1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15780) 7 ақпан, бейсенбі 2013
ОҚДӘРIНIҢ ТҮТIНI СЕЙIЛМЕГЕН ҰҢҒЫ ӘЛI ҮҢIРЕЙIП ТҰР
Мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы 2004 жылы “Время” газетiне берген сұхбатында былай дептi: “Тарихта әртүрлi iз қалдыруға болады: тарихқа абыроймен кiруге болады, керiсiнше, “қара таңбамен” қалуға да болады. Бiреудiң ойынында маңызды қызмет атқарсаң да...”.  Көзi тiрiсiнде-ақ тарихқа абыроймен кiрген Алтынбек Сәрсенбайұлы және көмекшiлерi Бауыржан Байбосын мен Василий Журавлевке қастандық жасалғалы да жетi жыл өтiптi. Жетi жылда не өзгердi? Не нәрсеге қол жеткiздiк? Неден айырылдық? Қолымыз жеткен нәрсенiң жiлiгi татымайды. Бос күм­пiл­дек. Айырылғанымыз аз емес. Қоғамның дамуына, демокра­тия­лық үрдiстердiң жеделдеуi­не сеп болар жетi жылымызды жоғалттық! Әзiрге осы.
Алтынбек Сәрсенбайұлының 2006 жылғы ақпанда оқырмандар сұрағына қайтарған жауабын қайталап жариялап отырмыз.   
– Оппозицияның көрiнбей кетуiнiң екi себебi бар. Бiрiншi себебi: сайлау барысында оппозиция өкiлдерi бар күш-жiгерiн салып, қысқа мерзiмде өз бағдарламаларын халыққа таныстыру мақсатында күн-түн демей еңбек еттi. Бұл науқан бар-жоғы 45 күнге созылды. Бiз қоғамдық пiкiр үшiн әдет­тегiден тыс көп еңбек еттiк. Сайлау аяқталғаннан кейiн, әрине, ол қауырт жұмыс сәл саябырсыды.

“Голос Республики” басылымының журналистерi тағы да прокуратураның қырына iлiктi. Бұл жолы Медеу ауданының прокурорлары журналистерге “Рипаблик” басылымын шығардыңдар” деп шүйлiктi. Бiрнеше аптадан берi 99 дана тиражбен шығып жүрген “Рипаблик” тiркеудi қажет етпейдi.

Парламенттегiлердiң “бүйректен сирақ шығаруға” әуес екенi әмбеге аян. Солардың бiрi мәжiлiсшi В.Косарев те ежелгi әдетiнен жаңылмай, тағы бiр министрдiң шаужайына жармасты. Ауылшаруашылық министрi (АШ) Асылжан Мамытбековке қарата сын оқтарын боратқан мәжiлiсшi Қазақстанға жаңадан көшiп келгендей көрiндi бiзге.

Естерiңiзге сала кетейiк, биылғы 10 қаңтарда парламент сенатының төрағасы отырған көлiкке қарата ортаңғы саусағын шошайтып көрсеткен жiгiттiң басы дауға қалған едi. Соған байланысты: “Өзiм танымайтын және менi тани қоюы екiталай әлгi жiгiтке шынында жаным ашиды. 

ЧЕЛАХТЫҢ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМЫ ҚАРАЛЫП ЖАТЫР
5 ақпаннан берi Алматы қаласындағы әскери сотта Челах iсi бо­йынша апелляциялық шағым қарала бастады. Челахты алғашқы инстанцияда қорғаған адвокат Серiк Сәрсенов бұл жолы да әп дегеннен-ақ судья Бақытжан Қарамановтың атына 26 өтiнiш түсiрдi.

Туған жерiм Ойылдағы туыстарыма әйтеуiр әртүрлi себептермен жылына бiр барамын. Бiрақ асығыс барып, асығыс қайтып кетемiз. Өткен жылдың жазында iнiм Сайлаудың үйiне құда күтуге бардым. Абыр-сабыр, мәре-сәре болып құданы қарсы алдық. Қазақтың осынысы жақсы, ағайын-тума жиналып қарық болдық. Құда кеттi, кәде бiттi.

Ұзақ жылдарға созыл­ған отаршылдық езгi халқымыздың тағдыр-талайына өз таңбасын қалдырып, ұлттық құндылықтарымыздың тамырына балта шапты. Тiптi дүниедегi ең асыл, ең абзал, ең аяулы, ең қымбатты, ең ардақты жандарымызды бөгде елдiң тiлiмен атайтын болдық. Анамызды “мама”, әкемiздi “папа” деп айтпасақ

Былтыр Алматы қаласының әкiмi А.Есiмов алқалы жиында «Ауруханалар адамдардың неғұрлым көбiрек ауырғанын қалайды және соған мүдделi» дедi. Ендi әкiмнiң дәрiгерлер­ге қатысты айтқан сөзiн неге ерекшелеп алғаныма тоқталайын. Тек Алматының ғана емес, елдегi бүкiл ауруханалар мен ондағы дәрiгерлер халықты емдеуден гөрi, көп

Қазiргi күнi ұлттық телеарналарымызда шетел кинолары мен мультфильмдерi өте жиi көр­сетiледi. Шетелдiк өнiмдердiң ешуақытта ұлттық сананы ке­ңейтпесi анық. Өкiнiшке қарай, қазақ балаларының санасын жат мәдениет улап жатыр. Жақсы мен жаманның қатар жүрерi анық, шетел мульт­фильмдерiнiң мағыналысы да бар, алайда сондай мультфильмдер мем­лекеттiк тiлде

Соңғы екi жарым жылдан берi тыныштығымыздың бұзылып тұрғанын бәрiмiз де көрiп, бiлiп жүрмiз: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Тараз, Жаңаөзен, кейiнгi Арқанкерген, Ақсай сайы, 2012 жылғы төрт ұшақ апаты, кешегi Шымкент пен бүгiнгi Алматыдағы ұшақтар апаты... Қара жерiмiз де күңiренуiн жиiлетiп тұр...

Соңғы жылдары елiмiзде мерекелiк күндер мен оған берiлетiн демалыстың көбей­генi сондай, апталап жұмыс тоқтайтын болды. Қазақ күнтiз­бесiн ашып қарасаңыз, 2013 жылдың бақандай 14 күнi ресми мейрам күндерi етiп белгiлен­ген. Олардың жұма, сенбi күндерiне дәл келетiн­дерiнiң саны алтау. Бұл қосымша төрт-бес күн демалыс деген сөз.

Бiзде көруге тұрарлық отандық телеарна да, ондағы тәуiр бағдарлама да санаулы ғой. Ресейлiк бағдарламаның қазақша нұсқасын көрсетуден Қазақстан алдына жан салмайды. Алайда ауылдағылар «Хабар» мен «Қазақстанды» ғана кө­ретiндiктен, осы арнадағы бағдарламалар көптiң сұранысын қанағаттандырса екен.

9 АҚПАН – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНI
Мұқағали ақын қандай тақырыпқа ден қойса да, мейлiнше шынайы жырлағандығы шығармаларының шоқтығын биiктетiп тұр. Небiр дүдәмал жағдайлардың бет-бейнесiн ашуға ақынның терең сұңғылалықпен және сарабдал көңiл, нұрлы ақылымен келгендiгi – өзiнше бiр ғанибет дүние. Сондықтан болар, әлгi жырлары құдды бiр сiздiң де айтпақ ойыңызға айналып, дәл сiздiң де жүрек түкпiрiңiзден шымырлап шыққандай әсер қалдыратыны. Мұқаңның сондай жырларының бiрi төмендегiдей едi.
КӨҢIЛI ҚАЛСА...
Университетке қабылданғаннан кейiн бiз, жаңа таныс студенттер, кейде жалғыз-жарым, кейде тобымызбен редакцияларды жағалайтынбыз. Бiр күнi мен “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнiң редакциясына қылтиып жалғыз өзiм бардым. Аты-жөндерiн бiл­меймiн, бiр үлкен бөлмеде кiлең ағайлар мен апайлар отыр екен. Бiреуi маған қарап:
АЛТЕКЕҢНIҢ АЙТҚАНДАРЫ
Алтынбек Сәрсенбайұлы футболды жақсы көретiн. Және өзi тәуiр ойнайтын. Алтыкен ағамен бiрге доп тебу бақыты бiзге де бұйырды. 2005 жылдан бастап қастандық жасалғанға дейiн мүмкiндiгiнше әр сейсенбi мен бейсен­бiде Алматыдағы оқушылар сарайының спорт залында “Жас Алаштың” командасымен бiрге борша-боршасы шыға терлеп, футбол ойнап.
«АРЛАНДАР» «ЖОРЫҒЫ» ЖАЛҒАСАДЫ
Бүкiләлемдiк бокс сериясының үшiншi маусымындағы 8-кездесуiн елiмiздiң “Астана арландары” Ұлыбритания елiнде өткiзедi. Бүгiн Лондонда жергiлiктi “Арыстан жүректiлер” (British Lionhearts) клубының боксшылары “арландарға” қарсы тұрмақ. “В” тобында 21 ұпай жинап көш