1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15805-06) 7 мамыр, сейсенбі 2013
1941-45 жылғы соғысқа қатысқан майдангерлердiң, яки Жеңiстiң 68 жылдығына аман-есен жеткен соғыс ардагерлерiнiң қатары мүлде селдiреп, сир-е-еп қалды. Қадау-қадау... Бiр кездерi соғысқа қатысқан қаламгерлердiң өзi бiр қауым ел болатын. Ал қазiр небәрi үш жазушы ғана қалыпты: Әбдiжәмил Нұрпейiсов, Мұзафар Әлiмбаев, Қалмұқан Исабаев...

“Бiздi қайтадан қа­мап қойды да, Адретей теңiзiнiң бойында салынып жатқан әскери бе­кi­нiс құрылысына кiр­гiз­дi. Әскери бекiнiс құ­рылысы – қара жұ­мыс. Осы жерде мен 1944 жылдың шiлдесiн­де Венада өткен Түр­кiстан ле­гио­нерлерiнiң конгре­сiне қатыстым. Бiзден Базар Арқабаев   делегацияны бастап баратын болды.

Президенттiң алдында ел қазынасы туралы есеп берген премьер-министр Серiк Ахметов 2013 жылы бюджет 495 млрд. теңгеге кем болатынын мәлiмдедi. Ел экономикасына төнген бұлттың қаупiн “қолымен сейiлтiп”, президент­тiң көңiл-күйiн орнына түсiргiсi келдi ме, артынша-ақ ол бюджет түсiмiн кеңейтудiң жолдары қарастырылып жатқанын айтты.

Ақтөбе облыстық апелляциялық сотының судьясы Нұрила Сатыбалдина терро­ризм­дi на­сихаттағаны үшiн сотталған 3 жас жiгiттiң арызын 3 мамырда қарап, шешiмдi өзгерiссiз қалдырды. Биылғы жылдың 19 қаң­тарында Ақтөбе қалалық соты “Вимпекс” арақ зауытын жармақшы болды, топ құрып терроризм­дi насихаттады деген айыппен үш ақтөбелiк жасқа үкiм шығарды

АҚШ-та қамауға алынған қазақ студентi Азамат Тәжаяқов­қа өз әкесiмен кездесуге рұқсат берiлдi. Түрмедегi ұлымен тiлдескен Әмiр Исмағұлов ұлы кездейсоқ жағдайдың құрбанына айналды деп есептейдi. Ол “балам бұрыс нәрсе жасап жатқанын бiлген жоқ” дейдi. Ал қоғамның екi қазақ сту­дентiн қорғау-қорғамау жөнiндегi пiкiрi қарама-қайшы.
ҒАЛЫМЖАН ЖАҚИЯНОВТЫ ОТАНДАСТАРЫ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТТЕЙДI
Облыс әкiмi, үкiмет мүшесi бола жүрiп, билiктiң ұшар басындағылардың ел басқарудағы қиғаш саясатына ашық қарсы тұрған Ғалымжан Жақияновты көпшiлiк мақтан тұтады. Iскерлiгiмен, ұлтжандылығымен, ұйымдастырушылық жоғары қабiлетiмен танылған азамат халыққа шынайы қызмет етудiң үлгiсiн

Шiлденiң ми қайнатар ыстығында, таңсәрiде қой кезегiне шығуым керек едi (ауыл қойын кезекпен жаямыз). Ұйқыға жатарда “Таңертең ұйықтап қалмасам болар едi” деп ойланған едiм. Түсiмде ұйықтап қалыппын, сөйтiп жайылымға асыға жетсем, ауыл тұрғындары:

Қазақстанның екiншi деңгейлi банктерiнде ауыс-түйiстер жүрiп жатыр. 2 мамыр күнi UniCredit Bank Austria “АТФ банктi” сатып жiбердi. Оның жаңа иесi – “ҚазНитрогенГаз” ЖШС. Бұл ұйымға Ахметжан Есi­мовтiң күйеубаласы – Ға­лымжан Есенов иелiк етедi.

Биылғы жылдың 15 нау­рызы күнi 90 жасқа толдым. Өткен өмiрiмдi ой елегiнен өткiзсем, талай тар жол, тайғақ кешулерден өтiппiн. Ес бiлген сәттен бастап әкем Полатбек екеумiз Екпiндi ауылында қой бақтық. 1929 жылы малдың барлығы тәркiленiп, елi­мiзде аштық орнады. Ажалдың тырнағынан аман қалу үшiн әкем 1930 жылы анасы Тұйғынды және менiң анам Сәрсекүлдi, iнiсi Ба­рат­бектiң

9 мамыр қарсаңында сұрықсыз бiр көрiнiстiң есiме түсуi мұң екен, көңiлiм құлазып сала бердi. Әдеттегiдей Алматыдағы 28 панфиловшылар атындағы саябақта ардагерлерге тағзым етiп, мәңгiлiк алауға гүл шоқтарын қойып қайтып келе жатқанбыз. “Көк базарға” қарай өтетiн көшенiң шетiнде бүкшиген қарияға көзiм түскенде

Freedom House халық­аралық құқық қорғау ұйы­мы Қазақстанның сөз бостандығы жөнiндегi деңгейi 182 орыннан 197-орынға бiр-ақ түскенiн мәлiмдедi. Жетi бiрдей пункт бойынша тө­менге қарай сырғыған сөз бостандығы бойынша көр­сеткiшiмiз Лаос, Сомали, Вьетнам, Палестина сияқты елдермен теңесiптi.

Мамыр мерекесi жақындаған сайын сонау сұрапыл соғыс кезiндегi және соғыстан кейiнгi балалық шағым есiме түсiп, ерiксiз жанарға жас үйiрiледi. 1941 жылғы соғыс басталғанда, мен бар-жоғы 3 жастағы бала екенмiн. Әкемiздi соғыс басталысымен алып кетедi. Анамыз маған, яғни 5-iншi балаға аяғы ауыр болып қала бередi. Анамыз фермада сиыр сауады, әрi бұзау бағады.

Мен кеттiм, сол кеткеннен кеттiм ұзақ,
Базарға келiп түстiм қанды қасап,
Бiр долы от ауызды, темiр тiстi
Қыршын жас өмiрлердi жатты асап.

Бүгiнде Ұлы Отан соғысын жоққа шығарушылар көп. Тiптi “бұл ешкiмге қажетi жоқ соғыс” деп жа­тады. “Немiстер бiздi жау­лап алса, ұшпаққа шығарар едi” дейтiндер де жоқ емес. Өкiнiштiсi, осындай тақылеттес сөздердi аға буынның аузынан естiген жас ұрпақ кешегi тарихын ұмыта бастады. Аталарымыздың соғыста көрген қиыншылықтарын, бiздiң бақытты ғұмыр кешуiмiз үшiн жау оғының астында қалып, шейiт болғанын естен шығарып алғандаймыз

Сейдахмет ағаның қол астында жұмыс iстеген кезiмнен берi талай қыс, талай көктем, та­лай жаз, талай күз зу-у етiп өте шығыпты. Жасқа жас қосылды. Самайға ақ кiрдi. Бетке әжiм түстi. Уақыт өзiнiң дегенiң жасайды екен... Иә, өз дегенiн жасады. Дегенмен де өмiрiңнiң жақсы, сәттi, уайымсыз, қайғысыз кездерiн ұмыттыра алмапты. Менiң өмiрiмдегi жайма-шуақ кездердiң бiрi 

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс ке­зiнде ел басына түскен барлық зұлмат-зобалаң бiздiң әулеттiң де шаңырағын айналып өткен жоқ. Арғы атамыз Жантайдан Қалдыбай, Малдыбай, Байғабыл деген үш ұрпақ тараймыз. Атақоныстары Шың­ғыс тауының күнгейiнде. Бабамыздың моласы да сол жерде көрiнедi.
Мен сол кездегi “Лениншiл жаста” екi жылға жетер-жетпес уақыт қызмет еттiм. Ол одан да әрi жалғаса берер ме едi, қайдам, егер, таланты емес, жасы өзiм қатарлы бiр пенденiң “тоқылдақтық” танытқаны болмаса... Басты мәселе – менiң сол кезде Сейдағаңның, Сейдахмет Бердiқұловтың журналистика мектебiнiң ыстық-суығынан өтуiм. Мектеп демекшi,
Қазiр қыз-келiншек­тердiң аузындағы әңгiме – әйелдердiң зейнеткер­лiкке шығу жасы. Бұрын бас қосқан жерде тiлге тиек ететiн түрiк сериалдары түкке тұрмай қалды. Мен Жезқазған мыс қорыту зауытында еңбек етiп, 2012 жылы 58 жасымда зейнеткерлiкке шықтым. Жаңа реформадағы I-II тiзiмнiң қандай негiзге сүйенiп алынып тасталғанын тү­сiн­бедiм.

Сөз жоқ, Арқа төсiнде сәнi мен салтанаты жарас­қан Астана – әр қазақтың мақтанышы. Бiрақ мұндағы тiршiлiк, әсiресе қараша халықтың тұрмысы, қара жұ­мысқа жегiлген қаракөздерiмiздiң тыныс-тiршiлiгi жанға ауыр батып, көңiл құлазытады. Астананың сол жағалауы емес, оң жағалауындағы өмiр ауыр, аянышты...

Отандық мультфильм­дердiң олқылығы неде деген сұрақтарға өзiмше жауап iздеп көрдiм. Жалпы, соңғы кезде түсiрiлген мульт­фильм­дердiң көпшiлiгiн қарап шықтым. Шынын айту керек, көңiлiм толмады. Бiр ғана “Құйыршық” мульт­фильмi ұнады, қалғандары көңiл көншiтпедi. Жалпы, шетелдiң анимациялық мульт­фильмiн көрiп отырсаңыз, риза боласыз.

Жеңiс мейрамы қарсаңында Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновпен жолығуға келе жаттым. 2004 жылдың 7 мамыры едi. Түс әлетi. Көп сөйлесу ойда жоқ. Тек қолтаңбасын алуым керек. Анығырағы – газеттiң мерекелiк нөмiрiне әйгiлi партизанның өз қолымен жазып берген бiр ауыз тiлегiн жариялауға ниеттенгенбiз.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрi С.Ахметов мырзаға,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрi А. Мамытбеков мырзаға,
Алматы облысының әкiмi А.Мұсаханов мырзаға,
Қазақстан Республикасы Балық шаруашылығы комитетi төрағасының мiндетiн атқарушы Б. Жұмажанов мырзаға,
Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданының әкiмi Б.Ысқақ мырзаға
ЖАЛА ЖАППАҚ БОЛЫПТЫ
Қарағанды облысының Осакаров аудандық полициясының екi қызметкерiнiң үстiнен қылмыстық iс қозғалды. Оларға “бұрын iстi болған бiр азаматқа iсте­меген қылмысты мәж­бүрлеп мойындатпақ болды” деген айып тағылды. Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” хабарлады. Қылмыстық iс қозғауға әлгi азаматтың

Құрметтi “Жас Алаш! Үкiметтiк емес ұйым (қоғамдық қор) құрмақшы едiм. Жергiлiктi әдiлет басқармасына өтiнiш жазып, қажеттi құжаттарымды өткiзгенмiн. Бiр ай бойы сарғайтып тостырды да, артынша қоғамдық қорды тiркеуден бас тартты. Себебiн нақтылап түсiндiрген жоқ. Әдiлет басқармасының мұнысы қаншалықты заңды?

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың жерленген жерiне қатысты түрлi пiкiрлер айтылуда. Батырға Новосокольникиде ескерт­кi­­шiнiң қойылуына сол кез­дегi ел басшысы Дiнмұха­мед Қонаев пен комсомол хатшысы Камал Смайылов көп еңбектенiптi. Мұны ҚР Орталық мемлекеттiк мұрағаттың құнды құжаттарынан көруге болады.

Алаштың ардақты ұлы, көрнектi қоғам қайраткерi, жайсаң жазушы, ұлттық журналистикамызда үлкен мектеп қалыптастырған ұстаз-қаламгер Сейдахмет Бердiқұлов 80 жасқа толды. Арамыздан кеткенiне 19 жыл болған марқұмның ендiгi әрбiр мерейтойы – сейдахметтануға қосылатын сүбелi үлес болмаққа керек-дүр.

Қарамағында он жылдан астам қызмет еткенде, Сейдахмет Бердiқұловтың қадiр-қасиетiн түсiнiп бағаладым деп айта алмаймын. Шыны керек, көп жағдайда ой-пiкiрiмiз   бiр жерден шыға қоймайтын, кейде сөзге де кеп қалатынбыз. Албырт жастық, әлде тәжiрибесiздiк пе, кез келген мәселеде    ешкiмнiң көңiлiне қарамай, редакцияға келген қонақ па, лауазымы биiк пе, титтей мән берместен 

Адамның өмiр жолы... Ол жазмыштың жазуымен тағдыр жолықтырған адамдар арқылы тiршiлiктiң сан алуан соқпақтарына түсiрiп, өмiрбаяныңда өшпес iз қалдырады екен. Өмiр мектебi деген сөздiң түп мәнiсi осы болса керек. Сонымен, 1960 жылдың шiлдесiнде “Лениншiл жастың” киелi табалдырығын аттаған сәтте бозөкпе бозбала едiк, ендi мiне, досым Бексұлтан айтқандай, жас шалдардың

Сейдахмет ағаны еске ала бастасам, Жұмыр жер оң жамбасына бiр аунап түсiп, өткен ғасырдың шоқтай жанған соңғы 25 жылы көз алдымнан бейнебаяндай баяу тiзiлiп өте бередi, өте бередi. Шiркiн, 70-жылдардағы “Лениншiл жас” газетi-ай! Қазақ баспа­сөзiнiң жаңа ғана қайраған жүзiн айға ұстаған алдаспанындай серт

Бүгiнде қор ашу жаңалыққа жатпайтыны белгiлi. Әлеуметтiк бағыттағы әр алуан қорлар екi күннiң бiрiнде желкен керiп жатыр. Ал көркем әдебиеттiң көкжиегiн кеңейтуге бағытталған арнайы қор, онда көзi тiрi адамның атынан ашылуын естiп пе едiңiз. Жақында жұртшылықты әде­биет әлемiне шақыратын, әдеби туындыларды насихаттайтын “

Сонау бiр сонау жылдарда,
Соңымнан ерген бөлтiрiк
Содыр қол келiп ұрғанда,
Айықпас бiр дерт еңсемдi езiп қорғасын,
Айға мұң шағып, аңырап қалған сор басым.
Биыл үшiншi жыл қатарынан ұйымдастырылатын қазақ күресiнен “Қазақстан барысының” даңқы да дақпырты да артып, насихаты күшейiп келе жатқаны қуантады. Елiмiздiң әр аймағындағы ауылдық, аудандық, облыстық, қалалық iрiктеу сынына қатысушылардың санының күрт артуы сөзiмiзге дәлел болады. Тағы бiр қуанарлығы, қазақтың алып ұлдары көп екен бiзде.
Оған өткен аптада Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының iрiктеу сынында көз жеткiздiк.
Бүкiләлемдiк бокс сериясының финалына да санаулы күн қалды. Дәлiрек айтқанда 10-11 мамыр күндерi Астанада биылғы маусым жеңiм­пазы қай клуб болатыны анықталады. Елiмiздiң “Астана арландары” клубы алғашқы жылы финалда сүрiнсе, былтыр жартылай финалдан аса алмаған болатын.
КӨМБЕДЕ СҮРIНДI
Волейболдан қыздар арасындағы клубтық Азия чемпионаты биыл Вьетнамның Дак Лак қаласында өттi. Елiмiздiң чемпионы талдықорғандық “Жетiсу” клубы Азия чемпионатының iрiктеу ойындарын сәттi өткiзiп, финал­ға шыққан. Алайда Қытайдың “Гуандонг Эвергранд” клубына 3:1 есебiмен жол бердi. 
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРЕ ҚОЙМАЙДЫ
 
– Кез келген спортшының басты арманы – олимпиадалық ойындарда өнер көрсету. Өкiнiшке қарай, Қазақстан хоккейшiлерiнiң ұлттық құрамасының тағдырын 2009 жылы бiр шайба шешiп, Ванкувер жолдамасынан қағылған-ды. Мұндай сәттер бұған дейiн де аз болмады

Алаш зиялысы Мiржақып Дулатов “Қазақ зиялылары” деп аталатын мақаласында (“Ақ жол” газетi, 1921 жыл) былай деп едi: “Бiздi ұлтшыл қылған нәрсе – бiздiң кемдiкте, қорлықта жүргендiгiмiз, көрiнгеннен соққы жегендiгiмiз едi. Егер теңгерушi табылады екен, ұлтшылдықты ортақшылдыққа айырбастауымыз қиын емес”.