1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15790) 14 наурыз, бейсенбі 2013

Өткен айдың соңында lenta.ru сайтында Петр Бологов деген автор­дың “Кiшi жүз. Каспийдiң жағалауында жаңа мемлекет пайда бола ма?” (“Младший жуз. Появится ли на берегах Каспия новое государство”) деп аталатын мақаласы жарияланды. Мұны қазақ қоғамының тамырын басып көру деймiз бе, әлде ашық арандату ма, қалай болғанда да Бологовтың осы мақаласы сарапшылар мен саясаттанушылардың төбесiне жамбы лақтырғандай еттi. Автордың (анығында, автордың артында тұрған шовинистердiң) көздегенi не? Мақсаты – қазақтың ұсақ-түйек рушылдығын пайдаланып, қоғамға iрiткi салу, Қазақстанның мұнайлы өлкесiне көз аларту. Бiр ауыз сөзбен айтқанда, “бөлiп ал да, билей бер” саясаты.

Елiмiзде референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ осы сенбi күнi жалпыреспубликалық жиналыс өткiзбек. Республиканың әр аймағынан кемiнде 30-35 адам қатысуы тиiс бұл жиналыс­қа билiктегiлер кедергi келтiруге кiрiстi. Осы мәселеге қатысты баспасөз мәслихатын өткiзген бастамашыл топ өкiлдерi референдумға жол ашатын жиналыс қайткен күнде де өтетiнiн мәлiмдедi. Болат Әбiлев референдумның күн тәртiбiне қойылған сұрақтарды тағы бiр мәрте қайталап өттi. “Олар: Кедендiк одақтан шығу, әкiмдердi сайлау, қазақ байлығын халыққа қайтару, яғни ENRC, “Қазақмыс”, “АрселорМиттал” және “Қазмырыш” кәсiп­орындарын, “Халық банкiн” мемлекет меншi­гiне қайтару, ядролық отын банкi және атом электр стансасын салуға қарсылық”.

Сейсенбi күнi парламент мәжiлiсiнде вице-премьер Қайрат Келiмбетов “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” жаңа редакциядағы заң жобасын таныстырды. Дәл осы заң жобасына сүйенген ол зейнеткерлiк жасын бiрiздендiру 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңiмен жүзеге асатынын мәлiмдедi.

Жер дауы мен жесiр дауы қазақ халқының тарихында бағзы заманнан берi жалғасып келе жатыр. Жесiр дауын қайдам, Оңтүстiк Қазақстан облысында соңғы жылдары жер дауы өршiп, тiптi атыс-шабысқа, кiсi өлiмiне, қанды қырғынға ұласуы тұла бойыңды түршiктiредi. Жер үшiн ауылдастардың төбелесуi, бiрiн-бiрi атып салуы әдетке айналды.

Сонау түркi дәуiрiнен тамыр тартатын ұшан-теңiз руханиятымыздың бiр саласы – музыка өнерi. Ұлы Даланы ен жайлаған бабаларымыздың бұл салада қалдырған асыл мұрасы – халқымыздың баға жетпес ұлттық қазынасы. Сол алтын кенiштiң iшiндегi ешбiр халықта кездеспейтiн фено­мендiк құбылысқа балауға болатын күй жанры ерекше назар аудартады.

“Эйр-Астана” ұшағы әуеге көтерiлген сәтте сонау балалық шағымдағы бiр арманым есiме түстi. Шамамен он жасар кезiм болса керек, Вьетнамдықтардың бостандық үшiн күресiп жатқанын естiп, соларға көмектесу үшiн достарыммен топ құрдық.

Сот шешiмiмен экстремистiк мазмұндағы БАҚ деп танылған “Stan.kz” ақпараттық бейнепорталы өз қызметiн тоқтатты. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында бейнепорталдың басшылары мәлiмдедi. “Стан Продакшн” ЖШС-ның директоры Бауыржан Мусировтың айтуынша, бұ­ған бiрнеше себеп түрткi.

Бөлмеде өзiнен басқа жан жоқ. Бiр рахат сәт. Өйткенi көптен берi аңсап, қол жеткiзе алмай жүргенiнiң өзi осы оңашалық емес пе. Жуыр маңда iстеп тастауға тиiстi шаруалары бастан асады. Бөлмелес жiгiттер жоқ осындай кезде соларды шетiнен бiтiрiп алмақ. Ең бiрiншi, “Саяси экономия” пәнiнен студенттiң өздiк жұмысына дайындалуы керек.

«БЕЙБАРЫС СҰЛТАН»
Астана қаласындағы “Кон­гресс-холл” сарайында ерекше кеш өттi. Ерекшелiгi сол, опера тарихында тұңғыш рет қазақтың ұлт аспаптары оркестрiнiң сүйе­мелдеуiмен жаңа шығарма тұсауын кестi. Бұл, негiзiнен, симфониялық оркестрi лайықталып жазылатын опера жанрындағы күр­делi шығарманы қазақтың ұлт­тық аспаптарымен де ойдағыдай

Қашан болса да газет беттерiнде, теледидарда үлкен ата-апаларымыздың жастар туралы сын айтып отырғанын көремiз, оқимыз. Алайда сол қарияларымыз бiр сәт өздерi жайында ойланар ма екен? Әрине, барлық үлкен кiсiлерге топырақ шашудан аулақпын. Десек те, әсiресе, қалалық

Қазақстанда туберкулезбен ауыратын контин­генттер­дiң iшiнде бiрiншi орында әлеуметтiк жағдайлары төмен адамдар болса, екiншi орында жоғары оқу орындарының студенттерi екен. Осыған орай ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетiнiң ұйымдастыруымен “Салауатты өмiр салты” атты жо­ба бойынша “Туберку­лез­дiң алдын алу” атты iс-шара өттi.

Оқырман шығармашылығынан
Әр кездерi елiңмен,
“Жас Алашым” бiргесiң.
Үлес қосып сенiммен,
Қаластың елдiң iргесiн.
Бiр тақырыпқа екi хат
ҰБТ-ға ғылыми тұрғыдан талдау жасап, ендi соны жұртшылықпен бөлiскендi жөн көрдiм. Ғылыми талдау­лар мынаны көрсеттi: 1) әрбiр пән бойынша шамамен 8-10 мың сұрақ құрастырылады екен. Және сұрақтар осы пәндердiң 5-11 сыныптардағы бағдарламасы негiзiнде құрастырылады.

Көптен мазам қашып, бармаған дәрiгерiм қалмады. Содан таныстарымның айтуымен ме­шiтке барып, молдаға дем салдырмаққа бел будым. Мұсыл­ман­ға жүктелген тазалық шарттарын сақтап, жұма күнi ниетте­нiп мешiтке бардым. Намаздан кейiн адам аяғы саябырсыған сәтте кең бөлмеде жайғасқан молдекеңе жағдайымды түсiндi­рiп

8 ЖАСТАҒЫ БАЛА 61-ДЕГI ӘЙЕЛГЕ ҮЙЛЕНДI
“Оңтүстiк Африка Республикасының Цване аймағында тұратын 8 жасар Санель Масилела бес баласы мен күйеуi бар, 61 жастағы Хелен Шабангу атты әйелге үйлендi”, – деп жазады The Daily Mail. Санельдiң анасының айтуынша, үйленейiн деп отырған баласына Санель деп атасының атын қойыпты

Латын әрпiне көшу жайлы пiкiрiмдi айтсам, қазақ тiлi Құдайдың әрпiне көшсе де өркендей алмайды. Өйткенi бiзде екi мемлекеттiк тiл бар. Сондықтан әуелi Конституцияға өзгерiс енгiзу керек. Жалғыз қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл қылып, онда да бiрнеше жылдан кейiн қолдану аясын 100 пайызға жеткiзiп барып латынға көшсе болады ғой деп ойлаймын

Қазақ күресiнен Африка құрлығындағы елдер арасында чемпионат өттi. Бiр аптаға созылған шараны дүнежүзiлiк қазақ күресi федерациясы ұйымдастырды. Елiмiзден барған бапкерлер, төрешiлер Оңтүстiк Африканың Кейптаун қаласында апталап жатып, ұлттық күресiмiздi осынау құрлықтың ондаған мемлекетiнде

Сейсенбiден сәрсенбiге қа­раған түнi УЕФА чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екi команда анықталды. Барселона қаласындағы “Камп Ноу” стадионында жергi­лiктi “Барселона” Италияның “Милан” клубын 4:0 нәтижесiмен шiдерлеп, орта жолда қалдырды. Екi апта бұрын “Сан-Сиро” (Италия) стадионындағы бiрiншi кездесу 2:0 есебiмен
ҚАРА ҮЗДI
“Астана” клубының шабандозы итальяндық Винченцо Нибали “Тиррено-Адриатико” көпкүндiгiнiң жалпыесебi бойынша жеңiмпаз атанды. Ол соңғы кезеңдi 12-орынмен аяқтағанымен, жалпыесептегi ұпайы мол болғандықтан, жеңiс уысында қалды.