1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15809) 21 мамыр, сейсенбі 2013
“...ҚАТЫНДАРДЫ 63 ЖАСҚА ДЕЙIН ЖҰМЫСҚА ЖЕГIП ҚОЯТЫНДАЙ БАСЫМЫЗҒА НЕ КҮН ТУДЫ?..”
Өткен аптада әйелдердiң зейнеткерлiк жасын 63 жасқа дейiн ұзарту мәселесi парламент сенатында қызу талқыға түстi. Бұл жолы сенатшылар мен үкiмет мүшелерi бетпе-бет келдi. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Серiк Әбденов бастаған топ, әдеттегiше, айтқандарынан жаңылмай, бұл бастаманы қызғыштай қорғаса, сенатшылар жаңа заңның шикiлiгiн түсiндiрiп бақты. Десек те, үкiмет өз дегенiне жеттi. “Қазақстан Республикасында зейнеткерлiкпен қамсыздандыру туралы” заң жобасы сенатта да бiрiншi оқылымда мақұлданып, президенттiң қарауына жiберiлдi.
АЛ ОЛАРДЫ РЕСЕЙДIҢ ҚҰШАҚ ЖАЙЫП ҚАРСЫ АЛЫП ЖАТҚАНЫ ДА ШАМАЛЫ
Соңғы кездерi интернет пен БАҚ беттерiнде ұлтаралық және дiнаралық мәселе жиi талқылана бастады. Бұл мақалада осы тақырыптың шығу себептерiне, түп‑төркiнiне үңiлудi мақсат еткенiм жоқ. Оған түрткi болатын жайттар жеткiлiктi екенi түсiнiктi.
“БҰЛАР ЕНДI АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ ШӘКIРТТЕРIН ШЕТIНЕН ҚУҒЫНДАЙ БАСТАДЫ...”
Әлеуметтiк желiлерде белгiлi саясаттанушы Берiк Әбдiғалиұлының Қарағанды облысы әкiмiнiң орынбасары қызметiнен қалай кеткенi қызу талқыланып жатыр. Тiптi Арқалықтың жастары “Кетпеңiзшi...” деп өлең шығарып, ғаламторға салып қойыпты.

2011 жылғы мамырда басталған жаңаөзендiк мұнайшылар арасындағы наразылықтың тамыры тереңдеп, оның ақыры ереуiлге ұласқан едi. Мұнайшылардың талабы жалақыларын көбейту, жұмыс iстеуге жағдай жасау болды. Алайда мұнай компаниясының басшылары бұл әлеуметтiк талаптарға назар аудару былай тұрсын, ереуiлдегендердi топ-тобымен жұмыстан шығаруға кiрiстi.

Ертеде Қызылкесiкте Серiкбай деген ақылы кемдеу бiз құралпас бала бар едi. Өзiнiң тiлi де мүкiстеу болатын. Сол себептi де мектеп есiгiн аша алмай қалған. Бiрақ қара күшке мығым едi. Кiм жұмсаса да бара беретiн. Оның жұмысын апырып-жапырып тез iстеп тастайтын. Iстеген жұмысына ақы да сұрамайтын, кiм не берсе соны алып жүре беретiн.

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШТАРЫНЫҢ БIРI НАСЫР НОҒАЕВ ЖӨНIНДЕ
Оқырмандардың есiнде болар, қазақтың талантты қаламгерлерiнiң бiрi Қадыр Тайшықов туралы “Қайраңға ұрынған қайық” атты мақаламызда осы Қадырдың iнiсi Насырдың да есiмiн де ауызға алған болатынбыз. Өз уақытында әдебиет пен өнерге азды-көптi қатысы болғанымен, бүгiнде аты-жөнi бiржола ұмытылған Насыр Ноғаев жөнiнде шамалы әңгiме қозғасақ
БАЛАЛАР ФОТОӨНЕРДIҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҮЙРЕНЕДI
Кеше Алматы облыстық №1 балалар үйiнде Балаларды қорғау күнiне арналған “Шеберлiкке бастау” акциясының тұсаукесерi өттi. Бұл акция “Фотоөнер” қоғамдық бiрлестiгiнiң бастамасымен және Bank RBK АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылды. Iс-шараның негiзгi мақсаты – балаларды фотоөнердiң қыр-сырымен таныстырып, олардың болашақта мамандық таңдауына
Санаулы күннiң iшiнде елiмiздiң барлық мектептерiнде “Соңғы қоңырау” салтанатты жиыны өтедi. Ыстық ұяларынан қияларға қанат қаққалы отырған түлектердiң есiнде бұл күн айрықша сақталары анық. Ал бұл күнi жұмсалатын қаражат – өз алдына бiр бөлек әңгiме... Ал бiтiрушiлердiң киетiн киiм-кешегiнiң құнын қалтасы көтерген ата-аналар ғана алып бере алады. Мысалы, бiр кеште әрбiр бойжеткен өзiн нағыз ханшайымдай ал жiгiттерiмiз ханзададай сезiнгiсi келедi. Сондықтан да әр ата-ана баласының қатарынан қалмауы үшiн қалтасын тақырлап қағуға тура келiп тұрады.
ЕРКЕКТЕРГЕ ДЕ ДЕКРЕТТIК ДЕМАЛЫС
Қазақстанда ер азаматтар да бала күтiмiмен айналысу үшiн демалысқа шыға алады. “nur.kz” порталының мәлiметiнше, Еңбек кодексi бойынша берiлетiн бұл құқықты пайдалауға ер азаматардың денi намыстанады. Ал негiзi, зайыбының жалақысы көп болса, ерiнiң декретке шығуы экономикалық тұрғыдан тиiмдi.

Бала тууды бейнет көредi бәзбiреулер. “Жағдай жоқ, асырай алмаймыз” дейдi-дағы. Ендi бiрi “әр бала өз несiбесiмен” деген ниетпен өмiрге ұрпақ әкелудi тоқтатпағанды жөн санайды. Өкiнiшке қарай, бүгiнгi күнi бейнет көретiндердiң саны артып барады.

Өткен аптада сұмдық көрiнiстiң куәсi болдық. Алматыдағы Көктөбеге қатынайтын №99 бағыттағы автобуста келе жатқанбыз. Аялдамалардың бiрiнен көлiкке кiрген өрiмдей жас қыздардың қылығы есiмiзден тандырардай болды. Сырттан шуласа кiрген олар қоғамдық көлiкке кiргеннен ауыздарына келген бейәдеп сөздердi қарша боратты.

Өткен аптаның сенбiсiнде футболдан ел бiрiншiлiгiнiң   11-тур ойындары өттi. Мирослав Беранек баптайтын елордалық “Астана” өз алаңында “Таразды” ұтты. Кетевоама 22-минутта есеп ашса, оның командаласы Қонысбаев 33-минутта нәтиженi еселеп бер­дi.

Қазақтың талантты қызы Бибiсара Асаубаева шахматтан әлемнiң төрт дүркiн чемпионы атанды. Грекияда өткен жасөспiрiмдер арасындағы әлем бiрiншiлiгiне қатысқан 52 мықтының арасында тек Бибiсара ғана ең көп ұпай олжалаған. Ол 8,5 ұпай жинаған, ал жоғарғы көрсеткiш – 9 ұпай. 9 жасқа дейiнгiлер арасында топ жарған Бибiсара Асаубаева 2011 жылдан берi Польша, Бразилия, Румынияда өткен әлем чемпионаттарында мерейi үстем болып, әлемнiң таңдаулы шахматшыларының өзiн оймен матап тастаған болатын. 
Мәскеуде FILA-ның конгресi өтiп, онда бiрнеше өзектi мәселе көптiң талқысына түстi. Бас­ты оқиға – FILA-ға жаңа басшының сайлануы. Ресей астанасында өткен кезектен тыс жиында күрес түрлерiнен халықаралық федерацияның президентi болып ұлты серб Ненад Лалович сайланды. Сондай-ақ, бұл жиында федерациясының жаңа конституциясы бекiтiлiп, күрес ереже­сiне өзгерiстер енгiзiлдi. 
ҒАСЫР ҚҰРМЕТIНЕ...
Биыл – қазақ футболына 100 жыл. Осы айтулы мерекеге орай 4 маусымда Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан ұлттық құрамасы Болгария футболшыларына қарсы жолдастық кездесу өткiзедi. Болгария футболшылары келесi жылы өтетiн әлем чемпионатына iрiктеу турын сәттi өткiзiп келедi. Олар “В” тобында 10 ұпаймен екiншi сатыда тұр.
“Бiздерде әкесi қазақ, шешесi қазақ ағайындардың өздерi де қазақпын деп айта алмайды. Өйткенi қазақпын деген сезiмнен жұрдай. Бiздердi құртып жүрген, мiне, осылар!” – дептi ақын Қадыр Мырза Әли бiр сөзiнде. Әке-шешесi қазақ болса да, “қазақпын!” деген мақтаныш сезiмнен жұрдай – қазақпын деуге арланатын мәңгүрттер бүгiнде өте көп. Әсiресе, билiк тепкiшектерiнде