1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (15793) 27 наурыз, сәрсенбі 2013

Ырыққа көнбейтiн баға, жұмыссыздық, тозған инфрақұрылым, өмiр сүру сапасының нашарлауы, тиiмсiз және жөнсiз реформалар, билiктiң әрекетi мен әрекетсiздiгi... Бүгiнгi күннiң “айрықша” белгiлерi осы. Бұл дағдарыс па, әлде дағдарыс емес пе? Егер дағдарыс болатын болса, онда ол iшкi ме, әлде сыртқы ма? Осы жағымсыз құбылыстарға Қазақстанның қосқан үлесi нешiк?

Қыжыртпа
Тони Блэр деген сабазың ендi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне реформа жасап беретiн болды. Жаңаөзен оқиғасы кезiнде халыққа оқ атып, қолын қандап алған полицейлердiң күнәсiн жуып-шаюды “жоғарымен байланысы бар” Блэр мойнына алған көрiнедi. Бұл туралы британның Telegraph басылымы жазды.

Олигарх Борис Березовский қалай өлдi? Неден өлдi? Бұл сұраққа қазiр БАҚ атаулы жауап iздеп әлек. Әзiрше олигархтың қазасының құпиясы ашылған жоқ. Лондонның полициясы “Березовскийдiң өлiмiне үшiншi тарап араласпаған (!), денесiнде дақ жоқ” деген екi­ұшты жауап бердi. “Үшiншi тарап” дегенiнiң не екенiн түсiн­дiрген жоқ. “Өзiне-өзi қол жұм­саған” деп те ашып айтпады.

Наурыздың 20-сы күнi Алматыда Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының 10-съезi болып, жиында партияның ескi-жаңа төрaағасы сайланып, жаңа бағдарламасы қабылданды. Осы күнi “Азаттан” бөлектенiп жеке жиынын өткiзген ЖСДП-лықтар бүтiн-партия “Азат” ЖСДП-ның екiге ажырағанын мәлiмдеп тынды. Бұл күнi партияның кезектi съезiнен гөрi, келген азаматтарды iшке кiргiзбей
Елiмiзде саяси тұтқындар туралы ақпар беретiн tirek.org сайты ашылды. Кеше Алматыда бiр топ құқық қорғаушы мен қоғам белсендiлерi осы сайтты таныстырып, саяси тұтқындарды қандай белгiлер бойынша ажырататынын түсiндiрдi. “Саяси тұтқындар – бүгiнде елiмiздегi күйiп тұрған мәсе­лелердiң бiрегейi. Елiмiзде белгiлi бiр уақыт аралығында саяси себептермен
Республикалық референдум өткiзу туралы бастама көтеруге арналған жиналыста сөйлеген сөзi.
Бүгiнде ез көп пе, ер көп пе? Ұлт жеңiлiптi ме, құл жеңiлiптi ме? Көзiнiң ұшқыны қашып, жүрегiнiң сөзi жоғалып, төртеуге қарап мөлиiп, төрелерге қарап емiнiп, қордаланғандарды кiм дей­мiз? Әдiлетсiз деп аттандап шығар кезде тiлi байланып қалып, сын сағатта еңсесiн езген ерден ұл туа ма, құл туа ма?

Әйелдердiң зейнеткерлiкке шығу жасын 58 жастан 63 жасқа дейiн өсiру мәселенi шешпейтiнiн, “...қаладағы әйелдердiң өзi 63 жасқа дейiн жұмыс iстегiсi келмейтiнiн” газетiмiздiң өткен сандарында жазғанбыз. Министр ханымдардың бұл өзгерiс туралы айтары бар ма, жоқ па? Соны бiлмек үшiн хабарлассақ та, татымды жауап ала алмағанымыз жөнiнде де айтқанбыз.

«Рейтинг.kz» пен «Казпотребнадзор» АҚ әлемдегi зейнеткерлердiң өмiр сүру ұзақтығы жөнiнде зерттеу-сараптамалық жұмыстарын жүргiзiптi. Зерттеу нәтижесi Қазақстан 60 елдiң iшiнде 53-орында екенiн айғақтайды. Яғни, бiздегi зейнеткерлер өте қысқа ғұмыр кешiп, зейнетiнiң рахатын да көре алмайды екен.

16 наурыз күнi Алматыда Жалпыхалықтық реферндумның жиыны өткен-дi. Осыған байланысты көптеген оқырмандарымыз өздерiнiң азаматтық пiкiрлерiн бiлдiрiп хабарласып жатыр. Солардың бiрнешеуiнiң пiкiрiн газет бетiнде жариялауды жөн көрдiк.

Ұлу жылында азды-көптi мәселе көтердiк. Нәтижесiз емес. Қазалы ауданындағы дәрiгерсiз отырған Түктiбаев ауылына дәрiгер апарылып, 2000-дей тұрғыны бар елдiмекен мәселесiнiң тоңы жiбiгендей болды. Дегенмен, жазылған жайттардың көпшiлiгiнде өзгерiс бола қоймады. Мұндайда ескерiмдi әкiмiн, мойын бұрар министрiн таппаған есiл сөздi аяйсың.

Қарағанды облысының әкiмi Бауыржан ӘБДIШЕВТIҢ назарына
Таяуда Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаментi облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Төлеген Сәдуақасовтың үстiнен (ҚР ҚК 176 б., 3 т., “г” б.) қылмыстық iс қозғады. Сенiмдi дерек көздерiнiң айтуынша, оған “инсулин дәрiсiн алуға республикалық бюджеттен бөлiнген 19,5 миллион теңге қаржыны талан-таражға салды” деген айып тағылған.

Жиырма жылдан берi таусылмайтын жыр болған латын әлiп­биi­­не көшу мәселесi ендi мемле­кеттiк тұрғыдан қолдау тауып едi, абыз атанған академик ағаларымыз бен тiлшi-мамандарымыз, отан сүйгiш, от ауызды, батыл ойлы, ұлтжанды азаматтарымыз неге қақ жарылып, екiге бөлiнiп отыр? Түсiнiксiз.

Сейдағаң, Сейдахмет Бер­дi­құлов, бiздiң бiлуiмiзше, барлық мерекелерден де Нау­рызды жақсы көретiн сияқты едi. Таныспаған, бiлiспеген кезiмiзде шағындау бiр мақаламыз шықты. “Лениншiл жас­қа”. “Нәуiрзексайдың самалы-ай” деген. Күтпеген жерден қо­ңырау шалды. Сасқалақ қақтық. Газет басшысы Сейдахмет Бердiқұловтың тiкелей өзi телефондайды дегенiңiз түсiмiзге кiрмес.

“ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ”
Ақтөбе облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспiрiмдер кiтапханасы Мұхтар Әуе­зовтiң туғанына 115 жыл толуына орай “Мұх­тар Әуезовтi оқимыз” атты халықаралық акция аясында “Әлем таныған Әуезов” атты әдеби-танымдық кеш өткiздi. Халықаралық акцияның мақсаты:

Халқымыздың жыл қайыруы бойынша, наурыздың 22-сi күнi Жылан жылы басталмақ. Халықтың аңыз-ертегiлерiнде жылан атаулы екi түрлi бейнеде суреттелетiнiн бiлемiз. Бiрiншiсiнде жылан зұлымдықтың, айлакерлiктiң, тағы да толып жатқан жаманшылықтың баламасы ретiнде алынса, ендi бiрде ол даналықтың, рақымшылықтың немесе қиял-ғажайып құпияның иесi ретiнде бейнеленедi.

Уақыт – оқиғаның ұзақтығы және тiзбектiлiгiн сипаттайтын физиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi. Ньютон дәуiрiнен Эйнштейнге дейiн уақыт пен кеңiстiкке байланысты ұғымдар терең қарастырылып, уақыт барлығына бiрдей “абсолюттi” және “бiрқалыпты” ағады деп есептелдi. Физика ғылымы ежелден уақыт пен кеңiстiк түсiнiктерiн зерттеп, кеңiнен мағ­лұмат бергенiне

ҚЫЗ БАЛА ӘЙЕЛДЕР ӨМIРIН ҰЗАРТАДЫ
Ұл бала мен қыз бала тапқан әйелдерге ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргiзген фин ғалымдары “ұл бала әйелдер өмiрiн қыс­қартады” деген қорытындыға келген. Бұған дейiн ғалымдар әйелдер ұл баланы бағып-қағуға көп күш-қуат жұмсайды, оның үстiне қыздарға қарағанда ұлдардың салмағы ауыр болғандықтан, бұл
ЖОЙЫЛЫП КЕТКЕН БАҚАНЫ “ТIРIЛТТI”
Ғалымдар осыдан отыз жыл бұрын жойылып кеткен бақаны қайта “тiрiлттi”. Rheobatrachus silus деп аталатын австралиялық бақаның жасушалары 1970 жылдары қатырылып қойылған болатын. Бұл бақалардың ерекшелiгi сонда, олар ұрықтанған уылдырықты жұтып, оны ұзақ уақыт асқазанында ұстаған.
Ұлыстың ұлы күнi футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы деген атауға ие футболшылары еңсемiздi тағы да түсiрдi. Келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем чемпионатының iрiктеу турындағы кезектi ойнын өз алаңында өткiзген жерлестерiмiз азулы Германия құрамасының қанжығасында кеттi. 22 наурыздан 23-iне ауған түнi “ұйқы қысып” жүрiп ойнаған футболшыларымыз немiстерге 3:0 есебiмен есе жiбердi. Құрама капитаны Қайрат Нұрдәулетов ақтал­ғандай болады, қайтсiн ендi.
СҮРIНIП ҚАЙТА ТҰРСА ИГI
Бүкiләлемдiк бокс сериясының биыл­ғы маусымын сәттi бастап, топтық кезеңнен ширек финалға күнi бұрын шығып қойған “Астана арландары” Аргентинада жеңiлiске ұшырады. Ширек финалдық сынның алғашқы жекпе-жегiнде Сергей Корчинский баптайтын “арландар” аргентиналық боксшыларға есе жiберiп алды.