Өткен аптада “Жас Алаш” газетiнiң редакциясында “Репортеры без границ” ұйымының Еуропа және Орталық Азиядағы басшысы Йоханн Бир және Францияның құқық қорғау коллегиясының өкiлi Анна Соу­лелиак, сондай-ақ, журналист Розлана Таукина қонақта болды. Олар газетке байланысты, мемлекеттiк саясатқа, қоғамдық мәселелерге қатысты өз­дерiн қызықтырған сауалдарын қойып, Қазақстанның iшкi сырт­қы жағдайларымен танысты.

АЛМАТЫНЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ЗИЯЛЫЛАРЫ ҚАЖЫТАЙ IЛИЯСҰЛЫН СОҢҒЫ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Кеше Қазақстан Жазушылар одағында Алматы жұртшылығы ақын, сатирашы Қажытай Iлияс­ұлын соңғы сапарға шығарып салды. 74 жасқа қараған шағында көз жұмған Қажытай Iлиясұлы артына мол мұра қалдырды. Қазақ тiлiнiң қаймағы бұ­зылмаған ортада (Шығыс Түркiстанда) туып-өскен Қажытай Iлиясұлының поэзиясы

Көрнектi жазушы, драматург Баққожа Мұқаидың бiр ерекшелiгi, ол өзге әрiптестерiне, тұстастарына қарағанда қоғамдағы, саясаттағы өзгерiстердi ерекше жiтi қадағалайтын. “Әттең-ай... Ой, әттесi-ай... Осындай үлкен облысқа әкiм болып әне бiреу (аты-жөнiн айтады, әрине) тағайындалды. Ол облысты басқаруға мына азаматтар лайық едi ғой” деп, 5-6 азаматтың, кейде 7-8 азаматтың аты-жөнiн мүдiрмей, iркiлмей, табан астында атап-атап айтып берер едi.

Г.Марченко жағы талмай, көптен берi әйел­дердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту мәселесiн көтерiп жүр. Есеп-қисапқа сүйенiп, ел бюджетiн үнемдеу жағынан сараптаса, бәлкiм, бұл ұсыныс дұрыс та шығар. Алайда халық қазынасын үнемдеудiң басқа жолдары барын басқа емес, дәл осы Марченко бiзден жақсы бiледi. Сөйте тұрып, ұлтқа бағытталған өлшеусiз қия­натты жасауға құлшынатынын қайтерсiз.

Қазiргi мектеп директорлары өзi би, өзi қожа­йын. Тап бiр оларға ерекше мәртебе берiлiп қойғандай. Iлгерiде мұғалiмдердi қалалық, аудандық бiлiм бөлiмiнен сараптамадан өткiзiп, соның iшiнен бала тәрбиесiне толықтай жауапкершiлiгi бар бiлiмдiлерiн бөлiп жiберiп отыратын мектептерге. Қазiр ол заман өтiп кеткендей. Директор өзi бiледi

Кешкi уақытта аздап iшiмдiк iшiп алған А.Балабанов жұмыстан өзiнiң жалдамалы пә­терiне келедi. Пәтерi Көкшетау қаласының Васильковка ықшам­ауданындағы 9-қабатты үйдiң 8-қабатында орналасқан екен. Үйде оны көңiлдесi Елена күтiп отырған. Үйге кiрi­сiмен Александр бөл­менiң

Пойыздарда халыққа қызмет көрсету деңгейi өте нашар. Көңiлдi қуантарлық нәрсе – сүлгi мен төсек жаймаларының пакетке салынып берiлетiнi. Ал көп пойыздарда дәретханалардың тазалығы өте нашар. Сабын, дәретхана қағаздары жоқ, уақытында тазаланбайды. Кеңес одағы кезiнде вагондарда радиолар болушы едi. Соңғы жаңалықтарды айтып, ән-күй берушi едi. Сөйтiп жолаушылардың көңiлiн көтеретiн. 

1944 жылдың 14 қаңтарында Әлия Молдағұлова Ресей жерiнде ерлiкпен қаза тапты. Жыл сайын 14 қаңтарда Қоб­да ауданының Әлия ауылында батырды еске алады. Батырдың шыр етiп дүниеге келген Бұлақ ауылының ескi жұрты Әлия аулынан 2-3 шақырым. Осы жолы 30-жылдардың қуғынында бақша күзетшiсiнiң оғынан қаза тапқан Әлияның анасы Маржанға да Құран бағышталды. 

Жақында бала-шағамның өтiнiшiмен «тарелка» антеннасын орнаттық. Таңның атысы, күннiң батысы бiр ғана «Хабар» мен «Қазақстан» арналарын көремiз. Басқа телеарналар шалғайдағы бiздiң ауылға жете бермейдi. Ауылда отырып, жүзге жуық телеарна көруге болады деген соң, әлгiнi қостырғанбыз. Үйдiң шатырына орнатылатын құрылғыны сатып

Еркiн күрестен елiмiздiң ұлттық құрамасының тiзгiнiн Руслан Өмiрәлиевтiң ұстағанына көп бола қойған жоқ. Лондон олимпиадасына жетi балуанды бастап барған Алтай Танабаев өз ықыласымен орын босатқан соң, күрес федерациясының таңдауы Өмiрәлиевке түсiптi. Жақында жаңа бапкердiң жетекшiлiгiмен ұлттық құрама Ресейдiң Красноярск қаласында өткен “Иван Ярыгин” мемориалына қатысып, қола медальмен оралды.
– НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН АЛҒАН ҚАЗАҚ БАР МА?
– Шведтiң белгiлi химик-ғалымы Альфред Нобель 63 жасында қайтыс болды. Ол бар байлығын адам игiлiгi үшiн жаңалық ашып, үлкен қызмет жасаған адамдарға сыйлық ретiнде үлестiрiп берудi өсиет еттi. Сөйтiп, “Нобель қоры” құрылып, жар­ғысын 1900 жылдың 29-шiлдесiнде Швецияның Ко­рольдiк кеңесi бекiттi. 1901 жылы 10 желтоқсанында, яғни, Нобель қайтыс болған күнi тұңғыш рет алғашқы Нобель сыйлығы әлемде бей­бiтшiлiк орнатуға
ЖЕҢДI
Құрлықтық хоккей лигасындағы кезектi ойынын Қазан қаласында өткiзген астаналық “Барыс” клубы үш ұпай олжалап қайтты. Жергiлiктi “Ақ барс” клубына қарсы айқас­қан жерлестерiмiз 4:2 есебiмен жеңдi. Кеше елордалықтар Ресейдiң Нижнекамск қаласында “Нефтехимик” хоккейшiлерiмен кездестi.