1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15803) 30 сәуір, сейсенбі 2013

Коммуналдық қызмет бағасының қымбаттауына, әйелдердiң зейнетке шығу жасын көтеруге тағы басқа да қоғамда шешiмiн таппай тұрған ондаған мәселеге байланысты үкiметтiң бастамасына қарсы наразылық жиыны өттi. Митингiге қатысушылар билiктен табиғи монополистердiң баға саясатын қатаң бақылауға алуды, халықтың мүддесiне кереғар саяси әрекеттерге тыйым салуды талап еттi.

Өткен аптада Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстаннан төнетiн қауiп-қатер туралы екi мәрте сөз қозғады. Алдымен бейсенбi күнi Астанада өткен IХ Еуразиялық медиа-форумда сарапшылар мен журналистердi ауған мәселесiн көпiртiп, тым ушықтыра бермеуге шақырды.

Талғарлықтар осы сұраққа жауап iздейдi. “Жас Алаш” Қасымбаевтың бас терiсiн бұдан 11 жыл бұрын “сыпырған” едi...
Алматы облысының Талғар қаласына әкiм құтаймайтын болды соңғы бiрер жылда. Құтаймағаны сол, шетiнен iстi болып, ұсталып кетiп жатыр. Жақында қала әкiмiнiң мiндетiн уақытша атқарушы Жұмабай Қасымбаев өзiнiң жұмыс кабинетiнде кәсiпкерден 850 мың теңге пара алып жатқан жерiнен ұсталды.

Батыр бабаларымыздың белдеуден жараулы аты кетпеген, бойынан бес қаруы түспеген. Шешелерiмiз ел үшiн, жер үшiн жасқанбай шайқасып, қанды қырғында ерлiкпен ажал құшқан әр азаматтың орнына бес-алты бала тапқан, тiптi он бес-он алты құрсақ көтерген. Солардың сарқыншағы – мына бiздiң тұрғылас­тарымызға жарық дүниенiң бақытын сыйлаған аяулы аналарымыз.

Қазақстандағы әйелдердiң зейнет жасын 63-ке көтеру мәселесi қарапайым халықты ғана емес, билiктегiлердi де алаңдата бастады. Қазiргi кезде зейнетақы жүйесiн­дегi жаңалықты бөлiсу үшiн әр аймаққа шендi-шек­пендiлер аттанып кеттi. Әрқайсысы шамасына қарай бұхара халықпен кездесу өткiзiп, әйелдердiң зейнет жасын көтеруде ұтатын тұстарға екпiн берiп, жиындар өткiзуде.

Егер халық саяси өмiрге, мәселен, қоғамдық наразылық шараларына белсене араласпаса, Конституцияда жазылған құқық­тарын ешқашан қорғай алмайтыны анық. Өткен сенбi күнi осыны түсiнген Астананың жүзден аса тұрғыны елдегi бiрнеше өзектi әлеуметтiк мәселелердi алға тартып, үн қатты.

Қызылордалық жол сақшылары қым-қуыт жұмыс тәртiбiне көштi. Жiбек жолы даңғылын кеңейту жұмыстары басталғалы берi кептелiсi көп көше қиылыстарын қарауылға алған. Облыс орталығын шырайландыру жолындағы iс-қимылға әрбiр тұрғын түсiнiстiкпен қарап, тiптi үлес қосуға талпынғаны абзал.

Бұл күнде оның шығармалары Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында, РФ Мәдениет министрлiгiнде, Ватиканда, Санкт-Петерборда және Қытай, Қатар мемлекетiнiң мұражайларында, сондай-ақ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Оңтүстiк Корея сияқты елдердiң жеке меншiк қорларында сақтаулы.

Өмiр мынау – есердiң ермегiндей,
Көңiл мынау – көктемнiң жөргегiндей.
Тундрадай тұманнан айықпадық.
Сiз жоқсыз, жоқ сондықтан жерде күнгей.
Кеше ғана арамызда жүрген, халқын күлкiмен жұбатып, ел қалаулысы болған Құдайберген Сұлтанбаевтың туған күнi – бiрiншi мамыр. Кеңес заманы кезiнде бiрiншi мамырға арналған парадтан кейiн Құдайбергеннiң туған күнiн тойлайтынбыз. Құдайберген Сұлтанбаев 1947 жылы бiрiншi мамырда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
БҰЛ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН “150”?
1 мамыр қарсаңында бiраз газеттерi­мiзден “Қазақстан – 150 ұлт пен ұлыс мекендейтiн көпұлтты мемлекет” деген “көңiлдi” тiркестi оқыдық. Осыдан екi-үш жыл бұрын “130 ұлт пен ұлыс...” едi (Айтпақшы, “132 ұлт пен ұлыс мекендейтiн...”, “139 ұлт пен ұлыс...” деп те жазылғанды көзiмiз шалған). Ендi бұл неге “150-ге” шығып кеткен?

Мен 1986 жылы 4 сәуiрде Алматы қаласында дүниеге келдiм. Бiрақ қала баласы атанғаныммен, бар балалық шағым ауылда, атам мен апамның жанында өттi. Атам болса, Талдықорғанның жанындағы Киров ауданында мал бағатын едi. Менiң табиғатты жанымдай жақсы көрiп, оның қыр-сырын тануым сол себептi ме екен деймiн. Сондай-ақ екiншi бiр себеп, отбасымыздың бәрiнiң де өнер адамдары болғаны.

Мен 1993 жылы, 24 сәуiрде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келдiм. Балалық шақта арман көп болды, бiрақ ең үлкен арманым журналист болу едi. Бiрақ осы мамандыққа түсудiң қаншалықтың қиын екендiгiн де бiлетiнмiн. Әсiресе, 10, 11-сыныптарда мамандыққа түсу деген ол бiр үлкен мақсат, мұрат, қол жетпес биiк болатын.

Ассоль Мусанова – кәсiпқой фотосуретшi. Ассольдiң басқа фотографтардан ерекшелiк­терi көп. Бiрiншiден: ол жалғыз жұмыс iстейдi. Екiншiден, тек әйелдермен жұмыс iстейдi. Үшiншiден, өзi – кәсiпқой фотограф, суретшi, модельер, психолог және фотосессия барысында беттi әрлеу, образға байланысты шашты үйлестiру жұмыстарын, ыңғайлы қалыпта фотоға түсу үшiн би қозғалыстарын да көрсетедi.

Sony World Photography Awards фотографиялары атты халықаралық сайыстың жүлдегер­лерi жарияланды. 32 жастағы норвегиялық фотограф Андреа Йестванг “Жыл фотографы” номинациясы бойынша “Алтын қалқа (диафрагма)” жүлдесiнiң иегерi атанды. Ол 170 елден түскен 122 мың жұмыстың iшiнен топ жарып шықты. 

ҚАЙРАТУЕФА КУБОГЫН ИЕЛЕНДI
Футзалдан Алматының “Қайрат” клубы толайым табысқа жеттi. УЕФА кубогын бұған дейiн Қазақ елiнiң бiрде-бiр клубы жеңiп алмаған едi. Тiптi кiл мықты ойыншы топтасқан осы “Қайраттың” өзi екi жыл жартылай финалда сүрiнген болатын. Ендi мiне, көптен күткен жақсылық жұғысты болып, УЕФА кубогы Қазақ елiнiң қанжығасына бөктерiлдi.
ЖЕҢIС ҮЗIЛМЕСIН
Қандасымыз Қанат Ислам кәсiпқой бокстағы 12-iншi жекпе-жегiнде жеңiске жеттi. Эквадор елiнiң Кито қаласында өткен тартыста Қанат эквадорлық Эдуард Форлестi ұтты. “Аламан” агенттiгiнiң жазуынша, жерлесiмiз колумбиялық Эмелио Хулиоға қарсы шығуы тиiс едi, бiрақ қазақ қыранынан қаймықты ма, ол рингке шығудан бас тартыпты. Сосын эквадорлық боксшымен қолғап түйiстiруiне тура келiптi..
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР КӨП ЗАЛАЛЫН ТИГIЗУДЕ
– Жалпы, қазақстандықтардың өмiр сүру жасы жыл санап кемiп бара жатқаны баршаға мәлiм. Мұның себе­бiне көптеген проблемаларды мысал етуге болады. Алайда солардың iшiнде экологиялық ахуалдың адамзат өмiрiн қысқарту жөнiнен үлкен мәселе екенiн айтуымыз керек.
ҚАЗКОМ 2012 жылды қорытындылады
Қазкоммерцбанк былтырғы жылы жоспарлаған негiзгi көрсеткiштерге қол жеткiздi. Тiптi кей көрсеткiштер бойынша өзi дiттеген меженi басып озды. Өткен жұма күнi жүйеқұраушы банктiң басшылығы 2012 жылды қорытындылап, қызметiнiң нәтижесiн жария еттi.