1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (15801) 23 сәуір, сейсенбі 2013
Өткен аптада Еуропарламент Қазақстанға қатысты қатаң қарар қабылдады. Бұл қарар ендiгi жерде еуропалық қауымдастықтың қатарындағы елдермен ара-қатынастың қандай болмағын анықтамақ. Сарапшылардың айтуынша, Еуропарламент бұрын-соңды Қазақстан­ға қатысты мұнша қатаң қарар қабылдамапты. Мақтанған қыздың тойдағы кейпiн кигенiмiз ұят-ақ. «Басқалар демократияға жүз жылдап әзер жеттi, бiз жаспыз ғой» деп ақталғыш Астанадағы ақорданың саясаты шынымен-ақ сай­қымазақ екенi барған сайын ашылып келедi.
Әйелдердi 63 жастан бастап зейнеткерлiкке шығару жоспары – қазақтың аналарына қарсы жасалған әрекет. Менiң бұл пiкiрiмдi күллi қазақтың әйелдерi қостайды деп ойлаймын. Нарық заманының ауыртпалығына тап болған қарапа­йым қазақ әйелдерiнiң тағдырын Марченко сияқтылар ешқашан түсiнбейдi. Себебi бiздiң орнымызда болып көрген жоқ. Орта жастағы анамын, күйеуiм жастай қайтыс болып кеттi де, екi баланы жеткiзу менiң мойныма түстi.

Қазақстандағы әйелдердiң зейнет жасын 63-ке ұзарту мәселесi қоғамда дүмпу ғана емес, наразылық та тудырып отыр. Редакциямызға толассыз хабарласқан оқырмандар мен га­зетiмiздiң сайтына келiп түскен пiкiрлерге қарап, әйелдердiң 63 жаста зейнетке шығуына қарсы азаматтардың көптiгiне көз жеткiзу қиын емес.

2013 жылы мұнай өнiмдерiн тасымалдауға шектеу қойы­луы мүмкiн. Бұл туралы Астанада өткен үкiмет сағатында мұнай-газ министрi Сауат Мыңбаев мәлiмдедi. Ол: “Егер мұндай шектеу қоймасақ, осы жылы-ақ ресейлiк мұнай өнiмдерiнiң астында қалып кетемiз.

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ РЕСЕЙДIҢ НЫСАНАСЫНА АЙНАЛДЫ
Өткен сенбiде Атыраудағы Құрманғазы ауданының Балқұдық ауылынан 15 шақырымдай қашықтықта Ресейдiң ұшқышсыз ұшатын “шпион-аппараты” құлады. Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi бөлiмнiң бастығы Қуандық Садықовтың айтуынша, ресейлiк әскери аппараттың құлағаны туралы ақпарат аудан орталығына тек 20 сәуiрде ғана

Алматының бұрынғы әкiмi Виктор Храпунов президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудағы тәсiлдерiн тағы бiр жайып салды. Ақорданың шымылдықпен бүркеулi өмiрiне кезiнде әбден қаныққан Храпуновтың айтуынша, мемлекет басшысы өзiнiң құпия-сырларын тым жақсы бiлетiн шенеунiктердiң көзiн құртып, тұқыртып

Бостондағы жарылысты iске асырды деген күдiктi ағайынды Царнаевтардың Солтүстiк Кавказдағы радикалды топтарға қатысы бар болуы мүмкiн. Федералды зерттеу бюросының (ФБР) мәлiметiне қарағанда, марафон кезiнде жарылған бомба техникалық жағынан күрделi әрi оның жасалу тәсiлi интернетте көрсетiлмеген.

Әдiлетсiздiктi жасау өздерiне тиiмдi болғандықтан арамдыққа құрық созатындарды тани бiлу де, таңбалай бiлу де қажет. Өңе­шiңдегiнi жұлып алып, өз өзегiне тыға салудан жерiнбейтiндерден жерiну үшiн ашқарақ қомағайлардың апандай көмейiн билiк басынан тезiрек қуудан басқа амал жоқ. Әйтпесе әлгi апан көмейде жарты әлемдей жалпақ жерiң де, егемен елiң де жұтылып кетуi түк емес.

Атырау облысының әкiмi Бақтықожа Iзмұхамбетовтiң үкiмiмен өңiр басшысының орынбасары болып Сәлiмжан Нақпаев тағайындалды. С.На­қ­­паев 2003 жылдан берi Атырау облысы әкiмi аппаратының жетекшiсi, Жылыой ауданының әкiмi лауазымдарын атқарған-ды. 2006-09 жылдар аралығында Атырау қаласының әкiмi, ал 2009-10 жылдар аралығында облыс әкi­мiнiң орынбасары болды.

“Колледж түлегi өзiн “академик” санайды” атты М.Мыңжасарұлының мақаласына (29 наурыз) “Күншiлдiк – жазылмайтын дерт” деген тақырыппен (11 сәуiр) Ж.Зекейұлы қарсы мақала жазды. Екеуi де газетiмiзде жарияланды. Алғашқысында “Жас-Ай” медициналық орталығының басшысы

1975 жылдың күзiнде мектептi тәмамдағаннан кейiн, ҚХР ШҰАР Күнес ауданы, Телғара ауылындағы мектепте жылға жуық жұмыс iстедiм. 4-сыныпқа сабақ берiп жүргенде, сыныптағы сүйкiмдi келген, ақсары бала ерекше көзге түсетiн. Ол тек сабақ үлгерiмiмен ғана емес, талантымен, өнерiмен өзге балалардан оқ бойы озық тұратын. Сол жас өреннiң

Ерекше шақпа тiлдiлiгiмен аты аңызға айналған халық ақыны Шәкер Әбеновтi Семей жеке облыс болып тұрғанда “Семей таңы” газетiнiң Ақсуат – Көкпектi аудандарындағы меншiктi тiлшiсi болып жүрген жылдарда редакцияда бiр-екi рет көргенiм болмаса көп сөйлескен адамым емес.

Өзiм де өнбес дауды бастаған Камал Әбдiрахман мырзаға өте алмас тосқауылды бiр қойса, тарихшы Болатбек Нәсенов қояр деп ойлаушы едiм. Қателеспеппiн. Оның “Жас Алаш” газетiнде жарияланған “Бiздiң бәрiмiзге де шындық ауадай қажет” атты мақаласын (16. 04. 2013 жыл) тарихтың өзi сөйлегенi деп бiлем.

ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ЕҢ БАЙ АДАМДАРЫ БЕЛГIЛI БОЛДЫ
The Sunday Times газетiнiң рей­тин­гi бойынша, Ұлыбританияның ең бай адамы болып ресейлiк кәсiпкер Әлiшер Усманов танылды. Оның байлығы – 13,3 миллиард фунт стерлинг. Екiншi орын да ресейлiк кәсiпкерге бұйырыпты. Лео­нид Блаватниктiң қалтасында 11 миллиард фунт стерлингi бар. Үшiншi сатыда ағайынды Шри және Гопи Хиндуджалар тұр.
5 СЕКУНДТА АЛЫП ҰРДЫ
Қазақ күресiнен биыл үшiншi мәрте өтетiн “Қа­зақстан Барысы” республикалық жобасының финалына қатысатын алғашқы балуандар анықталды. Сәуiрдiң 19-21-i аралығында Ақтаудағы “Жасқанат” спорт кеше­нiнде Маңғыстау облысының мықтылары күш сынасқан болатын. Аймақтың апайтөстерi бас қосқан додада 18 жастағы студент Мейрамбек Жаңабай топ жарды.
Үндiстан астанасы Нью-Делиде басталған күрес түрлерiнен Азия чемпионаты аяқталды. Таңат Сағындықов баптайтын грек­-рим күресiнiң балуандары құрлық бәйгесiн алдымен бастап, тәуiр нәтижеге қол жеткiздi.­ Ендi Үндi жерiнде бәске түскендердiң көрсеткiшi жөнi­н­де. 55 келiде Жансерiк Сәр­сен­биев пен 60 келiде күрескен Алмат Кебiсбаев жарысты ерте аяқтап, жүлдеден қағылды. 66 келiге ауысқан Ербол Қоңыратов қанжығасына қола жүлденi байлады.
АУРУ АДАМДЫ “ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ” ЕМЕС, “ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДI” АУРУ АДАМ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ
Берк қаласының (Франция) 60 жастағы тұрғыны Кристиан Нейе қатерлi iсiктiң соңғы стадия­сымен ауырады. Ол рентген жасату үшiн үйiне “Жедел жәр­дем” көлiгiн шақыртады. Ауруханаға кетiп бара жатқан жолда Нейе жүргiзушiнiң халiнiң аяқ астынан нашарлап кеткенiн көредi.
“Халықтық IPO” бағдарламасы қарқын алып келедi. Қазақстан қор биржасына (KASE) шығарылуға тағы бiр ұлттық компания - “KEGOC” АҚ дайындалуда. Инвесторлар үшiн “Халықтық IPO” эми­тенттерiне сенуге болатын бiрнеше дәлелдi келтiремiз.