1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15808) 16 мамыр, бейсенбі 2013
КЕЙБIР БАҚ “КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ТӨҢКЕРIС” ТУРАЛЫ ТАҒЫ СӨЗ ЕТЕ БАСТАДЫ
Сейсенбi күнi “Республика” порталында “Назарбаев конституциялық төңкерiс жасады ма?” деп аталатын мақала жарияланды. Мақала авторы президент Н.Назарбаевтың “Қазақстан Республикасы мемелекеттiк хаттамасын бекiту туралы” 2006 жылдың 12 қазанындағы жарлығына өзгертулер енгiзген биылғы жылдың 18 сәуiрдегi кезектi жарлығына сiлтеме жасапты. Қазақстандағы “нө­­мi­­рi бiрiншi” кiм деп сұраса, әрине, “Қазақстан Республикасының президентi Нұр­сұлтан Назарбаев” деп жауап беретiнiңiз анық. Ресми һәм бейресми жағынан алсаңыз да, дұ­рысы солай. Ал ендi “нөмiрi екiншi адам” кiм?
Сейсенбi күнi бiр топ қарағандылық қоғам белсендiлерi 30 мыңға жуық адамның қолы қойылған өтiнiш хатты президент әкiмшiлiгi мен парламент сенатының кеңсесiне тапсырды. Үшбу хатта әйелдердiң зейнеткерлiкке шығу жасын 63 жасқа дейiн ұзарту мүлде дұрыс емес екенi, президент Н.Назарбаев дәл осы заң жобасына қол қоймау қажеттiлiгi жазылған. Ақордаға келген қоғам белсендiлерiнiң айтуынша, осы уақытқа дейiн қа­раша халық қалың ұйқыда жатты

Қазыналы Маңғыстау түбегiнiң бiр бүйiрiнде бұйығы жатқан Жаңаөзен қаласы бүгiнде жалпақ жұртқа мәлiм. Бiр жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның батысындағы осы бiр шағын қаланың кеншiлерi өз құқықтары үшiн белсене күрескен едi. Өзен кенiшiн игерушiлердiң жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен наразылықтарын төрткүл дүние бiлдi. Жаңаөзен халқының бүгiнгi жай-күйi қалай? Құмды боранмен қысы-жазы алысатын өлкедегi дала батырлары тұрмысына разы ма?

АСТАНАДА ЛАҢКЕСТЕРДIҢ СОТЫ БАСТАЛДЫ
Лаңкестiк әрекеттi жасауға ниеттенген тағы бiр топтың соты басталды. Бұған дейiн осындай айыппен Атырауда бiрнеше сот процесi өткен болатын. Бұл жолғы сот Астанада өтiп жатыр. Сотқа тартылғандар жаңа опера және балет театрының ашылу салтанатында жарылыс ұйымдастырып, жоғары лауазымды тұлғалар­ға қастандық жасамақ болды
Қыжыртпа
Қаржы полициясының төрағасы Рашид Түсiпбековтiң мәлiметiне сенсек, ең жемқор орган – полиция. Полициядан кейiнгi екiншi және үшiншi орындарда – салық комитетiндегiлер мен санэпидемиологтар тұр. Түсiпбеков мұны тым оңай түсiн­дiрiп бердi.

Кеше редакциямызға Алматыдағы бiрнеше мектептiң мұғалiмдерi хабарласты. Аты-жөндерiн, қай мектептен екенiн айтқысы келмеген олар жұмысынан айырылып қалудан қор­қатынын жасырмады. Олардың мәлiметiнше, алдағы жаңа оқу жылында мектеп бағдарламасындағы қазақ тiлi пәнiнiң сағаттары қысқарып, олардың орнына шет тiлдерi

Белгiлi экономист, “Ракурс” экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосовтың айтуынша, үкiметтегiлердiң тең жартысы – миллиардерлер.  Экономист бұл ойын сейсенбi күнi жыл сайын Қазақстан бойынша өтетiн Fitch Ratings конференциясында айтты.

Өткен сейсенбi күнi “Жас Алаш”, “Айқын”, “Түркiстан”, “За­ман Қазақстан”, “Время”, “Централ Азия Монитор” га­зеттерiнiң бас редакторлары Сыр елiне табан тiредi. Мақсат – қазақылық қаймағын сақтаған, ұлттық салт-дәстүрiн ұлықтаған өңiрдiң тыныс-тiршiлiгiмен танысу.

Жамбыл облысы мәдениет саласының басшылығына скрипкашы Айнұр Сәденова келе сала кiсi түсiнбейтiн қылықтарымен жергiлiктi жұртшылықтың жағасын ұстатып едi. Әгәрәки, тiрi болғанында Жамбыл атамыз жылап, Кенен атамыз күңiрене­тiндей жағдайға жеткенi жасырын емес-тi. Сол кезде күйiнiп кеткен өңiр мәдениетiне еңбегi сiңген бiр көкемiз:

“Дәрiгерлiк амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) халқының саны 2000 (екi мың) адамнан   10 000 (он мың) адамға дейiнгi ауылдық елдiмекендерде құрылады”. Денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiтiп берген үкiметтiң 2012 жылғы 30 наурыздағы № 395 қаулысында бұл талап “тайға таңба басқандай” көрсетiлген.

Өз кәсiбiңдi бастап, оны дөңгелетiп әкету – қиын iс. Ал мүмкiндiгi шектеулi жандар үшiн бұл тiптi оңайға түспейтiнi түсiнiктi. Бiрақ тағдырдың тәлкегiне кез болса да мойымай, өмiрден орнын таба бiлгендердiң мысалы өзгелердi тамсандырмай қоймайды. “Даму” кәсiпкерлiктi қолдау қоры мен “Құс жолы” қайырымдылық қоры бiрлесiп қолға алған

Ауылда күш-қайраты тасыған, жiгерлi жастар көп. Оларға тағылымды тәрбие, саналы сабақ үйрете алсақ құба-құп. Әсiресе, спортқа бейiмi, икемi бар өрендердi көптеп тәрбиелеуге болады. Бiздiң ауыл жастарының бүгiнгi жетiстiктерiне қарап отырып, осы төңiректе қалам тербеудi жөн көрдiм.

 Бiр тақырыпқа екi хат
Тағы бiр оқу жылының аяқталар шағы жақындағанын ескерер болсақ, Алла бұйыртып жатса, биылғы жылдың жас түлектерi де аяулы мектептерiмен қоштасып, жаңа бiр әлемге аяқ басары хақ. Мұндай кезде ә дегеннен-ақ, аузымызға ҰБТ түседi. Оқу жылы басталысымен, осы бiр уайым талайдың ұйқысын ұрлап
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi С.Әбденовтiң назарына!
Мен көпбалалы анамын, күмiс алқа иегерiмiн. 18 жасқа дейiнгi балаларға тиесiлi жәрдемақымды ала алмай отырмын. Отбасымда кiрiс кiргiзетiн – өзiм ғана. Күйеуiм – жұмыссыз. Бiрақ үйде отырған күйеуiме 18 660 теңге табыс табады деп қол қойдырады, “сиырың кiрiс кiргiзiп тұр” деп оны да қосып қойды.

Жастар арасында қордаланып отырған мәселелердi 2020 жылға дейiн шешу үшiн мемлекет тарапынан тұжырымдама жасалғаны баршамызға аян. Дегенмен, бiрқатар мәселелер тасада қалып бара жатқан секiлдi. Солардың iшiндегi әлеуметтiк маңызы жоғары мәселенiң бiрi – жоғары оқу орындарындағы бiлiм алу

Дiнге бет бұрған ағайындарымыздың шектен тыс елiк­теушiлiгi мен қиялилығы ерiксiз ойландырады.  Әрине, тақуалыққа ден қойған адамның әуреттi жерлерiн жауып, таза әрi сыпайы киiнуi қажеттiгi айтпаса да түсiнiктi. Десек те бастарын  бет-ауыз­дарымен қоса тұмшалап, үстiлерiне етегi жер сызатын хиджаб киiп алатын қыз-келiншектер мен жас­тары

Бiздiң республикамызды басқаруға 1933 жылы келген Левон Мирзоян жайында мен қайта құру жылдары жазған да едiм. 32-жыл қасiретiнен кейiн оның қазақ елiне тигiзген шарапатына сүйсiнiп, арнайы мақаламды 1988 жылы жариялаппын. Алайда сондағы шалқыған сезiмiм тым бiржақты болған екен. Кейiнгi кездерi бұл қайраткердi дәрiптеген жұмыстармен қатар, бұрын беймәлiм болып келген деректер шығып жатыр.

БЕС КҮНДЕ КIТАПТЫҢ 1 МИЛЛИОН ДАНАСЫ САТЫЛҒАН
Жапонның әйгiлi жазушысы Харуки Муракамидың “Цукуру Тадзаки және оның өмiрiнiң соңғы күндерi” атты жаңа романы 1 миллион данамен басылып шықты. Мiне, осы 1 миллион дана Жапонияда 5-ақ күнде түгел сатылып кеткен. “Бұл – кiтап сатылымы жөнiнен әзiрше рекордтық көрсеткiш” дейдi жапон журналистерi.
– Бүгiнге сәлеметсiз бе? Ертеңге де сәлеметсiз бе? Оның арғы күнiне сәлеметсiз бе?
– Кешiрiңiз, не деп кеттiңiз?
– Ертең де, оның арғы күнi де келетiн шығармын, соған күнi бұрын сәлемдесiп жатқаным ғой.
– Иә, не шаруамен келдiңiз? – деп сұрады бетi қуырылған бидайдай қызыл шырайлы қыз.
– Бизнес ашайын деп едiм
Жапондардың ұлттық спорты саналатын сумодан Император кубогын 25 рет ұтқан моңғол алыбы Асасерю Акинори Алматыға келдi. Азан шақырып қойған есiмi Долгорсурэнгий Дагвадорждың табаны Қазақ топырағына алғаш рет тиiп отыр.
Жапонияда сумодан бiрнеше дүркiн жеңiмпаз болған балуанға екодзуно деген атақ берiледi. Акинори – бұл атаққа ие болған әлемдегi 68-iншi сумошы.
“ӨКПЕМ ҚАРА ҚАЗАНДАЙ!”
Мюнхендiк “Бавария” Германия бундеслигасында жеңiске жеткенiн бiрiншiлiк аяқталмастан жатып тойлауды бастап кеттi. Олар 33-турда өз алаңында “Аугсбург” клубын қабылдап, 3:0 есебiмен жеңдi де, Германия чемпионы атанды. Осы жеңiстен кейiнгi салтанатты марапаттау рәсiмiнде жанкүйерлерi алдында еркелеген футболшылар бiр-бiрiн қуалап, сыраға шомылдырды.
“ЖӘНДIКТЕРДI АЗЫҚ РЕТIНДЕ КӨБIРЕК ТҰТЫНҒАН ЖӨН” ДЕЙДI БҰҰ-НЫҢ ӨЗI
БҰҰ-ның дерегi бойынша, бүкiл әлемде екi миллиардтан астам адам жәндiктердi тамақ ретiнде пайдаланады екен. Сондықтан жәндiктер мен құрт-құмырсқаларды пайдалану аштықпен күресуге көмектесетiнiн және қоршаған ортаның ластануын азайтатынын мәлiмдедi.