1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (15799) 16 сәуір, сейсенбі 2013
36 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ БIР ОТБАСЫНЫҢ ҚАЙ ЖЫРТЫҒЫН ЖАМАЙДЫ?
Қазақстанда айлық жалақысы 36 мың теңгеден аспайтын адамдардың жалпы саны 9 миллионға жеттi. Бұл туралы президент Н.Назараевтың өзi мәлiмдедi. Осыдан нақ бiр ай бұрын Статистика агенттiгi Қазақстандағы орташа айлық жалақы 100 мың теңгенiң үстiнде деп ақпарат таратқан. Кешеге дейiн үкiмет мү­шелерi де, әкiмқаралар да дәл осы деректi қайталап, халықтың күнкөрiс деңгейiн сатылап жоғарылатып келген едi. Дегенмен, бұрын айтқанымыздай, сөз басқа, iс бөлек.

“Коммуналдық қызмет ақысын көтеру керек”. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аузымен айтылған бұл мәлiмдеме онсыз да жүгенсiз кеткен монополистерге жақсы сылтау болғалы тұр. Президенттiң “батасын” алған олар ендi еш қымсынбастан елге қымбатшылық қамытын ки гiзетiнi түсiнiктi.

Кәсiпкерлермен кездесу барысында президент Н.Назарбаев қазiргi Кедендiк одаққа қатысты пiкiр бiлдiрiп, қазақстандық кәсiпкерлердi сөзбен түйреп өттi. Кедендiк одақ аясында жұмыс iстей алмау отандық кәсiпкерлердiң өздерiнен екенiн айтқан ол: “Бiз қазiр Ресей мен Беларусь мемлекеттерiмен бiрiккен үштiк одақтың кезiнде бәсекелестiктен жеңiлсек, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше бол­ғанда қайтпекпiз?

Елге танымал “ДАТ” газетiне 15 жыл толды. Бұл газетке деген халықтың iлтипатын , газеттiң тәуелсiз Қазақстанда атқарған еңбегiн көзi қарақты оқырман жақсы бiледi. “ДАТ”-тың даталы күнiнде газеттiң бас оқырманы Ермұрат Бапимен сұхбаттасып, бiраз мәселелердiң төңiрегiнде пiкiр алмастық.
“Жас Алаштың” өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде (“Әбiқаевтан Байбекке дейiн...”, №27, 9сәуiр) “Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагерi кiм болуы мүмкiн?” деген сұраққа сарапшылардың жауап iздегенiн жазып, билiктен үмiткерлердiң мұрнынан тiзiп шыққанбыз. Олардың ұзын-саны 23 адам. Яғни, ҰҚК төрағасы “тiсқаққан” Н.Әбiқаевтан бастап, “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары “сарыауыз” Б.Байбекке дейiн.

Президенттiң қабылдауына кiрiп шығу бақытына бө­лен­ген өнер қайраткерiнiң бiрi құпиялап мынаны айтыпты: “Президент: “Путин тез­де­тiп ортақ ақша шығарайық, ортақ паспорт жасайық!” деп жанымды қоймай жүр. Бұған сiз не айтасыз?” деп сұрады. “Олай етуге мүлде болмайды!” дедiм...”

Елдiк мүдденi көздеген қадау-қадау төрт мәселенi және әркiмге қатысты өзге де өзектi талаптарды қолдаушылар қатары тез өсiп келедi. Қазақстан азаматтарының билiкке жазған талап хатына қол қойып, ортақ iске жұмыла жәрдем­десудi ойлаған отандастарымыздың алды газетке шыққан үлгiнi қиып алып толтырып, “Жас Алаш” редакциясына жолдады.

Мәшһүр Жүсiп: “Жан – бiр асыранды құс, дене бiр қапас. Ол құсқа от, су бермесе, қапаста тұрып аштан өлiп қалады. Оған қорек беру керек. Мұнан мағлұм болды: Жақсы сөзге жан семiредi екен. Жанның қорегi құлақ сүйсiнерлiк сөз екен. Адам тiршiлiгiнде, денсаулығында құлақ сүйсiнетұғын сөз естуге талап қылып, тырысу керек”. Ал ендi осы құлақ сүйсiнетiн сөздi (ән-күй, музыка деп түсiнсеңiз де болады) қайдан естимiз, оны бiзге кiм тыңдатады?
“ӨКIНIШ”
“Қайрат Нұртас Production” компаниясы “Өкiнiш” атты фильм түсiрiптi. Әншi Қайрат Нұртастың өмiрi турасында баяндалатын лирикалық драма жанрында түсiрiлген туындының бас кейiпкерiн Қайрат өзi сомдайды. Сценарийi бiр апта көлемiнде жазылған фильмнiң режиссерi Мақсат Оспанов картинаның тапсырыспен түсiрiлгенiн айтты. Нелiктен киноның атауы “Өкiнiш” болды? деген сауалға Қ.Нұртас:
“Жiгiттер” квартетiнiң әншiсi Айдар Байжанов халық композиторы Қапез Байғабылұлының әйгiлi “Үш Меркi” әнiн эс­трада жанрына телiп орындаған екен. Әннiң насихатталғаны, тыңдарманға жеткенi дұрыс. Бiрақ тоны терiс айналмауы қажет, сөзi өзгерiске ұшырамауы, ырғағы бұзылмауы тиiс. Айдардың орындауында тыңдағанда әннiң мәтiнiндегi кейбiр сөздер өзгер­генiн байқадық. Бұл қалай болды деп алдымен Қапездiң әнiн қайта тiрiл­тiп, жарыққа шығарған зерттеушi
Сауалнама
Әйелдердiң зейнет жасын 58-ден 63 жасқа ұзартып, басы дауға қалған Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Серiк Әбденовтiң тың бастамасына қарсы тұрғандар арасында өнер адамдары да бар екен. Былтыр министр қызметiн тiзгiндеген мемлекет және қоғам қайраткерiнiң (С.Әбденовтiң ғұмырнамасында осылай жазылған – ред.) бұл ұсынысы әлемдi тербеткен аналарға деген қайырымы болып шықты.

“Жас Алаш” газетiнiң бетiнде Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмадiлов пен Қаракерей Қабанбай батыр кесенесiнiң шырақшысы Камал Әбдiрахман “Қаракерей Қабанбай батыр қайда жерленген?” деген мәселе төңiрегiнде қарама-қайшы пiкiр бiлдiрген едi. Даулы та­қы­рып­қа қатысты бiз бүгiн тарих ғылымдарының докторы, мұрағатшы Болатбек Нәсеновтiң мақаласын жариялап отырмыз. Бiрталай жазушы, тарихшылар бiлмейтiн тарихты, деректердi бiлесiз. Сөзге шеберсiз. Бiрақ Қабдеш Жұмадiлов ағаңның дәл осы жердегi сiздiң пiкiрiңiздiң қате екенiн айтқаны орынды.

Таңат Сағындықов елiмiз тәуелсiздiгiн жариялаған 1991 жылдан 1993 жылға дейiн грек-рим күресiнен ұлттық құраманы баптады. КСРО атты алып империяның бауырында бастырылып келген елдер еркiндiкке шығып, өз алдына үй тiгiп, өрiсiн кеңейткен тұстағы қиыншылықты, әсiресе, спорттағы аумалы-төкпелi кезеңдi басынан өткердi.

ЖАСТАР ЖАРАДЫ
Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жасөспiрiмдер арасында өткен әлем чемпионатында елiмiздiң атлеттерi нәтижелi өнер көрсеттi. 62 келiде күшiн сынаған Михаил Макеев қола жүлденi олжалады. Азия құрлығында Михаилдiң алдын кәрiс Квонг Ионг орап әлем чемпионы атанса, египеттiк Эмад Ахмед күмiс жүлдеге ие болды. 69 келiде Альберт Линдер өзiнiң салмағындағы 36 атлеттi артқа тастап,
КIТАПТЫҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ДАНАСЫ ҒАЖАП ЖАҒДАЙДА САҚТАЛЫП ҚАЛЫПТЫ
 
– 1986 жылы қазақтар көп жылдардан берi алғаш рет өз ұлттық қадiр-қасиетiн қорғап алаңға шықты. Осы оқиғадан тура 40 жыл бұрын, яғни 1946 жылдың 17 желтоқсаны күнi Ташкент қаласында “Қазақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-47 жылдары болған көтерiлiсi” атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғалған едi.