1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15785) 26 ақпан, сейсенбі 2013
“ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫҢ ОБАЛ-САУАБЫ ПАРАҚОР ШЕНДIЛЕРДIҢ МОЙНЫНДА”
...Алматыдан Астанаға қатынайтын Airbus жолаушылар ұшағы зiкiр салған бақсыдай дiгiрлеп көкке көтерiле бергенде жанымда отыр­ған орта жастағы кiсi күбiрлеп иманын үйiре бастады: “Я, Раббым! Я, Раббым! Аман-есен жеткiзе гөр! Бiлiп-бiлмей iстеген күнәларымды кеше гөр!..”. “Апыр-ай, ә! Мынау бiр бәленi сезiп отыр ма, қалай өзi?” деп өзiңнен-өзiң ма­заң қашады екен. Жолаушылардың көбiнде түр жоқ. Жете ала­мыз ба, жоқ па деген үрей бар көзде­рiнде. Ұшақ көкке көтерiлiп, жол жорғаға салғандай қалыпты жүрiске көшкенде белдiктi шешiп жайланып отырып, әлгi кiсiнi сөзге тарт­тым.
Осы жұрт әлi де Кеден одағының (КО) ел өмiрiне келтiрiп жат­қан әрi одан кейiн де келтiрер кесiрi мен залалын түсiнбей жатқан сияқты. Ел түсiнсiн, осы одақтың ел үшiн, экономикамыз үшiн, бюдже­тi­мiз үшiн бiрнеше қаупi бар. Бiрiншiсi мынау. КО мүшелерiнiң арасындағы кеден төлемдерiн өзара бөлiсу шартына сәйкес Ресей оның 87,97 пайызын иелендi. Қазақстанға 7,33 пайыз бе­рiлген. КО шекара аумағы мен транзиттiк жағдайын ескерсек, осыншама соманың басым бөлiгiне ие көршiмiздiң ұпайы түгел екенiн бiлiп қойыңыз!

Интернет кеңiстiкте жаңадан ашылған Nuradam.kz сайты оқырмандарға жол тартты. Аты басқа демесеңiз, заты Медеу аудандық сотының шешiмiмен үш айға жабылып қалған Guljan.org сайтымен үндес. Дизайны, көтеретiн тақырыптары, мазмұны, тiптi сайттың командасы да Guljan.org сайтынiкi. “Жаңа сайт Guljan.org-тың кебiн кимес үшiн осындай қадамға бардық”, – дейдi жоба жетекшiсi Гүлжан Ерғалиева.

Өткен аптаның соңында елiмiз­дегi оппозициялық партияның екiге бөлiнгенi жөнiнде ресми мәлiмдеме тарады. “Азат” партиясы мен ЖСДП-ның 2009 жылы бiрiгетiнi туралы шешiм қабылдағаны баршамызға аян. Алайда араға төрт жылға жуық уақыт салып, ЖСДП екi партияның екi бағытпен жүретiнiн жариялады. Бұған не себеп болды?

“Рахат Әлиев неге үнсiз қалды?”, “Әлиевтiң көзiн құртқаны рас па?”, “Ол қазiр қайда жүр?” дегенге саятын сұрақтарды “Жас Алаштың” оқырмандары редакцияға жиi жолдайды. Бұған себеп – Рахат Әлиевтiң бiршама уақыттан берi үндемей қалуы. Жақында Республика порталы Қазақстанның құпия қызметi Еуропада арнайы операция жүргiзгенiн жазды. Порталдың жазуына сенсек, Әлиевтiң өлi-тiрiсi белгiсiз.
ЭКС-ӘКIМ, ЭКС-МИНИСТРДIҢ НЕ КӨЗДЕГЕНI БАР?
“2001 жылы президентке қарсы қастандық жасамақ бол­ғандардың белортасында – Дариға Назарбаева жүрдi”, – дейдi Алматының экс-әкiмi Виктор Храпунов “К-плюс” арнасына берген кезектi сұхбатында. Көптен берi президенттiң үлкен қызын сұхбаттарының негiзгi арқауына айналдырған Храпунов бұл жолы Тимур Құлыбаевты да iле кеттi. Айтуынша, ортаншы күйеубала Әблязовтi түрмеге тоғытуды президенттiң үлкен қателiгiне балапты.

Мүфтияттың бiр топ қызметкерлерi ҚМДБ-ның VII құрылтайынан келе жатырмыз. Астана – Алматы бағыты бойынша қатынайтын №10 пойыздың 10-ыншы вагонындамыз. Бүкiл елдiң аузында дiни басқармадағы ауыс-түйiс. Жаңа мүфти келiптi деген әңгiме желдей естi. Кiм қайда келер екен, кiм қайда кетер екен?

ӘЛДЕ БIЛIКТI ДӘРIГЕР ЖҰМЫСҚА ҚАЙТА ТҰРУЫ ҮШIН ТОРТАЕВ ТӨСЕККЕ ТАҢЫЛУЫ КЕРЕК ПЕ?
Шу ауданында шөппен, инемен ем-дом жасайтын бiлiктi дәрiгер бар дегендi естiгенбiз. Десе де, Шу “шөбiмен” әйгiлi бол­ғандықтан емдеу тәсiлiнен секемденгенiмiз де жасырын емес. Жақында бiз сөз еткелi отырған дәрiгер Нұрсанай Хамитұлының жанашырлары әдiлдiк сұрап хабарласқаннан кейiн, ат-көлiгiмiздi сайлап шүу Көкшолақ деп Шуға тартып тұрдық.
ҮНДЕУ
Елiмiзде соңғы кездерi “Бiртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры” төңiрегiнде қызу пiкiрталас толастамай тұр. Әртүрлi болжамдар мен алыпқашпа әңгiмелер талқылануда. Мемлекеттiк емес зейнетақы қорларымен келiсiмшарт жасасып, бiртұтас ЖЗҚ-ға салымдарын аударғысы келмейтiн салымшылар “Не iстеу керек?” деген сұраққа бас қатыра бастады.
Кеше Парламент Мәжiлiсiнiң табалдырығында Оңтүстiк Қазақстан облысының тумасы Гүлсара Лесбекова наразылық шарасын ұйымдастырды. Қабырғасы қайысқан зарлы ана құқық қорғау органдары қыз­мет­кер­ле­рiнен зорлық-зомбылық көрген мүгедек қызына депутаттардың араша түсуiн сұрады. Гүлсара Лесбекованың айтуын­­­ша, Оңтүстiк Қазақстан облысы iшкi iстер департаментi бастығының бұрынғы орынбасары полиция полковнигi С.Жұмабаев
Эссе-этюдтер топтамасы
Қытайдың данышпан ойшылы Күңзы (Конфуций) осыдан аттай 25 ғасыр бұрын: “Бiр адамды екi қайтара сынаудың қажетi жоқ. Себебi адам табиғаты өзгермейдi. Адамды неше қайта сынауға уақыт жоқ, өмiр қысқа” деген екен. Сол сөздiң көңiлiме қонғаны сонша, соңғы жылдары мен осы қағиданы ұстанумен келемiн.  Жас ұлғая келе менiң өз тәжiрибем де Күңзы өсиетiнiң ақиқаттығын сан рет растады.
98 жасқа қараған шағында Алаштың аяулы ұлы Мiржақып Дулатовтың қызы, Ахаңдар мен Жахаңдардың тәрбиесiн көрген Гүлнәр Мiржақыпқызы Дулатова дүниеден өттi. Әкесi атылған кезде Гүл­нәр апай 20 жаста болатын. Жиырма жастағы қыз бәрiн көкейге түйiп өстi. Алаш арыс­тары ақталған кезде Гүлнәр апай сол заманды бүгiнгi заманмен қабыстырған алтын көпiр бола бiлдi.

Ақпанның 17-сiнен бастап Қазақстанда күшiне енетiн әлеуметтiк сақтандыру заңындағы өзгерiстерге сәйкес, айлығы 186 мың теңгеден ($1=150 теңге) асатын әйелдерге жүктiлiк пен бала тууға байланысты берiлетiн бiр реттiк төлем бұрын­ғы мөлшерiнен қысқартылмақшы. Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда әлеуметтiк сақтандыру қорына ақша аударатын 2 миллион 800 мың әйелдiң 1,2 пайызы ғана 186 мың теңгеден көп айлық алады.

Өз-өзiне қол жұмсау, яғни суицидтен әлем бойынша екiншi орынға көтерiлген Қазақстан арақ iшуден де алға шықты. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының спирт iшiмдiктерiн тұтынуға қатысты әлем бойынша жүргiзген арнайы зерттеуiнде Қазақстан 188 елдiң арасынан 34-орыннан көрiнген. Орталық Азия елдерiмен салыстырсақ, бұл тiзiмде

Қыздар кейде жiгiттiң көзқарасын дұрыс анықтай алмай жатады. Жанарына бiреу қадала қалса, табан астында жылы сөйлей қалса, өзiне ғашық екен деп ойлап қалады. Сөйтедi де, сол жiгiттiң өзiне келiп жүрегiн ұсынғанын күтедi. Ал жiгiт ол ару жайында қандай ойда? Онда қыздың шаруасы жоқ. Өзiн-өзi алдап, оның келер жолын тосып жүре бередi. Бәлкiм, төмендегi жолдарды оқып, ойланып көргеннiң артығы болмас, қалай ойлайсыз?

Құрметтi редакция, “Отбасы” қосымшасында түрлi ой саларлық дүниелер жарияланатыны өте ұнайды. Отбасылы адам­ға ғана емес, болашақ ерлi-зайыптыларға да арналған тақырыптарды көбiрек көтерсеңiздер деген тiлегiм бар. Мысалы, мен әлi тұрмыс құрмаған қызбын. Алдағы уақытта газет қосымшасы арқылы жұбайлар жарастығы жөнiнде кеңес беру тұрғысындағы материалдар жарияласаңыздар екен.

АЛМАТЫДА, АСТАНАДА ЖАЗУШЫ АҒАМЫЗҒА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ ЖОҚ
– Оралхан аға Бөкейдi бiлмейтiн қазақ жоқ. Оның шығармаларымен сусындамаған адам да жоқ шығар. “Қар қызы”, “Атау кере”, “Жасын”, “Сайтан көпiр”, “Мұзтау” және тағы да басқа шығармаларын жата-жастана оқыдым. Әлi де оқып келемiн. Сiздерден өтiне сұрарым, жазушы ағаға арналған мұражай бар ма? Нақты бiлетiнiм, Алматыда, Астанада ондай мұражай жоқ.
Боксшы Қанат Сiләм АҚШ-қа аттанды. Өткен аптаның жексенбiсiнде ұшаққа мiнiп, мұхит аспаққа қамданған қазақтың қайсар ұлының “ZHERSU” инвестициялық-өндiрiстiк корпорациясының ұжымы мен журналистер белiн буып, ақжарма тiлекпен аттандырды. Мiне, осы басқосуда Қанатттың атажұрт­қа қалай келгенi, ненi мұрат тұтып туған жерге қазығын қаққаны жайлы кеңiнен әңгiме болды.
ҚАНДАЙ МЕДАЛЬ ЕКЕН?
Италияда өтiп жатқан шаңғы спортынан әлем чемпионатында жерлестерiмiз қола жүлде иелендi. Командалық сайыста Алексей Полторанин мен Николай Чебатьконың алдын орыс пен швед спортшылары ғана кестi. Алексей Петухов пен Никита Крюков әлем чем­пио­ны атанса, Маркус Хельнер мен Эмиль Йонссон күмiс жүлденi қанағат еттi. Қола медаль елiмiздiң ен­шiсiнде.