1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15797) 9 сәуір, сейсенбі 2013
НЕМЕСЕ “БАЗАРДАН ҚАЙТҚАНДАР”, “БАЗАРДА ЖҮРГЕНДЕР” ҺӘМ “БАЗАРҒА БАРА ЖАТҚАНДАР” ТУРАЛЫ
Жақында Рейтинг.кз зерттеу агенттiгi Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың тағын иеленуi мүмкiн мұрагерлердiң атын атап, түсiн түстедi. Әрине, қазiр ерiнбегеннiң бәрi рейтинг жасап жүр. Әр сарапшының өз рейтингi бар. Кiмдiкi шынайы, кiмдiкi тапсырыспен жасалғанын көзi қарақты оқырман сезiп-бiлiп отыр. Рейтинг.кз зерттеу орталығы да шама-шарқынша тiзiм түзiптi. Көңiлден шыққанын қойын дәптерге түртiп қойыңыз, ұнамағанын сызып тастай салыңыз.
Қыжыртпа
Президент Нұрсұлтан Назарбаев талай жылдан бергi “саяси кеңесшiсi” һәм “сенiмдi серiгi” (президенттi қайдам, Ертiсбаев өзiн сенiмдi серiк санайды – Б.К.) Ермұхамет Ертiсбаевты Грузияға елшi етiп жiбердi. Бұл не: өсу ме, әлде өшу ме? Ертiсбаевтың өзiне салсаң, президент оны Ақорданың ауласын сыпырушы етiп қойса да “мақұл” дейдi. Және де “елбасы бұл қызметтi маған ғана сенiп тапсырды, елбасына мың алғыс!” деуi кәдiк.
Астанадағы “Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет” қоғамдық қорының баспасөз орталығында аталған қордың төрағасы Мұсағали Дуамбеков, қоғамдық қорғаушы Алтын Жандосова және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң бұрынғы оқытушысы, техника ғылымдарының кандиданты, доцент Қамбар Сатыбалдының қатысуымен баспасөз мәслихаты өттi. Онда Еуразия ұлттық университетiндегi заңсыздық жайы сөз болды.
Әйелдердiң зейнет жасын ұзарту, жөргекпұлды қысқарту, жекеменшiк зейнетақы қорларын бiрыңғай мемлекеттiк қорға бiрiктiру... Соңғы уақытта елiмiзде болып жатқан антиәлеуметтiк шаралар осы. Осы күнге дейiн азаматтарды әлеуметтiк қамтуға ден қойған үкiмет неге әлеуметтiк шығыстарды қысқартуға кiрiстi?Бiр жағынан үкiмет қабылдаған бағдарламалардың басым бөлiгi әлеуметтiк бағытта.

Өткенде Ақмола облысының Есiл ауданындағы Красногор­ кентiнiң бiр топ тұрғындары аты белгiсiз бiр сырқатқа ұрынғаны жөнiндегi ақпарат дүйiм елдi дүр еткiзген болатын. Анығырақ айтсақ, өткен наурыз айының 22-сi мен 31-i аралығында осы елдi мекеннен бiрнеше адам аудандық ауруханаға түскен. Бұлардың барлығының сырқатының белгiсi бiрдей: жайдан-жай ұйқы басып, саналары тұманданып, бойларын енжарлық билеген.

КЕЛIМБЕТОВ МЫРЗА! ХАЛЫҚТЫАЛДАУСЫРАТҚАНША, ШЫНДЫҚТЫАЙТ!
Бiздiң халық осал, “президент айтты” десе болды барлығына мойынсұна бере­дi. Мысалы, зейнетақы сияқты өткiр мәселе Қыр­ғыз­станда немесе Моңғо­лия­да көтерiлсе, мәселе бас­қаша өрбитiн едi. Ал бiзде сол баяғы ұйқылы-ояу қо­ғам, қалғыған халық, жоғарыдан не айтылса, соған көнуге етi үйренiп кеткен.
Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын 58 жастан 63 жасқа дейiн көтеру мәселесi қоғамда әлi қызу талқылануда. “Әйелдердiң зейнеткерлiкке шығу жасын 63 жасқа дейiн көтеру деген не сұмдық? Министрлiкте отырғандар анадан тумаған ба? 63 жасқа келген әжейдi жұмысқа жегiп қою кiмге тиiмдi? Егер үкiмет айтқанынан қайтпаса, бiз де талап қоямыз. Зейнетақы қорына салған қаражатымызды бiр тиынын қалдырмай қайтарып берсiн.

Қазақстанның сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Алексей Волков Алматыға БҰҰ-ның өңiрлiк орталығы мәртебесiн берудi ұсынды. Ол бұл пiкiрiн кеше Астанада өткен БҰҰ Даму бағдарламасының Батыс Еуропа мен Орталық Азия елдерiндегi адамзат дамуы туралы баяндамасының тұсаукесерiнде мәлiм еттi.

16 наурызда Алматы қаласында республикалық референдум өткiзу жөнiнде жиналыс болды. Мемлекет­тiк органдардың және лауазымды қызметкерлердiң кедергi жасауына қарамастан, жиналыс жұмысына елiмiздiң 16 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 500-ден астам өкiл қатысты. Қазақстанның барлық аймақтарынан келген жиналысқа қатысушылар :

“Жас Алаш” газетi “Есiр­ген қыз әкесiн естен тандырады” деген айдармен Өз­бекстан президентi Ислам Каримовтiң жүрек талмасы ұстап, мұның бiршама әңгi­меге арқау болғанын жазды (“Каримовтiң ақыры”, 29 наурыз, 2013 жыл).  Өзбекстанның ресми билiгi мұны растамағанымен, шетелдегi өзбек оппозициясы “Каримов бiр аунап тұрды, бiрақ билiк тiзгiнiнен айырылып қалды” деп әр-әр жерде мә­лiмдеп жүр.

Д.А.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Былтыр аса көрнектi қоғам қайраткерi, қазақтың бiртуар перзентi Дiнмұхаммед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы елiмiздiң барлық аймағында аталып өттi. Қазақ мемлекетiне орасан зор еңбек сiңiрген Д.Қонаевтың мерейтойы Батыс Қазақстан облысында да үлкен ықыласпен мерекелендi. Осы мерейтойлық шараның Орал өңiрiнде өтуiне мұрындық болып ұйымдастырған Жанат Есентаевтың еңбегi ескерiлдi.
Арнау өлең
Тәжрибе, бiлiм, денсаулық,
Елге бердiң барыңды-ай.
Қайыспай тартып келесiң,
Қаратайдың қара  нарындай.

Кешегi кеңестiк заманда Кейкi батырдың аты мен атағы түгiл, тегiн, руын айтудың өзi мұң болған едi. Мiне, бүгiн бiздер халық батыры, Аманкелдi Имановтың үзеңгiлес досы, әскербасы, сарбазы болған Кейкi батыр Көкембайұлын мақтанышпен айта аламыз, тiптен сахна төрiнен оның бар болмыс-келбетiн, мұңын, арман-белесiн көркем образ арқылы көрiп тамашалай аламыз.Жақында жерлес ақынымыз, “Алаш” сыйлығының иегерi, ақын ағамыз Серiк Тұрғынбековтiң

Бiздi қолымызға қалам алуға мәжбүр қылған жайт –Жалдама ауылының тұрғыны Қоденов Мұхтар ақсақалдың “Өмiр өткелдерi” атты кiтабы. Бұл кiтапта кешегi кеңес заманында ауданымыздың өсiп-өркендеуiне атсалысқан азаматтардың атына ешбiр дәлелсiз жала жабылады. Соның iшiнде автор бiздiң әкемiз Байдақ Молдашұлын қылмыскер, қарақшы етiп көрсетедi.

Қазiр
Алып Қазақстанды
Көкпар қып
Бiрi әрi тартып жатыр,
Бiрi берi тартып жатыр,
Ендi бiрi – мүлде! –
Керi тартып жатыр.
“Той дегенде, қу бас домалайды” деген сөздi кiш­кентай кезiмде түсiнбей, тiлiмдi тiстеп, өңкей әртүрлi пошымдағы бастардың сай-саламен тойға қарай домалап бара жатқанын елестетушi едiм. Сөйт­сем, қазекем бүгiнде өлiмдi де тойға айналдырып алыпты. Әкеңiз жетпiске жетiп жығылып, немесе шешеңiз сексенге секiрiп шығып алып, шыбын жандарын қиып кетсе, дос-жарандарыңыз құ­шақтап, арқаңыздан қаға­тын болды:
ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк Қазақстанның мемлекеттiк қызметшiлерi лауазымдарының тiзiмiнен “бастық” сөзiнiң алынғанын мәлiмдедi. Электронды сайттардан
Жазғанменен бұған арнап неше өлең,
Көгере ме деймiн ендi көсегем?
Бастығыма “басеке” деп айта алмай,
Шынымды айтсам, қиын боп жүр кешеден!
             Алло-ау! Көрiпкел Кеңесбектiң үйi ме екен?
             Иә, көрiпкел Кеңесбек сiздi тыңдап тұр!
             Менi бүрсiгүнi, сағат 2-де қабылдаңызшы. Қабылдауыңызға алдын ала жазылып қояйын деген едiм.
             Сiздi бүрсiгүнi қа­был­дай алмаймын.
Әңгiменiң төтесi,
Бұл мәселе болып тұр –
Мәселенiң көкесi.
Талқыға түстi арыстанның
Қаны сұйылып қалған шекесi:
– Бағалап жатқан жер жүзi
Дәл Арқаның табанында
Мына нарық заманында,
Борыштарың өтелмей,
Сiркең су көтермей жүргенде
“Жиделiге” соға көрмеңiз.
ЕМIЗУ КЕЗIНДЕ БАЛАНЫ ДҰРЫС ҰСТАҢЫЗ
 
– Емiзу кезiнде баланы дұрыс ұстаңыз. Емiз­ген кезде сәбидiң де­несiнiң анасы жаққа қарап, “қарнымен қарнына” жабысып, бетi кеуде­сiне қарама-қар­сы жатуының маңызы зор. Сәби­дiң бетi емшекке тиiп жатуға тиiс. Сәбиге емшек берерден бұрын оның ернiне емшек ұшын сәл тигi­зiп, сипалау керек, сонда ол аузын ашады да, тiлiн шығарады. Ем­шек­тi дұрыс бергенде, ба­ла емшектiң ұшы мен
4 сәуiрде   Астанада бокстан Ирландия ұлттық құрамасы елiмiздiң бiрiншi нөмiрлi боксшыларымен бiрлескен оқу жаттығу жиыны басталды. Екi аптаға созылатын жаттығу жиынында екi елдiң ерлер, қыздар, жастар және жасөспiрiмдер құрамасы өзара жекпе-жек өткiзiп, шеберлiктерiн шыңдайды.  Ирландиялықтардың келудегi басты көздегенi – Қазақ елiне жерсiну.
ҚАҒЫП ТҮСIРДI
Кәсiпқой боксқа ауысып, алыстағы АҚШ-та қайратын шыңдап жүрген Қанат Ислам кезектi қарсыласын жеңдi. Кәсiпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегiнде оған Алексис Мартинез қарсы шыққан. Майамидегi кездесу бар болғаны екiншi раундта тоқтатылып, техникалық нокаутпен жеңiс жерлесiмiздiң қанжығасына байланды. Ендi Қанат 26 сәуiрде Эквадордың Кито қаласында жекпе-жекке шығып, колумбиялық Эмилио Хулионың қаншалықты қарымды екенiн байқап көредi.