1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15781) 12 ақпан, сейсенбі 2013
2010 жылғы шiлде айына дейiн де қазақстандықтар қымбатшылықтың қылбұрауынан босай алмаған-ды. Елiмiз Кедендiк одаққа мүше болып кiрген соң, тұтыну тауарларының бағасы әрмен қарай шарықтай жөнелдi. Үш мемлекеттiң экономикасын бiрiктiрген Кедендiк одақ бiздегi қымбатшылыққа “дем бере” түстi. Бiрыңғай Кедендiк кеңiстiк 170 миллион халқы бар, IЖӨ-нiң жиынтық көлемi 2 триллион долларға сай келетiн, өндiрiстiк өнiмдердiң жалпы көлемi 600 миллиард долларды құрайтын үш ел арасында құрылды

Сан ғасырлық сабырлылық пен ұлттық талпыныстың арқасында Қытайдың экономикасы соңғы жылдары күрт артты. Қытай десе сескенiп, шошынбайтын мемлекет те кемде-кем. Осыдан бiрнеше жыл бұрын, тiптi бiр ғасыр бұрын айтып кеткен әлемнiң футурологтары мен сәуегейлердiң болжамдары шынға айналып келедi. Өткен жылдың өзiнде Қытай мұнай өндiруден әлемдiк рейтингiде төртiншi орынға көтерiлдi. Ал газ өндiрiсiнен 17-шi орынан 6-шы орынға бiр-ақ шықты. Осының өзi Қытайдың қарқынының қандай екенiн көрсетсе керек. Сондай-ақ, биылдан бастап Қазақстандағы барша мұнайдың 40 пайызын қытай ком­пания­лары иемденедi деген ақпарат тарады. Бiрақ билiк бұл деректi жоққа шығарып бағуда.

Челах iсi бойынша апелляциялық шағымды қараған Алматыдағы әскери сот алдыңғы соттың үкiмiн өзгерiссiз қалдырды. 14 шекарашы мен бiр қорықшыны өлтiрiп, өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесiлген Владислав Челахтың адвокаты Серiк Сәрсенов соттың қаулысы қолына тиген соң, әрмен қарайғы әрекеттерге кiрiсемiн деп нық бекiнiптi.

Шекара қызметiнiң директоры генерал Талғат Есетовтiң жұмбақ қазасына қатысты тағы бiр жорамал пайда болды. Комитет­тегiлер “жобалаған” болжамға сенсек, ол 25 желтоқсан күнi Шымкент қаласының маңында құлаған АН-72 ұшағын жөндеуден өткiздi деген белгi соқтырып, “Укрспецэкспорт” компаниясымен келiссөздер жүргiзген көрiнедi. Яғни, апатқа ұшыраған ұшақ қағаз жүзiнде “жөндеуден өткен”

Виктор Храпунов “К+” телеарнасына кезектi рет сұхбат бердi. Бұл жолғысы бұрын­ғысынан өзгеше. Өзгеше болатын себебi – бұған дейiн “бас жаққа барысқысы келмеп едi”, ендi саяси қастандықтарды сөз ете бастапты. Шекара қызметi басшылығы мiнген ұшақтың апатқа ұшырауы мен генерал Есетовтiң өзiне-өзi қол жұмсауы...  Қоғам қайраткерлерi Заманбек Нұрқадiлов пен Алтынбек Сәрсенбайұлына жасал­ған қастандық... Құй сен, құй сенбе Храпуновқа. Әркiмнiң өз ырқындағы шаруа бұл. Бiр анығы мынау:
Жақында қазақ үкiметi моноқалаларды дамытудың 2012-20 жылдарға арналған бағдарламасын пысықтады. Бүгiнгi қазақ билiгiнiң бiр осал жерi – мәселенiң себебiмен емес, керiсiнше, салдарымен күресетiндiгi. Мәселен, Қызыл­ағаштағы қолдан жасалған су тасқыны мемлекеттiң есiн шығарды. Егер дәл осы апат болмағанда, мемлекет елдегi су айдынының ауыр ахуалына қол сiлтеп жүре беретiн бе едi, кiм бiлсiн?!

“Ер шекiспей бекiспейдi” деген қандай шындық! Айтысқа қатты құмартып, айтыс өтедi деген жерге шаршамай, шапқылап жүрген кез. Алматыда, Республика сарайында бiр үлкен айтыс өтетiн болды. Жүрсiн Ерман күнде қатар жүрген сыйлас азамат қой, өтiнiш айтып едiм, обалы қане, қолыма шақыру билетiн ұстата салды. Айтыс басталардан едәуiр ерте келiп, орнымды тауып, жайғасып алдым.

ЖЕТIНШI ОЙ
Басқан iзi артында қаларын көрсе де, Құдайдан басқаның бәрi өзгеретiнiне көңiл бөлмейтiн жастар шықты. Орынды iске омырау­лап ұмтылу қайда, шарықтап кетер кезде де шыға ойламай, көткеншектеп дерте сындырар қылыққа бой ұрғыштығын өздерiнiң мықтылыққа балайтыны да бар-ау.
“2013 жылы кей мемлекеттердi топан су басады” деген болжамды “Мыңнан бiр мезеттiң” өткен санында жариялаған болатынбыз. Атап айтқанда, “Битва экстрасенсов” бағдарламасының жеңiмпазы Александр Литвин осындай сәуегейлiк жасаған-ды. Қызығы, бұл жолы мұндай болжамның шетiн шығарған сәуегейлер мен ғалымдардың пiкiрi бiр жерден шыққандай.
Басылымдардың бетiнде Нигерияның оңтүстiк батыс аумағында тұратын Киклемо Илори есiмдi әйел босанғанда қолында қасиеттi Құран кiтабы бар бала дүниеге келгенi жазылды. Бұған бiреу сендi, ал бiреу сенбеген де болар. Ал өз басым мұны шындық деп қабылдадым. Өйткенi Құран кiтабын түсiнде оқып үйренген адамды өз көзiммен көргенмiн. Бiрде дүниеден өткен iнiмнiң қырқына арналған құдайы асына бардым
МӘҢГIЛIК МАХАББАТ БАРЫН ДӘЛЕЛДЕДI
Шын махаббат ешуақытта да өшпейдi. Нью-Йорк университетiнiң ғалымдары таяуда мұны iс жүзiнде дәлелдедi. Өз қосағыңды жас күнiнде қалай құлай сүйсең, қарттық шақта да дәл солай сүюге болады екен. Тәжiрибеге бiр-бiрiн сүйiп қосылған жастар мен отасқанына 20 жылдан асқан ерлi-зайыптылар қатысты. Ғалымдар оларға таныстарының, достарының
Әңгiме
Зәуренiң жазған хаттары... Сарғайған, сағынған хаттар. Кiмге жазды? Неге жазды? Бәрi жұмбақ... Сегiз жыл бұрын Зәуре үйден кеттi. Iз-түзсiз. Әлi күнге “көрдiм, бiлдiм” деген адам жоқ. Ағам да жеңгемдi iздемедi. Әлде ағам Зәу­ренiң кiмге кеткенiн, неге кеткенiн бiлдi ме? Солай шығар...  Ол кездi мен қалай ұмытайын. Бәрi де шешемнен басталды.

“Жас Алаш” газетiнде жарияланған (29 қаңтар, 2013) Сайлау Байбосынның “Ертiс – Баян өңiрi қаламгерлерiнiң қоғамы құрылды” мақаласындағы облыс әкiмi Ерлан Арынның ел ақын-жазушыларының басын қосып, қоғам құрғанын, мекен-жайын белгiлеп, қаржылық мәселелерiн де шешуге көмек­тесетiнiн оқығанда қуандым әрi таңдандым. Қуану белгiлi ғой.

Стюардесса жолаушылар ет жеп болысымен:
– “Ет етке, сорпа бетке” деген, кiм сорпа iшедi? – деп сұрады. Жолаушылар арасынан сорпа iшетiндер табылмады. Жiлiк мүжiп отырған бiр жолаушы:
– Қарындас, Алматы әуежайына жақындаған шығармыз? — деп сұрады.
– Бiз Алматыға осыдан жарты сағат бұрын келгенбiз, – деп күлiмсiредi стюардесса қыз.
– Сонда қалай?
– Әуежайды алпыс жетiншi рет айналып жүрмiз
КIТАПХАНАШЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДI
– Биыл орта мектептi бiтiремiн. Кiтап оқығанды жақсы көремiн. Арманым – кiтапханашы болу. Мектептегi кiтапхана кiшiгiрiм ғана. Сонда да болса қаптаған кiтаптардың ортасында кiтап оқысам жаным жай табады. Сабақты да көбiнесе осында оқимын. Бiрақ ата-анам қарсы. “Қазiр кiтап оқып жатқан адамды көрмейсiң, айлығы да аз...

Олимпиаданың бiрнеше жеңiмпаз жүлде­герлерi шыққан Жамбыл боксы соңғы жылдары құлдырап кеттi. Тiптi, былтыр Қазақстан чем­пионатында бар болғаны бiр күмiс пен бiр қоланы қанағат етуге тура келдi. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында өңiр боксының тiзгiнi ұлты кубалық, АҚШ азаматы Мануэль Элисондо Кастильоға сенiп тапсырылды.

БIР ЖЕҢIМПАЗ, ТӨРТ ЖҮЛДЕГЕР
Венгрияда өткен “Иштван Башкай мемориалы” деп аталатын халықаралық турнирде Қазақ елiнiң боксшылары 1 алтын, 1 күмiс, 3 қола жүлде еншiледi. 52 келi салмақта Азат Махметов финалда Азия чемпионы деген атағы бар қытайлық боксшыны ұтып, турнир жеңiмпазы атанса, 69 келiде Мейiрiм Нұрсұлтанов алтын медальға таласта венгр боксшысына есе жiбердi.