1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15789) 12 наурыз, сейсенбі 2013
МЕМЛЕКЕТТIК ҚҰПИЯНЫ БIЛЕТIН АДАМ ЭКСКЛЮЗИВТI СҰХБАТҚА КЕЛIСТI
Көрнектi саясаткер Алтынбек Сәр­сен­байұлы мен оның көмекшiлерi Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевке қастандық жасалғаннан кейiн Шабдарбаев ҰҚК-ге басшы болып келдi. Қызметке келе салып ол арнайы қызметте тәртiп орнатуға уәде берiп, саясаткерге жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық iстiң қайта қаралуы мүмкiн екенiн айтқан. Алайда жұрт күткендей болмады. Бiршама уақыттан соң арнайы қызмет­тiң қатысы бар тағы бiр даулы iс әшкере болды. 2009 жылдың қарашасында ғаламторда “Қазатомөнер­кәсiптiң” бұрынғы басшысы Мұхтар Жә­кiшевтi тергеу кезiндегi бейнежазба пайда болды.

Өткен аптада Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнде ауыс-түйiстер болды. Алматы қаласының ҰҚК департаментiн басқарған генерал-майор Нұрғали Бiлiсбеков ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ, Астананың ҰҚК депарментiнiң басшысы Самат Сатыбалдыұлы Әбiш те ҰҚК төрағасының орынбасары қызметiне ауысты.

Жуырда ұлттық қауiпсiздiк коми­тетi тарапынан елiмiзде салафиттiк бағыттағы ондаған топтың бар екендiгi жөнiнде хабар таратылды. Оның үстiне, шетелдiк бiрқатар сараптамалық орталықтардың 2013 жылға арналған болжамдарында елiмiздегi террорис­тiк қауiп қатер­дiң деңгейiн жоғарылатып, бес балдық өлшеммен алғанда төрт балмен бағаланғаны жайында ақпарат жарияланды.

Мәжiлiсшi Андрей Бегенеев жауын-шашынның суына салық салуды ұсынып, мынадай жеңiлдiк жасауды сұрады: “Егер адам жаңбыр суын жинау үшiн ыдыс қоятын болса, онда ол бұл салықтан босатылады”. Әйтеуiр, мәжiлiсшiнiң “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбекке қарағанда тәжiрибесi бар ғой шамасы

Наурыздың 9-ынан 10-ына қараған түнi Алматы облысының аумағынан “Табиғат” қозғалысының мүшесi Нұрлан Өтеулиевтiң мәйiтi табылды. Белсендiнi белгiсiз бiреулер кеуде тұсынан оқ атып, өлтiрiп кеткен. “Табиғат” қозғалысының мүшелерi төрт жылдан берi Қарасай ауданы Тастыбұлақ елдiмекенiндегi орманды алқап үшiн күрес жүргiзiп келедi
МУЗЫКАДА ҮЗIЛIС ЖАСАП, САЯСАТҚА СҮҢГIП КЕТКЕН БАЛА БАСТЫҚҚА ЖҰРТ КҮЛЕ БАСТАДЫ
“Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек соңғы мәлiмдемелерiнен кейiн әлеуметтiк желiлердегi ең танымал адамға айналды. Тiптi танымалдығы жөнiнен жиналмаған қар үшiн басы дауға қалған Алматы әкiмi Ахметжан Есiмовтi басып озды.

Бiраз жыл бұрын Ресейдiң радиоактивтi қалдықтарын бiр вагонға салып, Болгарияның суына апара жатқанда қарапайым халық естiп қалып, сол жерде қантөгiс жасады. Бiздiң билiк басындағылар атом электр стансасының зияны жоқ деп үлкен қылмыс жасап отыр. Ендi Ресейдiң қалдықтарын әкелiп, көмiп жатыр.

Венесуэлада кезектi президент сайлауы 14 сәуiрде өтедi. Уго Чавес дертке шалдығып, пұшайман боп жүргенде, ушыға бастаған саяси жағдай Чавес көз жұмған соң шегiне жеткендей. Таққа таласатын негiзгi екеу – президенттiң мiндетiн атқарушы Николас Мадуро мен оппозиция ұсынған бiрегей кандидат Энрике Каприлес.

8 наурыз мерекесi қарсаңында президент Назарбаев елiмiздегi 8 миллионнан астам нәзiкжандыларды “шын жүрегiмен құттықтап”, Ақордада бiр шоғыр қыз-келiншектермен кездесу өткiздi. Ән де айтылды, мақтау-мадақтаудың да тiзгiнi тартылған жоқ. Ашық-жарқын әңгiме болды. Мiне, осы өзгелер айтып жүргендей президенттiң тек шетелдердiң басшыларын ғана қабылдайтын “алтын залында” өткен жиын арасында әншiлер қауымынан

Алматыда Сәтбаев және Мүсiрепов көшелерiнiң қиылысында орналасқан банк ғимаратының маңында алты миллион теңге қолды болды. Көп көлемдегi қаржыны алып бара жатқан әйел мен ер адамды төрт жiгiт тонап кеткен. Шамасы, әйел мен ер адам 6 миллион теңгенi банктен алып кетiп бара жатқан бетi болса керек.

(Жазушы Қабдеш Жұмадiловке жауапхат)
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi, қадiрлi ағамыз Қабдеш Жұмадiлов бiршама сұхбаттарында, мақалаларында Қаракерей Қабанбай батырдың зираты қай жерде деген сұраққа оралып отырады. Бiрер жыл бұрын Шығыс Қазақстан облыстық “Дидар” газетiне осы мәселе жайлы мынадай жауап берiп едi: “Шығыс... Оның әулетi де, ұрпағы да осында, туған жерi де осында, мына Барлық пен Барқытбелдiң бауыры, Алакөлдiң бойы. Ал қайтыс болған жерi де – осы жақ.
ӨНЕР ҒАНА МЫҢ ЖАСАЙДЫ
13 наурыз – көрнектi композитор, ҚР халық әртiсi Мұқан Төлебаевтың туған күнi. 1913 жылы 13 наурызда өмiрге келген Төлебаевтың артында қа­зақ мәдениетi мен өнерiне қосқан өлшеусiз еңбегi қалды. 100 жылдығына орай Мұқан Төлебавтың өмiрi мен шығармашылығына қатысты “Ғасыр әуенi” атты көрме өтуде.
БIЛIП АЛҒАНЫ ДҰРЫС
“Хабар старс” деп ата­латын бағдарламаны көрiп отырғанбыз. Бiр кезде сахнаға Уатқан Заханқызы мен Меруерт Түсiп­ба­ева шықты. Жылт етпе жазудан “Терiскей” әнiн шырқайтынын оқыдық та, құлағымызды түрiп, теледидарға телмiрдiк. Өйт­кенi бұл әндi әйгiлi әншi Нұрғали Нүсiпжановтың орындауында тыңдап, үй­ренiп қалғанбыз ғой.
ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ДЕРТIНЕН КӨЗ ЖҰМҒАНДАР САНЫ КӨБЕЙIП ОТЫР МА?
– Соңғы екi жылда жүрек-қан тамырлары дертiнен көз жұмғандар саны күрт артқандай. Осы уақыттарда қаншама жаназаға қатыстым. Сондағы байқағаным, қайтыс болғандардың басым көбi жүрек ауруынан көз жұмған. Бұрын бұл сырқатқа егде жастағы кiсiлер шалдығатын. Ал қазiр өрiмдей жастарымыздың жүректерi сыр берiп, бақилық болуы көбейдi. Нелiктен қазiр бұл дертке шалдыққандардың саны

Көктемнiң алғашқы жылы лебiмен бiрге футболдан биыл­ғы ел чемпионаты да басталды. Жылдағыдай қызылордалық жанкүйерлер бәйге төбе басында тұрып, «Қайсарына» болыса алмайды. Былтырғы жылды қарызға белшеден батып жүрiп аяқтаған клуб басшылығы футболшылардың табан ақы, маңдай терiнiң өтеуiн төлей алмағандықтан, биылғы ел бiрiн­шi­­лiгiне қосыла алмай қалды. 

Ертең Шымкенттегi Қажымұқан атындағы стадионның залында күрес түрлерiнен ересектер арасындағы ел чемпионаты басталады. 17 наурызда аяқталатын бiрiншiлiкте әр салмақта жаңа есiмдер шығуы бек мүмкiн. Өйткенi соңғы жылдары өз салмағының көшбасшы балуанына айналған бiрнеше спортшы ауырлап, өзге салмақта күресуге бел буған.

АЛДЫҢҒЫ ЛЕКТЕ
Шаңғымен жүгiруден Финляндияның Лахти қаласында әлем кубогiнiң ХIII кезеңi аяқталды. 15 шақырымдық жолда жарысқа түскен спортшылар классикалық әдiспен жүгiрдi. Бас бәйге норвегиялық Петтер Нортутқа бұйырды. Петтерден 31,7 секунд қалып қойған жерлесiмiз Алексей Полторанин күмiс жүлденi иеленсе, қола медаль тағы бiр норвегиялық шаңғышы Мартин Сандбиге тидi.