1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15787) 5 наурыз, сейсенбі 2013
БАСҚАША АЙТҚАНДА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛОББИСТЕРI
Посткеңестiк елдердiң билеушiлерi шетелдiк кеңесшiлерге құмар. Кеңесшi болғанда да олар қара жаяу сарапшыны емес, халықаралық беделi бар, Батыста сөзi өтiмдi лоббистердi жұмысқа тартатынын өмiрдiң өзi көрсеттi. Әдетте мұндай кеңесшiлердiң қызметi ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейдi. Халықаралық лоббистердiң қыз­метiне жүгiнген билеушiлер “ақылшыларды” түрлi саяси мүдде үшiн пайдаланады. Бұл билеушiлерге қызмет еткен лоббис­тердiң де ұпайы түгел. 1990 жылдардың ортасында түрiкменба­шы С.Ниязов израильдiк “Мерхав” корпорациясының президентi Йосиф Майманды кеңесшiлiкке тартты. Газ саласы бойынша кеңес берген израильдiк көп ұзамай Түрiк­менстанның мұнай-газ саласын иелiк ететiн алпауытқа айналып шыға келдi. Қазақстан
НЕМЕСЕ ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЕТУГЕ ҚАРСЫЛАРДЫҢ КЕЗЕКТI ӘРЕКЕТI ТУРАЛЫ
Өткен аптаның соңында өңiрлiк даму министрлiгiнiң жер ресурстары жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары Қадырхан Отаров мәжiлiсте мәлiмдеме жасады. Оның пiкiрiнше, тұрғын үй салу үшiн 10 сотық жердi тегiн берудi тоқтату қажет. Мұны Жер кодексiне тасқа басқандай етiп жазып, тегiн жер алғысы келетiн миллиондардың үмiтiн үзбек.
Мұны Жалпыхалықтық референдум өткiзу жөнiндегi бастама дүмпуiнiң оңды ықпалы деп бағалаған жөн.
Былтыр ғана халықаралық ядролық отын банкiн орна­лас­тыруға Үлбi металлургия зауыты лайықты деп таныл­ған-ды. Сол тұста Өскемен­дегi бұл кәсiпорынның қоймасы мен қауiпсiздiгi барлық талапқа сай келетiнi жөнiнде “Қазатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясының басшылары жарыса мәлiмдескен.

Қазақстандағы дәулеттiлер мен кедейлердiң арасының тым алшақтап кеткенi күнде айтылып жүрген жайт. Жуықта үкiмет басшысының орынбасары Ербол Орын­баев дағдарысқа қарсы және осы алшақтықты реттейтiн бағдарламаның қолға алынғанын хабарлады. “Бұл бiздегi экономиканың дамуына байланысты болып отыр. Экономиканың дамуындағы жетекшi орынды тау-кен өндiрiсi мен мұнай өнеркәсiбi алады

Ғалам үшiн қос қарыстай Қазақстан түгiлi, кезiнде “түкi­рiгi жерге түспеген” Кеңес одағының өзiн мойындатып, саф алтындай сапалы сары мысымен әлемге әйгiлi болған қуатты кен-металлургия комбинаты қалай жеке адамның “жұтқыншағынан” өтiп кеткенiн күнi бүгiнге дейiн түсiнбей жүргендер көп. Қазiргi “Қазақмыс” басшылығына қа­тыс­ты бiрдеңе дейiн десе, алдынан көлденеңдеген “жеке­мен­­шiк” деген бiр ауыз сөз жiгерiн құм қылады.

Наурыздың бiрiншi күнi Алматыда бiр топ азамат наразылық шарасын өткiздi. Қымбатшылықтан қабырғасы қайысқан қарапайым жұрттың мұнан өзге жол таппағаны анық байқалды. Күн санап бағасы өскен тұтыну тауарымен қатар коммуналдық қызмет көрсету ақысы да шарықтап барады. Бұрындары жыл басында немесе жыл соңында жарық, жылу, судың бағасы қымбаттайтын.

...Апта сайынғы дүйсенбi күндерi өтетiн аты iлездеме болғанымен газеттiң соңғы аптадағы жарық көрген нөмiр­лерiн жан-жақты талдайтын, кемшiлiктерi мен жетiстiктерiн ұңғыл-шұңғылына дейiн саралайтын және алдағы аптадағы жоспарын кеңiнен талқылайтын 2-3 сағатқа созылар үлкен жиналыстың соңын ала бере “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнiң бас редакторы қайран Сейдахмет аға

Өткен бейсенбi күнi Алматы қалалық сотында сот шешiмiмен жабылып қалған бiрқатар “экстремистiк” ақпарат құралдарына қатысты брифинг өттi. Бұл жиын ортақ БАҚ деп танылып, сот шешiмiмен жабыл­ған “Республика”, “Взгляд” басылымдары мен “Стан ТВ” ақпараттық бейнепорталы, “К плюс” арнасы мен Медеу аудандық сотының үкiмiмен үш айға тоқтатылған guljan.org порталына қатысты едi.

Эссе-этюдтер топтамасы
Авиацияда ұшқыштардың әлденеше категориясы болады. Кеңiстiкте жаңа ауа жолдарын, жаңа маршруттар ашып, жаңа самолеттердi басықтырып, сынақтан өткiзетiн сынаушы ұшқыштар (бiздiң Тоқтар Әубәкiров сияқты), солар салып берген iзбен халықаралық алыс рейстерге ұшатын тәжiрибелi аламан ұшқыштар, ең соңында ауыл арасында ұшып-қонатын қолды-аяқты, қосалқы ұшқыштар.

Соңғы он жетi жылдан астам уақыттан берi түрлi себептермен ҚР ҰҒА қатары жаңа корреспондент-мүшелермен толықтырылмай келе жат­қан болатын. Осы жылдың қаңтарынан бастап ҰҒА төралқасының шешiмiмен академияның корреспондент-мүшелiгiне сайлану үшiн конкурс жарияланып, үмiткерлер тiзiмi де мерзiмдi баспасөз бетiнде жарық көрдi. Ақпанның соңғы күндерi ғылым ордасының салалық бөлiмшелерi жарысқа түскен үмiткерлердi iрiктеп

Көзiм жоқ! Сипап қоям орнын, шынында да жоқ. Кеше ғана болған, рас айтам, кеше ғана болған. Ой, Алла, қайда қалды екен?! Кеше Жұмабай екеумiз бiраз сылқитқамыз. Бiраздан да өтiп кеткен сияқтымыз, бiраз болса көзiмдi жоғалтпас едiм ғой. Содан мiне, бiр көз бар орнында, екiншi көз жоқ. Сау көзiм бар, ал протез көзiм жоқ. Протез көзiмдi “өгей көз” деушi едiм, соған өкпелеп қашып кеттi ме? Әлде iшiп жүргенде бiреу көзiмдi ұр­лап кеттi ме екен?
Серiк ҚИРАБАЕВҚА
Болса болды үлкендер сыйға лайық,
Үлкендердi сыйлайық қинамайық.
Ақсақал ма? Ол жағын өзi бiлер,
Академик, әйтеуiр, Қирабаев.
Шешесi қызына ақыл үйретiп жатыр:
– Қызым, есiңде болсын, күйеуге шықпай еркекпен бiр төсекте жатушы болма!
Қызы:
– Өзiм де осындай ойға келдiм. Еркектер кiммен төсектес болғанын бiр-бiрiне айтып қояды екен. Ақымақтар!

Ертеректе насихаттық жұмысы сөнуге айналып, жұрт есiнен шыға бастаған қазақ күресiнiң бойына қайта қан жүгiргенде бәрiмiз де қуандық. Жапондар дзюдосын қалай әлемге әйгiлi еткенi баршаға аян. Күрескенде киетiн спорттық киiм мен күрес кiлемiн арқалап жүрiп әр елге таратып, тiптi су тегiн берiп дамытып алды.

ЕКIНШI ҚОЛА ЖҮЛДЕ
Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өткен әлем чемпионатында жерлесiмiз Алексей Полторанин 50 шақырымдық қашықтықтың жекелей сынында қола жүлде иелендi. Классикалық әдiспен жарысқа түскен шаңғышылар арасынан әлем чемпионы атағы швед спортшысы Юхан Ульссонға бұйырды.
ҚАЛА IШIН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНАН ТАЗАРТПАҚШЫ
Боготаның (Колумбияның астанасы) тұр­ғындары үкiметке жаппай жылқыларын, сиырлары мен есектерiн өткiзуде. Әр өткiзген үй жануарлары үшiн үкiметтен оларға ақша, жаңа көлiк және басқалай көмек көрсетiледi. Сонымен қатар әкiмшiлiк қариялардың немесе нау­қас адамдардың үйлерiн күрделi жөндеуден өткiзiп бермекшi.