1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (15802) 25 сәуір, бейсенбі 2013

Республикада соңғы жылдары дүрбелең тудырған лаңкестiк оқиғалар жиiледi. Осы оқиғалардан кейiн ҰҚК терроризммен күреске белсене кiрiстi. Алайда ҰҚК лаңкес деп айдар таққандардың арасында бұғанасы қатпаған, оң мен солын танып үлгермеген жастар көп екенiн жекелеген мысалдар көрсеттi. “Жас Алаш” газетiнiң ұйымдастыруымен өткен “Қазақстандық лаңкес­тер. Олар кiмдер? Жойымпаздық пен асыра сiлтеудiң құрбандары нелiктен көбейiп барады?” атты дөңгелек үстелге қатысқан Амандық Ахетов кәмелетке толмаған ұлы Саламат Ахет нақақтан-нақақ ҰҚК-нiң құрбанына айналды деп есептейдi.

ПРЕЗИДЕНТ Н.НАЗАРБАЕВ ТЕНТЕКТЕРДI ДҮРЕМЕН ТЕЗГЕ САЛҒЫСЫ КЕЛЕДI
Өткендегi бiр жиында президент Н.Назарбаев “қаланы таза ұстамайсың” деп Астана қаласының әкiмi Иман­ғали Тасмағам­бетовтi бiраз сiлкiп алды да, былай дедi: “Астаналықтарға БАҚ арқылы жиi түсi­нiктеме берiп, көздерiне көрсету керек

Президент Н.Назарбаевтың айтуынша, Астанада шешiмiн таппаған мәселелер жетiп артылады. Кезiнде тапсырма берiлген, алайда бүгiнде орындалмаған. Мәселен, жаңа ғимараттардың маңайында көлiк қоятын тұрақ жетiспейдi. Соңғы 3 жылда 41 мың пәтер берiлсе, бар-жоғы 3500 көлiк тұрағы салынған.

1986 жылдың 26 сәуiрiнде 01 сағат 23 минут 40 секунд шамасында Чернобыль Атом электр стансасының 4-энергоблогында апат болды. Стансаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған тәжiрибе кезiнде оператордың түйменi басуы салдарынан жобалау сатысында жiбе­рiлген қателiкке байланысты реактордың қорғаныс қорабы ерiп кеткен.

Кеше Алматыда қоғам қайраткерлерi мен саясаткерлер, зиялы қауым өкiлдерi халыққа тиесiлi байлықты қайтаруды талап етiп, арнайы баспасөз жиынын өткiздi.

Осыған дейiн митинг өткiзуге рұқсат бермей келген Алматы қалалық әкiмдiгi 27 сәуiр күнi наразылық шарасын өткiзуге келiсiм бердi. Бұл iс-шараны ұйымдастырушылардың бiрi Қанағат Тәкее­ва барша азаматтарды сәуiрдiң 27-сi күнi “Сарыарқа” кинотеатрының артындағы алаңқайда өтетiн митингiге шақырып, мәлiмдеме жасады.

Қызылордада 22 сәуiр күнi кешкiлiк алапат дауыл соқты. Синоптиктердiң мәлiметiнше, желдiң жылдамдығы 19 м/с-ке жеткен. Табиғаттың мұндай тосын мiнезi қызылордалықтарға таңсық емес. Жалпы, жел атаулыға етiмiз үйренген, екi күннiң бiрiнде ақ шаңға көмiлемiз де жатамыз.

21 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
France Press агенттiгiнiң хабарлауынша, Қытайдың ұйғырлар жиi қоныстанған Шыңжаң аймағында ұйғырлар мен полицияның арасында қақтығыс болған. Нақтырақ айтсақ, полиция Шыңжаң аймағының батысындағы Бачу деген елдiмекендегi ұйғырлардың үйiн тiнткен. “Үйлерiнде қару сақтауы мүмкiн...” деген күдiкпен. Мiне, жанжал да осы жерде шыққан.

Менiң бiр танысым былай дейдi: “Таңғажайып Сүлеймен” телехикаясын қатарынан бес күн тамашалаймыз. Содан кейiнгi жағдайды айтып жеткiзу қиын. Себебi сериал көрсетiлмейтiн сенбi, жексенбi күндерi үйдiң iшiн бiр сұрықсыз көңiлсiздiк жайлайды. Үйдегi екi қариямыздың екi күн бойы ештеңеге зауқы соқпай, аһылап-уһiлей бередi.

Ерболат пен Күмiсайдың отбасында осыдан бiр ай бұрын жетiншi нәресте – қызбала дүние есiгiн ашты. Есiмiн Айсәулем деп қойды. Алла бұйыртса, “Күмiс алқалы” ана алда “Алтын алқалы” атанады. Күмiсай Мұхамбетқали келiнi 1975 жылы 9 шiлдеде Қостанай облысының Меңдiқара ауданына қарасты Теңiз ауылында туып өскен. 1993 жылы тұрмысқа шығып, бүгiндерi ерi

Жылы ой ауданынан Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа 3550 адам қатысып, олардың 2 500-ден астамы майданнан оралмаған, 650-дей жауынгер хабарсыз кеткен. Ал мен тұратын Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон елдi мекенiнде Шайыр деген бiр-ақ майдангер қалды. Соғыстың салған жарасы ма, болмаса денсаулығы сыр бере ме, соңғы кезде көңiл-күйi мәз емес.

Ақмола облысында 14 056 мұғалiм­нiң 2 603-i – ер мұғалiмдер. Жалпы, елiмiз бойынша бүкiл мұғалiмдердiң 85-87 пайызы – әйелдер. Мектептегi барлық жұмысты әйелдердiң мойнына артып қойғандықтан, бiлiм сапасы мен тәрбиеге нұқсан келуде. Педагогикалық талапқа сай емес, ой-өрiсi тар мұғалiмдер де сабақ берiп жүр. Бiлiмi таяз әйел мұғалiмдерге балалар бағынбайды, сабақтарын дұрыс оқымайды.

Мен Шу ауданына қарасты Бәйдiбек ауылында туып-өскенмiн. Әлi күнге есiмнен кетпейдi. 5-6 жастамын. Көктем күнi болатын. Далада күн күркiреп, найзағай жар­қылдап, жаңбыр жауып тұрған. Әкем Жұмадiл: “Ендi қайтiп күн көремiз?” – деп ботадай боздап жылады.

Өткенде “Нысана” бағдарламасынан орыс кемпiрдiң дүкеннен сатып алған етiнiң сыртқы пакетiнде өндiрушi компанияның мекенжайы жазылмағаны үшiн және еттiң көп мөлшерi соя болғаны үшiн сотқа арыз айтып жатқанын көрген құрбым: “Осылар дау қуалайды да жүредi, iшкен-жегенiне шүкiршiлiк етiп, тыныш отырмай ма?!” – дедi. Мен ойланып қалдым.

Көкте, түнгi аспанда жұлдыз көп. Бәрi бiрдей көрiнгенмен, әрқайсысының өзiндiк орны бар. Бiреуi көмескiлеу, бiреуi жарық. Орналасуы да әртүрлi. Бала кезiмiзде жазғы түнде далада жұлдыз санап жатып, санына жете алмай, ұйқыға кетушi едiк... Ал жердегi жұлдыздар ше?

Елiмiзде ислам дiнiнiң сан түрлi тармаққа жiктелiп, бөлшектенiп бара жатқаны бәрiмiзге мәлiм. Менiңше, осыған тыйым салынуы тиiс. Ол үшiн Қазақстандағы барлық ислам дiнiн қолдау­шылардың дiни сауатын көтеру керек. Әрине, ол үшiн сауат ашу курсын көбейту қажет.

1973 жылдың 22 сәуiрiнде Тараз топырағындағы қазақ шаңырағында сәби жарық дүниеге келдi. Болат есiмiн еншiлеген сол шақалақ арада 26 жыл өткенде қазақтың атын айдай әлемге асқақтатып, мұхит кешiп барып, түу алыстағы АҚШ рингiнiң арқанын үзiп жiберердей арқырады. Ортекедей ойнақ салған бұлдырықтай жiгiттiң тасшемен жұдырығы әлемнiң аузында жүрген мықтыларының “миын аузына түсiрдi”.

ТОҒЖАН ӘЛI ТОП ЖАРАДЫ
Таэквондо спорты елiмiзде қарқынды дамып келедi. Алматы қаласында да спорттың осы түрiне қызығушы жастардың қатары көбейгенi қуантады. Тек ұлдар ғана емес, қазақтың қаракөз қыздары да жекпе-жек спортына ден қойып жүр. Сондай спортшының бiрi, болашақта елiмiздiң көк туын желбiретер үмiтi – Тоғжан Бауыржанқызы
МЫСЫР ҒАЛЫМДАРЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ЖАҢАЛЫҚ АШТЫ
Мысыр ғалымдары қасиеттi Құранға сүйенiп, топан судың бүгiнгi Сауд Арабиясы жерiнен басталып және сол топан судың Йеменнен Левантқа дейiн жайылғаны жөнiнде дәлелдер келтiруде. Бұл туралы al-Arabiya хабарлады. Умм әл-Кура (Мекке қаласында) университетiнде жұмыс iстейтiн Мұхаммед әл-Бастауиси өзiнiң зерттеуi Құранға негiзделгенiн айтты.