1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (15798) 11 сәуір, бейсенбі 2013

2011 жылғы есеп бойынша, елi­мiзде 563 мыңнан астам мүгедек жанның бары анықталған. Олардың 58 мыңы – мүмкiншiлiгi шек­теулi балалар. 563 мың мүгедек адам дегенiңiз, жалпы халықтың үш пайызынан астамын құрайды. Кез келген қоғамның осындай мүмкiншiлiгi шектеулi азаматтарына жасаған қамқорлығына қарап, мемлекеттiң саяси жүйесi мен билiгiне баға беру қиын емес. Айталық, өркениеттi елдерде мүгедек жандар жан-жақты әлеуметтiк қамсыздандырылып, оларға қажеттi көмектердiң барлығы көрсетiледi. Ал бiзде қалай?

“Президент денсаулығының сыр бергенi” жөнiндегi әңгiме лезде әлемдiк ақпарат кеңiстiгiн шарлап кеттi. Әуелде бұл ақпаратты тарат­қан “Республика” порталы қуықалды безi рагына шалдыққан президенттiң Израильде ота жасатып келгенiн, ендi асып кетсе жарты жыл-бiр жылдық өмiрi қалғанын айқайлатып жария еткен.

Қазақстанда айналымға енгiзiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу барысында бiрнеше мәселенiң бетi ашылды. Мәселен, егiстiк жерлердiң қараусыз қалып, тозығы жеткенi анықталды. Әсiресе, Қызылорда облысында дәл осы мәселе күйiп тұр. Бұл туралы сейсенбi күнi өткен үкiмет отырысында Өңiрлiк даму министрiнiң бiрiншi орынбасары Қайырбек Көшкенбаев мәлiм еттi.

“Жас Алашта” 29 наурыз күнi жарияланған “Колледж түлегi өзiн “академик” санады” атты М.Мыңжасарұлының мақаласында сыналған Жасан Зекейұлы редакцияға қарсы мақаласын жолдады. Бiз екiншi жаққа да өз уәжiн айтуға мүмкiндiк беретiн дәстүрiмiздi және “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заң талаптарын сақтай отырып, оған да газет бетiнен тиiстi орын бөлдiк.

Редакциямызға арнайы хабарласқан 80 жастағы Гүлзада апа қол жинау нау­қанына қатысып, өзiнiң де қолдау бiлдiргiсi келетiнiн айтқан едi. Апаның үйiне арнайы барып, тiлдескенiмiзде, оның саяси сауатына тәнтi болдық. Ол қол жинауға байланысты пiкiрiн былай деп түйiндедi: “Жасым сексеннен асты.

“...Бiздер тәуелсiздiгiмiзге қауiп төндiретiн кез келген ұйымнан шығуымыз керек” деген Н.Назарбаевтың сөзiн алға тартқан Желтоқсан көтерiлiсiнiң ардагерлерi кеше Алматыда баспасөз жиынын өткiздi. Олар Қазақстанның Кедендiк одақтан шығуын талап етiп, мәлiмдеме жасады.

Ел арасының дау-дамайсыз отырған күнi бар ма? Тек оған әдiл төрелiк айтатын, ақ-қарасына нүкте қоятын биiң болсын. Осындайда әйгiлi Төле бидiң “Елге бай құт емес, би құт” деген нақылы еске түседi. “Нақақтан-нақақ күйдiк, әдiлдiк таппадық” дейтiндер көп бүгiнде. Ау, сонда заң қайда, басқа қайда? “Заңда мiн жоқ!.. Бар пәле заңгерлерде...”.

Сәуiрдiң 8-i күнi Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрi Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. Саясат­кердi жерлеу рәсiмi 17 сәуiрде әулие Павел шiркеуiнде өтедi. Және де қаралы жиынды британдық телеарналар тiкелей эфир арқылы көрсетпек.

“Жас Алаш” көтерген мәселе
“Жас Алаштың” 4 сәуiр күнгi нөмiрiндегi “Жамбыл Жабаев ендi ешкiмге керек болмай қалды ма?” атты мақалаға (авторы – Ғалымжан Елшiбай) орай қазiргi таңда ескерткiштi халық игiлiгiне ұсыну мақсатында Түркiстан қаласы әкiмдiгi тарапынан нақты шешiм қабылданды. Айта кетерлiгi, Түркiстан қаласына қарасты Ораңғай ауылдық округiнiң тұрғыны Әбдiғани Ташметовтiң “Жамбыл Жабаев ендi ешкiмге керек болмай жатыр” деген пiкiрiне келiсу қиын.

Мемлекет басшысы латын әлiпбиi­не көшу керектiгiн айтқанымен, оған қазақ елiнде тұрып жатқан бүкiл ұлт­тардың бәрi көше ме, әлде өздерiнiң қалпын бұзбаған қазақтар ғана (өйткенi түрi қазақ, жаны бөлек қандастарымыз өте көп) көше ме деген сұрақтың басын ашық қалдырды. Егер латын әлiпбиiне көшу тек соңғыларға ғана тиiстi болса, сенiммен айта аламын

Жақсыны жақсы, жаңаны жаңа дегенге не жетсiн, шiркiн! Бiз де кеше жаңа бастаманың, жаңа iстiң куәсi болдық. Кеше ҚР Орталық мемлекеттiк мұрағатының мәжiлiс залында Қазақстан тарихшылар қауымдастығы, Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университе­тiнiң “Айтылған тарих” деп аталатын ғылыми-зерттеу орталығы және ҚР Орталық мемлекеттiк мұрағаты бiрлесiп, арнайы жиын өткiздi.

Бiз тұратын жатақхана 2012 жылдың тамыз айына дейiн “Волковгеология” АҚ қарамағында едi. “Волковгеология” АҚ Кеңес одағының 1960-90 жылдар уақытында, Қазақстан аумағында уран қазбаларын барлап, зерттеп, геологиялық жұмыстар жүргiздi. Бiз тұрып жатқан жатақхана осы мекеменiкi едi.

БIШКЕКТЕ МҰХТАР ӘУЕЗОВТI ЕСКЕ АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТТI
Қырғызстанда қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтi еске алу шаралары өттi. Бiшкектегi Әуезов атындағы көшеге естелiк тақта iлiнiп, қаламгердiң ескерткiшiне гүл шоқтары қойылды. Жүсiп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетi мен Мәдениет, ақпарат және туризм министрлiгiнде Әуезовтi еске алу кештерi ұйымдастырылды.
Желтоқсан ызғары мың­­даған отбасын шарпып, қаншама ата-ананың жүрегiн жаралап, қаншама қазақ жастарын азапқа салды десеңiзшi. 1986-жылы 17 желтоқсан күнi Алматы сәулет-құрылыс институтының үшiншi курс студентi Жанболат Несiпбайұлы (суретте) “қазақ­тың жiгiттерi мен қыздарын соққыға жығып жатыр...” дегендi естiп, мұны өз көзiмен көру үшiн жатақханадан шығып
Қазақстан парламентiнiң назарына!
Кеңестiк дәуiрде 5 және одан да көп бала туып өсiрген аналар 50 жаста, ал бала тумаған және бала саны бесеуге жетпегендер 55 жаста зейнеткерлiкке шыққанын барша жұрт бiледi. Өз билiгiмiз өз қолымызға жетiп, егемендiкке қолымыз жеткендегi жетiстiгiмiз – әйелдердiң қыспақтың құрсауына түскенi ме? Онсыз да егемендi ел болғанда аналардың зейнеткерге

Осыдан көп жыл бұрын бiз Қызылорда облысының Қазалы стансасындағы бұ­рын­ғы Сталин көшесi деп аталатын 38-үйде тұрдық. Бiзбен көршi Нау­рызбай есiмдi қария тұратын. Оның ерке, шолжаң бiр ғана баласы бар едi. Әйелi қайтыс болып, қария осы тентек баласымен бiрге қалды.

Көптi көрген қария, белгiлi ұстаз Мәжит Уәлиахметұлын аудандық “Ардагер” қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Сапаржан Ағытай­ұлы арқылы таптық. Меңдiқараның Ақсуатында туған Мәжит атай заманында белгiлi қоғам қайраткерi, елiне еңбек сiңiрген ұстаз, жазушы Спандияр Көбеевпен бiрге қызмет атқар­ған бүгiнгiнiң тiрi тарихы десек те болады.

Аулада ойнап жүрген 5-6 жастағы бүлдiршiндердiң жанынан өтiп бара жатып, әлгi сөздердi естiгенде, қалт тоқтадым. Кiшкентай ұлдар шынымен де ойынның қызығына берiлiп кеткен. Қастарына келiп, ойындарын тамашалап тұрғанымды ешқайсысы байқамады. Есiл-дерттерi – қалың қазақты қаумалаған жоңғарға “атой салу”. Мұны ендi бiр жылдан астам отандық телеарналарда көрсе­тiлген “Жаужүрек мың бала” фильмiнiң жемiсi демеске лаж жоқ.

“Күш атасын танымайды” деген мақал осындай күрестен кейiн айтылған шығар, сiрә. Соңғы жылдары елеусiз қалған қазақ күресiн қолдау қарқын алып келедi. Әлемде әр халықтың өз төл күресi бар, бiрақ солардың iшiнде жазғы олимпиадалық спорт түрiне жатпайтын қазақ күресi бекзада спорт түрi саналады. Себебi мұнда тазалық бар, өзге күрес секiлдi бiрiн-бiрi астына басып алып илеуге жол берiлмейдi.
ЖИЫРМАДАН АСТАМ ТIЛ БIЛЕДI
Тимоти Донер – Нью-Йорк қаласының тұрғыны. Жасы – 17-де. Осы жасында-ақ Тимоти дүние жүзiне белгiлi болды. Ол футболшы да, баскетболшы да, әншi де емес. Тимоти жиырмадан астам тiл бiледi. Мiне, осы көп тiл бiлгiштiгi арқасында ол әлемге белгiлi болды.
БӨДЕНЕДЕЙ БОЙЖЕТКЕН БӘРIНЕН КҮШТI
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентi Томаш Аян қызмет бабымен Өзбекстанда жүр. Мәртебелi мейман құдайы көршiмiзге қонаққа келдi де, қазақстандық ауыр атлет Зулфия Чиншанлоны арнайы шақырып, ат шаптырып алдырып, былтырғы жылдың ең үздiк ауыр атлетi деген марапатты ұсынды.

Мамыр айында “Халықтық IPO” бағдарламасының екiншi кезеңi бастау алмақ. Бұл жолы KEGOK акционерлiк қоғамының акция­лары айналымға шығарылады. Бұған дейiн “ҚазТрансОйл” акцияларын сатып алған жұрт аз да болса тәжiрибе жинап қалды. Десек те қаржысын өздерiне бейтаныс инструментке салуға жүрегi дауаламайтындар әлi де баршылық.