1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (15786) 28 ақпан, бейсенбі 2013

Женевада Динара және Тимур Құлыбаевтарға қарсы қылмыстық iс қозғалуы мүмкiн. Швейцария прокуратурасы Назарбаев отбасының мүшелерiне қатысты тексерудi бастады. Neue Zurcher Zeitung басылымының жазуынша, бұған Құлыбаевтардың қатысы бар коммерциялық дау-дамай себеп болған. Прокурорлық тексерiс Лейла Храпунованың арыз-шағымынан кейiн басталған. Neue Zurcher Zeitung Құлыбаевтар мен Храпуновтардың  “коммерциялық дауы” Қазақстанда бастау алып, Швейцарияда жалғасқанын нақ­тылайды.

Бұл не сонда? Қазақ тiлiн қолдау ма, қорлау ма? Демек, тек мемлекеттiк тiл­де жiберсең, хатыңды қа­ра­майды әрi қабылдамайды. Онда оның несi мем­лекеттiк тiл? Қасында қо­самжарланып орыс тiлi жүр­месе, қазақ тiлiнiң күнi қараң болғаны ғой? Ата заң, Конституциямыздың қатаң қағидасы қайда қалды? Онда “Қазақстан Республикасында мемле­кет­тiк тiл – қазақ тiлi” деп тайға таңба басқандай етiп көрсетiлген ғой.
Қытаймен шекарадағы “Қорғас” кеден бекетiнiң дауы бiтпей жатып оңтүстiк өңiрден тағы бiр шу шықты. Бұл жолы Қырғызстанмен шекарада. Қаржы министрлiгiнiң кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Аманияз Ержановтың айтуынша, Қырғызстанмен шекарадағы жалған транзиттерден мемлекет 600 миллион теңге зардап шегiптi. Қаңтардың 15-16-сы күндерi осындай заңсыз жүк тасыған тағы бiр жүк көлiгi ұсталды.

– Бiрiншiден, мен – дәрi­гермiн. Iшкi органдары ауы­рып, көздерi жәудiреп сырттан көмек сұрап келген жап-жас науқастарды көрген адаммын. Әлi де көрiп жүрмiн. Олар жал­ғыз емес, олардың төңiрегiн­де ата-анасы, тума-туысы, бала-шағасы, жанашырлары жүредi. Әсiресе, науқас баласының жанында шырылдап әке-шешесi тұрады. Қазақта жақсы сөз бар, «құс та балапаны үшiн тұзаққа түседi»

Ақтөбеде кезектi сот процесi өттi. Бұл жолы да қармаққа iлiккен 17-18-дегi үш жiгiт «лаңкестiктi насихаттағаны үшiн» әртүрлi мерзiмге абақтыға жабылды. Көптiң түсiнiгiнде лаңкестiктi насихаттау – терiс әдебиеттер тарату, көпшiлiк орындарда үгiт жүргiзу, лаңкестiкке шақыратын сайттарға кiру, қару-жарақ пен жарылғыш құралдарды пайдалану, шекараның арғы жағындағы күмәндi пиғылдағы жандармен байланыс орнату
БIРАҚ ОҢАЛҒАН НӘРСЕ БАЙҚАЛМАЙДЫ
Былтыр да бiр сөзiнде алматылық ауруханалар мен ондағы дәрiгерлердi сын тезiне алған Ахметжан Есiмов биыл да соған ұқсас жайттың құлағын тағы қылтитты. Ол науқастардан ақша талап еткен ақ халаттылардың мәселесiн май шаммен қарауды ұсынды.
ҚР Президентi әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң орынбасары Ғабидолла Әбдiрахымов министрлiктерде қызмет етiп жүрген бес мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер жергiлiктi органдарға жұмыс iстеуге жiберiлетiнiн мәлiмдедi. Ғабидолла Әбдiрахымов алдағы уақытта Қазақстанда өзiн-өзi басқару саласында өте маңызды қадамдар жасалмақ дейдi. Бұл шешiм жергiлiктi ауыл әкiмшiлiгi аппараттарын кеңейту мақсатында шыққан. Өйткенi дәл қазiр ауылдық жерлерде әкiмдер жұмыс iстеп жүр­генiмен, онда мамандар жеткiлiксiз.

“Арқа сүйеу” қоғамдық қоры Алматыда өздерiнiң баспасөз жиынын өткiзiп, атқарылып жатқан шаруалары жө­нiнде есеп бердi. Бұл қоғамдық қор қазақстандық саяси тұтқындарды қорғау мәселесiмен айналысу мақсатында құрыл­ған-ды. Баспасөз мәс­ли­хатын өткiзген осы қоғамдық қордың өкiлi Михаил Сизов “Козловтың кейсiн” жұртқа таныс­тырды

Қазақстандағы жағдай өзгеше. 2009 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың 98,3 пайызы ауызекi тiлдi түсiнедi, 95,4 пайызы еркiн оқиды, 93,2 пайызы еркiн жазады деп көрсеткен. Өз басым осы деректерге сенбеймiн. Марк Твен айтқандай, өтiрiктiң үш түрi бар:

Көптен берi үнi шықпай қалған Рахат Әлиев қайта бас көтердi. “Қазақстанның арнайы қызметi Рахат Әлиевке қарсы операцияны iске асырды” деген ақпараттың жалған екенiн болжап едiк, бiздiң жорамалымыз рас болып шықты (“Рахат Әлиев неге үндемейдi?”, “Жас Алаш”, №15, 26 ақпан 2013 жыл). Бұрынғы күйеубала дiн аман. “Фейсбуктағы” жеке парақшасында экс-қайын атасына қатысты кезектi әңгiменi гулетiп жүр.

Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, жастар саясатында шешiмiн таппаған мәселелер баршылық. Мәселен, оқу орнын тәмамдаған мамандардың жұмысқа орналасуы мұң. Бұрын жастар тек қана бiлiм алуы үшiн оқытылса, ендi жаңа тұжырымдамаға сәйкес әрбiр маман жұмыс берушiнiң өтiнiшi негiзiнде дайындалады.

Арал ауданының әкiмi Мархабат Жайымбетовтiң назарына!
Жақында Қызылорда облысында ауыс-түйiс болды. Бiр ауданның әкiмiн екiншi ауданға ауыстырды. Зейнет жасына жеткен Арал ауданының бұрынғы әкiмi Мұсабаевқа “зейнеткер” деген атақ берiлiп, елге iстеген қызметi үшiн алғыс бiлдiрiлдi. Сөйтiп, маңдайдағы соры бес елi осы ауданға су жаңа әкiм келдi. Аты – Мархабат, тегi – Жайымбетов. Аралдың табанынан су кеткелi халқының жүрегiнен сыз кетпедi.

Мен Жаңаөзен қаласының сал­қын суы мен кәрiзiн (канализация) қамтамасыз етiп отырған “Өзен­инвест” мекемесiнде 20 жылдан аса жұмыс iстеп келемiн. Екi жылдан берi маған “басшылар неге өтiрiк айтады?” деген сұрақ тыныш бермей жүр. Бiздiң жұмысымыз зиянды деп есептелiнедi.

Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековпен қоса 8 ұл-қызды жарық дүниеге әкелiп, тәрбиелеп өсiрген ардақты ана Дәметкен Асанбайқызы 68 жасқа қараған шағында кенеттен өмiрден озды. Қарапайым ауылда ту­ып­-өскен Дәметкен бойжеткен соң өз жүрегiнiң қалауымен 1960 жылдардың басында

Соңғы кездерi жиiлеп кеткен апаттар әрбiрiмiздi алаңдатуға, ойлантуға тиiс. Себебi Жаратушының қаһарына ұшыраған ел жер бетiнде жазасын аларын ұмытпайық. Бұған Гаити мем­лекетiндегi су тасқынын, Жапония­дағы зiлзала мен АҚШ-тағы алапат дауылдар мен құйындарды мысал етсек, жетiп жатыр.

Көрермендер үшiн әзiл-сықақ театрының iшiнде “Шаншардың” орны бөлек. Солай бола тұрса да, жуырда “Хабар” арнасындағы “Ду-думан” бағдарламасынан осы театрдың “Қыз Жiбек” деген қойы­лымын (авторлары: У.Әбдi­райымов, Н.Төлендиев) көрiп, онда лиро-эпостық (ғашықтық) жыр – “Қыз Жiбегiмiздегi” екi жастың сүйiспеншiлiк сезiмi, аянышты халi, қайғы-зары мазаққа айнал­ғанына қатты қапаландым.

1968-70 жылдары Забайкальск әскери округiнде көзден таса жерде № 07389 зымырандық әскери полк болды. Мен сонда Отан алдындағы борышымды өтедiм. Бiз жерасты үш зымыранды күзететiнбiз. Бұл – құпия едi. Бiзге жария етпеуге (25 жылға) қол қойғызып, ант қабылдатты.

Эссе-этюдтер топтамасы
Қажығұмар Шабданұлының тағдыры Қазақстандағы азаматтарды сынақтан өткiзетiн лакмус қағазы секiлдi болды ғой бұл күнде. Қажекең өлер­дегiсiн айтып, Қазақстан пре­зи­дентiне екi дүркiн хат жазды: “Жасым сексенге келдi. Оның қақ жартысы түрмеде өттi. Ендi маған ие болыңдар. Атажұртыма барайын. Туған жерден топырақ бұйырсын дегеннен бас­қа тiлегiм жоқ” деп қанша өтiнсе де, орнынан қозғалған ешкiм болмады.
ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРI
Кеше ҚР Ұлттық кiтапханасында “Хореографы Казахстана” атты энциклопедиялық анықтамалықтың тұсаукесерi өттi. Бұл кiтапты құрастырушылар: филология ғылымдарының докторы А.Мусинова, өнертану ғылымдарының кандидаты А.Шанкибаева, өнер магистрi А.Садықова, педагогика ғылымдарының кандидаты Л.Николаева.

Осымен екiншi олимпиада ойындарынан Жамбыл облысынан барған боксшылар медальсiз қайтып келдi. Онсыз да соңғы кезде түрлi спорттық мереке-жиындарда сан мәрте қайталап айтыла, жазыла беретiн Серiк Қонақбаев, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмадiлов һәм Болат Ниязымбетов және Бақтияр Артаевтың аттары аталған сайын бокс саласындағы тоқыраудың салқынын сезiне түсесiң.

Корольдiк клуб “Реал” Испания ку­богының финалына шықты. Каталониядағы “Камп Ноу” стадионында өткен қарымта ойында Жозенiң жi­гiттерi азуы алты қарыс “Барселонаны” 3:1 есе­бi­­мен ұтты. Алғашқы ойын Мадридте өтiп, екi клуб та 1:1 есебiн қанағат еткен болатын. “Барселонаның” жан­­кү­й­ер­­лерi алдында Месси, Хаби, Иньеста, Пуйоль
КЕЙIНГЕ ШЕГЕРДI
Ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты биыл сәуiрде Астанада өтедi деп белгiленген едi. Алайда Азия ауыр атлетика федерациясы құрлық бiрiншiлiгiн кейiнге ысырып, маусым айында өткенiн қалаған. Олар жақында Ташкентте болатын жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионатымен қабаттастырмауды құп көрiп, өзгерiс енгiзген.