1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21-22 (15791) 19 наурыз, сейсенбі 2013
БIЗ ӘЛI ДЕ “ӘЗ-НАУ­РЫЗДЫ” ӨЗ ДӘРЕЖЕСIНДЕ ТОЙЛАЙ АЛМАЙ КЕЛЕМIЗ
Кеңес өкiметi неге “Наурыз” мерекесiне тыйым салды? Тыйым салғыш болса, неге оразаға тыйым салмады? Кеңес өкiметiнiң тұсында аталарымыз бен әжелерiмiздiң емiн-еркiн ораза тұтып, намаз оқығанын өз көзiмiзбен көрдiк те. Оны айтасыз, “күллi Кеңес одағына молдалар даярлайтын” Бұхарадағы дiни медресе де жабылған жоқ. Жабылуыңыз не, 1970-жылдардан кейiн бұл оқу орнына қабылданатын шәкiрттердiң саны да артты.
РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ТАҒДЫРЫН АҚОРДА ШЕШСЕ ДЕ, ЕЛДIҢ ТАҒДЫРЫН ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗI ШЕШУI ТИIС
Былтырғы жылдың қыркүйегiнен берi әртектi оппозициялық партиялар, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкiлдерi және ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар Қазақстанда референдум өткiзу үшiн бастамашыл топқа бiрiккен болатын. Содан берi референдумның күн тәртiбiне шығарылатын мәселелер бiрнеше мәрте Алматыда және Астанада өткен жиындарда жан-жақты тал­қыланды. Ендi мiне, бастамашыл топ 16 наурыз күнi Алматыда жалпыреспубликалық жиын өткiздi.
Билiктегi ханымдардыңне ойлағаны бар?
Астанаға осыдан 6 жыл бұрын келген Аяла апайдың көше тазалап нәпақасын тауып жүргенiне 3 жыл болды. 56 жастан асқан ана үшiн көшедегi қоқысты жинау оңай емес, әрине. Бiрақ күнкөрiс қамы, шарасыздық, жұмыс iстемей, ауылға қайтуға тағы болмайды. Астанада тағы бiр қыс қыстасам зейнеткерлiкке шығамын деген үмiтi де сөгiлiп барады. Зейнеткерлiкке шығу жасын
ЖАЛҒАН АШЫҚ ХАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАНДАРДЫҢ МАҚСАТЫ НЕ?
Жақында ғаламторда бiр топ ұлт зиялыларының атын жамылған әлдебiреулер “Ел болашағына алаңдаймыз” деген тақырыппен ашық хат жариялады. Онда бiрнеше ұлттық, елдiк мәселелермен қатар болашақ ел президентiн бүгiннен бастап анықтау керектiгi де айтыл­ған. Үшбу хаттың түйiндеме сөзiнде Иманғали Тасмағам­бетовтi бо­лашақ ел президентi ретiнде қолдауға ашық шақырған. Дәл осы арандатушылықты кiм, немесе кiмдер не мақсатта ұйымдастырды?
ОРЫС-ОРМАН ОСЫЛАЙ ДЕП ШУЫЛДАЙ БАСТАДЫ
Наурыздың 15-сi күнi www.rosbalt.ru сайтында “Орталық Азияны бөлшектейтiн уақыт жеттi” деп аталатын мақала жарияланды. Бұл мақаланың Қазақстан оппозициясы Кедендiк одақтан шығу, АЭС салудан бас тарту және басқа да маңызды мәселелерге қатысты референдум өткiзу жөнiнде жиналыс жасардан бiр күн бұрын ғана жария­ланғанын кездейсоқтыққа жатқызуға бола ма?
Өткен аптада Австрияның белдi адвокаттары Алматыға келiп, баспасөз мәслихатын өткiздi. Адвокат Габриэль Ланскидiң айтуынша, Вена федералды жер соты Қазақстан тарапының Рахат    Әлиевке таққан айыптарын (Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасеновтiң өлiмiне және заңсыз ақша айналымына қатысты – автор) растапты. “Венада Әлиевке қатысты тергеу амалдары жүрiп жатыр.

Алматының арнайы мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сотының шешiмiмен “Правда Казахстана” басылымы үш айға жабылған едi. Алайда үш айға тоқтатылған БАҚ жарыққа шығудың басқа амалын тапты. “Сот газеттiң шығуын тоқтатқанымен, оның интернеттегi нұсқасына ешкiм тыйым салған жоқ”, – дедi “Журналистер қауiп-қатерде” қорының жетекшiсi Розлана Таукина.

Кеше Алматыда “Меломан” кiтап дүкенiнде Саяси ұйымдар альянсы “Ымырт аймақ” немесе өтпелi кезең “тұзақтары” (“Сумеречная зона” или “ловушки” переходного периода) атты ұжымдық еңбектiң тұсаукесерiн өткiзiп, көпшiлiкке таныстырды. Билiктiң ауысуы мәселесiне арналған Қазақстандағы тұңғыш ғылыми зерттеудi белгiлi саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар – Досым Сәтбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Рүстем Қадыржанов, Андрей Чеботарев, Толғанай Үмбетәлиева, Замир Қаражанов, Айман Жүсiпова бiрiгiп жазған.

МIНДЕТIН МIНСIЗ АТҚАРҒАН ШЕКАРАШЫНЫ АЙЫПТАЙ САЛУ ТҮККЕ ТҰРМАЙДЫ ЕКЕН
Қоғамда белгiлi iс әрекет мiндеттi түрде нақты мақсатпен жасалуы тиiс секiлдi едi. Ал қазiр мен өз басымыздан кешiп жатқан мына оқиғаның мәнiсiн тiптi түсiнбей-ақ қойдым. Өзiне жүктелген мiндеттi барынша адал атқарып жүрген жандардың аяқ астынан айып­кер болып шыға келуiне ешкiм таңданбайтын жағдайға жеткендiгiмiздi ой­лау­дың өзi қорқынышты.
Адам табиғаты — түсiнуi қиын құбылыс... Болмашы нәрсеге бола бауырмалдық пен безбүйректiк беттесiп, қайырымдылық пен қатыгездiк қақтығысып, адамгершiлiк пен айуандық таразы басына түскен заман... Ең өкiнiштiсi сол — ешқайсысы өзiнiкiн “бұрыс” деп ойламайды. Ардан аттап, иманнан безiп жүре бередi. Сөйте тұра, бабтары “тасқа басылған” заңға жүгiнедi. Ал ар сотын қаперiне де алмайды.
ҚАЙ БАБАДАН ҚАЛҒАН МҰРА ЕДI  ОЛ АТАУ?
Қазақтың ерте замандардан-ақ әр төбесiнiң, биiгiнiң, бұлағының тұрғылықты жерiне сай атаулары болған. Бабаларымыз ежелден елдiгiмiздiң бiр белгiсi ретiнде байқалатын жер атауларына байыппен қарап, табиғи ерекшелiктерi мен өлке өзгешелiгiн тап басып, сол арқылы түйiн жасағанын көлге, белге, бұлаққа
ҚАЗАҚ АЛФАВИТIН ЛАТЫН-АҒЫЛШЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШIРУДIҢ ЖОБАСЫ
Латын қарпiне көшу – заман талабы. Уақыттың, өркениеттiң талабы. “Жоқ, бiз мәңгi бақи кириллицада қала беремiз!” дегенiмiзбен, осы кириллицаның тiрегi болып отырған Ресейдiң өзi ертеңгi күнi латынға көшiп кетуi әбден ықтимал. Орыс, украин, беларусьтан өзге славяндардың бәрi де (чех, хорват, серб, поляк, болгар, словен, словак және т.т.) латын қарпiне баяғыда көшкен.
ҚАЛАМГЕР
Қазақстан Жазушылар одағының жанынан “Қаламгер” атты жаңа журнал ашылып, оның алғашқы нөмiрi оқырман қолына тидi. Журналдың бас үйлестiрушiсi – Мәлiк Отарбаев, бас редакторы – Кәдiрбек Құны­пияұлы. Журналдың алғашқы нөмiрiнде бiр топ жазушыларымыз “Қаламгерге” өздерiнiң тiлек-лебiзiн бiлдiрiптi.
ЖАЗУШЫ ҚАДЫР ТАЙШЫҚОВ ТУРАЛЫ
Уақыт ұзаған сайын соңында жоқтаушысы табылмаған талай жақсының есiмi жадымыздан өшiп, көңiлiмiзден көшiп барады. Сондай адамдардың бiрi – жазушы, аудармашы, композитор Қадыр Тайшықов. Оның Жүсiпбекпен аталас туыс екенiн бiз “Жүсiпбек Аймауытұлы қай жылы туған?” деп аталатын мақаламызда айтып кеткен де едiк.

Биыл күзде бiр мүшелге толатын Мадияр Ақыновқа өткен жылдың мамыр айында қатерлi iсiк ауруына шалдыққан деген диагноз қойылған болатын. Ешбiр алаңсыз балдай тәттi балалық шақтың қызығына бөленiп келе жатқан ол да, оның отбасы да бұл жағымсыз хабарды ашық аспанда найзағай жарқылдағандай ауыр қабылдады.

Мұстафа Шоқай – бiздiң үлкен атамыз. Iнiсi Нұртаза Шоқай және оның зайы­бы Зүлфия әжемiзден Мәдина, Нәмина, Мадиярлар қалған екен. Әжем Зүлфия: “Үлкен әжемiз Марья Яковлевна тағдырдың басына салғанын көрдi, қазақтың қыз-ке­лiн­шектерi киген жасыл барқыт камзолын кидi, басына орамал тартты. Өз­ге ұлт өкiлi болса да, үлкен атамыз Мұстафаға өзiнiң шынайы махаббатын сыйлады” деп отырушы едi.

Таяуда халқымыздың классик жазушыларының бiрi Ғабит Мүсiрепов туралы Сұлтан Оразалы құрастырған “Естелiктер” жинағын оқып шықтым. Аса көрнектi сөз зергерiнiң беймәлiм қырларымен танысқандай болдым. Бұл естелiк кiтаптың 392-414 беттерiнде “Өшпес өмiр” деген тақырыппен белгiлi жазушы Қ.Сәрсекеевтiң Ғабаң туралы көлемдi мақаласы берiлiптi.

Бiз – ең соңғы пионер­лермiз. Кеңес дәуiрiнiң ең соңғы көшiн көрiп үлгердiк. Тәлiм-тәрбиемiз де, оқу-бiлiмiмiз де жартылай кеңестiк, жартылай жаңаша жалғасты. Содан болса керек, кез келген мерекенi сол қалпында қабылдауымыз қиындау. Мәселен, менiң замандастарым – шыршаны айналып, өлең-тақпақ айтып, Аяз атаның сыйлықтарын алғандар.

Адам болған соң, жолаушылап көп жүремiз. Пойызбен де, автобуспен де. Қайда барсаң да ала сөмкесiн арқалап, бала-шағасын асырау қамында саудамен айналысып жүрген әйелдер. Әсiресе, заттарын қоярға жер таппай вагонды аралап, орын iздеп, әркiмге жалтақтап, әр жолаушының қас-қабағына қарап жәутеңдейдi. Бiрде тағы да пойызға отырдым.

Оқырман шығармашылығынан
Жетпiс жыл жағаласып жауыменен,
 Жарқылдап найзағайдай Наурыз келдi.
Өшкенiн қайта тауып, сағындырып
Қаймана қазағыма барын бердi.

– Өткен аптада жегжатым қонаққа шақырып, сол үйде менен 5-6 жас кiшi Әлкен Мақсұтұлы Өтелбаев деген iнiммен таныстым. Ол да Қордай ауданы, Шортөбе ауылынан екен. Әскери заң қызметкерi боп iстептi, – деп Жарқожа қария қо­ңырқай, сүйкiмдi даусымен менi өзiне баурай түс­тi, – Әлкеннiң ас бөлме­сiн­дегi кранынан су тамшылап аққанына көп болыпты. “Е, жарайды, ештеңе етпес” деп елемей жүре бергенге ұқсайды.

Фотосурет кешкi және түнгi уақытта ерекше көрiнедi. Ай жарығы және электр шамдары көрiнiстi өзгертедi. Фотографтың жұмысы суреттi техникалық және көркемдiгi жағынан сауатты басып шығару ғана. Камераға жарық сезгiш элемент қажеттi мөлшерде түскен кезде сурет пайда болады, сол себептен кешке және түнде жарықтың нашар, әлсiз түсуiнiң себебiнен түсiрiлiмнiң ережелерi өзгертiледi.

Фотоөнер саласы бала күнiмнен басты армандарымның бiрi едi. Шымкенттегi Ә.Қастеев атындағы көркемсурет колледжiн бiтiрген соң, облыстық телеарнада оператор болып қызмет еттiм. Кейiн “Хабар” арнасында, “Оңтүстiк Қазақстан” облыстық газетiнде фототiлшi қызметтерiн атқардым.
 Spinner 360° панорамалық камерасы 2010 жылы ойлап табылды;
қолда­ны­луы қарапа­йым;
бiр қолмен ұстап, кнопканы басасыз;
бiр се­кунд­­та 360° айналаны айна-қатесiз көшi­рiп алады;
түсiрiлiмнен кейiн қарапайым суреттен 4 есе үлкенi­рек болады. 
Шымкентте күрес түрлерiнен ересектер арасында биылғы ел чемпионаты аяқталды. Бiрiншi­лiктi бастаған грек-рим күре­сiнiң балуандары арасындағы тартыс аса қырқыспен, жанталаспен өткен жоқ. Мұны бас бапкер Таңат Сағындықов та айтты. 55 келi салмақта жамбылдық Жансерiк Сәрсенбиев жеңiске жеттi. Ол финалда Алматы облысының балуаны Бекжан Мырзалиевтi жығып, ел чемпионы атанды.
ЖАСТАР ЖАРАП ТҰР
Филиппин елiнде бокстан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Елiмiзден бар­ған боксшылар жалпыкомандалық есепте топ жарып, құрлықта қара үздi. Бiздiң спортшылардың бесеуi финалға шығып,  4 алтын, 1 күмiс медаль олжалады.