1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №9 (15779) 5 ақпан, сейсенбі 2013
Жүзiне де қарамай,
Руына да қарамай,
Өткiрлiгi алмастай
Өкiнiп ертең қалмастай,
Iзбасар таңдап алыңыз.
Байқалмай қалар тек сонда,
Бүгiнгi мүшкiл халiңiз.
Шайқалмай қалар тек сонда,
Тәңiрдiң берген тартуы,
Алтыннан құйған тағыңыз...
ГЕНЕРАЛ ЕСЕТОВ ПРЕЗИДЕНТКЕ ҚАНДАЙ ШЫНДЫҚТЫ АЙТҚЫСЫ КЕЛДI?
Қаңтардың соңғы күнi ҰҚК шекара қызметi академиясының басшысы генерал-майор Талғат Есетов “Макаров” тапаншасымен қызметтiк кабинетiнде өзiн-өзi атып өлтiрдi. Анығында, ресми ақпар осылай дейдi. Оқ оның оң жақ самай тұсынан тиген. Генералдың өлi денесiн ең бiрiншi жүргiзушiсi көрген.
Өткен аптаның соңғы күндерi Астанада бiрнеше қоғамдық қозғалыстың же­тек­шiлi­гi­мен дөңгелек үстел, наразылық шарасы, баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Онда жер дауы, баспана мәсе­лесi, заңды құқығы тапталған азаматтардың арыз-шағымдары қызу талқыға түстi. Бейсенбi күнi “Алматы” iскерлер үйiнде “Жер тағдыры – ел тағдыры” атты дөңгелек үстел өттi.

Арқа даласына биыл жұт келдi. Кәдiмгi өзiмiз ескi әңгiмелерден естiп жүрген ақсирақ жұт. Қарашаның басында мезгiлсiз жаңбыр жауып, оның арты қатты аязға ұласқан. Соңынан аяз толастағанымен, ескiше қаңтар тумай жатып алай-түлей боран басталды. Одан соң iле-шала қайтадан бiр жарым тәулiкке жуық жаңбыр себеледi. Бұл бұрын-соңды кездеспеген жағдай едi.

Қазақстандағы тақыр кедейлердiң саны қанша? Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi кедейшi­лiк­тiң шегiн белгiледi. Ол күнкөрiстiң төменгi деңгейi­нiң 40 пайызына тең. 2012 жылдың желтоқсанындағы дерек бойынша, елiмiздегi күнкө­рiстiң төменгi деңгейi 16 698 теңгеге жеткен. Мұның 40 пайызы бар-жоғы 6679 теңгеге тең. Демек, табысы 44 доллардан аспайтын әр қазақстандық кедей болып танылады.
Бұдан бiрнеше жыл бұрын “Қуаты 9400 тонна құс етiн өндiретiн бройлер фабрикасы салынатын болыпты” деген хабарды естiгенде жезқазғандықтар бөркiн аспанға атқан. Сол бөрiктiң жуық арада жерге түсетiн түрi байқалмайды. Неге? Ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына орай Жезқазғанды дамытудың 20 басым бағыты бағдарламасына енгiзiлген
ЖАНАРМАЙ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКIН
“Ақпан айында жанармайдың бөлшек саудадағы бағасы қымбаттамайды. Ал наурызда қандай шешiм қабылданатынын әзiрге бiлмеймiн”, – дейдi Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаев. Министрдiң бұл айда жанар-жағармай бағасы кө­терiлмейдi, ал наурызда не болатынын бiлмеймiн дегенiн Ресейге қарайлап айтып тұр. С.Мыңбаев бұған дейiн де Қазақстандағы жанармай бағасы

Мемлекеттiк тiлдi кейiн шегiндiрiп,  өзге тiлде қарым-қатынас жасайтын жер бетiнде екi ел бар болса, соның бiрi – Қазақстан. Тәуелсiздiк алғанына ширек ғасыр өтсе де, мемлекеттi құраушы халықтың тiлi мемлекеттiк деңгейге көтерiлмедi. Жыл са­йын елiмiзде мемлекеттiк тiлдi үйретуге, оқытуға миллиардтаған қаржы бөлiнедi. Соған қарамастан, тiлiмiз босағада телмiрiп әлi тұр.

Астанада Алаш зиялыларына бұйырмаған көше аттары бар. Л.Мирзоян және В.Петров көшеле­рi­нiң атын қазақшалау мәселесiне байланыс­ты дау шығып, қоғамда қызу талқыға түсуде. Өкiнiштiсi сол, қазақ жерiнде ономастикалық мәселе, нақтылай түссек, қала, ауыл, көше аттарын қазақшалау жайы жетiм баланың күйiн кешiп жүргенi жасырын емес. Айталық, осыдан 5 жыл бұрын президент

2010 жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облыстық IIД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкiлi Әдiлет Тұрсынбековтi қаскөй, қанiшерлер соққыға жығып кетiп, атпалдай азамат 15 күннен кейiн ауруханада көз жұмған едi. Оның өлiмiне себепшi болғандар – Маңғыстау облысының ҰҚК мен IIД-нiң пагон таққан қызметкерлерi.

АЛТЫНШЫ ОЙ
Күңгiрт көңiлдiң сұрғылт бейуағына қашып құтыла алмастай тап болғанымды бiлем. Өткен өмiрдiң сүрлеу-соқпағына қанша үңiлсең де, кәрiлiктiң көлеңке басын ұзартар қоңыр кешi алысыңды көзiңнен тасалап, көңiл тұманын қоюлатады да қояды. Сырласар серiк таппай, мұңдасар жүрек таппай, әр тұсқа асыққан тиянақсыз, тұрлаусыз ойыңды жинақтай да алмай
Сонымен, бiз – Кеңшiлiк (бұл жерде әңгiме ақын Кеңшiлiк Мырзабекұлы жөнiнде болып отыр – ред.) екеумiз арада аздаған жылдар салып, Алматыдағы қарбалас күн­дердi қайтадан бастап кеттiк. Алғашында бiз пәтердi жал­ға алып бiрге тұрып жаттық. Пәтер деген аты ғана, кө­бiнесе студенттер жатақханасында, таныс үйлерде, тiптi вокзалда, паркте түнеп шыққан кездерiмiз болатын.
ҚҰЛТӨЛЕУДIҢ ДЕРЕКТI РОМАНЫ ЖАРЫҚ КӨРДI
Бұл Шығыс Түркiстан Шығыс Түркiстан болғалы не көрмедi? Ресей, Қытай, АҚШ секiлдi алпауыт империялардың қақпақылына түскен Шығыс Түркiстан да, Шығыс Түркiстанды мекен еткен халықтардың (қазақ, қырғыз, моңғол, ұйғыр және т.т.) да тағдыры талай рет тәлкекке түстi. Жас күнiнде осы мазасыз өңiрге тап болып, осында аттай жиырма сегiз жыл ғұмырын өткерген генерал-ма­йор Ғалым Нөкiшұлы да талай дүбiрлi оқиғалардың ортасында жүредi. Талантты жазушы

Жанарбек Ақыбиұлы Моңғол елi Баян-Өлгей аймағында тұрады. Бала жасынан фотоаппаратқа әуес бауырымыз тау спортымен шұғылданады. Қолынан аппаратын тастамайтын бауырымыз “Шалкөде – елдiң жайлауы” атты фототүсiрлiмге бiздiң арнайы шақыруымызбен келiп, қатысып кеткен едi. Жанарбек бүгiнгi таңда ғаламтор арқылы Моңғолиядағы қазақ жастарының арасында 

Бүгiнде сансыз көп фотоаппарат түрлерi мен танымал өндiрушiлердiң сапалы құралдары шығарылып жатыр. Олар типтерi бойынша: айналы, екi объективтi айналы, ұзақ өлшемдi, орта форматты, кiшi және iрi форматты, сандық және т.б. Ал бүгiнде әлемге танымал маркалар қатарына Agfa, Canon, Casio, Eastman Kodak, Fujifilm, Hama, Konica, Konica Minolta, Leica, Minolta, Nikon, Olympus, Panasonic Lumix, Pentax, Polaroid, Ricoh, Samsung, Sigma Corporation, Sony
АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында Дейв Шульц атындағы мемориал аяқталды. Дәстүрлi түрде өткiзiлiп келе жатқан халықаралық турнирде грек-рим күресiнен елiмiздiң ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетiп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Биыл 15-мәрте ұйымдастырыл­ған жарыста 20-дан аса елдiң балуандары белдестi. 55 келi салмақта Нұрсұлтан Қалмырзаев финалға дейiнгi қарсыластарын
ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚАНАҒАТ
Допты хоккейден Швецияда өткен дүниежүзiлiк додада Ресей хоккейшiлерi әлем чемпионы атанды. Олар финалдық сында 11 дүркiн әлем чемпионы деген атағы бар Швеция құрамасын 4:3 есебiмен тiзерлеттi. Қазақстан хоккейшiлерi қола жүлдеге таласта Финляндия құрамасын 6:3 нәтижесiмен жеңдi. Халықаралық допты хоккей федерациясына
“СУЫР КҮНI”. БҰЛ ҚАНДАЙ КҮН?
АҚШ-та “суыр – көк­темнiң ерте немесе кеш шығуынан хабар беретiн аң” деген ұғым бар. Сондықтан да халық суырдың iнiнен шығуын асыға күтедi. Егер 2-ақпан күнi күннiң көзi шығып, суыр өз көлеңкесiн көретiн болса, онда қыс әлi 6 аптаға созылады. Ал дәл осы күнi күн түнерiп тұрса, онда американдықтардың қуанышында шек болмайды. Себебi, бұл көктем ерте келедi деген мағынаны бiл­дiредi.