1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15784) 21 ақпан, бейсенбі 2013
БҰЛ ЖӨНIНДЕ ӘУЕ КЕМЕЛЕРIНIҢ БҰРЫНҒЫ ИНЖЕ­НЕРI, ҚАЗIРГI КЕЗДЕ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ БАСЫЛЫМДАРДА ҚАЛАМ ТЕРБЕП ЖҮРГЕН ШЕРМАТ ӘШIРБАЕВ­ПЕН ОЙ БӨЛIСКЕН ЕДIК
Жалпы, отандық авиация паркiнiң ахуалы нашар, ондағы ұшу аппараттарының жағдайы мен оларды пайдаланушы мамандардың бiлiктiлiк деңгейi төмен деп айта алмаймын. Тәуелсiздiгiмiз тұсындағы жиырма бiр жылды алыңыз, одан бұрынғы кеңестiк кездегi авиациялық тәжiрибенi қараңыз, сол уақыттың бәрiнде де әуе тасымалдау жұмыстары ойдағыдай атқарылып келедi. Шетелдiк техникалар да қысқа мерзiмде меңгерiлдi
ЕРЖАН МАЕМЕРОВ КIМ: ЖАС БIЛГIР МЕ, ӘЛДЕ КӨП “МАЛТАПҚЫШТЫҢ” БIРI МЕ?
Сейсенбi күнi Қазақстан мұсылмандарының 7-құрылта­йында бас мүфти жаңадан сайланды. Ол – Ержан Маемеров. Бұған дейiн Семей өңiрiнiң өкiл имамы болған. 1993 жылы әскерден келген соң Египеттiң “әл-Асқар” универси­тетiнiң шариғат және құқық факультетiн тәмамдаған. Үш баласы бар. Жасы қырықтан ендi асқан қылшылдаған жiгiт ағасы.

Вице-премьер Қайрат Келiмбетов соңғы кездерi өз бастамаларымен қаржы нарығын қайта-қайта дүрлiктiрiп әлек. Қаржы нарығын былай қойғанда, қарапайым жұрт та беймаза күйге түсетiн болды әуелi. Бұған дейiн үкiмет жетекшiсi орынбасарының бiртұтас ұлттық зейнет­ақы қорына қатысты мәлiмдемелерi бiрқатар сарапшының қырына iлiксе, ендi саясаткер көтерген соңғы ұсынысқа қаржы нарығының қатысушылары да қабақ шытты.

19 қаңтарда Ақтөбе қа­лалық соты “Вимпекс” арақ зауытын жармақшы болды деген айыппен үш ақтөбе­лiк жасқа үкiм шығарды. Аслан Жақаев (18 жаста) пен Нұрсұлтан Теңiзбаев (17 жаста) 5 жылға, ал Саламат Ахет (17 жаста) 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаладағы кәсiптiк-техникалық лицейдiң студенттерi үшеуi де.

“Жас Алаштың” биылғы қаңтардағы бiр санында жария­ланған М.Шаханов ағамыздың “Руға бөлiнудiң қасiретi немесе ұлттық тұтастыққа қағылған сына” деген мақаласын оқығалы берi тынышым кетiп, ақыр соңында қолыма қалам алдым. Оған қоса, Мұхаңның пiкiрiне қостау бiлдiрген небiр танымал тұлғалардың есiмдерi жазылыпты.

Осыдан 20 жыл бұрын ел президентi “ҚР Қарулы күштерiндегi командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарлары институтын құру туралы” жарлыққа қол қойды. Сөйтiп, кезiнде кеңес әскерi қатарында саяси жұмыстарға жетекшiлiк жасаған “замполит” лауазымы аз-маз өзгерiстермен тәуелсiз Қазақстан әскерiне қайта оралды.

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласындағы Менталиевтер отбасындағы төртiншi баланың дүниеге келуi ендi болмағанда қасiретке айналар ма едi, қайтер едi? Аяқ қолы балғадай жас келiншек соңғы он айдың iшiнде кесер тiлiгiн былай қоғанда үш отаны басынан өткiздi. Көрер жарығы бар екен, денсаулығына төнген қатерге қарамастан басы аман қалды.

Егер мен бiрдеңе-сiрдеңе бiлсем, шен-шекпенқұмарлық сырқаттан шет жүрген кiсiге орден-мөрден, атақ-матақ бергеннен өткен бетсiздiк жоқ. Мәселе атақ-матақтың анандай-мынандайында емес, кiмге, не үшiн берiлгенiнде. Атақты өңi тұрғай түсiнде көксемейтiн, түсiне “Отан” орденi тұрғай, мақтау гра­мо­тасы кiрсе шошып оянып

1990 жылдың ақпан айының басы болатын. Сол кездегi Бiлiм ми­нистрi, қазақтың қайраткер азаматы Шайсұлтан Шаяхметовтiң көмекшiсi қызметiн атқарамын. Бiр күнi әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң жанынан “Қазақ университетi” атты баспа ашылып, оған директорлыққа танымал қаламгер, баспагер Серiк Әбдiрайымұлы тағайындалатын болды.

ҚАЗАҚ АҚЫНЫНА – ҚЫРҒЫЗ СЫЙЛЫҒЫ
Қазақ ақыны Ұлықбек Есдәулетке Бiшкектiң А.Малдыбаев атындағы Опера және балет театрының сахнасында Байдiлда Сарноғаев атындағы Тәуелсiз халықаралық сыйлық және алтын медаль табыс етiлдi. Осы сыйлықты тағайындаған “Жетi Мен” қайы­рымдылық қорының ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi Ұ.Есдәулеттiң

Оңтүстiк Қазақстан облысы – айтыскер ақындардың айы оңынан туған өңiр, оның iшiнде Отырар ауданы суы­рып салма ақындардың ордасы атанғанын жұртшылық жақсы бiледi. От ауызды, орақ тiлдi, айтыстың дүлдүлдерi атанған Тәушен Әбуова, Әселхан Қалыбекова, додаға түссе, әлi де жасындай жарқылдап шыға келетiн Маржан Есжанова, Бекарыс Шойбеков, Анар Жаппарқұлова

Ордабай Жүргенұлы 1921 жылы Қазалы ауданының “Жанай” (кейiн Сталин атындағы колхоз аталған) елдi мекенiнде дүниеге келген. Ол жасынан зерек едi. Жетi жылдықты бiтiргеннен кейiн комсомол қатарына өтiп, ұзамай армия қатарына шақырылған. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан 10 күн бұрын 1941 жылдың 11 маусымында әскерге алынған

Бiздi жаңадан салынған Науалы орта мектебiнiң қазiргi жағдайы қатты алаңдатуда. Себебi жаңа мектептiң құрылысы толық аяқталмаған әрi сапасыз жүргiзiлген. Солай бола тұра Науалы орта мектебiнiң ұжымы жоғарғы билiктiң (облыс әкiмшiлiгiнiң) күштеуiмен құрылысы аяқталмаған мектепке кiруге мәжбүр болды.

Жуырда көршiм Ерболаттың айтқан бiр әңгiме­сi­нен кейiн қалың ой түбiне қамалып, ерiксiз қолыма қа­лам алдым. Бұл оқиға былай болған екен: бiр күнi кешқұрым бi­реулер Ерболаттың үйiнiң есiгiн қағады. Беймезгiл уа­қытта жүрген кiм екен деген оймен үй иесi есiк ашады.
Қыстың соңғы айы. Аялдамада көлiк күткен Жанайым үйiне жетуге асықты. Мiне, көп күткен көлiгi де жеттi. Автобус iшiнен орын тауып, жайғасып алғаннан кейiн көз алдына сан тарау суреттер елестедi. Осыдан тура үш жыл бұрын Жанайым жұбайы Нұржанмен бақытты отбасылардың қатарында едi, ендi ол сәттер көрген түстей ғайыпқа айналған. Ол кездерi Жанайым “әйел жұмыс iстеу керек” дегендi мүлде бiлмейтiн. “Әйелдiң басты мақсаты – үйде отырып бала тәрбиелеу, отбасының мызғымас ұйытқысы болу” деп ойлайтын. Есiмiн еске алғысы келмейтiн үшiншi жанның кесiрiнен отбасының ойраны шықты. Үш бала Жанайымның жетегiмен жүрiп, бүгiн осы өңiрде тұрып жатқан жайы бар.
Екiбастұз өңiрiнде 4-5 iрi шаруа қожалықтары бар. Олардың жағдайлары жаман емес. Өйткенi несиенi де, мемлекеттен берiлетiн субсидияны да алатын солар. Ал ауыл тұрғындары болса сорлап тұр. Әрине, олар да өз шама-шарықтарына қарай мал ұстайды. Бiрақ қаншама бейнетпен өсiрген сол малының пайдасын көре алмайды. Неге дейсiз ғой? Екiбастұз қаласында үш базар бар. Оның екеуi – жекеменшiк. Бiреуi муниципалдық базар.
“МАЙМЫЛ ӘЙЕЛ” ӨЗ ЕЛIНДЕ ЖЕРЛЕНДI
ХIХ ғасырда әлемге “маймыл әйел” атымен белгiлi болған Юлия Пастра 1834 жылы дүниеге келген. Ол өте сирек кезде­сетiн екi дертпен ауырды. Оның бiрi – гипертрихоз едi. Сонымен қатар жағы пропорционалды емес, ал құлағы мен мұрны үлкен, маңдайы кiшкентай болды. Ол 16 жасынан бастап өле-өлгенше циркте қызмет еттi.

Ит – жетi қазынаның бiрi. Үйдiң үлкенi, басшысы болғаннан кейiн, мен үйдегi иттi де, мысықты да отбасы мүшелерiнiң санатына қосамын. Сондықтан олардың да бiз секiлдi мезгiлiнде тамақтанғанын, жылы орында жатқанын әрдайым қадағалап отырамын. Итiмнiң аты –   Буш, бұрынғы АҚШ президентiмен аттас. Балалардың қойып жүргенi ғой. Итiмнiң бiр аяғы ақсақ, сүйретiлiп жүредi. Ауылға ит атушылар келiп дарияның жағасында жүрген көп иттермен бiрге атып кеткен. Қасындағы иттер өлiп, ол амалдап аяғын сүйретiп үйге келдi.

Таңат Сағындықов баптайтын грек-рим күресiнен елiмiздiң ұлттық құрамасы Тегеранда өткен әлем кубогында бiр құраманы ғана ұтты. Венгрия балуандарының белiн бүккен жiгiт­терiмiз қалған кездесуле­рiн­де жеңiлiске ұшырады. Мажарлық балуандарға қарсы күресте   55 келi салмақта Жансерiк Сәрсен­биев Врестлер Ноны жықты

Сейсенбiден сәр­сенбiге ауған түнi УЕФА Чемпиондар лигасының 8/1 финалдық ойындарының алғашқы кездесуi өттi. Лондонда жер­гiлiктi “Арсенал” мюн­хендiк “Баварияны” қа­былдап, 1:3 есебiмен есе жiбердi. Ойынның 7-минутында Кроос есеп ашып, қонақтар алға озды.

Ертең “Астана арландары” бүкiләлемдiк бокс сериясындағы (WSB) кезектi жекпе-жегiн Италияда өт­кiзедi. Былтырғы маусымның жеңiмпазы атанған “Dolce & Gabbana Italia Thunder” клубының боксшылары мына “арландарға” қарсы шығады: 54 келiде Елiк Әбдiрайымов Винченцо Пикардимен жұдырықтасады.

БАПКЕРIНЕ ТЕМIР ТҰЛПАР ТАРТУ ЕТТI 
Петропавл қаласында қа­зақ спортына еңбегi сiңген Есләмбек Бекмурзиннiң мерейтойына орай қазақ күре­сi­нен республикалық турнир өттi. 5 салмақ дәрежесi бойынша сынға түскен балуандардың жеңгенi мен жүлдегер атанғаны ақшалай сыйлыққа ие болса, түйе балуан сайысының жеңiмпазы темiр тұл­пар мiндi.