1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (15795) 2 сәуір, сейсенбі 2013
КОРЕЙ ТҮБЕГIНДЕГI САЯСИ АХУАЛ УШЫҚҚАН СОҢ БАЙҚАЛА БАСТАДЫ
Солтүстiк Корея билiгi 30 нау­рыз күнi Оңтүстiк Кореямен арадағы “соғыс жағдайына” көшетiнiн айтып, Сеул тарапынан қандай да бiр арандату жасалса, әскери iс-қимылды бастайтынын мәлiмдедi. Мұны көпшiлiк ақпарат агенттiктерi “Солтүстiк Корея Оңтүстiк Кореяға соғыс жариялады” деп қате аударып жiбердi. Десек те коммунистiк мемлекеттiң бұл жолғы мәлiмдемесi қатқыл шықты.
Әйелдердi 63 жасында зейнетке жiберiп, өзiнiң 55 жасында зейнет демалысына шықпақ ойы бар Марченко “Коммерсантъ” басылымына сұхбат бердi. Марченконың ресейлiк орталық банкке төраға “болып кете жаздағанын” сол сұхбаттан оқып бiлдiк. Ресей экономикасының алдағы өсiмi туралы сұраққа жауап берген бас банкир бүй дептi: “Бiз бұған мүдделiмiз. Егер өзiмiз тезiрек

Газетiмiзде бұдан бұрын (№16 (15786), 28 ақпан 2013ж.) Астанадан 5 мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер ауылға жiберiлетiнi жөнiнде жазғанбыз. ҚР Президентi әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң орынбасары Ғабидолла Әбдiрахымов министрлiктерде қызмет етiп жүрген 5 мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер жергiлiктi органдарға жұмыс iстеуге жiберiлетiнiн мәлiмдеген едi

Соңғы уақыттағы оқиғалар Қа­зақстандағы саяси ойындарға Ресейдiң белсендi түрде араласып отырғанын көрсеттi. Ең қорқыныштысы, бүгiнде қазақты бөлу мәселесiне ден қойған сыртқы күштер ертеңгi күнi Қазақстандағы билiк ауысуына әсер етпек ойы бар. Белгiлi саясаттанушы Айдос САРЫМмен арадағы әңгiмемiз билiктiң ауысу мәселесi, оған сыртқы ойыншылардың араласуы мен қоғамның дайындығы төңiрегiнде өрбiдi.

Ақордадан тағы жел естi. Саяси аренада шөптiң басы тағы қимылдады. Жасыратын несi бар, дәл қазiр беделдiсi, беделсiзi бар, мақсаттысы, мақсатсызы бар, саяси партиялар қызу саудаға түсiп жатқан кез. Бұл жолы қай партияның құлағы шулап жатыр дейсiз ғой? “Руханият” пен “Әдiлеттiң” тағдыры халықтан алшақ жатқан сонау Астананың төрiндегi Ақордада талқыланып жатқан сыңайлы.

Өзбекстан президентi Ислам Каримовтiң жүрек талмасы ұстап, мұның бiр­шама әңгiмеге арқау болғанын газетiмiздiң өткен нөмiрiнде жазғанбыз (“Каримовтiң ақыры”, 29 наурыз, 2013 жыл). Өзбекстанның ресми билiгi мұны растамағанымен, шетелдегi өзбек оппозициясы “Каримов бiр аунап тұрды, бiрақ билiк тiзгiнiнен айырылып қалды” деп әр-әр жерде мәлiмдеп жүр.

Менiң ұлым Ербол кiсi қолынан қаза тапты. 2012 жылы мамыр айының 24-iнен 25-iне қараған түнi ұлым Ербол құрдас жiгiтiнiң үйлену тойына барады. Той ортасында Нұр­бол Жұмағалиұлы есiмдi жiгiт мас болып әркiмдерге тиiсiп, аузына келгенiн айтып отырған. Сол сәтте менiң балам Ербол “мау­бас, қойсайшы?” деген бiр ауыз сөз айтады.

Жыл сайын аудан, ауыл басшылары жұрт алдында жылдық жұмысын саралап есеп бередi. Алайда жұрттың көбi бұл жиынға бара қоймайды. Айта-айта жа­уыр болған мәселелердi қозғай бергеннен түк шықпасын бiле­тiндер үйiнде шайын сораптап iшiп отыра бергендi жөн санайды.

ҚР Көлiк және коммуникация министрi Асқар Жұмағалиевтiң назарына!
Мына техникалық байқау дегеннiң түр-тұлғасына бұрын да көңiл тоғаймаған, қазiр де мәз емес. Бiресе ана минис­трлiкке, бiресе мына министр­лiкке телiнiп, тентiреп жүрген жайы бар. Бұл қызмет түрi 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсiпкерлер меншiгiне берiлдi.

“Отбасы” қосымшасында жарияланған “Кесiр келiн” мақаласын оқып, ерiксiз қолыма қалам алдым. Мақала өте орынды, өзгелерге сабақ болатындай үлгiмен жазылған. Әйтсе де, өз басымдағы жайтты оқырманмен бөлiсудi жөн санап, келiннiң кесiр болатын себептерi кейде енесiмен тiкелей байланысты екенiне тоқталғым келдi.

Жеңгем алғаш келiн болып босағаны аттағанда, менiң жасым небәрi он төртте болатын. Ауылдағы өзге қыз-келiншектерден бұл жеңгемнiң үлкен ерекшелiгi бiрден көрiндi. Қала көргенi бар, оның үстiне дәулеттi отбасыдан шыққаны бар, әйтеуiр Бейбiт жеңгем басқаларға ұқсамайтын.  Ойындағысын iрiкпей, тура айтарлық қайсарлығынан қаймығатынбыз. Тiптi киiм киiсi де жаңаша үлгiмен болатын.

ЕНДI ТОЙҒА ДА САЛЫҚ ТӨЛЕЙМIЗ
Сенiмдi дерек көздерiне қарағанда дүйсенбi күнi қолданыстағы «Қазақстан Республикасы неке және отбасы туралы» Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлетiн көрiнедi.Алдын ала алынған мәлiметтерге сенер болсақ, жаңа баптардың бiрқатары елiмiздiң тұрғындары үшiн мүлде таңсық.

Ай сайын коммуналдық қызметке төленетiн ақша кiмге де болса жеңiл тимейдi. Оның үстiне су, жарық, жылудың бағасы жиi-жиi қымбаттауда. Осыған орай электр қуатын үнемдеудiң бiрнеше қарапайым тәсiлдерiн оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдiк.

Сөз байласып жүргенде ерлер әйелдердi жұлдыз, күн, перiштеге теңейдi. Ал шаңырақ көтергеннен кейiн ерлер аспан әлемiн жалғыз иемденiп, сүйген жарының қадiрi кетiп қалады.  Неке – қолшатыр сияқты. Жауын-шашында, ыстық аптапта көп септiгiн тигiзедi. Ал ашық күндерi ол аяққа оралғы сияқтанып тұрады. Бiрақ

Құрметтi Бауыржан қайным! (Қайным дегенiме ренжiмеңiз, өзiмсiнгенiм ғой). Менiң айтайын дегенiм, жуықта Сiздiң су мен жылуды үнемдеу жайлы жария еткен жаңа бастамаңызды оқыған соң, оны өз отбасымыз болып өмiрге енгiзiп жатырмыз. Керемет! Осыны баяғыда-ақ қолға алуымыз керек едi ғой. Бiрақ не iстейсiз?... “Судың да сұрауы бар” деп бабаларымыз тегiн айтпаған.

Таңдаулының таңдаулылары
Тақсыр иемiздiң
Қабылдауына iрiктелдi.
Тұлпардан тұлпар
Таңдап мiнетiн
Кiлең марқасқалар бұл жолы
Ей, мынау не деген ауыр-ей, а? Қанай екеумiз вагонға кiргiзе алмай әлекпiз, терлеп кеттiк. Жанымызда вагонның жолсерiгi жүгiрiп жүр, жылдам-жылдам дейдi. “Жылдам, бiреу көрiп қоятын болды, жұмыстан шығып қалам, әкең, қайдан келiсе қойып едiм, әкең...” дейдi. Бiз кiргiзе алмай ақ тер, көк тер болдық. Осынша ауыр болар ма... УҺ, кiргiздiк-ау ақыры.

Өткен аптада ҚР мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжинге Кенияның Қазақстандағы төтенше және өкiлеттi елшiсi Пауль Кивиботт Кургат Сенiм грамотасын салтанатты түрде табыстады. Хатшы мен елшi арасында әңгiмеде екi елдiң ынтымақтастық байланысы, экономикалық сабақтас­тық сөз болды. Қуанарлығы, осы кездесуде екi елдiң спорты турасында да әңгiме өрбiдi. 

Монте-Карлода өзiнiң WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жерлесiмiз Геннадий Головкин осымен жетiншi мәрте қорғап, қарсыласын нокаутпен ұтты. Жекпе-жек алдында Ишида: “Жеңбесем, жер болайын”, – десе, Головкин: “Атақты қорғаудың өзi шатақ болып тұр. Нобухиро – әлем чемпионы деген марапатымды тартып алғысы келетiн жетiншi боксшы.
ӨТКЕЛДЕН ӨТТI, АЛДА АСУ БАР
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) биылғы маусымы да жартылай финалға жақындады. Елiмiздiң “Астана арландары” клубы ширек финалдық сында “Argentina Condors” (Аргентина) клубын 5:0 нәтижесiмен жеңiп, жартылай финалға өттi.
54 келiде Бағдат Әлiмбеков Игнасио
2013 жылдың 4 сәуiрiнде мерейлi 70 жасқа толатын Амалбек Қозыбақұлы Тшанов ағамызды туылған күнiмен құттықтаймыз. Ағамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тiлеймiз.
Семсердейiн суырылған қынаптан,
Қас батырдай өттiң талай сынақтан.
Жетi асқардың биiгiнде самғадың,
Маңдайыңа тәңiр жазған шырақтан.

Момындығын, сенгiштiгiн пайдаланып, оны өз жұмысын iстетуге белгiсiз жаққа алдап алып кеткен пысықайлар балам Мақсат Нүсiповтi қайтармай жүр. Мұндай жағдай бұрын да болған едi. Қайырымды адамдардың хабарлауы бойынша iздеп тауып, үйге әкелген едiк. 1974 жылы туылған Мақсатты көрген-бiлгендерiңiз болса, мына телефонға 8-777-517-35-71, 234-71-79 (Алматыда) хабарласуларыңызды сұраймын.