1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15788) 7 наурыз, бейсенбі 2013
Жиырма жыл бұрын көтерiлген мәселе, яғни Қазақстанда Атом электр стансасын (АЭС) салу түбегейлi шешiмiн тапқан сыңайлы. Билiк ел-жұрттың пiкiрi мен қарсылығына қарамастан, атың өшкiр стансаны Ақтау­да салмақ. АЭС-тiң залалы мен зауалы жайында талай айтылып, жазылды да. Әйтсе де, билiк әзiрге алған бетiнен қайтар ыңғай танытар емес. Қазақ елiнiң шығысы, сол­түстiгi мен орталық аймақтары полигонның, ал оңтүстiгi уранның зардабынан бүгiнге дейiн көз ашпай отыр.

“Үкiметiмiз Ақтауда АЭС салатын орынды анықтады. Сөйтiп, шын мәнiнде саяси шешiм қабылданды...”.   Мiне, бұ­қаралық ақпарат құ­ралдары дәл осылай ақпарат таратты. Бұл жаңалықты елiмiзде кiм қалай қабылдады? Қа­зақстанның жағдайы бар бақуат азаматтарына сол АЭС-тi Астананың түбiнен, Ақорданың жанынан салсаң да бәрi­бiр. Өйткенi олардың есебi түгел.

“Қазатомөнеркәсiп” Ұлттық компаниясының Ақтауға АЭС салынатын болды деген хабары маңғыстаулықтардың жаппай наразылығын тудыруда. Дүниежүзi АЭС-тен бас тартып, оның орнына экологияға қауiпсiз балама энергия қуатына көше бас­тағанда, халықты қырып-жоятын атом­ға қайта оралуы халықтың ашу-ызасын келтiрдi.

Сейсенбi күнi президент Нұрсұлтан Назарбаев өзiнiң күзет қызметiнiң бастығы етiп Әнуар Садықұловты қайтадан тағайындады.
Садықұлов “көзiн ашқаннан” президенттiң күзетiнде қызмет етiп келедi. Қатардағы офицер, бөлiм бастығы, басқарма бастығы, күзет қызметi басшысының бiрiншi орынбасары, президенттiң жеке қауiпсiздiгi қызметi­нiң бастығы болды. Ендi, мiне
“Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек осылай деп «жаңалық» ашты
Сейсенбi күнi өткен үкi­мет отырысында билiк басындағылар “Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық iс-әрекеттер жоспары” сайлауалды тұғырнамасында берген уәделерiнiң орында­луын тiзiп шықты. Уәзiр­лерiң бар, әкiм­қарала­рың бар елдiң саяси, әлеуметтiк, экономикалық жағда­йын жайнатып жiберiп, әй, мақтауын келтiрiп жатты, келтiрiп жатты. Бiрақ...
Forbes журналы жылдағы әдетiнше әлемдегi ең бай адамдардың тiзiмiн жариялады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша түзiлген кезектi тiзiмге енгендердiң саны рекордтық көрсеткiшке жетiп, 1 мың 426 адам болыпты. Биыл бұл тiзiмге 42 елден 210 жаңа бай қосылған. Бұған қоса, әлемде миллиардер әйелдердiң саны 104-тен 138-ге дейiн көбейген.
“ҰЛЫ КОМАНДАНТЕНI УЛАҒАН – БIЗДIҢ ЖАУЛАРЫМЫЗ!”
Наурыздың 5-i күнi бесiнде Венесуэланың президентi – боливариан төңкерiсiнiң көсемi Уго Чавес 59 жасына қараған шағында айықпас науқастан көз жұмды. Қаралы хабарды Венесуэла вице-президентi Николас Мадуро жылап тұрып естiрттi. “Бiз бiр жұдырық болып бiрiгуiмiз керек. Өз халқын қызғыштай қорып үйренген бiзге, бiздiң үкiметiмiзге сенiңiздер. Ұлы комендан­тенi улаған – бiздiң жауларымыз!

Билiк латын әрпiне өту мәселесiн көтермес бұрын, қоғамдағы танымал бел­сендi азаматтармен бiр-екi рет кездесу жасап, алдымен халықтың тамырын басып байқауы керек едi. Олар жұрттың барлығы бiрдей бұл мәселенi қолдай салады деп санаған шығар. Не болмаса, әдейi жасады ма, белгiсiз. Бұл, әрине, билiктiң үлкен қателiгi. Ал бiздер сол қателiктi қайталадық.

Президент Н.Назарбаевтың еуропалық кеңесшiлерiн Батыс басылымдары әжуаға айналдырды. Бұл жолы Австрияның Profil-Оnline газетi «Назарбаевқа кеңес берiп жүрген Еуропа елдерiнiң бұрынғы басшылары қыруар қаржы үшiн тәуекелге толы ойын жүргiзiп жүр» деп жазыпты. “Әлемге танымал аса құрметтi алты мемлекет қай­раткерi ортақ жоба төңiре­гiнде жұмыс iстеп жүр.
ҚР бас прокуроры А.Дауылбаевтың, Маңғыстау облысының әкiмi А.Айдарбаевтың назарына!
Босанамын деп перзентханаға барған маңғыстаулық жас ана Ағырыс Құбашева дәрiгерлердiң қолынан мүгедек болып қалғанын естiгенбiз. Бiрақ соған кiнәлi бiрде-бiр дәрiгер заң алдында жауапкершiлiкке тартылған жоқ, қайта қызметтерi жоғарылады. Ендi мiне, дүниеге перзент әкелемiн деп перзентханаға барған келiнiм дәрiгерлердiң қолынан көз жұмды.
Арал ауданында екi бiрдей колледж бар. Көк теңiз төсiндегi елдегi бiлiм ошақтары еңбек нарығына сай маман дайындауға ден қойған. Оған арнайы сапарымызда көз жеткiздiк. Арал қаласында “Атамекен балық шаруашылығы” ЖШС атты балық зауыты бар екенiн алыс-жақын шетелдерге дейiн бiледi. Мұнда балықтың 15-ке жуық түрiнен белдемше
АБАЙДЫҢ “ҚАРА СӨЗДЕРI” АЛТЫНМЕН АПТАЛЫП, КҮМIСПЕН КҮПТЕЛIП ШЫҚТЫ
Қазақстанның тарихында тұңғыш рет хакiм Абайдың қара сөздерi эсклюзивтi басылым болып шықты. Кiтаптың мұқабасы өгiз терiсiмен қапталып, күмiспен күптелген. Ал басылым беттерi тозбайтын арнайы қағаздан жасалған. Кiтапты жарыққа шығарған “А” баспа үйiнiң директоры Дина Әбдәкiмованың айтуынша, “Абай” кiтабының эсклюзивтi нұсқасы Польшада
Әңгiме
Сонау тоқсаныншы жылдардың соңына қарай, ел астанасы Сарыарқа төсiне ауыстырылғанда қопарыла көшкен мемлекеттiк қызметшiлердiң “Алматы” десе елеңдемейтiндерi жоқ шығар. Кәмшат та – солардың бiрi. Бастапқыда әйтеуiр бiр себеп тауып, ай сайын ару қалаға алып-ұшып барып тұратын. Келе-келе сирексiтсе де, еңбек демалысында бiр соғып кету мiндет: дос-жаран, туыс-жекжаттың бiразы сонда тұрады.

Мен жастарға сенемiн! – деп, осыдан бiр ғасыр бұрын Мағжан Жұмабаев сенген жастарымыз қайда қазiр?.. Қалада, көрiнгеннiң босағасында, жуынды баққан итке ұқсап, өлместiң күнiн көрiп жүр. Бұл – ащы да болса шындық. Ауылдан қалаға жұмыс iздеп барған 18-35 жасқа дейiнгi бүгiнгi қазақ жiгiттерiнiң маңдайларына қарғыс таңбасындай болып басыл­ған шындық! Бiр ғана Атырау қаласында қаншама сiрескен бюрократтық мекемелер бар.

Менiң анам: “Әкесi соғысқа аттанғанда, жұмыртқада шала шайқалып қалған Жеңiсiм ғой”, – деп айтып отырушы едi. Ал ауылдық кеңестiң төрайымы Жәһила деген шешемiз: “Әкесi соғыс­тан елге жеңiспен оралсын” деп, атыңды Жеңiс қойған” дейдi. Өкiнiшке қарай, әкем соғыстан оралмады. Бiз – не әкенiң ыстық алақанын сезбей, не жарытып уыз ембей, жаны жаралы болып ержеткен соғыс жылы туғандармыз.

Бала күнiмде қыз болсам да, әкеме өте жақын өстiм. Өзiмнiң қуанышым мен назар аударған жайттарымды ең алдымен сол кiсiге айтып, соның ақылын тыңдайтынмын. Бiр сөзбен айтқанда, менiң мына өмiрде ең жақын адамым әкем болды. Әлi есiмде, екiншi сыныпқа өткен жылы әкем орталықтан “Сақау бәтеңке” деген
Тұмар апам бiз ес бiлген шақта-ақ кәрiлiктен белi бүгiлген шүйкедей кемпiр болатын. Сары алтындай сабырлылығы мен қой аузынан шөп алмас мiнезiне бала күнiмнен тәнтi болып өстiм. Әкемнiң жеңгесi саналатын сол апам маған кәрiлiктiң керемет сұлу символындай. Жаз айларында жоғары ауылдағы Шардарбек атам мен Тұмар апамның үйiне барып, аунап-қунап қайту дәстүрiмiз едi. Апамның кеңпейiлдiгi сондай, айналдырған үш бөлмелi үйге жиырмадан астам бала-шаға сыятын.

Мен қатарлылардың балалық шағы тың игеру науқанымен тұс­па-тұс келдi. Сондай тың сов­хозының бiрi – “Молодежный” аталынып, Сартомар колхозының iргесiне орналасты. Қазiр Сол­түстiк Қазақстан облысы, М.Жұ­мабаев ауданындағы ол совхоз тарап, жеке шаруашылықтарға айналып кеткен. Сартомар

Сейсенбiден сәрсенбiге ауған түнi УЕФА Чемпиондар лигасының 8/1 финалдық ойындарының қарымта кездесуi өттi. Екi апта бұрын Мадридтегi “Сантьяго Бернабеу” стадионында бастары тоқайласқан азулы клуб итжығыс түсiп, 1:1 есебiне қанағат бiл­дiрген едi. “Манчестер Юнайтедтi” 1986 жылдың қараша айында баптауды қолына алған Алекс Фергюсон содан берi азулы клубты бiр өзi баптап келедi.
ЖҮЙРIКТЕР ЖЕТКIЗБЕЙДI-АУ...
Астана шахматтан әлемнiң үздiк құрамалары арасында өтiп жатқан әлем чемпионатының үшiншi турында бiздiң қыздар Украина шахматшыларына жол бердi. Қыздарымыздың арасынан тек Жансая Әбдiмәлiк қана қарсыласын жеңсе, қал­ғандары үмiттi ақтамады. Екiншi турда Ресей құрамасы да бiздiң шахматшыларды шаң қаптырған едi.
1980 ЖЫЛЫ АУҒАНСТАНДАҒЫ СОҒЫСТА IЗ-ТҮЗСIЗ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН СОЛДАТ ТАБЫЛДЫ
“1980 жылдан берi Ауғанстанда болған соғыста iз-түзсiз жоғалып кеткен Бахретдин Хакимов табылды”, – деп хабарлайды РИА Новости. Бахретдиннiң туған ағасы Шароф Хакимов Самарқанд қаласында тұрады. Шароф ата-анасының бұл қуанышты күндi көре алмай, бақилық болғанына қатты өкiнiш бiлдiредi. Олар Хакимовты Герат