1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (15794) 29 наурыз, жұма 2013
БАУЫРЖАН МҰХАМЕДЖАНОВТЫ КҮТТIРЕ-КҮТТIРЕ АҚЫРЫ БАЛТЫҚ АСЫРДЫ
“Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкiлеттi елшiсi болып тағайындалды”. Сейсенбi күнi мемлекет басшысының ресми сайты (akorda.kz) осылай деп хабарлады. Үкiмет жетекшiсi Серiк Ахметов Бауыржан Мұхамеджановтың Маңғыстау облысы әкiмi қызметiнен босатылғанына қатысты былай деп түсiнiктеме берген: “Мұхамеджановтың жетекшiлiгiмен облысты әлеуметтiк-экономикалық дамытуға, экономиканы әртараптандыруға, моноқалаларды өркендетуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты президенттiң тапсырмасы орындалды”. Үкiмет басшысы үндемей қалмайын десе керек, әйтпесе, Мұхамеджановтың мұрнына экономиканың иiсi де бармайтыны белгiлi ғой.

Қыста Болгария тұрғындары коммуналдық төлемдердiң қымбаттауына байланысты наразылық шарасына шықты. Болгарлардың ашынғаны сондай, билiктен қымбатшылықты тоқтатуды талап етiп, бiрқатар талаптарын мәлiмдеген-дi. Тiптi наразылық шарасында өз-өздерiн өртеп жiберген болгарлар да болыпты. Сол болгардың басына бiздiң елдегiдей күн туса қайтер едi?!

БҰЛ САЯСИ ДЕҢГЕЙДЕ ҚАБЫЛДАНАТЫН ШЕШIМ БОЛМАҚ
Қазақстанда 2013 жылдың ая­ғына дейiн теңге девальвациясы болуы мүмкiн деген пiкiр гулеп тұр. Әлбетте, мұны естiсе, Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко миығынан күлiп, “өсек-аяң таратушыларды” ащы мысқылмен бiр түй­реп алары анық. Өзi айтпақшы, “диль­берт қауымын” әбден сыбап алған соң, теңгенiң нелiктен құнсызданбайтынын маңғаздана түсiндi­рер.
“АЗАТТЫҚ” РАДИОСЫНА – 60 ЖЫЛ
“Азаттық” радиостансасы Екiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталысымен АҚШ пен КСРО арасындағы әлемдiк билiкке таласқан саяси текетiрестiң нәтижесiнде, геосаяси кеңiстiкте орын алған “қырғи-қабақ” ахуалға орай идеологиялық бәсекелес­тiктен туған ақпарат тарататын құрал ретiнде өмiрге келдi. 1953 жылы Германияның Мюнхен қаласында АҚШ тарапынан құрылған “Азаттық” радиосының алғашқы аты “Азат ету” радиосы (Radio Liberation)
ЫДЫРЫСОВ КIММЕН КЕЗДЕСТI: КАРИМОВПЕН БЕ, ӘЛДЕ ОНЫҢ “ЕГIЗIМЕН” БЕ?
Қазiр ғаламторда жаппай талқыланып жатқан үш мәселе болса, соның бiрi – Өзбекстан президентi Ислам Каримовтiң денсаулығы. Жетпiс бес жастағы кәрi басшы соңғы рет наурыздың 19-ы күнi шығыпты жұрт алдына. Наурызды дүркiретiп тойлаған ташкенттiктермен бiрге билеп жүргенiн жылт еткiздi жергiлiктi телеарналар. Содан кейiн бiрнеше күн бойы Каримов көрiнбедi.

Бүгiнде елiмiзде латын қарпi төңiрегiндегi қызу пiкiрталас толастамай тұр. Латын қарпiне көшудi жақтаушылар да, даттаушылар да көп. Десек те мемлекеттiк деңгейдегi саяси шешiм қабылданды. 2025 жылға қарай Қазақстан толықтай латын қарпiне көшiп үлгеруi тиiс.

Қарсы мақалаға жауап
Мен таяуда газетте жарияланған (Жас Алаш, 28 ақпан, 2013 жыл) этюдтар топтамасында басқалар туралы да айта келiп, Ақмоладағы Қа­банбай кесенесiнiң шырақшысы болып жүрген Камал Әбдiрахманов жайында бiр-екi абзац тоқталғанмын. Бұл – проблемалық ғылыми мақала емес, адамдардың мiнез-құлқына құрылған шағын этюдтар-тұғын. Онда К.Әбдi­рах­ма­новтың орайдан пайдаланғыш пысықтығы сөз болған.
КЕШЕ МӘЖIЛIС ҮЙIНДЕ ЛАТЫН ӘЛIПБИIНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСI ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мәжiлiсшi Алдан Смайловтың айтуынша, қазiргi таңда қазақ тiлiн латын графикасына бейiмдеудiң жүзден аса жобасы бар. Жалпы, латын әлiпбиiне көшуде қиыншылықтар жетiп артылады. Мәселен, ұйымдастыру шаралары шикi. Негiзгi мәселе мынада: егер латын графикасына түбегейлi көшетiн болсақ, ертерек қамдануымыз қажет.
ЖАСАН ЗЕКЕЙҰЛЫН АТАМЕКЕНГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ӨЗI ШАҚЫРТҚАН БА?
ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң және ҚР ҰҒА назарына!
Соңғы кездерi түрлi саладағы сапа мәселесiн жалаң жарнамалардың орны алмастырды. Дәл сондай жарты әлемге жасаған жарнамасының арқасында жалпақ жұртқа танымал болған “академик” Жасан Зекейұлын қауымға қайта таныстыру артық...
ҚР Президентi Н.Назарбаевқа
ҚР премьер-министрi С.Ахметовке
Әлемнiң 40-қа тарта елiнде 5 миллионнан астам қандасымыз тұрады. Олардың 1 миллионы атажұртына оралды деп бөркiмiздi аспан­ға атып мақтанғанымызбен, 20 жылда тек олардың өсiмi ғана оралды. Демек, 5 мил­лион қандасымыз орнынан қозғалған жоқ деген сөз.
27 наурыз 1976 жыл... Бұл күнi газеттер: “Ұзаққа созылған ауыр науқастан КСРО Жазушылар одағының мүшесi, ақын Мұқағали Мақатаев қайтыс болды” деген азанаманы бiрiнен соң бiрi басып жатты. Ол кезде бiз студент едiк. М.Мақатаев қайтыс болғанда ұлылықты көре бiлген қазақтың бiртуар өнер зерттеушiсi, мүсiншi ағамыз Шот-Аман Уалиханов: “Мен Мұқағали қайтыс болыпты деген қаралы хабарды естiген күннен бастап, оған қандай ескерткiш қою керек дегендi ойлай бастадым.

Бiз өз ұлыларымызды құрметтей бiлуiмiз керек. Бауыржан мен Рақымжандай ұлдарымыз ғасырлар iшiнде бiр-ақ рет туады. Рақымжан Қошқар­баев Ақмола облысы, Целиноград ауданының Тельман атындағы (Қара құдық) ауылында туған. Анасынан 4 жасында жетiм қалған. Жасы 13-ке жетпей әкесiн қара шинелдiлер алып кетiп, тақыр же­тiм қалды.

Жас отбасылар үшiн жаңа салынып жатқан ықшамауданнан 216 пәтер бөлiндi. Ол үшiн наурыздың 11-iнен бастап облыстық филармония ғимаратында құжаттар қабылдана бастайды деген хабарландыру қыс ортасында жарияланды. Мұны естiген, үй болуды ендi ғана бастаған жастың қоз­ғалмағаны жоқ шығар. Өйтпегенде ше?

Қазiргi күнi қазақтiлдi баспасөз­дiң Батыс өлкеден шыққан билiктегi азаматтарды сын садағына жиi ала бастағаны менi қатты мазалап жүр. Соның iшiнде алабөтен Аслан Мусин жөнiнде айтылып жатқан әңгiмелер қаншама?! Құдай-ау, нелер айтылмады? Жаңаөзендегi жазықсыз жандарды атқызған, бұйрық бергiзген Мусин екен деп жұртты абыржытып тастады.
“Жас Алаштың” 14 нау­рызында жарық көрген “ҰБТ-дағы келеңсiз жағдайларды болдырмауға бола ма?” (авторы – педагог-ғалым Айту Ағатаев) атты мақаланы оқып, мен де өз пiкiрiмдi бiлдiргендi жөн көрдiм. Бүгiнде ҰБТ туралы айтылып та, жазылып та жүр. Бiрақ одан кемшiлiк бiткен жойылып, қолмен қойғандай бола қалғаны шамалы. Автордың айтып отырғаны рас. Өйткенi менiң балам биыл 10-сыныпта оқиды, көзiммен көрiп отырмын, былтырғы, арғы жылғы тест жинақтарын алып, солар бойынша жаттығу үстiнде.
ҚЫМБАТ ШАМПАН ҰРЛАНДЫ
“Авиз қаласынан аты әлемге әйгiлi Jaques Selosse маркалы шампанның 4 мың бөтелкесi ұрланды” деп хабарлайды Lifenews.ru. Авиз қаласы Париждың iргесiнде. Ұрылар Anselme Selosse компаниясының шарап зауытына түнде кiрген. Iз қалдырмау үшiн жуғыш заттар мен дезодоранттарды пайдаланған. Компанияға келген шығын – 300 мың еуро.
“Қазақтың футбол құрамасы әлем чемпионатына қатыса алады, иә?” деп сұраңызшы кез келген жаннан. “Мынау жынды ма?” дегендей одырая қарайды. Ғасыр жасаған қазақ футболының жай-күйi кiмнiң жанына батпасын. Бәрi де күйiнедi, ұлттық құрама деген аты болғандықтан да шыр-пыр болып қорғаштайды. Жанкүйердiң күйiп кеткен үмiтiн ұлттық құраманың мүшесi атанып жүргендер ақтай алып жүр ме?
ҚОЛА ДА – ОЛЖА
Францияда әскерилер арасында шаңғымен жарысудан әлем чемпионаты өттi. Әлем бiрiншiлiгiне елiмiздiң ерлер мен қыздар құрамасы да қатысты. Командалық сайыста қыздарымыз Марина Матросова мен Елена Коломина әлем чемпионатының қола жүлдесiн иелендi. Француз Анук Февр Пикн мен Селия Аймонье әлем чемпионы атанды.