1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15782) 14 ақпан, бейсенбі 2013
Қырғыздың экс-президентi Құрманбек Бакиев сырт­тай 24 жылға, оның iнiсi мемлекеттiк күзет қызметiнiң бұрынғы басшысы Жаныш Бакиев өмiр бойғы бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бiшкек гарнизонындағы жоғарғы соттың баспасөз қызметi хабарлады. Естерiңiзде болса, Қырғызстанда 2010 жылдың сәуiр айында жаппай көтерiлiс болып, ел президентi Құрманбек Бакиев билiктен қуыл­ған едi.
Сейсенбi күнi таңертең Солтүстiк Корея кезектi рет атом қаруын сынады. Солтүстiктегi көршiлерiмен қырғиқабақ Оңтүстiк Корея “атом бомбасының күшi 10 килотоннаға жеттi” деп хабарласа, орыс мамандары “5 килотонна” деп мәлiмдедi. “Мұның кесiрi табиғатқа анау айтқандай зиянын тигiзбегенi­мен, салдары қиын болуы мүм­кiн” дейдi сарапшылар.

Былтырғы жылдың мамыр айында Павлодар облысы, Ақсу ауданына қарасты “Парамоновка” ауылында моңғол жерiнен қоныс аударып келген оралман ағайындарға байланысты шу шыққан. Оны КТК телеарнасы халыққа жариялады, “Маса.кz” сайты жазды. Анығырақ айтсақ, олар: “Оралман ағайындар жазықсыз жапа шегiп, қораларындағы малдарын көлденең бiреулер полициямен келiп, күштеп алып кеткен”

“Зейнетақы салымдарын шенеунiктерге басқартуға болмайды. Себебi оларға сенiм жоқ”. Сейсенбi күнi Алматыда бiртұтас зейнетақы қорына қарсы пiкiр бiлдiрген бiр топ қоғамдық ұйым өкiлдерi осындай пiкiр бiлдiрдi. Бiртұтас ұлттық зейнетақы қорын құру үлкен қателiкке апарып ұрындыратынын ескерткен белсендiлер президент Н.Назарбаевтың атына ашық хат жолдады.

Француздың “Монд” газетi (Le Monde) былай деп жазды: “Бiрiн-бiрi атарға оғы жоқ қазақстандық екi клан Женева өзенiнiң бойын театрға айналдырып жiбердi”. Басылымның екi клан деп отырғаны, бiрi – Назарбаевтар, екiншiсi – Храпуновтар. “Аңдысу, электронды поштаны бұзып кiру, қысқасы, бiрiн-бiрi тұқыртудың кез келген жолын пайдалану бұлар үшiн қалыпты жағдайға айналған. Назарбаевтардың байлығы 30 мил­лиард доллардан асады, Храпуновтар да оңай-оспақ емес, кезiнде Назарбаев­тар­ға жақын болған бұл кланның қаржысы да миллиардтап саналады.
Шындығын айту керек, баршамыздың санамызда “Тәуел­сiздiк деген мәңгiлiк ұғым. Өзiнен-өзi солай болуы керек те! Және мына жалғанда оны бiзден ешкiм де тартып ала алмайды” деген бiр түсiнiк қалыптасқан. Бiрақ Қазақстанның алдымен Кеден одағына, сонан кейiн Еуразиялық экономикалық кеңiс­тiкке, ендi мiне, президент айтқандай, екi жылдан кейiн нақты ұйымға айналаты
АДАМ ӨМIРIНЕ ҚАУIП ТӨНДIРЕТIН ШМАЛЛЕНБЕРГ АУРУЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТАБЫЛУЫНА КIМ КIНӘЛI?
Сейсенбi күнi өткен үкiмет отырысынан кейiн ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков Солтүстiк Қазақстан облысындағы “Леонов” шаруа қожалығы мен “Полтавское” кәсiпорнындағы Австриядан әкелiнген 722 бас сиырдан вирустық диарея мен Шмалленберг ауруы табыл­ғанын растап, ақпарат бердi. Асылжан Мамытбековтiң айтуынша, дәл осы iрi қаралардың сырқат екенiн Қазақстанның ветеринарлық қызметi карантин кезiнде анықтаған.

Өткен аптада “Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен осындай тақырыпта дөңгелек үстел өттi. Алқалы жиында елiмiздегi белгiлi ғалымдар, тарихшылар, саясаткерлер мен саясаттанушылар өз ойларын ортаға салып, мемлекеттегi көптен ескерусiз жүрген дiни ахуалдың ақ-қарасын ажыратуға тырысты.

Атыраудағы халыққа қызмет көрсету орталығында дау туды. Құрманғазы ауданы ХҚО бұрынғы директоры Қайырбек Өтепбергенов залдағы ұзын-сонар кезек үшiн жұмыстан шығарылған. Алайда шенеунiк бастығының бұл бұйрығымен келiспей соттасып жатыр. Расын айту керек, кез келген мем­лекеттiк қызметкер бастығымен тайталасқа түсе бермейдi.

“Шахтерлiк еңбекке деген құрмет атадан балаға берiлуi тиiс” дейдi Шығыс-Жезқазған мыс кенiшi №57 шахтасы №17 учаскесiнiң “Normet” жерасты қондырғысы тау-шахта операторларының бригадирi Мұхамбетәлi Бәйтенов. Бәйтеновтiң ең жауапты жұмыс аумағы – торкрет-бетондық тiреуiште жұмыс iстеп жүргенiне 17 жылдан асты. 

Маңғыстау облысының әкiмi А.Айдарбаев мырзаның назарына!
Бiздер – саналы ғұмырымызды балаға бiлiм беруге арнаған ардагер-ұстаздармыз. Жарты ғасырға жуық өмiрiмiз мектепте өттi. Алдымыздан сан мыңдаған шәкiрттер өмiрге қанат қақты. Мұғалiмдiк – қызығы мен қиындығы мол, еңбегi көп елене бермейтiн жұмыс. Бiрақ қандай кәсiп иесi болса да, ұстазының алдында өмiрлiк шәкiрт. Сондықтан да болар, ұстаздық – қа­сиеттi мамандық.
1. АБАЙ АТАДАН АЛТАУ ЕМЕС, ЖЕТЕУ!
“Жүрегiңнiң түбiне терең бойла, мен бiр жұмбақ адаммын оны да ойла” деп жырлаған ұлы ақынымыздың жұмбаққа толы соқ­тықпалы, соқпақсыз өмiрiн толық зерттеп болдық па? Бiздiңше, жоқ. Себебi, Абай – шексiз әлем, түпсiз мұхит тәрiздi мәңгiлiк зерттеудi қажет ететiн ғажайып дүние. Ол өзiнiң атақты “Сегiз аяқ” өлеңiнде “Атадан – алтау, анадан – төртеу, жалғыздық көрер жерiм жоқ”

2012 жылғы қараша айынан бастап еңбек ардагерi, құрметтi темiржолшы Жамбыл Әбдiмәжитұлы Битуғанов “өт жолының қабынуы” деген ауыр науқасқа ұшырап отыр. Осы кезге дейiн науқастың бауырына екi рет ота (операция) жасалынып, екеуi де сәттi өткен едi. Аяқ астынан құлап қалғандықтан өт жолы қатты зақымданған. Дәрiгерлер

Қыстың аяқ шенi болатын. Түс мезгiлi. Күнмен шағылысқан қардың бетi жалтырап көзiңдi қариды. Кейбiр қары ерiп кеткен жерлер бусанып жатыр. Екi шелегiн иiнағашына iлген ол тоғанға қарай беттеп барады. Ойы – ертерек лайсаң басталмай тұрып, iшетiн су әкелiп алу. Тоған ауылдан бiрталай жерде.

ҒАЛИЯ ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫНЫҢ “КИЕЛI КИМЕШЕГI”
Таяуда аса құнды фотоальбом қолымызға тидi. Бұл фотоальбом “Киелi кимешек” деп аталады. Авторы – Ғалия Қайдауылқызы. Автордың өзi айтқандай: “Кимешек – қазақ әйелдерiнiң киелi бас киiмi. Бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, талғамы, мәртебесi”.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТIНЕ, ҮКIМЕТ БАСШЫСЫНА, ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫНА
“Қазақстан түрiк әлемiне жетекшi болу үшiн аянып жүрген жоқ. Түрiк академиясын, “Түрiк­сой” кеңесiн құрды... академияның президентi (немесе төрағасы) – қазақ ғалымы, Көкшетау университетiнiң бұрынғы ректоры Шәкiр Ибраев. Қазiр латыншаға көшуге бастамашы болып жүргеннiң бiрi сол. Қазақтар өз тiлдерiн әлi үйренiп болған жоқ.
Ертеде бiр жас жiгiт өзiнiң кедейлiгiн айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен. Бiр күнi зарлап отырған жiгiттiң лашығының қасынан өтiп бара жатқан тас қашаушы қарт әлгiнiң қасына келiп: – Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессiң бе? – деп сұрайды. – Мен баймын ба? – дептi таңғалған жiгiт. – Кәне, қайда ол байлық?
Жақында Астанадағы “Конгресс – Холл” сарайында Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасы “Әзiрет Сұлтан” мешiтi ұйымдастырған республикалық “Тектi сөздiң төресi – терме” атты бәйгесiнiң қорытынды кешi өттi. Онда үздiк деп танылған термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталды. Кештi белгiлi айтыскер ақын Балғынбек Имашев ғибратты уағыздар
Латын жазуына көшуге Мұхаң (Шаханов) қарсылық бiлдiруде. Түсiнуге болады. Мұндай iрi көлемдi шара шұғыл жүзеге асырылар болса, халқымызды сауатсыздықтың жаңа түрiне ұрындыруымыз ғажап емес. Бұл тұрғыда мен де оны қолдаймын. Бiрақ түбi көшуiмiз керек екенi де аныққа шыққан сияқты...

Грек-рим күресiнен елiмiз­дiң ұлттық құрамасы Иранда өтетiн әлем кубогына қатысады. Екi күнге созылатын (19-20 ақпан) әлемдiк сынға үздiк ондыққа енген елдiң құрамасы ат қосады. Бас бапкер Таңат Сағындықов бастап баратын бiз­дiң елдiң балуандары азулы Ресей, Иран, Түркия, Беларусь, Болгария, Әзiрбайжан, Армения, Венгрияның спортшыларымен белдеседi.

ГИННЕС КIТАБЫНА ЕНГЕН ҚОЛТЫРАУЫН ӨЛДI
Филиппиннiң Бунаван қаласындағы хайуанаттар бағында жарты ғасырға жуық өмiр сүрген қолтырауын қайтыс болды. “Қолтырауынның өлiмiне себеп болған жайт – аймақтағы қыстың суық болуы” деп есептейдi мамандар. Бұл қолтырауын адамдарға қайта-қайта шабуыл жасай бер­гендiктен, оны 2009 жылы ұстаған едi.
КIМ КҮШТI?
14-18 ақпан күндерi Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде бокстан төрт елдiң құрамасы арасында турнир өтедi. Бұл сынға Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құрама боксшылары қатысып, Өзбекстан, Әзiрбайжан және Украина ұлттық құрамасының спортшыларымен бiрге сынға түседi.