1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15804) 3 мамыр, жұма 2013

Таяуда Forbes журналы әлемдегi ең бай саналатындардың қатарын жариялады. Бұр тiзiмнiң iшiнде қазақстандық байшыкештердiң бары бұрын да айтылып, жазылған-ды. 2012 жылы Қазақстанның жалпы iшкi өнiмi (ЖIӨ) 20 млрд. долларға өскенiмен, алғашқы елулiкке енетiн бiздегi байлардың жалпы байлығы 2011 жылғы көрсеткiштен аса қоймапты. “Қазақмыстың” арқасында 2 млрд. 300 мил­лион долларды еншiлеген Владимир Ким қазақстандық байлардың кө­шiн бастап тұр. Оның артын ала 2 млрд. 200 млн. доллармен Болат Өтемұратов жайғасыпты. Сондай-ақ, Б.Өтемұратов 2012 жылмен салыстыр­ғанда байлығын 600 млн. долларға арттырып, 

ЗАТТАЙ АЙҒАҚТАРДЫ ЖОЙМАҚ БОЛДЫ
Бостондағы қазақ студенттерi Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев жаңа айыптар бойынша сотқа тартылмақ. Бұған дейiн виза тәртiбiн бұзғаны үшiн қамауға алынған қазақ студенттерi ендi “тергеудiң әдiл өтуiне кедергi келтiрiп, тергеушiлерге жалған мәлiмет бердi” деп айыпталуда.
Былтыр сәуiр айында “Уральские недели” газетiнiң тiлшiсi Л.Ахмедияров өз ауласында шалажансар күйде табылып, ауруханаға жеткiзiлген. Сегiз жерден пышақ сұғып, бiрнеше мәрте травматикалық тапаншамен оқ атқан қылмыскерлерге қатысты таяуда сот процесi басталды.

Қоғам iшiнде үлкен дүрбелең туғызған әйелдердiң зейнет жасын көтеру туралы заң жобасы парламенттен өттi. “Сенген қойым сен болсаң...” деген сөз осындайда айтылады. 105 адамнан тұратын “мәжiлiсшiлердiң” 95-i қолдап дауыс берсе, екi-ақ адам қарсы болған, ал сегiзi қалыс қалған.

Қазақстан азаматтарының зейнетақы салымдары 1 шiлдеден бастап бiрыңғай зейнетақы қорына ауыстырыла бастайды. Бұл туралы кеше сенатта өткен таныстырылымда премьер-министрдiң орынбасары Қайрат Келiмбетов мәлiмдедi. “Бiз тезiрек заңнамалық базаға қол жеткiзiп

ХХ ғасырдың басында Қазақ елi тәуелсiздiгiн алған (ақ патша құлаған тұста) кезде Алаш зиялылары мен белсендiлерi шыбын жанын шүберекке түйiп, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығарып, саясат пен ғылымды қатар қолға алып, көп еңбектенген едi. Өкi­нiш­тiсi сол, Алаш зиялылары сенген кеңес (орыс) үкiметi жапон елiнiң үлгiсiндегi жаңа сипаттағы бiртұтас мемлекеттiң (Алаш Орданың)

Қара халықтың жағдайын тиiп-қашып болса да тiлге тиек етiп жүрген әзiл-оспақ театрының бiр қойылымында: “Есiк алдындағы ақтөстi кiрген-шыққан сайын бәрi­мiз қызғаныштан теуiп өте­мiз. Өйткенi сол ғана банкке кредит төлемейдi” деген едi.

Адам баласының көп­шiлiгiнiң тағдырына, бүкiл ғұмырына бiр сәт көз салсаңыз, оны мына жарық дүниеге жазасын өтеуге келген екен деп қалуға да болады. Бүкiл өмiрi, әр күнi – сынақ. Оның солай екенiн тек iшкенге мәз, жегенге тоқ және лыпасы бүтiн болуынан бас­қаны ойламайтын адамдар ғана түсiнбей­дi.

“АРҚАДАҒ” АТТАН ҚҰЛАДЫ
Әр жыл сайын сәуiр­дiң соңғы жексенбi­сiнде Түр­кiмен­станда ақалтеке жылқысы ме­рекесi өтедi. Биыл бұл мереке сәуiрдiң 28-iне тура келдi. Ашғабадтың маңындағы ипподромға жұрт көп жиналды. Өйткенi бұл мерекеге Түркiменстан прези­дентi – “Арқадағ” (“Ас­қар тау”) Құрбанғұлы Бердi­мұхам­медов қатысып
“Құрметтi “Жас Алаш”! Сiздердiң тұрақты оқырманыңызбын. Әрқашан шыншыл, батыл iс-әрекеттерiңiз көңiл қуантады. Мен 1983 жылы Маңғыстауда дүниеге келдiм. Қазiр осы облыстың Ақшымырау ауылында тұрамын. Үш баланың анасымын. Отанымызда болып жатқан келеңсiздiктерге бейжай қарай алмаймыз. Бiз, Ақшымырау халқы Сiздердi қолдаймыз.
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн, “Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы” ұйымы құрылып, үкiмет жағынан шетелдегi 5 млн. қандасымызды ата жұртына әке­лу жөнiнде үлкен мiндет жүктелген едi. Жалпы, жат жұрттағы қанда­сы­мыз немесе оралман қауымы болсын, дүниежүзi қазақтары қауымдастығының үйiн – ата жұртқа жол бастайтын, көшiп келгенде мауқын басатын үлкен баспанасы ретiнде қарайды.
Әкiм болды мiнеки...
Атқамiнерлер деймiз бе, ел қамын ойлаушылар деймiз бе, жоқ әлде шенеунiктер, мемлекеттiк қызметкерлер деймiз бе, қойшы әйтеуiр теңеу жетедi. Әншiлердiң қал­талылардың тойын тосатыны секiлдi, бұлардың тосатыны кадр мәселесiн өзгерту, жаңалау турасындағы жиналыс.
“Азғындық!” деуiмiз керек шығар мұны... Қалай болғанда да, Қазақстанда тұңғыш рет Қарағандыда бiр жыныстылар некелескендiгi туралы Voxpopuli.kz. арнайы хабар таратты. Керi кеткен қоғамға кесiрлi кесапаттар үйiр келедi ғой, былтыр жазда да осындай бiр оспадар оқиға бол­ғаны есiмiзде. Қазақстандық сайт­тардың бiрiнде бой көрсеткен

Мәжiлiстегi депутат әйелдердiң (Майра Айсина, Оразкүл Асанғазы, Зағипа Балиева, Светлана Бычкова, Гүлмира Исимбаева, Гүлжан Қарағұсова, Құралай Қаракен, Дариға Назарбаева, Айткүл Самақова және т.б.) зейнет жасының ұзарғанына мәз-мейрам болып, қолдарын соғып тұрғандарын теледидардан көрiп, әдеттегiдей шарасыздықтан не айтарымды бiлмедiм.

Осыдан бiраз бұрын Дариға Назарбаева өнер иелерiнiң зейнетке шығу жасын қысқарту керектiгiн айтып бастама көтерген едi. Сүйегi сықырласа да сахнаны бермей жүрген балет бишiлерi бұл сөздi президент қызының аузынан шыққан соң орындаладыға жорып, қуанысқан болатын. Алайда аспанды қойып, жердi басып кеткен “жұл­дыз­дардың” тасасында қалған қарттардың дәмесi “дәркембайдың дамбалының

Менiң әкем Мырзахан Таңсықбаев екiншi дүниежүзiлiк соғысқа кетiп, қайтып оралмады. Ең болмаса қайда жерленгенiн бiлгiм келiп, жан-жаққа хат жазып, мұрағаттардан iздестiрдiм. Ақыры Подольск қаласынан жауап келдi. Атқыштар батальонында әскери қызметiн атқарып, 1942 жылдың 20 ақпанында Калинин (қазiргi Новгород) облысы, Холм ауданы

Мен бұрынғы кеңестiк дәуiрдегi бiлiм беру жүйесiне еңбегiм сiңiп, зейнеткерлiк жасымды абыроймен атқарып жатқан ардагер ұстазбын. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен облысымызда құрылған бiлiм саласын бақылау департаментi бұрынғы өзiм еңбек еткен мектепке келiп, тексерiп кеткен жұмысының қызу талқыланғанының куәсi болдым.

Әке, сен кеткелi кең әлемге сыймай, өзiмнен өзiм аласұрып жүрмiн. Алматыға келгенiңде күтiп алып, шығарып салдым ғой өзiм. Жүзiң жайдары, еңсең биiк, қимылың ширақ, көз жанарың солмаған, балаларыңның бар қызығын көретiн адамдай қоштасып ең ғой. Соңғы сапарыңды сездiң бе, жаныңа жаныңнан артық жақсы көретiн қызыңды ертiп алып сапарлаттың ба?

Сексеннен асып қалған қарттың қатып қалған бөлке нанды көшеге лақтырып тастағанын көрдiм. Мұны көргенде көңiлiм толқыды. Нан қадiрiн бiлетiн қарт неге олай iстедi? Әлде бiр күнгi тоқтықтың аштығы барын ұмытқаны ма? Немесе жастарға берген үлгi-өнегесi осы ма? Көңiлде сан сұрақ. Атам марқұм “Атың өшкiр ашаршылық қайтып келмесiн.

Телеэкранды қосып қалсаң да, газеттердi ашып қалсаң да еститiнiмiз: “жеп кеттi”, “өлтiрiп кеттi”, “ұрлап кеттi”. Бұл жағдай” қашан тыйылады? Тәуелсiздiк алғалы берi жемқорлық өршiп кеттi. Осының салдарынан жер дауы, тұрғын үй дауы да толастар емес. Байыған жұрт шетелге қашады. Осы ақшалар үкiметке қайтса, әйелдердiң зейнетақысы шешiлер едi деп ойлаймын.

“Қазақстандағы Коммунистiк партияның хатшысы және мәжiлiс депутаты Жамбыл Ахметбеков Астанада Ленин ескерткiшiн қайта қоятын ойлары бар екенiн айтты. “Ұлы көсемнiң есiмiн құрметтеп, гүл шоғын қояйық десек, оның ескерткiшi жоқ” деп қиналады “халық қалаулысы” өз сөзiнде. Электронды сайттардан

Оқырман шығармашылығынан
Жыры жасын, әнi дүр, қайран Табыл!
Өнердiң өлкесiне жайған тамыр!
Iзгi мақсат айналып арманға тұл –
Аймаңдай ұл сыймады жалғанға бұл.
“Әлем файтерс” кәсiпқой спорт клубының мүшесi Нариман Мұсаев аралас жекпе-жектiң К-1 нұсқасы бойынша Азия чемпионы атанып, елiмiзге алтын белбеумен оралғанын жазғанбыз. Қазақ елiнiң спортшылары осы белбеуге қол жеткiзе алмай келе жатқанына он жылдың жүзi болыпты. Құрылғанына көп уақыт өте қоймаған кәсiпқой
НЕМIСТI НЕМIС “ТҮТЕДI”
УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы маусымы финалына Германия клубтары шықты. Жартылай финалдық кездесудiң қарымта ойынында мадридтiк “Реал” дортмундтық “Боруссияны” 2:0 есебiмен ғана жеңiп шерменде күйге түстi. Себебi олар Германияда өткен жартылай финалдың алғашқы ойынында 4:1 есебiмен сансырай ұтылған болатын.
ЖЫЛДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ – БIР-АҚ ДОЛЛАР
“Марк Цукерберг 2013 жылдан бастап өзiнiң жылдық жалақысын бар болғаны 1 доллар ғана етудi сұрады”, – деп хабарлады Business Insider. Әри­не, оның бұл тiлегi қанағаттандырылды. 2012 жылы оның жылдық жалақысы мен өтемақысы 1,9 миллион доллар бол­ған едi.

Қайбiр жылы жазықсыздан-жазықсыз жаламен күйiп, әбден қорланғанда, қолдан келер шара қалмағанда “Жас Алашқа” жүгiндiм. Бұл – отқа да, сот­қа да түсiп, тағдырым қыл үстiнде тұрған шақ-тын. Басқа басылымдар басын ала қашты. Бiрнеше томдық қылмыстық iстi “Жас Алашқа” жолдап, журналистiк зерттеу жүргiзудi өтiндiм.