1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (15800) 18 сәуір, бейсенбі 2013

Он бiр жарым жыл бойы мүлгiген тыныштықта өмiр сүрген АҚШ-тың шырқы бұзылды. Патриот күнiне орай Бостон қаласында ұйымдастырылған марафон кезiнде болған екi жарылыстан 3 адам қаза тауып, кемiнде 176 адам жараланды. Арада бiр сағат өткенде Джон Кеннеди атындағы кiтапханада тағы бiр жарылыс жасалды. Абырой болғанда жазым болғандар жоқ. Лаңкестiктi зерттеуге тайлы-тұяғымен жұмылдырылған АҚШ-тың арнайы қызмет органдары терактiнi кiм ұйымдастырғанын әлi күнге дейiн анықтай алмай отыр.

“Азаттық” радиосының айтуынша, дәл қазiр 800 қазақ (мұның бәрi де – Моңғолияның қазақтары) Моңғолияның азаматтығын қайта алу үшiн әуре-сарсаңға түсiп жүрген көрiнедi. Бұлардың азаматтық алуы өзектi мәселеге айналғандықтан, қазiргi күнi Баян-Өлгей әкiмдiгiнiң жанынан осы мәселемен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылыпты.

ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗДЫҢ БIРI ҚАНАТ САУДАБАЕВҚА МЕМУАР ЖАЗУДЫ КЕҢЕС ЕТТI
Өткен аптада Қанат Саудабаевты президент Нұрсұлтан Назарбаев қызметтен босатты. Себебiн ешкiм түсiндiрген жоқ. “Басқа қызметке ауысуына байланысты” деп те күлбiлтелемедi. Үн-түнсiз алды да тастады. Сыртқы iстер министрi, мемлекеттiк хатшы, елшi болған Қанат Саудабаевты “Назарбаев орталығы” ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағарту мемлекеттiк мекемесiне директор етiп қойғанда “төбесiнде тесiгi” барлар “Саудабаевтың саудасы бiттi” дескен.
“15 адамды атып өлтiрдi” деген айып тағылып, өмiр бойы түрмеде отыру жазасына кесiлген Владислав Челах президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өтiнiм (ходатайство – ред.) жолдап, өзiне кешiрiм жасауды сұрамақ. Мұны Челахтың адвокаты Серiк Сәр­се­нов мәлiм еттi. “Соттың барлық сатыларынан өтiп болған соң Владислав Челах президенттен өзiне кешiрiм жасауды өтiне­дi.
Кеше мәжiлiсте “Қазақстан Республикасында зей­нет­ақымен қамсыздандыру туралы” заң жобасы бiрiншi оқылымда мақұлданды. Жақында Жамбыл облысы Мерке ауданынан хабарласқан ақсақал бұйымтайын айтып, былай деген едi: “Зейнеткерлiк жасын ұлғайту билiкте отырған әйелдердiң жамбасына жұмсақ тиедi

Қазақстандағы әйелдердiң зейнет жасын 63 жасқа ұзарту – жұмыссыздардың санын арттырады. “Казпотребнадзор” сараптау орталығының жүргiзген есебiне сүйенсек, он жыл iшiнде оқу орындарын бiтiрушiлердiң саны қазiргiден 30 пайызға азаяды. Жас мамандарға негiзiнен жаңа жұмыс орны зейнетке шығатын қызметкерлерден босайтын қызметтен ұсынылады.

Ашық хат
Елiмiздегi әйелдердiң зейнетке шығу жасын 58 жастан 63 жасқа көтеру жайлы мәселе елiмiзде дүрбелең туғызып жатқанын сiздер жақсы бiлесiздер. Қазiргi нарық жағдайында әйелдерге мұндай “тосын сый” жасау үлкен кешiрiлмейтiн қателiк деп бiлемiз. Оның арты үлкен дау-дамайға, әлеуметтiк шиеленiстерге соқтыруы мүмкiн. Көршiлес алып ел саналатын Ресейде және дамуы жағынан бiзден артта қалған өзбек ағайындарда зейнет жасын көтеру мәселесi қозғалып жатқан жоқ.
2013 жылдың басында американдық ConocoPhillips пен норвегиялық Statoil Қашаған кен орнынан кететiнiн мәлiмдедi. Содан берi Қытай ConocoPhillips тобының Қашағандағы үлесiне көз тiгiп отыр. Бұл мәлiметтi Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаевтың өзi айтты.Chicago Tribune басылымы бұл тақырыпқа мақала жариялады.

Облыс прокуратурасы үстiмiздегi айдың 8-i күнi жергiлiктi журналистер­дiң басын қосып, брифинг ұйымдастырды. Бiрақ облыс прокуроры Дастан Сартаевты “тiрiдей” көремiз деп қуанып барған журналист ағайынның тағы да жолы болмады. Кездесудi облыс прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев өткiздi.

ӘКIМ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСТЫ САУАЛНАМАҒА АТСАЛЫСҚАН ЖҰРТТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ ОСЫНЫ АҢҒАРТАДЫ
Елiмiзде референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ қол жинауға қызу кiрiсiп те кеттi. Оппозиция өкiлдерi мен азаматтық қоғам және “Жас Алаш” газетi бастамашы болған жалпыхалықтық референдумның күн тәртiбiндегi төрт бiрдей қадау-қадау мәсе­ленiң бiреуi – барлық дең­гейдегi әкiмдердi халықтың тiкелей

«Еңбек» хоккей клубының құрылғанына он жылдан асыпты. Елiмiз бен шетелдерде өткен шайбалы хоккейден түрлi жеңiстерге қол жеткiзген бұл клубтың қазiргi жағдайы мәз емес. Жағдай дегенде команда құрамындағы хоккейшiлердiң осалдығы немесе клубтың өз iшiндегi проблемалары емес. Қазақ қоғамында қалыптасқан рейдерлiк әрекет «Еңбек» хоккей клубына да жасалып

Қазақстан халқының жалпы саны 16 миллионнан асар-аспас. Бұның 4,5 миллионы – балалар. Елiмiздегi ата-ана қарауынсыз күн кешкен бала саны 46 мыңнан асады. Ал олардың 16 мыңы мемлекеттiң қарауында. Соңғы он жыл шамасында шетелге сатылған балалар саны 6014 болса, олардың 5308-iн АҚШ-қа жөнелтiппiз. Осындай көрсеткiшпен елiмiз қазiргi кезде шетелге бала сатудан әлем бойынша үшiншi

“Жезқазғантүстiмет” ӨБ кәсiподақ комитетi төрағасының мiндетiн атқарушы А.Болатбеков, Шығыс Жезқазған кенiшi кәсiподақ комитетiнiң төрағасы Г.Ысқақова, “Анненская” шахтасы кәсiподақ комитетiнiң төрағасы Б.Ахитов ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң төрағасы Н.Нығыматулин мен ҚР Кен-металлургия өнеркәсiбi жұмысшылары кәсiподағы Орталық кеңесiнiң төрағасы

Мен үшiн Кеңшiлiк бейнесi, күнi бү­гiнге дейiн дәл осылай көрiнедi. Әри­не, бұған тағы да әлде бiр штрихтер мен әлде бiр детальдарды қосуға болар, дегенмен менiң көз алдыма, алдымен дәл осы бейнесi көлбеңдеп тұра қалады. Шынында да, ол мына өмiрде еркiн жүрдi, еркiн тұрды. Мен ешуақта да оның қысылып сөйлегенiн де, қымсынып күлгенiн де көрген емеспiн.

Жақында теледидардан он жетi жас­тағы қыздың ерлiгi жайлы хабар көрдiм. Үйiнiң асыраушысы, тiрегi болып отырған асқар таудай әкесiнiң қазасынан кейiн бұл қыз артынан ерген бес бiрдей бауыры мен денсаулығы нашар анасының асыраушысы болып отырғанын бiлдiк.

Қазақстан территориясында жыл сайын кене шағуы арқылы жұғатын аурулар тiркеледi. Ондай аурулар қатарына Конго-Қырымдық геморрагиялық қызба (КҚГҚ), кенелiк энцефалит, кенелiк риккетсиоз, ке­нелiк боррелиоз жатады. Бұл аурулар кененiң белгiлi бiр түрлерi тараған, инфекция қоймалары болып табылатын аймақтарда кездеседi. Конго-Кырымдық геморрагиялық қызбамен ауыратындар Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұловқа хат
ҚР Бiлiм және ғылым минис­трлiгi 2015 жылдан бастап мек­тептердi оқушы санына қарай қаржыландыру жүйесiн енгiзбек. Қай мектептiң оқушылары көп болса, бюджеттен алатын қаржысы да қомақты болмақ. Биыл­ғы қыркүйектен бастап Ақтөбе облысының бiрқатар мектептерi де осы жаңа жүйе бойынша жұмысқа кiрiспекшi.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Құрлық әскерлерi Әскери институты қабырғасында еуропа тiлдерi кафедрасының ұйымдастыруымен 2013 жылдың наурыз айының соңғы аптасында “Махаббат – мәңгi ертегi” атты поэзия кешi өттi. Әйгiлi ақынымыз, сазгер, драматург, “Платиналы Тарлан” сыйлығының лауреаты Исраил Сапарбайдың шығармашылығына арналған

Бүгiн Үндiстан астанасы Нью-Делиде күрес бәйгесi қызып, грек-рим, еркiн және әйелдер күре­сiнен Азия чемпионатының жүлдесiне талас басталды. Азия құрлығындағы ел­дердiң маңдайалды бал­уандары жиналған сынға елiмiздiң де негiзгi құрамдағы мықтылары қатысады. Жарыс түңлiгiн алдымен грек-рим күресiнiң балуандары ашады, осы сынға бас бапкер Таңат Сағындықов 
ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНА – 100 ЖЫЛ
“Ярыш” (Жарыс – ред.) жасөспiрiмдер футбол командасы. 1913 жыл, Семей қаласы.Қазақтың болашақ ұлы жазушысы, “Ярыш” командасының орталық жартылай қорғаушысы Мұхтар Әуезов үшiншi қатарда, оң жақтан санағанда екiншi тұр. (Сурет ҚР Орталық кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатынан алынды).
“ҚҰДАЙҒА ТIЛ ТИГIЗДI” ДЕГЕН АЙЫП ТАҒЫЛДЫ
Фазыл Сай – түрiктiң танымал пианисi. Жасы – 43-те. “Азаттық” радиосының хабарлауынша, 2008 жылы Еуроодақ Фазыл Сайды мәдениет елшiсi етiп сайлаған. Сонымен қатар ол мәде­ниет саласына қосқан еңбегi үшiн бiрнеше рет сыйлықтармен марапатталған. 
Құттықтаймыз!     
Алматы шаһарында тұратын әрiптесiм, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметтi журналисi Итен Қарымсақұлын туған күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы қазақ журналистикасына адал қызмет етiп келе жатқан құрдасыма зор денсаулық, қажымас қайрат тiлей отырып туған күнiне мына өлеңдi шашу ретiнде жолдаймын.