1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15807) 14 мамыр, сейсенбі 2013
САУДАГЕР ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ӘСКЕРИ-ЖАУЫНГЕРЛIК ШЕРУДIҢ “АУЫ” МЕН “БАУЫ”
Отан қорғаушылар күнiнде Отар полигонында әскери-жауынгерлiк шеру өттi. Бұл – “Тәуелсiз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әскери-жауынгерлiк шеру”. Шеруге 7 мың жауынгер, 400-ден астам әскери техника, 80 ұшақ пен тiкұшақ қатысыпты. Мемлекет басшысы – жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев барып, сөз сөйледi. Бәрiн мемлекеттiк телеарналар тiкелей эфирден көрсеттi.
Бостондағы екi қазақ студентi – Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың соты бүгiн, 14 мамырда өтуi тиiс болатын. Бiрақ А.Тә­жаяқовтың қорғау тарапы оны кейiнге қалдырып, өз бетiнше тергеу жүргiзуге кiрiстi. АҚШ-тан келiп жеткен ақпараттарға қарағанда, Азамат Тәжаяқовтың әкесi Әмiр Исмағұлов баласын арашалап қалу үшiн барын салуда.
ЕРТЕҢIМIЗ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ? 
Бұрындары қытайлық тауарға үрке қарап, қауiптенетiнбiз. Соңғы жылдары қытайдың заттары Қазақстан ғана емес, әлемдiк сауда нарығын жаулап алды. Еуропа елдерiне барып қайтқан бiр танысымыз “Лондондағы балама арнап әкелген ойыншықтың астында “made in CHINA” деген жазуды көрiп таңғалдым” дегенi бар.
Өзбекстан халқының саны 30 миллионға жеттi. Бұл туралы көршi елдiң статистика агенттiгi хабар таратты. Тәуелсiздiгiн алған жылы Өзбекстан халқының саны 21 миллионға жетпейтiн. Араға 22 жыл салып, 30 миллионды еңсердi. Бұл жетiстiк, әрине. Ал Қазақстан халқының саны 22 жылда, бұрынғы көрсеткiшпен салыстырғанда, әлi бiр адамға көбейген жоқ.
Алматыдағы Студенттер сарайында “Сүйер ұлың болса, сен сүй” деген атпен Төле би, Қазыбек би және Әйтеке биге арналған айтыста ақын Ринат Зайытов (Нұрлан Есенқұловпен айтыс­қанда) былай дедi: Ендi ақынның “Шындықты айту болып тұр қылмыс бүгiн” дегенiне зер салыңызшы.
“Айқын” газетiнiң журналисi Сейсен Әмiрбекұлының Гитлер туралы төрт мақаласы жарық көрдi. Алғаш “Мұз түбiндегi немiс (?) свастикасы” (23.02,2012 жылы) мақаласын оқып, қып-қызыл өтiрiкке құрылғанын көрiп, жауап жазбай-ақ қоя­йыншы деп ойлағанмын.
ОНЫ ТЫҢДАР ҚҰЛАҚ БАР МА?
Әдiлдiк iздеп, араша сұрайтын хаттарға «Жас Алаштың» қоржыны қашанда лық толы. Тұрғындар құқық қорғау орындарынан қайран болмағанда үзiлмеген үмiтiн үкiлеп қолына қалам алады. Адасып дiни ағымдарға мүше болып, жат пиғылды алаяқ­тардың арбауына түсiп, пәтерi банкке кепiлге қойылған үшiншi топтағы мүгедек ана
Соңғы кездерi басы дауға қалған ENRC тау-кен компаниясының акциясын ресейлiк миллиардер Сүлейман Керимов сатып ала бастады.  30 сәуiр мен 12 мамыр аралығында Керимов ENRC-дiң 3,09 пайыз акциясын сатып алды. Қа­зiр Керимовтiң қолындағы пакет­тiң құны – 178 миллион доллар.
Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмон Қытайға Тау-Бадахшан аймағының бiр бөлiгiн сатып жiберген. Бұл туралы nuradam сайтына қуғында жүрген тәжiк оппозиционерi Дододжон Атовуллоев хабарлады. “Памир бұрыннан берi Тәжiкстан пен Қытай арасындағы даулы аумақ. Президент Э.Рахмон бұл облысты Бейжiңге беру жөнiнде шешiм қабылдады. Бiздiң ақпаратымыз бойынша, ол бұл үшiн 500 миллион доллар алды”, – дейдi.

2011 жылғы 1 мамырды алматылықтар ұмыта қоймаса керек-тi. Демалыс күнiнiң таңы жұртшылықты жер сiлкiнiсiнен шошытып оятқан. Бiрер секундтық зiлзаланың себеп-салдарына ғылыми тұрғыдан баға берiп, болжам жасаған сейсмолог мамандар адамдардың санасындағы үрейдi сейiлте алды ма? Жалпы, табиғи апаттардың тым көбейiп кетуi нелiктен?

ҚЫЗЫЛ РАУШАН ЖОЙҚЫН ДАУЫЛ БОЛЫП ШЫҚТЫ
NASA‑ның Cassini ға­рыштық құрылғысы Сатурн бе­тiнен раушангүлге ұқас бел­гi­сiз құбы­лыс­ты суретке түсi­рiп ал­ды. Сөйтсе, бұл осы ғаламшарда алай-түлей борап жатқан жойқын дауыл болып шықты. Дауылдың диаметрi 2 мың шаршы шақырымға жетедi. Бұл Жер бетiндегi ең алапат дауылдан 20 есе артық деген сөз.

Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданының Нұра ауылында Оразақын деген ақсақал бар. Бүгiнде сексеннiң сеңгiрiне шыққан қарияның көргенi мен түйгенi көп. Мiне, осы кiсi айтқан бiр әңгiме әлi күнге жадымнан кетпейдi. Оқырмандарға да қызықты болар деген оймен Оразақын ақсақалдың басынан өткерген сол оқиғасын өз аузымен айтқызғанды жөн көрдiм. ­

Әңгiме
Жазушы Жәлел Кеттебек тiрi болса, биыл 68 жасқа толар едi. Кезiнде Жәлел аға Мәскеудегi М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевпен бiрге оқып, әлем әдебиетiнiң iнжу-маржандарын бойына сiңiрдi. Мұны жазушының көркем шығармаларынан, оның iшiнде ұсынылып отырған “Қарағаш” әңгiмесiнен де байқайсыз.
“АСТАНА АРЛАНДАРЫ” ӘЛЕМДI МОЙЫНДАТТЫ
Бүкiләлемдiк бокс сериясы деп АИБА-ның ашқан жобасы өмiршеңдiгiн жалғап келе жат­қанына – биыл үшiншi жыл. Елiмiздiң “Астана арландары” клубы осы серияға қатарынан үшiншi жыл қатысты. Көкпарға түскен кубок жолында жан аянбай айқасып, алғашқы маусымда финалға шығып, француздың “Париж Юнайтед” клубынан жеңiлдi.
ОҚУШЫЛАР ОРТАСЫНДА
Жазушы Сейдахмет Бердi­құловтың биыл 80 жылдығы. Қарымды қаламгердiң мерейтойы елiмiздiң әр аймағында салтанатты шаралармен, спорттық турнирлермен әдiптелiп аталып өтiп жатыр. Сондай игi шараның бiрi Қызылорда облысының Қазалы ауданында өттi.