1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15796) 4 сәуір, бейсенбі 2013
ҚОЛДАУ СIЗДЕН, ХАЛАЙЫҚ!
Таяуда оппозиция өкiлдерiнiң және азаматтық қоғамның бастамасымен Жалпыхалықтық референдум өткiзу мәселесi көтерiлген едi. Осыған орай Алматыда аймақтардан келген делегаттардың қатысуымен арнайы жиын да өттi. Алайда билiктiң қитұрқы әрекеттерi мен референдум өткiзбеуге алдын ала жасаған кедергiлерiнен бiрдi-екiлi облыс бойынша жиынның кворумы толмады.
Қазақстан Кедендiк одаққа кiр­гелi берi ұлттық мүдденi қор­ғау және өзiндiк саясат жүргiзу мүм­кiндi­гiнен айырылды. Шешiм қабылдауда Ресейдiң сөзi – сөз, бұл бiз­дiң экономиканың жұтылып кетуiне апарып соғады. Кедендiк одаққа кiрген соң қазақстандық экспорт 30 пайызға қысқарды, баға мен коммуналдық тарифтер күрт өстi, бұл жайт қарапайым халыққа да, кiшi және орта бизнеске де ауыр
ӘКIМДЕРДIҢ ҚҰЛҚЫНЫ ТIПТI КЕҢ ЕКЕН
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң ресми өкiлi Мұрат Жұ­манбайдың мәлiмдеуiнше, соңғы 5 жылда мемле­кеттiк сатып алу саласында жем­қорлар мемлекетке 7 миллиард теңгеден астам шығын келтiрдi. Ресми өкiл Қазақстандағы мем­лекеттiк сатып алулар жүйесiн жең ұшынан жал­ғасқан сыбайлас жемқорлық жаулап алғанын
ҚОҚЫСТАН ТАМАҚ IЗДЕГЕН ҚАЗАҚТЫҢ МҰҢЫ
Жұмыстан қайтып келе жатып, әдет­тегiдей олар жүретiн тұсқа арнайы бұрылдым. Сонадайдан байқап келемiн, бүгiн ешқайсысы көрiнбейдi. Олар деп отырғаным, бiрнеше ай бұрын өзiм “танысқан” қоғамнан тыс күнелткен бiр отбасының адамдары едi. Бұлардың өзгелерден оқшау әдеттерi мен тiршiлiктерi бiрден назарымды аударды.
Сәуiрдiң 1-iнде Атырау­да Атырау – Мәскеу бағыты бойынша қатынайтын ұшақтың тұсауы кесiлiп, сол күнi жаңа рейспен жолаушылар Мәскеуге ұшты. Бұл Embraer-190 ұшағына қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш ұш­қыш, соғыс ардагерi Хиуаз Доспанованың есiмi өткен жылы берiлген-дi. Салтанатты жиынға Атырау облысы әкiмiнiң орынбасары Шыңғыс Мұ­қан, “Эйр Астана” әуе ком­паниясының вице-президентi Ербол Оспанов, Хиуаз Доспанованың ұлы Ерболат Әмiров және Атырау облысының зиялы қауымы қатысты
ХАЛЫҚТЫҚ IPO БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢI СӘТТI АЯҚТАЛДЫ
Сонымен, көпшiлiкке арналған Халықтық IPO бағдарламасының бiрiншi кезеңi өз мәресiне жеттi. Оның алғашқы қорытындысы бағдарламаның сәттi бастау алғанын және ұлттық iрi компанияның акциялары халық арасында үлкен сұранысқа ие екенiн көрсеттi. Ендi Халықтық IPO-ға шығарылған “ҚазТрансОйлдың” жаңа акционерлерiнiң дивиденд алар күнi жақын.
Мемлекет басшыларының “дертке шалдығуы” мұрагер мәселесiнiң маңызын арттыра түстi
Өзбекстан президентi Ислам Каримовтiң денсаулығы жөнiндегi абың-күбiң әңгiме толастар емес. Каримовтiң жүрегi сыр берiп, есiнен танып қалғаны, оған қызы Гүлнараның себеп болғаны айтылды. 

Осы қазақтың мақал-мәтелiнiң астарында, Абай айтқандай, бiр кiлтипан бар. Мәселенки: “Әкеге тартып ұл тумас, шешеге тартып қыз тумас”, – дейдi де, сол шындық үшiн қымсынғандай, “игi едi” дегендi қосып қойып: “Әкеге тартып ұл туса игi едi, әке жолын қуса игi едi”, – деп сөздiң артын жұмсарта жөнеледi. Бұл өзiнiң ұрпағына өзiнiң көңiлi толмаған атаның айтқаны ма, әлде, ұлынан көңiлi қалған әкенiң айтқаны ма.

Қарағандының көшесi – жөңкiлген жұрт. Кiм келiп, кiм кетпеген бұл жерден?! Бiр кезде осынау шаһардың көшесiнде маңдайы жарқырап Әлiмхан Ермеков жүрген. Алаш Орданың соңғы көзi! Қазақтың алғаш­қы математигi! Кеудесi толы – Алаш идеясы! Қазақстанды Жапонияның деңгейiне көтеремiз деп ойлаған көксерек топтың бiрi һәм бiрегейi.

ЖЫР АЛЫБЫНЫҢ ЕСКЕРТКIШIНЕ ЖАНАШЫР ТАППАЙ ЖҮРГЕН ТҮРКIСТАНДЫҚ ӘБДIҒАНИ ТАШМЕТОВ ОСЫЛАЙ ДЕЙДI
Түркiстан қаласынан қоңырау шалған әкелi-балалы Әбдiғани, Акмал Ташметовтермен тiлдескеннен кейiн кәдiмгiдей ойланып қалдық. “Iлгерiде шаруашылық тараған кезде үлесiмiзге тиген Жамбыл Жабаевтың ескерткiшiн әлi сата алмай жүрмiз. Ескерт­кiш­тi сатып алуға құлшыныс
Көктен жауған жаңбырға
Жер-Ана төсiн төседi.
Көк аспан лезде ашылып,
Көктем лебi еседi.

Григорий, сен бiздiң ауылға келшi. Ауылда сен секiлдi кiсiлер депутат болады, немесе ауыл әкiмi болады. Өзiңнiң қол астында iстейтiндердi де бiзге ала кел. Көмiр жағасың, су жоқ, құдықтан тұзды су iшесiң. Бойыңа, буыныңа тұзды су жиналып, таяқпен жүретiн боласың.

Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағы мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған ең үздiк әдеби шығармалардың “Балауса” бәйгесiн қорытындылады. Мемле­кет­тiк тiлдегi қазiргi заманғы балалар әдебиетiнiң дамуына атсалысуға бағытталған бәйге 2012 жылғы 2 сәуiрде жарияланған-ды.

Бүкiл облыстың бiлiм беру жүйесi мен тәрбие саласын бiр шыбықпен айдап, жусатып-өргiзiп отырған бiлiм беру басқармасы аздық еткендей, ендi бiлiм сапасын бақылау департаментi ашылды. Сонымен, жаңа департаменттiң мектептерге «басқыншылық» жаңа жорықтары басталып кеттi. Бүгiнгi күнi көршi қоныстанған қос дардай мемлекеттiк мекеме бiрiнiң құйрығын бiрi тiстеп, ит әуреге түсiп

Жасым – 85-те, оның 60 жылын хирургия саласына арнаған жанмын. Қаңтар айының бас кезiнде Алматыда тұратын Мөлдiр атты немеремнiң жүрек ақауына операция жасалатын болды. Операция өте қиын жағдайда өттi. Уақыт созылған сайын бiзден де береке кеттi.

Үкiмет басшысына хат
1941-45 жылдары майданға кеткен әке-ағаларымыздың орнына елде қалған ересектермен бiрге таңның атуын, күннiң батуын бiлiп жұмысқа жегiлдiк. Ол ол ма, кешкiсiн үйге келген соң да отыру, дем алу жоқ – клубқа жиналып, майдангерлерге жылы киiм даярлаған әже-жеңгелерiмiзге көмектесiп жүн түтемiз, қолғап, носки тоқимыз.

Петропавл қаласы жылдан-жылға өркен жайып, көркейiп келедi. Жергiлiктi тұрғындар күнделiктi тұрмыс-тiршiлiктiң қамымен жүрiп, туған қаласының кескiн-келбетiне, сән-салтанатына, ауыс-түйiсiне көңiл бөле де бермейдi. Өткен жылдың соңғы айларында темiржол вокзалы алаңында ашылған поэзия пайғамбары Мағжан Жұмабаевтың қола ескерткiшiн петропавлдықтар әлi тегiс көрiп те үлгермеген шығар.

2006 жылы Латвия астанасы Рига қаласында ардагер балуандар арасында күрестен әлем чемпионаты өтiп, сол сында елiмiздiң намысын қорғаған спортшылар үш алтын, бiр күмiс, үш қола медаль алып келген едi. Жалпыкомандалық есепте Иран мен Ресейден кейiн үшiншi орын алған балуандарымыздың арасында маңдайы жарқырап, ақтөбелiк Нұржан Қарабалин де жүрдi. Ол 45-50 жас аралығындағылармен күресiп, әлем чемпионы атанған едi.

ЖАҢЫЛСАҢ, ЖЕҢIЛЕСIҢ
Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА чемпион­дар лигасының ширек финалдық ойындарының бiрiншi кездесуi өттi. Францияның “Пари Сен-Жермен” (ПСЖ) командасы өз алаңында каталондық “Барселона” клубына қарсы ойнап, 2:2 есебiмен тарқасты. Месси 38-минутта гол соққан, нәтиже 79-минутқа дейiн өзгерген жоқ
ЕҢ КӨП ӨМIР СҮРГЕН АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Италияның солтүс­тiгiнде Новате-Миланезе деген кiшiгiрiм қала бар. 2 сәуiр күнi осы қаланың байырғы тұрғыны 113 жастағы Мария Радаэлли қайтыс болды. Мария Ра­даэллидiң 114 жасқа то­луы­на небәрi бiр-ақ күн қалған екен. Радаэлли 1899 жылдың 3 сәуiрiнде туған. Дүниеге бiр ұл, бiр қыз әкелiптi. 1974 жылдан бастап Мария қызының қолында тұрып келген.