1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15783) 19 ақпан, сейсенбі 2013

Өткен сәрсенбiде Iшкi iстер министрлiгiнен парламенттiң төменгi палатасына жаңа заң жобасы қарауға ұсынылған-ды. Вице-министр Ерлiк Кененбаев таныстырған бұл құқықтық-акт бiздегi полицейлердiң қару қолдану мәселесiн қарастырғаны белгiлi. Егер осы нормативтiк-акт қабылданып, заңдық күшiне енетiн болса, полицейлерiмiз ешқандай ескертусiз-ақ қару қолдануына рұқсат алады. Ендi сараптап көрiңiз, онсыз да қару қолданудан бiздiң полицейлер кенде қалып жатқан жоқ. Жаңаөзендегi қайғылы оқиғаны еске түсiрiңiз. Ол тұста әлi мұндай рұқсат берiлмеген болатын. Әйтсе де, сол кезде полицейлер халыққа шiмiрiкпей оқ атты. Ал ендi заңды түрде рұқсат етiлсе, қалай болмақ?

Қазақстан президентi Нұр­сұлтан Назарбаевтың Мәскеуге барған соңғы сапарын жұрт сан-саққа жүгiртiп жатыр. Былай қарағанда әдеттегi көп ресми сапарлардың бiрi сияқты көрiн­генiмен, бұл жолғысы бұрынғысынан өзгерек болғаны байқалып қалды. Әрине, ресми жиында Назарбаев пен Путин ең алдымен Байқоңыр мәселесiн сөз еткенi анық.

Қытай экспансиясы елдi жыл сайын дүрлiктiретiн тұрақты тақырыпқа айналды. Қытайлық компаниялар Қазақстанның мұнай-газ саласының басым бөлiгiне иелiк ете бастады деген ара-тұра көтерiлетiн мәселе құдды бiр пинг-понг ойынына айналғандай. Қоғам тарапынан қытайлық экспансиядан келетiн қауiп-қатер жөнiнде айтылса болды, билiк

БАҒДАРЛАМАДАН БАС АЙНАЛАДЫ. ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ЖЕЛГЕ ҰШАДЫ. ЖЕМҚОРЛАРДАН ЖАУАПКЕРШIЛIК СҰРАЛМАЙДЫ
Президент жолдауында бел­гiлеген “Қазақстан-2050” стратегиясы әртүрлi саладағы даңғаза деңгейдегi мақсат-мiндеттердi жария еттi. Ал кей салаларда тiптi су жаңа көрiнген әдiс-тәсiлдер мен басқарудың басқаша жүйесi ұсынылды. Осы мақсаттармен танысып шыққан соң мұны iске асыратын кiм, жолдауда айтылған ХХI ғасырдағы ғаламдық қауiп-қатерге төтеп берудi кiм қолға алмақ дегендей заңды сұрақтардың басы қылтиды.
ӘКIМ АУЫССА, АУЫС-ТҮЙIС БАСТАЛАТЫН ӘДЕТ БАР. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АТ АУЫСТЫРЫП МIНГЕНДЕР КӨП
Облыс әкiмi Қырымбек Көшербаев командасында қызмет етуге кiмдердiң мүмкiндiгi бар? Сырбойылықтар бұл сұраққа күн iлгерi жауап iздеген. Қосшының қандай болатыны басшыға байланысты емес пе, “Қырымбек Елеуұлының қасына халыққа еңбек ететiн еңбекқорлар, iскер­лер, сауаттылар жиналады” дескен ел-жұрт.
КЕРIСIНШЕ ШЫҒЫНҒА БАТЫРДЫ. КЕШЕГI ЖӘНЕ БҮГIНГI МИНИСТРЛЕРДIҢ ҚАЙ СӨЗIНЕ СЕНЕМIЗ?
Солтүстiк өңiрлердегi жаппай мал қырғыны жайлы шу толастамай жатып Сол­түстiк Қазақстан облысында былтыр ғана шетелден әкелiнген асыл тұқымды малдар жөнiнде тағы бiр айқай шықты. Қысқаша қайыр­сақ, былтыр ғана Австриядан 1 миллион 700 мың евроға сатылып әкелiнген 722 бас малдан “аз зерттелген Шмалленберг вирусы” атты 
Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа,  Қазақстан Республикасының премьер-министрi С.Ахметовке, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарына және қазақ халқына 
АШЫҚ ХАТ
СЕГIЗIНШI ОЙ
Қам-қасiретке ұшыраған қазақтың бар кiнәнi бiр өзiнен аулақтатып, Тәңiрi мен тағдырын қосақтап жамап қарғайтыны несi екен? Алты қырдың астындағыны көрiп бiлуге соншама әуес қандасымның иегiнiң астындағыны байқағысы келмейтiнi несi екен? Бiткен iстiң түзiгiн әдейi елегiсi келмей, азаматым дейтiнiмнiң әлгi iстiң әлдебiр бұзығын табуға ынтығып тұратыны несi екен?

Қазақ халқы – той десе iшкен асын жерге қоятын думаншыл, тойшыл, қонақжай халық. Ал қазақтың тойы асабасыз өтпейдi. Мысалы украиндардың асабасы тек сөз сөйлейтiн адамдарды жариялап тұрушы ғана болса, қазақта асаба – тойдың басшысы. Ол тек тiлек бiлдiрушiлердi жариялап тұрушы ғана емес, тойдың бүкiл жауапкершiлiгiн, ауыртпалығын өз мойнына көтеретiн тойдың серкесi.

Қазақ тiлiнiң, ұлттық мә­дениеттiң, ұлттық сана-сезiм мен салт-дәстүрдiң қайта жаңғыруына, дамуына немесе толықтай жойылып, құрып кетуiне ақпарат құралдары ықпал етерi сөзсiз. Яғни ақпарат құралдары мемле­кет­тiк идеологияға айрықша зор әсер етедi. Қазiргi таңда қазақ журналистикасы, кейбiр сарапшылардың айтуынша, өрке­ниеттi елдердiң журналистика қыз­ме­тiмен бәсекеге түсе алады екен.
Өткен жылы Әулие Валентин күнiне бай­ланыс­ты бiраз дау болған. Оны тойлауды заң жүзiнде шектеймiз дедiк. Бiрақ...
Қанша жерден, улап-шуласақ та, бұл “мейрамның” қазақстандықтардың санасына кiрiп, сiңiп қалғаны сонша, биыл да оны армансыз, мейлiнше тойлады. Әртүрлi оқу орындарында, клубтарда дүбiрлеп өттi бұл күн
13-14 ақпанда Райымбек пен Сайын көшелерiнiң қиылысындағы айыпқа алынған автокөлiктер тұрағының күзетшiлерi түнi бойы ұрылармен арпалысты. Нәтижесiнде екi бiрдей ұрылар тобы құрықталды. Олардың бiр тобы – студенттер. Алғашында күзетшiлер әр көлiктiң бөлшектерi, дөңгелектерi жоғала бастағанын аңғарған. Содан ұрылардың iзiн аңду жұмыстарына кiрiскен.

Қазiргi заман – ақпараттың заманы. Тың ойлардың заманы. Технологиялардың заманы. Бүкiл әлемдiк ғылыми прогресс өте үлкен қарқынмен жүруде. Газеттер мен журналдардың, кiтап­тардың орнын интернет сайттары басып келедi. Қазақтiлдi ғаламтордың ендi-ендi аяғынан тұра бастағанын ескерсек, көрмегенiмiз әлi алда екенiн аңғаруға болады.

Өткен жылғы жолдауында президент Н.Назарбаев қа­зақ­стан­дық жастарды қы­зық­тыратын, ынталандыратын кiтаптардың iшi­нен мем­лекеттiк тiлге ау­дару үшiн жастарға 100 үздiк кiтапты таңдап алу идеясын ұсынған-ды. Бұл, әри­не, мәде­ниеттiң дамуындағы үлкен серпiлiс болары анық. Бiрақ бұл да бұрынғы “Бiр ел – бiр кiтап” жобасы сияқты құмға сiңген судай жоғалып кетпесе екен.

Мүсiншi Тiлеубердi Бинашты жас күнiнен бiлетiн белгiлi сатирик Көпен Әмiр-Бек былай деп жазады: “Мен бiлетiн Тiлеубердi бала кезiнен балшық тасып, саз илеп, сан түрлi бейненi мүсiндеуге құштар болды. Әке-шешесi ақ таяқ ұстаған, ақтылы қой айдаған шопан болатын. Арагiдiк қой жа­йып, қозы бағып жүрген кезiнде жер сызып жүрiп талай мәрте отарынан ажырап қалған.
ӘБСАТТАР ҚАЖЫ НЕГЕ КЕТЕДI?
Кейбiр дерек көздерiне сенсек, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербiсәлi хазiрет өз орнынан кеткен секiлдi. Әлгi бiр өлеңде: “Ауылдан бiздiң неге кетедi, Ауа райы ма жақпаған...”– деп айтылатынындай, шынында да, Әбсаттар қажы неге кетедi? Неге кеттi? Ресми емес дерекке сенсек, Әбсаттар қажыны кетiрген Дiн iстерi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы Қайрат Лама-Шә­рiптiң екпiнi сияқты.
Астанада төрт елдiң боксшылар арасында жолдастық кездесу өттi. Мырзағали Айтжанов баптайтын елiмiздiң ұлттық құрамасы өзбек, әзiрбайжан, украин боксшыларын айқын басымдықпен жеңдi. Турнирдiң алғашқы күнi бокс­шыларымыз Әзiрбайжан ұлттық құрамасын қабылдап, 9:1 есе­бiмен тiзерлеттi. Әзiрбай­жан боксшылары арасынан 91 келiге дейiнгi салмақта сынға түскен Тимур Мамедов қана жеңiске жеттi.

Үш дүркiн Азия чемпионы талантты боксшы Ермек Серiковтi өлтiрдi деген айып­пен сотталған қылмыскер Владимир Шепин қайтыс болды. ИА Новости-Қазақстан агенттiгiнiң хабарлауынша, Қарағандыдағы жалпы режимдегi түрмеде жазасын өтеп жатқан Шепин жүрек талмасынан көз жұмған.

БАРЫН САЛЫП БАСЫМ ТҮСТI
Құрлықтық хоккей лигасындағы кезектi ойынында “Барыс” былтыр лиганың чемпионы атанған питерлiк “СКА” командасын 5:4 есебiмен жеңдi. Астанада өткен кездесуде елордалық клубтың жеңiске жетуiне қақпашы Еремеев көп еңбек сiңiрдi. Орай да, борай шабуыл­даған қонақтар көк мұз үстiнде дауыл тұрғызғанымен, қорғанысы қамал қақпашы алдында дәрменсiздiк танытты.